Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 4.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
96.95 Кб
Скачать
  1. Тежегіштер

Жүккөтергіш немесе көлік машиналарының қозғалысына кедергі тудырушы қозғалыссыз жағдайында жүкті ұстап тұруына мүмкіндік беруші, жүкті түсіру жылдамдығын реттеуші қондырғыны тежегіш деп атайды. Осы əмбебаптылығы тежегіш түрлерінің көбеюіне мұқтаж етті: стопорлы, төмен түсіргіш жəне құрастырылған; соңғылары бір уақытта түсіру жылдамдығын реттеу жəне жүкті тоқтату үшін қызмет етеді.

Тежегішті төмендегі белгілері бойынша топтастыруға болады: жұмыс бөліктерінің құрылымдары бойынша: радиальдік, радиальді басуымен (ленталы, қалыпты жəне осьтік басуымен дискілі, конусты; тұйықтаушы күші əсері бойынша: серіппелі, жүктік, бұрандалы, гидравликалық, электрмагниттік; жұмыс сипаттамасы бойынша: нормалды-жабылған; нормалды-ажыратылған, ашылған күйде (механизмді тоқтату үшін оператормен тұйықталады); жабылғаны (механизм жұмысының қосылу кезінде ғана ажыратылады); бір жақты жəне екі жақтылық қозғалыс (бір немесе екі жағына бұрайтын кезіндегі білікті тежейді); қозғалу, əрекет ету қағидасы бойынша: автоматты (электрмагнитті, электргидравликалық немесе электрмеханикалық жетектерімен) жəне басқарылымды (педаль немесе басқару тұтқаларының көмегімен.

Механизмнің ең жылдам айналатын білігі тежегіш қондырғыларының орналастыру орны болып табылады, себебі сол білікте бұрау моменті аз, сондықтан тежеу жылдам жəне жеңіл орындалады. Орнатылатын тежегіштің көлемі мен тоқтату моменті аз, демек ең тиімді болады.

Тежегіш моментінің толық шамасына сəйкес тежегіштердің есебін жүргізеді Т1 . Тежегіш моментін анықтау үшін бəрі белгілі болу керек: жұмыс сипаттамасы; механизм жұмысының кестесі мен механизмнің құрылмалы жəне есептік мəліметтері (тасымалданушы жүктің ауырлық салмағының күші жəне механизмнің жеке элементтері) айналыстағы – механизм элементтерінің инерция мо менті, қозғалыс жылдамдығы, беріліс қатынастары, п.ə.к. т.б.); механизмнің кинематикалық кестесіндегі тежегіш қондыр ғы ларының орны (қондырғылар орындарының таңдалуына байланысты тежегіш моментінің шамалары əртүрлі); Тбұр тежегіш білігіндегі бұраушы моменті, тежегіш білігінің айналу жиілігі. Ленталы тежегіштерді қолдану барысында міндетті түрде тоқтату кезіндегі тежегіш шкивтерінің айналу бағытын білу керек.

Тежегіш есептерінің жалпы қағидалары төменде көрсетілген талаптарға сай келуі керек:

а) ТT > ТKP – бұраушы моментке қарағанда тежегіш моменті үлкен болуы тиіс;

б) тежеу бетіндегі меншікті қысым qmах £ [q] рұқсат етілген меншікті қысымнан аз болуы керек, себебі үйкелістегі тежеу беттерінің тез тозуын болдырмауы керек;

в) τ0 ≤ [τ0 ] – тежелу шкивіндегі қызу температурасы, рұқсат етілген температурадан аспауы керек.

Шамадан тыс температураның көтерілуі үйкеліс коэффициентін μ азайтуға əкеп соқтырады.

Тежегіш шкивінің қызуы үйкелудің меншікті қуаттылығына пропорционал, сондай-ақ жуық шамамен төмендегі есептеріне шарттарын пайдалануға болады.

А = μ qv ≤ [A] ,

мұндағы, А – үйкелістің меншікті қуаты; μ – үйкеліс коэффициенті, q – меншіктік қысым, ν – айналу жылдамдығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]