Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер тезистері информатика мубарак дурысы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Дыбыстық тақша

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдардамаларда талап етіледі.

Желілік тақша

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар – ең танымдары Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.

Монитор

Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.

Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.

Мониторлар электронды-сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі-түсті және монохромды болады, бір-бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді.(әдетте кинескоп немесе матрица диагоналы -9 – 42 дюйм(немесе 23-106см)болады.

ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды ғана көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын бе­ретін логикалық схемалар орналасқан.

Кең тараған адаптерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазір­гі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

Пернетақта

Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавишадан) тұрады, оның екеуі Windows терезелері бейнеленген пернелер.

Пернелік тақта стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгігі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:

- алфавиттік-цифрлік және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орынның белгісі.;

- функционалдық пернелер: F1 - F12

- әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), Prіnt Screen және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;

Т үзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, Page Up, Page Down, BackSpace және бағыттауыш пренелер

Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелер басқару пернелерінің ролін атқарады немесе цифрлар теру режиміне көшеді.

Б ағыттауыш ( ) пернелер мен Home, End, Page Up, Page Down пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды.

Delete, BackSpace пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, BackSpace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.

Бір сөзбен, екінші сөз «бос орын» пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.

Іnsert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді.

Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда , мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернелер тақтасындағы кішкене шам жанып белгі береді.

Caps Lock пернесінің негізгі режимі – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптер енгізу.

Ctrl, Alt, Shіft пернелері тіркеу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен бірге пайдаланылып, іртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады.

Esc пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

Клавиатура дегенімізбелгілі бір сигналдарды компьютерге беріп отыратын құрылғы.Олар әріптер алфабиті бойынша орналасады, және қосымша түймелері болады.

Клавиатура түймелерінің қызметі мынадай :

↓- төменге бір орын жылжыту немесе жолға

↓- нүтені таңдау,егер нүктелер тобы белсенді болса

shift+↓ -бірнеше элементті бөліп алу,сол сияқты құжаттағы тексты бір жолға төмен қиып алу

ctrl+↓ кусорды келесі қайырманың басына қою

↑ - жоғарыға бір орын жылжыту немесе жолға

- нүтені таңдау,егер нүктелер тобы белсенді болса

shift+↑ - бірнеше элементті бөліп алу,сол сияқты құжаттағы тексты бір жолға жоғары қиып алу

ctrl+↑ - кусорды келесі қайырманың басына қою

← - солға бір жерге немесе символға жылжыту

← - нүтені таңдау,егер нүкте белсенді болса

shift+← - бірнеше элементті ерекшелеу,сондай-ақ текстан бірсимволды солға ерекшелеу

ctrl+ ← - кусорды келесі сөздің басына жылжыту

→- оңға бір жерге немесе символға жылжыту

→ - нүтені таңдау,егер нүкте белсенді болса

shift+→ - бірнеше элементті бөліп алу,сол сияқты құжаттағы

тексты бір символ оңға қиып алу

ctrl+→- кусорды келесі сөздің басына қою

ALT- программа ағымындағы меню жолдарын белгілеу

ALT+TAB жіберілген программалар араларын қосу

ALT+ENTER таңдалған элементтің қасиетін көру

ALT+F4 ағымдағы элементті жабу немесе программадан шығу

ALT+BACKSPACE( немесе CTRL+Z) – пргграммадағы соңғы әрекетті алып тастау

ALT+SPACE меню жүйесіндегі белсенді терезе бейнесі

ALT+ESC элементтер арасын қосу ашылған кездегі ретпен

BACKSPACE – кусордың сол жағынан символды өшіру

BACKSPACE деңгейі жоғары буманы көру (жоғарыға өту)

CAPS LOSK үлкен әріппен жазуды қосу және өшіру

CTRL+C – айырбастау буферін көшіру

CTRL+Х – айырбас буферін алып тастау

CTRL+V - айырбас буферінен қою

CTRL+A – құжаттағы немесе бумадағы барлық мәліметті қиып тастау

CTRL+ INSERT - айырбастау буферін көшіру

CTRL+ B – тексті қоюмен форматтау

CTRL+ I - тексті курсивпен форматтау

CTRL+E – қайырманы ортаға дәлдеу

CTRL+L – қайырманы солға дәлдеу

CTRL+R – қайырманы оңға дәлдеу

CTRL+F4- бір мезетте бірнеше құжат ашылуы кезінде белсенді құжатты жабу

CTRL+ESC – пуск менюін ашу

CTRL+ENTRE – MS WORD –та жаңа беттің басы

CTRL+TAB – алға бір үлес жылжу

CTRL+SHIFT+TAB – артқа бір үлес жылжу

CTRL+элементті алып жүру – таңдалған элементің көшірмесін алу

CTRL+ SHIFT+элементті алып жүру - таңдалған элементтің ярлығын жасау

CTRL+HOME – курсорды құжаттың басына жылжыту

CTRL+END – курсорды құжаттың соңына жылжыту

CTRL+PAGE UP – курсорды келесі беттің басына жылжыту

CTRL+S – көптеген программада команданы сақтау

CTRL+О – көптеген программада диалогты шақыру терезесінен ашу

CTRL+Р – көптеген программада диалогты шақыру терезесінен басып шығару

CTRL+F2 - MS WORD –та жуықтап көру командасы

CTRL+↑ - кусорды алдағы қайырманың басына жылжыту

CTRL+↓ - курсорды келесі қайырманың басына жылжыту

CTRL+← - курсорды алдағы сөздің басына жылжыту

CTRL+→ - курсорды келесі сөздің басына жылжыту

DELETE – белгіленген тексті немесе обьектіні өшіру (жою)

DELETE – документтегі обьектіні оң жағынан өшіру

DELETE –корзинадағы белгіленген файлды немесе буманы өшіру

SHIFT+ DELETE –айырас буферіндегі обьектіні кесіп тастау (файл мен бумадан басқа)

CTRL+ALT+ DELETE –Диспетчер задая Windows диалог терезесін шақыру

F1 – анықтама немесе көмекші қортындысы

F2 – таңдалған файлдың,буманың,ярлыктың атын өзгерту

CTRL+ F2 - MS WORD-та жуықтап көру командасын таңдау

F3- Проводник арқылы файлды немесе буманы іздеу

SHIFT+ F3- жазылған текстің регистр кезегі

F4 - MS WORD-тың соңғы әрекетін қайталау

F4 – мекен-жай жолындағы тізім бейнесі

ALT+ F4 – ағымдағы элементті жабу немесе белсенді программадан шығу

F5 – белсенді терезені өңдеу

F5 - MS WORD обьектісіне өту

SHIFT+ F5 - MS WORD –тың алдағы түзетуіне көшу

F6 – экран терезесі немесе жұмыс столы элементтеріне қосылу

CTRL+ F6 – бір шек программадағы құжаттың ашылуын қосады

F7 – көптеген программада дұрыс жазылуды тексереді

ALT+ F7 – MS WORD-та сөздің емлесінің қатесін тексереді

F8 – MS WORD-та тексті ерекшелеу режимін қосады

F9 – MS WORD-та тексті ерекшелеу режимін өшіреіді

F10 – қазіргі программадағы менб жолдарын активизациялайды

SHIFT+ F10 – ерекшеленген элементке контекстік менюді Ашу

F11 – Проводникті экранға шығару

F12 – MS WORD-та Сохранить как терезесін шақыру

SHIFT+ F12 – MS WORD-та Сохранить командасы

HOME – кусорды жолдың басына шығару

CTRL+ HOME – курсорды құжаттың басына шығару

INSERT – MS WORD-та жазылған текстің ортасына қою режимін қосады

CTRL+ INSERT – ауысу буферіне көшіру

NUMLOCK – санды шығару режимімен және курсорды ауыстыру арасын қосады

PAGE DOWN – тексті бір экранға алға араластыру

CTRL+ PAGE DOWN – курсорды келесі беттің басына ауыстыру

PAGE UP - тексті бір экранға кері араластыру

CTRL+ PAGE UP - курсорды алдағы беттің басына ауыстыру

TAB – текста шегінуді құру

TAB – кесте ұяшығына өту

TAB – параметрлер арқылы алға жылжу

SHIFT+ TAB – параметрлер арқылы артқа жылжу

SHIFT+ TAB – кесте ұяшығынан кері жаққа жылжу

ALT+ TAB – жіберілген программалар арасына қосылу

CTRL+ TAB –диалог терезесі арқылы алға жылжу

CTRL+ SHIFT+ TAB – диалог терезесі арқылы артқа жылжу

START+F – іздеу терезесін шақыру

START+Е – Проводникті ашу

START+D – “Свернуть все окна” командасы

START+R – “Запуск программы” (ПУСК- Выполнить) диалог терезесін шақыру

START+L – қолданушылар арасына қосылу

SPACEBAR- пробел символын енгізу

SPACEBAR- хабарлама кнопкасын басуды орындайды

CTRL+ SHIFT+ SPACEBAR- MS WORD-та тығыз мәлесені орнату

SHIFT+кез-келген әріп – текст жазуда кезінде жазылған әріп

SHIFT+кез-келген стрелка – Жұмыс столындағы немесе терезедегі бірнеше элементті ерекшелеу,сондай-ақ құжаттағы тексті ерекшелеу

SHIFT+дисководқа компакт-дискіні салу - компакт-дискінің жылдам жіберілуінен қорғайды

SHIFT+ DELETE – файл немесе буманы жою

SHIFT+ DELETE – ауысу буферіне обьектіні кесіп алу

SHIFT+ F3 – теріп алынған текстің регистрін ауыстыру

SHIFT+ F5 - MS WORD –та алдыңғы түзелгенге көшу

"Тышқан тәрізді қол тетік"

Тышқан пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болған­да оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын тішкене тетік.

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

  • Шығару құрылғысы

  • Мәліметтерді алмасу құрылғысы

  • Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

Принтерлер мен плоттерлер

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиялық түрлері бар.

Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.

Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.

Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құрал­дарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқты­рылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.

Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің әрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты және өте жоғары.

Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компь­ютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

Мәліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байла­нысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

7 дәріс

Тақырыбы: Компьютерлік вирустар. Антивирустық және архивтеу программалары

Windows-та файлдарды, бумаларды, дискілерді қысу (архивтеу) үшін түрлі қысу программалары бар. Қазіргі кезде WinRar, Win Zip қысу программалары қолданыста. Мысалы, ПГК-МИН бумасын дискетке көшіргенде симай қалды делік. Оны дискетке сиғызу үшін архивтеп, сосын көшіру кекрек.

WinRar арқылы файлды архивтеу

1. Файлды немесе буманы таңдап, жанама мәзір ашу. Мысалы бумасын архивтеу үшін жанама мәзірді шақыру.

2. Көрінген мәзірден Add to “ПГК-МИН.rar” пунктін шерту.

3. Буманың аты өзгерместен архивтеліп түріне енеді де, таңдалған буманың маңына орналасады.

Архивті ашу

1. Архивтелген буманы таңдап, жанама мәзірді ашу.

2. Мәзірден Extract to ПГК-МИН\ пунктін таңдау.

3. Архивтелген буманың аты өзгерместен бейархивтеліп түріне енеді де, таңдалған архивтелген буманың маңына орналасады

Windows жүйесі – графиктік орта болғандықтан, мұнда кез келген программадан мәтінді баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала баптап алған жөн. Ол үшін мынадай іс-әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс.

Компьютерлік вирустар және олардың түрлері.

Вирустардан қорғану

  1. Компьютерлік вирустар;

  2. Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері;

  3. Компьютерлік вирустардың жіктелуі;

  4. Антивирустық программалардың түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері;

  5. Компьютерді вирус жұқтырудан сақтау тәсілдері.

1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустарөз көшірме-лерін жасап, соларды компьютерлік жүйелер мен желілердегі әртүрлі объек-тілерге жасырын енгізіп, тұтынушыға білдірмей әртүрлі жымысқы әрекеттер жасайтын программалар тобы. Сол көшірмелер ары қарай да жылдам көбейе отырып, таралу қасиетін сақтайды.

Компьютерлік вирустар ЭЕМ ішінде пайда болып, нақты тіршілік жасайтын микроорганизмдер емес. Оларды басқаларға қасақана зиянкестік жасау үшін программалардың дұрыс орындалуына кесірін тизізу мақсатында әдейілеп жазатын адамдар бар. Ондай программаларды қырсық қиқарлар (кракер-вандалдар) жасайды.

Ішіне вирус еніп кеткен программаны “залалданған” немесе инфекциясы бар программа деп атайды. Инфекциясы бар “науқас” программа орындала бастағанда, алдымен вирус жұмысқа кіріседі. Содан вирус басқа программаларға да жұға бастайды да, өзінің жоспар-ланған зиянды әрекеттерін атқаруға кіріседі.

Вирус өз әрекеттерін сездірмес үшін бірден белсенділік танытпай, мынадай шарттардың орындалуын күтеді: - белгілі бір уақыт кезеңі өту тиіс; - операциялардың нақты бір саны орындалуы қажет; - белгілі бір күн-ай мерзімі немесе аптаның нақты бір күні келуі керек, т.с.с.

Вирусқа қарсы жазылған программалардың көптігіне қарамастан, вирустар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері

  • Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы;

  • Файлдар көлемінің үлкеюі (әсіресе программалар);

  • Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы;

  • Пайдаланылатын жедел жад көлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен салыстырғанда);

  • Кенеттен пайда болатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер;

  • Операциялық жүйе жұмысынан қателіктер шығуы (оның кенеттен тұрып қалуы);

  • Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла бастауы;

  • Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтамай кетуі;

  • Белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын программа-ның келіп түсуі т.с.с.

Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды. Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді.

Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды. Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді.

Сол кездерде алғаш рет вирустардың желі бойынша бақылауға көнбейтін таралу құбылысы үлкен қоғамдық толғаныс туғызды. Ол 1988 ж. 2 қарашада Корнель университетінің соңғы курсы студенті Роберт Таппан Моррис желі бойынша таратқан вирустық программа кесірінен болды. Соның салдарынан 6200 компью-тер тоқтап қалып, яғни желіге қосылған машиналардың 7,3 % -ы істен шықты

Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі) Вирустарды мынадай белгілеріне қарап топтарға (кластарға) бөлуге болады:

  • Таралу ортасы бойынша;

  • Жұғу тәсілі бойынша;

  • Зиянкестік әрекетінің деңгейіне қарай немесе залалдық қасиетіне байланысты;

  • Алгоритм ерекшелігіне қарай;

  • Көлемінің тұрақтылығына байланысты.

Таралу ортасына қарай

Желі вирустары –компьютерлік желі бойынша таралады. Оның мысалы ретінде Melissa атты вирусты келтіруге болады.

