Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 4.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
96.95 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Жалпы мәліметтер және жіктелуі................................................................4

  2. Тежегіштер.....................................................................................................5

  3. Тоқтатқыштар................................................................................................6

Қорытынды..............................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................9

Кіріспе

Көтеру-тасымалдау машиналары көтеріп-тасымалдау, тиеп түсіру, құрылыс-монтаж жұмыстарында жəне өндірісті механизацияландыру мен автоматтандырудың аса тиімді жабдығы ретінде халық шаруашылығының əртүрлі саласында, соның ішінде өнеркəсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен, металлургия, машинажасау салаларында кеңінен таралған. Осы салалардың барлығында жалпы қолданыстағы көтеру-тасымалдау машиналарының көп түрлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын жүктердің түрлері мен жалпы қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталады, сонымен қатар өндірістің кез келген саласында тасымалданатын жүктердің тасымалдау траекториясы мен геометриялық формасына байланысты қабылданады. Ондай машиналарды қолдану ауыр қол жұмыстарын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай өнеркəсіпте жəне халық шаруашылығының басқа салаларында қолданып жүрген көтеру-тасымалдау техникасының құрылымын жетілдіріп, өнімділігін көбейтіп қана қоймай, техника-экономикалық параметрлері тиімді болатын, жаңа жобадағы машина өндірісін ұйымдастыру қажет.

Заманауи көтеру-тасымалдау машиналар өндірісін ұйымдастыруда жеке блокты бөліктер мен жаңа конструкцияларды жасауды біріздендіруге негізделеді, демек машинажасау мен оларды пайдалану кезінде сапаны жоғарылатуға жəне ең жоғары техникаэко номикалық тиімділігін алуға мүмкіндік туындайды. Блоктық конструк ция қағидасымен жасап шығарылатын машинаның жеке бөліктері мен тетіктерін максимальді түрде біріздендіру мақсаты, өндіріс сериялығын жоғарылатуға, құрастырылып біткен күйде сол бөліктерді өзара бір-бірімен тез ажыратылып қосыла тын элементтерімен жабдықталады. Блоктық конструкцияда жөн деуді қажет ететін бөлікті машинадан тез ажыратып алу əдісі қарастырылған. Машинаның əмбебаптылығын арттыруға да көп көңіл бөлінеді. Бұл өндірістің ірі сериялық өндірістегі сапасы мен өнімділігін арттыруға көп əсер етеді.

  1. Жалпы мәліметтер және жіктелуі

Жүккөтергіш машиналардың жұмысы өндірістік алаңдар үстімен жүкті көтеру жəне тасымалдау жұмыстарымен байланысты, сол себепті көтерілген кездегі жүкті берік ұстап тұру қажеттілігі туындайды жəне қажетті уақытында машиналар дер кезінде тоқтатылады. Бұл мақсатта тежегіш қондырғылары деп аталатын үлкен механизм топтары қызмет атқарады.

Механизмдердің тежелуі тежегіш қондырғыларының, сондай-ақ электрлік тежегіш көмегімен іске асырылады.

Жүктің бірқалыпты түсірілуі мен қозғалыс жылдамдығының азаюын тоқтатқанға дейін электрлік жолмен іске асыру тиімді. Тежеуді электрқозғалтқышын – генератор режиміне ауыстыру арқылы (ток көзін кері қосумен) орындайды. Бірақ оның тыныштық жағдайда сыртқы күштің əсерінен (ауырлық күші, салмағы, желден, жүктің теңселу күшінен) пайда болған қозғалысты ұстап тұруына механикалық тежегіш қондырғыларын қолдануды талап етіледі; қозғалыстың сенімділігі мен тежеудің беріктілігі; аз уақытта тежелуін міндетті түрде талап етіледі.

Сондықтан екі тежеу үрдісін біріктіріп қолданған өте тиімді: жүріп келе жатқан механизмді электрқозғалтқышымен жылдамдығын азайтып, сонан соң, механикалық тежегішпен тоқтатып, орнында қозғалтпай ұстап тұру қажет.

Тежегіш қондырғыларын төмендегі белгілері бойынша топтастыруға болады:

1) міндеті бойынша: қозғалмайтын (тоқтаған) жағдайында механизмдерді орнында ұстап тұру үшін қызмет ететін қондырғылар; қозғалған жағдайда қажетті кезде механизмдерді тоқтату ретінде қызмет ететін қондырғылар, сондай-ақ оның тоқтау жылдамдығын реттеуге арналған қондырғылар;

2) механизмдердің əрекет ету қағидалары бойынша: фрикционды ілініске, электрмагнитіне негізделген.

Тежелу барысындағы төмен түсірілетін жүктердің потенциалды энергиясы мен қозғалатын массаның кинетикалық энергиялары үйкеліс арқасында жылуға, тежегіш бөлшектерінің серпімді деформацияларының потенциалды энергияларына айналып, тежегіш механизмдерін қажалып тозуға əкеліп соғады (иінтіректер, сырық тар, біліктер) ауыстырылады.

Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау комитетінің талабы бойынша барлық жүк көтеру машиналарына тоқтаулар мен сенімді тежегіштер қойылуға міндетті, тек қана қол жетегімен жұмыс жасайтын құрылғыны жүргізу жəне бұру механизмдеріне жəне олардың жүру жылдамдығы 0,5 м/с аспағанда сонымен қатар ғимараттың ішінде жербетіне орналасқан жағдайда. Жүк көтеру машиналарына орнатылған тежеулерге міндетті түрде келесідей талаптар қойылады: беріктілігі мен сенімді жұмыс жасауы; тежеу моментін бірқалыпты жүргізу; тежеу кезінде динами калық күштерді мүмкіндігінше азайту, 1-суретте көрсетілгендей шоқты ғы биік тежеу – графигін болдырмау; пайдалану үрдісін жақ сарту жəне көлем мөлшерін азайту.

1-сурет. Тежегіш қондырғыларының сипаттамалары:

1-электромагнитті тежегіш; 2-тежегіш генераторы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]