- •Дәрістер тезистері
- •1.2. Ақпаратқа түсініктеме.
- •Адам информацияны қалай қабылдай алады?
- •Кез келген позициялық жүйе өз негізі арқылы ерекшеленеді, олар екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері. Әр санау жүйесінде негізі q сандардың жазылуын келесі өрнек арқылы көрсетуге болады:
- •Кесте 1. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік кестесі
- •Ондық жүйедегі сандарды басқа жүйеге аудару.
- •Сандарды ондық санау жүйесіне аудару
- •Екілік санау жүйесіндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар:
- •Сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар алдыңғы екілік жүйедегі тәрізді, мысалы:
- •Стандартты программалар
- •Wordpad мәтіндік редакторы
- •Wordpad программасын іске қосу
- •Жіберу –Программалар – