Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 4-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
32.01 Кб
Скачать

Қорытынды

Жарма және тез пісетін өнімдерді өндіретін зауыттарда технологиялық үдерістер бір-бірімен тығыз байланысқан бір немесе бірнеше операцияларды орындайтын, тиімді жұмыстары келесі үдерістерге әсер ететін, технологиялық жабдықтар мен аппараттар тізбектерінен тұрады. Олардың технологиялық режимдерін тиімді қою және жабдықтар мен аппараттардың құрылымын жете білу негізгі қағида. Осыларды жете білген жағдайда өнімнің сапалы болуы, үдерістің тиімділігі, даяр өнімдердің бәсекелестігі қамтамасыз етіледі. Әдетте технология дәннің анатомиялық құрылысы, құрамындағы керекті және керексіз заттардың орналасу ерекшеліктері, олардың мөлшері арқылы сипатталынады. Жарманың шығымы ядроның мөлшеріне және технологияны ұйымдастырып жүргізуге тәуелді. Жарма дақылдары қауызды (қауызсыз) келеді.

Жарма технологиясы бойынша ядроны, жарма дақылдары үшін негізгі зат, бүтіндей немесе ірі зат ретінде сыртқы қабықтарын үгітіп, бетін жылтыратып, ұрықтық және тұқымдық қабықтарын бөліп алады. Бұл операцияларды орындау тиімділігі дақылдардың ерекшеліктеріне және қолданылатын жабдықтардың технологиялық айырмашылықтарына байланысты. Шикізаттардың әртүрлі болуына байланысты жарма өнімдерінің ассортименті 40-тан асады. Жарма өндірісі, ұн өндірісі сияқты тамақ индустриясында елеулі орын алады.

Жарма концентраттары – алдын ала қажетті механикалық, гидротермиялық өңдеуден өткізілген, алдымен дайындалған рецепттер бойынша таңдап алынған, ұзақ мерзімдік сақтауды қамтамасыз ететін ылғалдылыққа дейін кептірілген және толығымен тұтынуға дайын немесе қысқа мерзімді жылу өңдеуді қажет ететін әртүрлі шикізаттардың механикалық қоспаларынан тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Есіркеп Г.Е. Өңдеу өндірісінің арнайы технологиясы: оқулық. 1-ші бөлім: оқулық/Г.Е. Есіркеп, М.И. Құтыш, С.Б. Ермекбаев. – Астана : С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2013. – 169 б.

2. Бектурганова А.А. Технология перерабатывающих производств: учебно-справочное пособие: учебная/ А.А. Бектурганова, А.М.Омарал иева, Ж.Е. Сафуани, Н.С. Машанова.- Астана : ТОО"Дәме", 2011.- 116 c.

3. Ізтаев Ғ.И. Астықтану және диқаншылық негіздері : оқу құралы/ Ғ.И. Ізтаев, Б. Отыншиев.- Алматы, 1994.- 224 б.

9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]