Файлдық вирустарcom және exe типті бірден атқарылатын командалық файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро-вирустар да жатады. Олар Word, Excel тәрізді программаларда дайындалған орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.

Жүктелетін вирустар (Загрузочные) - дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record – MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT- кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді.

Файлдық-жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.

  Компаньон-вирустар (companion) – бұлар файлды өзгертпейді, бірақ EXE-файлдар үшін СОМ типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшін XCOPY.COM файлын жасайды. Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі жұмысқа кірісіп, бүлдіру істерін жүргізеді, тек соңында барып негізгі файл жұмысқа кіріседі.

Паразиттік вирустар – өз көшірмелерін тарату барысында диск секторларын немесе файлдарды міндетті түрде өзгертеді. Бұл топқа «компаньон-вирустар» мен «құрттар» тобына қосылмайтын барлық вирустар жатады

 Репликаторлар немесе құрт-вирустар (worm) компаньон-вирустар сияқты компьютерлік желі бойынша таралып, файлдар мен дискілерге тимейді. Олар компьютер жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып, соларға өз көшірметерін жібереді. Құрт-вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып, сервердің (желідегі негізгі компьютер) жұмыс өнімділігін төмендетеді. Репликаторлар басқа файлдарға тиіспей, өз вирустары арқылы өздігінен көбейеді. Өткен ғасырдың 80-ж. аяғында «Моррис құрты» деп аталатын желілік вирус АҚШ- тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын тоқтатты.

Көрінбейтін вирустар (стелс – Stealth) немесе тығылатын вирустар – бұлардың компьютерде өздерінің бар екендігін білдірмейтін мүмкіндіктері бар.. Стелс-вирустарды тауып алу қиын, өйткені олар операциялық жүйе жұмысына бүлінген файлдарды немесе диск секторларын білдірмей араластырып, сол сәттерде әлі бүлінбеген мәліметтерді «өңдеуге» кірісіп жатады.

Полиморфтық вирустар (polymorphic) деп неше түрлі айла жасап, өздерін жасырып көрсетпеуге тырысатын вирустар тобын айтады. Полиморфтық вирустар ( полиморфиктер, елес-вирустар (призраки), мутант-вирустар) – оңайлықпен табылмайтын вирустар, өйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар болмайды. Мұндай тәсіл алгоритмді өзгертпей, бірақ оларды табуды қиындататын бос командаларды (қоқысты) көптеп қосу арқылы іске асырылады. Полиморфтық вирустар ішіндегі ең көп тарағаны OneHalf деген вирус. Макровирустар мәліметтерді өңдеу жүйелеріндегі (мәтіндік редакторлар және электрондық кестелер) макрокомандалар мүмкіндіктерін кең пайдаланады. Қазіргі кезде MS Word пен Ms Excel құжаттарын бүлдіретін макровирустар кең таралған.

Троян программасы керекті программа қасына жасырынып, біртіндеп өзінің бүлдіру-құрту істерін (мысалы, FAT-кестесін) өте сақ ептілікпен жүргізеді және компьютердегі құпия мәліметтерді таратумен айналысады. Троян программаларының басқа вирустар сияқты өздігінен көбейетін қасиеті жоқ. Троян программасы көбінесе сатылатын немесе өте қажет программаларға жабысып таралады. Оны «троян аты» деп те айтады.

Көлеміне байланысты Біртұтас (монолит) вирустық программаны ол ауру жұққызғаннан кейін компьютер жадынан толық, әрі тұтас күйінде тауып алуға болады. Таралып орналасатын шашыраңқы вирус программасы бірнеше бөліктерге бөлініп тұрады. Оның құрамында вирус жасау мақсатында қалай біріктірілетінін компьютерге нұсқайтын бөлігі де болады. Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бөлініп сақталып тұрады да, тек аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп үлгіреді.

8 дәріс

Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер.

Қолданбалы программалар. ПК-ді жұмысістету үшін ыңғайлы құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындар мен немесе оқу программаларын айтуға болады. Осы қолданбалы программалар мен пакеттер ақпараттық қабықшаны қолдануға ыңғайлы ақпаратты – есептеу құрылғыға айналдырады.Қолданбалы программалар белгілі бір аймаққа жұмыс жасайтын маманға немесе жәй пайдаланушыға және арнайы программамен жұмыс істейтін адамдарға арналған қолданбалы кең профилді бола алады. Мысалы: функциональдық есептеулер немесе құдаттар құру үшін арналған программалар және де тар профилді: электрокардиограмма анализдерінде және электрондық өнім жобаларында қолданылады және т.с.с.

Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері.

Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының даму интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау түрлері көп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең көп тараған мәтіндік редакторлардың бірі WORD. Бұл WІNDOWS операциялық жүйесінің комерциялық қосымшасы болып табылады. WORD мүмкіншіліктері тек мәтін құрумен ғана шектелмейді. Ол одан да көп операцияларды жасайды. Бірақ бұл программалық қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек.

