Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 4.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
96.95 Кб
Скачать
  1. Тоқтатқыштар

Тоқтатқыштар қарапайым тежегіш қондырғысына жатады. Олар қозғалыстың фрикционды немесе ілініс принципіне негізделген.

Бір бағытта қозғалу мен механизмнің тоқтатылуы жедел орындалуы, тоқтау жұмыстарының негізгі ерекшеліктері болып саналады.

Жүккөтергіш машинаға фрикционды тоқтатқыштардың бірнеше: жұдырықшалы, роликті, қапқышты, жүк тіреуші түрін қолданады.

Жұдырықшалы тоқтатқыш (2-сурет) шкивтен 1, білікке отырыл ған жұдырықшадан 2 тұрады. Сағат тіліне қарсы шкивті айнал2.18-сурет. Тежегіш қондырғыларының сипаттамалары: 1 – электрмагнитті тежегіш; 2 – тежегіш генераторыдыру кезінде жұдырықша қозғалысқа елеулі кедергіні тудырмай-ақ, шкив бойынша сырғиды. Кері айналдыру кезінде жұдырықшаның өздігінен сыналуы (кептелуі) артады. N нормал күші көбейіп, FTP = μN үйкеліс күші шкивті лезде тоқтатады. Тоқтату жұмыс шарттары:

Р окр = 2Т Т / D Т =Ntgαμ N =Ntgρ ,

мұндағы, ρ – үйкеліс бұрышы. Бұдан α ≤ ρ. Жұдырықшалы тоқтатқыштың кемшіліктері 0 – 01 осінен ауытқып кетсе, жұдырықша «тез қажалу» салдарынан қатардан шығып қалуы мүмкін, себебі N нормал күші өте үлкен (тозу, деформация), ал α бұрышы кішкентай (цилиндр аралық шкивтер үшін 7...8°).

Қапқыш тоқтатқышы (3-сурет) механизм білігіне 2 тісті қапқыш 1 тығыз орналасады жəне қозғалмайтын топсаға, шаппа (собачка) 3 орналасып, қапқыш дөңгелегінің тістерімен іліністе болады. Жүктің түсу бағытына шаппа 3, тілімен қапқыш дөңгелегінің тісіне ілінісіп тоқтатады – жүк өздігінен төмен түспейді. Ал білікті 2 сағат тіліне қарсы (жүкті көтеру кезінде) бұрағанда, шаппа 3 тістер бойымен сырғып жүреді – механизмді тоқтатпайды.

2-сурет. Жұдырықшалы тоқтатқыш: 3-сурет. Қапқышты тоқтатқыш:

1 – шкив; 2 – жұдырықша; 1 – қапқыш дөңгелегі;

3 – білік 2 – білік; 3 – шаппа; 4 – жүк

Осындай қондырғыларды қапқыш дөңгелектерінің тістері мен тілдері қатты тозатындықтан, сондай-ақ жұмыс уақытындағы шуылға байланысты қол жетегінің механизмінде қолданады.

Қорытынды

Жүккөтергіш машиналарда қалыпты тежегіштердің əртүрлі құрылымдары көптеп қолданылады. Олар иінтіректен жəне бір немесе екі қалыптан тұрады. Қалыпты тежегіштер өндірісте кең таралған. Пайдаланудағы белгілі қалыпты тежегіштердің сенімділігі қамтамасыз етілген, білікке радиал жүктемесін тудырмайды, сондай-ақ тежегіш шкивінің үлкен бос беті тежеу кезінде пайда болған қызуды, үйкеліс бетінен тез алып кетеді жəне жасау технологиясы оңай. Қалыпты тежегішті тежеу механизмі кранның металл қаңқасына орнатылған, тежегіш қалыбы иінтірегіне бекітілген, электрмагниттің əсерінен қалып шкивке қысылады, сонымен теже гіш шкивтерінің аралығында үйкеліс күшінің əсерінен шкив тоқтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н.Т.Сурашев, М.И. Гудович «Көтеру тасымалдау машиналары», Алматы 2013

  2. www.google.kz

9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]