Word мәтіндік редакторын жұмыс істету үшін осы қосымшаның пиктограммасын басу керек. Осы пиктограммаға бару үшін “Пуск” басқышын басамыз одан, “Программы” менюін таңдаймыз одан “Mіcrosoft Word” пункті таңдалады (басқа варианттар “Word немесе “Mіcrosoft Offіce”. Яғни бұл жағдайда Word бос құжатпен терезе түрінде экранға шығады. Мұнда Word терезесі толық экран түрінде беріледі, ал құжаттардың екінші терезесі негізгімен бірігіп кетеді).

Қосымшамен жұмыс айақтау үшін тақырып жолының оң жағында орналасқан “Закрыть- Жабу” басқышын басу керек. Бұдан кейін қосымшаның жұмысы айақталады. Редакторланатын құжаттармен жұмыс істеп болғаннан кейін ол қосымшадан шыққыңыз келген жағдайда автоматты түрде оны сақтау керек па жоқ па жайындағы ақпарат шығады. Яғни құжаттардағы өзгертуді сақтайын ба деген терезе.

Word терезесі негізінен терезе тақырыбы және терезе басқыштары, меню жолдары, инструменттер панелі, сызғыштар, айналдыры сызықшалары және жолдар күйінен тұрады.

состоит из: Заголовка окна и кнопок окон, строки меню, панелей инструментов, линеек, полос прокрутки и строки состояния .

Бас меню немесе негізігі меню деп аталатын менюде келесі пункттер орналасқан, онда олар өзіндік мәндері бірдейлері бойынша біріккен. Кез – келген әрекеттер осы менюде орналасқан пункттер арқылы орындалатындығын есте сақтаған дұрыс. Меню пункттерінде біріккен қосымша пункттердің белгіленуі:

Файл” - файлдармен байланысты барлық операциялар соның ішінде баспаға шығару және беттер форматы;

Правка” - алмасу буферімен байланысты барлық операциялар соның ішінде жолдарды ауыстыру және өзгерту, сондай – ақ соңғы орындалған операцияларды қайталау немесе болдырмау;

Вид” - құжат варианттарын қарауға және оларға колонтитулдар беруге мүмкіндік беретін операциялар;

“Вставка” – обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар;

“Формат” - абзацқа, шрифтке және форматтауға байланысты барлық операциялар;

“Сервис” - тасымал, синоним, орфографиясын тексеруге арналған қосымша функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру;

“Таблица” – кестелерді өңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар;

“Окно” - Word-тың екіншілік терезесіне байланысты операциялар, соның ішінде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде;

“ ? ” - анықтамаға қатыстының барлығы.

Инструментер панелі ашылатын тізімдер және басқыштардан тұрады. Мәтіндерді форматтау және редакторлауға байланысты ең жиі қолданылатын функциялар инструменттер панелінде орналасады (сур 3).

Форматтау сызғыштарының белгіленуі беттегі мәтіннің орналасуын көрсетеді. Оның көмегімен оң және сол жақта (вертикалды сызғыштың болуы оны жоғары, төмен өзгертуге де мүмкіндік береді) берілген шегіністерді өзгертуімізге, қызыл жол беруімізге болады.

Айналдыру сызықтары өзінің кішігірім нюанстар болмаса стандартты сызғыштардан өзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында кішкентай төрт басқыш орналасқан. Бұл басқыштар құжатты көру режимына жауапты. Ал вертикалды айналдыру сызықтарында біріншілік элементтерден басқа екілік үшбұрышты екі басқыш орналасады. Ол басқышқа басу арқылы экран бетін бір бетке төмен немесе жоғары жылжытуға болады.

Күйлер жолы экранның төменгі жағында күйлер жолы орналасады. Онда маңызды ақпарат орналасады, мысалы:

- ағымдағы бет;

- ағымдағы бөлім;

- ағымдағы бет / құжат бетінің жалпы саны.

- ары қарай курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді:

- құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы;

- жол ( ағымдағы позициясынан бастап санағанда);

- курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар.

Келесі өрісте редакторлаудың ағымдағы режимі бейнеленеді. Сондай – ақ күйлер жолында басқыш функциялары мен меню қосымшалары жайында анықтама немесе ағымдағы операция шығады.

Контексті – тәуелді меню деп пайдаланушы қолданатын ең көп кездесетін командаларға қатынас жасайтын, тышқанмен кез келген жерде шақырылатын менюді атаймыз. Оны контексті – тәуелді деп атау себебі, тышқан қай обьектіні көрсетсе сол обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады.

Word игеретін ақпараттық анықтамаларға тоқталу керек. Анықтаманы шақыру берілген қосымша үшін Mіcrosoft жүйесін шақырады.

Программа жайындағы және Mіcrosoft фирмасының пайдаланушыларының жүйесі жайлы және техникасы жайлы барлық ақпаратты Mіcrosoft Word-қа хабарлайды.

Өзіндік мүмкіндік бере отырып мәтіндік редактор секретар жұмыс автоматтандырады.

Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады:

  1. Құжаттың өзгермейтін бөлігін көрсететін, шаблонды файл құру

  2. Берілген құжаттың өзгеретін бөлігін сақтау базасы болатын, деректер көзін құру

  3. Дайын құжаттарды біріктігу

Шаблон – бұл сырт беті бір біріне ұқсас және көп көлемде құрылатын құжат үшін арналған негіз.

Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады:

  1. Кейінірек құжат шаблонына қойылатын стилдер жиынын қалдыру арқылы. (Формат-Стиль)

  2. Ескі құжат негізі арқылы.

Деректер көзі СЕРВИС менюінде болатын СЛИЯНИЕ командасының көмегімен құрылады. Деректер көзі кішірек деректер базасы болып көрінеді.

Сериялы құжаттарда сервистік функцияларды қолдану үшін, соның ішінде жиі кезесетін мәтіндерді қою үшін сервистік функциялардың бірінің арнайы кодын көрсететін, қойылым полелерін қолдана отырып істеуге болады. Ондай кодтарды шақыру үшін Ctrl+F9 басқыштарының комбинациясы қолданылады. Функция коды экран бетінен шығатын фигуралы жақша жұбына жазылады. Кодты өңдеу үшін курсорды фигуралы жақшаның ішіне орналастырып F9 басқышын басу керек.

9 дәріс

MS Word мәтіндік редакторында кесте құру. Кестені форматтау. Формулалар редакторы.

Ғылым-техникалық құжаттарды даярлағанда математикалық өрнектерді мәтіндік құжатқа енгізу қажеттігі үнемі туындап отырады. Формулалар редакторының көмегімен терілетін объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер,т.б. жатады. Microsoft Word мәтіндік процессорындағы Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторы формулалық өрнектерді құру және оларды құжат мәтініне енгізуге мүмкіндік береді.

Формулалар редакторын іске қосу және баптау.

Формулалар редакторын іске қосу үшін Кірістіру (Вставка) Объект командасы қолданылады. Ашылған Объектіні кірістіру (Вставка объекта) сұхбат терезесінде Microsoft Equation 3.0 бөлімін таңдап алу керек, сонда Формула басқару панелі ашылады. Сонымен қатар мәтіндік процессордың меню жолы формулалар редакторының меню жолымен ауысады.

Формулалар редакторын қолданбас бұрын, оны баптап алу керек, яғни формулаларға енетін элементтер үшін әріптерді тағайындау қажет. Баптау Стиль Анықтау командасымен ашылған Стиль сұхбат терезесінің ішінде жүргізіледі.

Стиль міндетті түрде бапталады, онсыз формулалар редакторы жұмыс істемейді.

Пішім Аралық командасымен ашылған Пішім сұхбат терезесіне кіріп формулалар редакторын қосымша баптауға болады.

Формулалар редакторының аспаптар панелінде екі қатар батырмасы бар. Төменгі қатардағы батырмалар ерекше үлгіні құруға арналған. Мысалы, жай бөлшекті енгізу үшін екі өрістен: Алым және бөлімнен тұратын үлгіні таңдап алу қажет. Өрістерден бір-біріне өту меңзерді басқару пернелерінің (←,↑,→,↓) көмегімен жүзеге асырылады.

Формулаларды енгізу және баспаға шығару [ESC] пернесін басумен аяқталады (немесе формулалар редакторын жапса болғаны). Терілген Формула автоматты түрде құжатқа кірістіріледі. Бұдан былай осы формуланы алмасу буфері арқылы құжаттың кез-келген жеріне орналастыруға болады .

Формулалар редакторының ерекшеліктері.

Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторы өзі жеке компонент болғандықтан, мәтіндік процессорды жүктеген кезде, Microsoft Equation 3.0-ді қосу қажеттілігін арнайы көрсету қажет.

Формулалар мен өрнектерді енгізген кезде орыс немесе қазақ алфавиттерінің символдарын пайдалануға болмайды. Егер оларды енгізу қажеттілігі туса, оларға Мәтін стилін тағайындау арқылы енгізеді.

Формулалар редакторында Бос орын пернесі жұмыс істемейді, символдардың арасында автоматты түрде <бос орын> қойылады.

Word редакторы пернетақтада жоқ символдарды терілетін математикалық өрнекке және формулаларға кірістіре алады. Ол үшін курсорды символ кірістірілетін жерге орналастырып, Кірістіру – Символ командасын беріп, шыққан терезеден қажетті символы таңдап, Кірістіру батырмасын басу керек.

Мәтіндік редакторында жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Кестелердің ішінде ақпараттарды қабылдауды жақсартуға арналған графиктік кескіндер де тұруы мүмкін.

Microsoft Word мәтіндік редакторы баспа және электрондық құжат үшін кесте құру құралдарымен жабдықталған. Кесте құрудың негізгі үш құралы:

Стандартты аспаптар панеліндегі КестеКестені қосу батырмасы; Баған саны мен жол санын енгізіп ОК түймесін басу.

Кестені кірістіру сұхбат терезесі (КестеКірістіруКесте);

Кестелер мен шекаралар кесте салу құралы (КестеКестені салу).

Бақылау сұрақтары

Формулалар редакторын қолданып формулалар жазыңыз.

Құралдар панелінің құрамын өзгертіңіз.

Графикалық суретті енгізіп, оны пішімдеңіз.

Терілген мәтінге автомәтінді қолданып көріңіз.

Мәтіннің қаріпін, жазылуын, пішімін, түсін өзгертіңіз.

Word мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шақыру билетін дайындаңыз.

Құжатқа суретті енгізіп, оны мәтінге кірістіріңіз.

Формулалар редакторының ерекшеліктері.

10 дәріс

Тақырыбы: MS Excel электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс.

Microsoft Exsel электрондық кестесі. «Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

  • функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулерді жүргізу;

  • түрлі-түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу;

  • оңтайландыру есептерін шығару;

  • белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу;

  • графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;

  • мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің ерекшелігі – олардағы мәлімет өңдеу жолдарының түсінікті әрі қарапайым болуы.

Microsoft фирмасының Excel бағдарламасы кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған бағдарламалық кестелердің бірі.

Excel бағдарламасының мүмкіндіктерінің көп жақтылығы оны тек эканомика саласында ғана оқып-үйренуге емес, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолданауында.

Excel бағдарламасын іске қосу

Excel бағдарламасын іске қосу үшін онымен байланысқан шартты белгіні тауып, тышқанды екі рет басу қажет. Ол іске кіріскенде экранға терезе шығады. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:

  • жоғарғы қатар – басқару қатары терезе тақырыбы;

  • екінші қатар – Excel бағдарламасының меню қатары;

  • үшінші және төртінші қатарлар Стандарттау және Форматтау саймандар тақтасы;

  • бесінші қатар – енгізу-түзету қатары немесе формулалар қатары. Бесінші қатардан терезе соңына дейін электрондық кестенің жұмыс парағы орналасады. Жұмыс парағындағы қатарлар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

  • алтыншы қатар – қалып күй қатары. Төменгі қатар сол жақ шетінде Excel бағдарламасының жұмыс режимдерінің индикаторы орналасады.

Excel мәзірінде жұмыс істеңіз

Excel- дің жаттық мәзірі:

Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Данные, Окна, Файл түзету түр қою пішім сервис дерек терезе көмек

Файл- Файлмен жұмыс істеу командалары;

Түзету- Құжатты түзету командалары;

Түр- Экранды өзгерту командалары;

Қою- Келесі объектілерді құжатқа қоюға қызмет етеді: бет нөмірлері, символдар, тақырып пен көрсеткіштер файлдар, кадрлер сурет, объект, деректер қоры;

Пішім- Символды, абзацты, кестені түрлі стильде пішіндеу командалары;

Сервис- Құжатты көркемдеп, қатесін тексеріп, макростар құрып, баспаға дайындайтын командалар;

Деректер- Кестелер мен жұмыс істейтін командалар;

Терезе- Терезелермен жұмыс істейтін командалар;

Көмек- Excel- мен жұмыс істеу туралы анықтама.

Электрондық кестенің негізгі ұғымдары

Қатар нөмірі – электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде орналасқан нөмір.

Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын белгілейді. Әріптер жұмыс аумағында жазылып тұрады.

Ұя – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұя немесе тор бағана әрпімен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.

Ұя сілтемесі – жұмыс істеуге тиісті екпінді күйдегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты тор таңба.

Ағымдағы ұя – тормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс-әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

Excel бағдарламасының жұмыс кітабы

• Жұмыс кітабы құжаты бірнеше парақтардан тұрады. Жұмыс кітабына мысал ретінде кадрлар, салықтар, бұйрықтар жинақталған ұйымдық құжаттар жиынтығын айтуға блады.

• Парақтар – жұмыс кітабындағы жеке құжат.

• Қолданылатын парақтардың саны Қызмет – Параметрлер - Жаңа парақтағы кітаптар арқылы, ал Файл – Құрастыру, арқылы жаңа жұмыс кітабы жасалады.

• Парақтың атын өзгерту – Формат – Парақ атауын өзгерту деген бұйрықтармен жаңа ат қою арқылы іске асады.

Жұмыс парақтарының өзара байланысы

Excel бағдарламасында бір кестеге басқа парақтардан немесе басқа кестелерден мәліметтерді алып енгізуге болады. Екі парақ арасындағы байланыс олардың біреуіне екіншісінің адресі көрсетілген формула енгізіп қою арқылы орнатылады.

Бірнеше терезелермен жұмыс істеу

Жұмыс парағының мәліметтері мониторды алып тұрса, бір терезе жеткілікті.

Егер оның көлемі ұлғайса, онда бірнеше терезе ашуға болады және мониторда бір уақытта файлдың әр түрлі парақтарды орналастырған ыңғайлы.

Мониторда екі терезенің бірі ғана екпінді күйде болады. Екінші терезені екпінді қылу үшін бағыттауышты сол терезеге апарып, тышқанды басса жеткілікті.

Файлдар арасындағы байланыс

Екі файл арасындағы байланыс бір файлға екінші файлдың ұясындағы мәлімет көрсетілген формуланы енгізу арқылы жүргізіледі. Оны басқа орыннан мәлімет алатын файл және мәлімет беретін файл деп атайды.

Байланыс орналасқаннан кейін Excel бағдарламасы мәлімет беретін файлдағы ұя мәндерін мәлімет алатын файлға көшіріп алады да, мәлімет алатын файл ұяларындағы мәндер автоматты түрде өзгеріске ұшырайды. Әр түрлі жұмыс кітаптарының парақтары арасындағы байланыс орнайды.

Файлды ашу

• Файлды ашу үшін, дискіден буманы тауып алып, оған кіру керек (буманың атын екі рет басу қажет), яғни қажетті файлдың атын басып, АШУ бұйрығын орындау қажет. Сонымен қатар файлдың атын екі рет басып немесе саймандар тақтасындағы АШУ сайманының белгісіне басуға болады.

• Жұмыс кітабын сақтау үшін, Файл – Сақтау командасын таңдау керек. Егер атауы берілмесе файл кітап-1 атымен сақтайды. Немесе файл қалай сақтау белгісін басып, буманы белгілеп, жаңа, тиісті атын теру қажет. Сақталған файл ереже бойынша ХLS кеңейтуіне сәйкес келеді.

• Файлды өзге форматта сақтау үшін, қалай сақтауды ашқаннан кейін файл түрлерін терезеден тауып, сақталған файл түрін басу керек.Мысалы. Microsoft Exsel–де қажетті файл атын теріп, сақтау бұйрығын орындау керек.

• Жұмыс кітабын жабу үшін, одан шығып, файлды жабу керек.

Excel мәзірімен жұмыс атқару

Excel мәзірімен пернеден гөрі тышқан арқылы жұмыс істеу өте ыңғайлы, керекті меню пунктіне тышқан меңзерын жеткізіп, оны бір басу керек. Осы тәрізді тәсілмен меню командаларын да белгілеп, оның қатардағы өрістерін, жалаушаларын таңдап жеңіл іске қосуға болады..Орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстің тәуелді анықтамалық жүйе орналасқан.Әрбір әрекетке байланысты әрқашан көмек алып отыруға болады.

Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысыңыз Жолдар, бағаналар, ұяшықтар

Электрондық кестенің ж ұ м ы с т а қ т а с ы жолдар мен бағаналардан тұрады.Жол саны 65536-тен, ал бағана саны 256-дан аспауы керек. Электрондық кестеде жол нөмірленеді, бағаналар латын бас әріптермен белгіленгенеді.

Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс тақтасының сол жағында жазылады.

Бағана әріптері электрондық кестеде саптарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының бастапқы жолында (6-шы жол) жазылады. Саптар келесі ретпен нөмірленеді:A-Z, одан соң АА-АZ, одан соң BA-BZ, одан соң СА-СZ т.с.с.

Ұяшық –кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта мәтін, сан, формула, деректер жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қыилысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады. Мысалы:В3 адресі В бағанасы мен 3-жол қиылысындағы ұяшықты білдіреді.

Ұяшық көрсеткіші – ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші жылтырауық төртбұрыш түрінде кескінделеді. Көрсеткішті пернелеу арқылы да, тышқан мен де басқаруға болады.

Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді. Әдетте деректерді енгізу әрекеті және басқа да әрекеттер ағымдық ұяшыққа қатысты орындалады.

1. Тышқан арқылы D4 ұяшығын ағымдық етіңіз.

2. Меңзерды жылжыту пернелері арқылы А1 ұяшығына оралыңыз

Блок (аудан) - сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрыш ауданды б л о к деп атайды. Блок бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.

Б л о к а д р е с і қарама-қарсы (сол жақ жоғары оң жақ төмен ) жатқан бұрыштарының координаталары арқылы белгіленеді. Мысалы:В13:C19, A12:D27 немесе D:F. Командаларды орындағанда немесе формуланы енгізгенде блокпен орындау ыңғайлы әрі тиімді болады. Ол үшін блок координаталарын көрсетіп немесе белгілеу қажет.

Ұялар ішіндегі мәлімет

Ұялар – координатасымен берілген элемент кестесі (бағана аты, реттік нөмері). Мысалы А1, В7, С12, ВК43. Ұялардың адресі кестенің сол жағында орналасады. Ұяшықтан-ұяшыққа көшу үшін ТАВ немесе өзге ұяшықты басу арқылы жүргізіледі.

Мәтін енгізу

Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті түрде ‘(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшыққа симай қалса, оның оң жағындағы көрші ұяшық бос болған жағдайда , сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа басқа мәлімет енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет .

Қате кеткен жағдайда соңғы орындалған іс - әрекетті болдырмау батырмасын шерту немесе Түзету, Болдырмау (Правка , Отменить) командасын орындау арқылы алып тастауға болады .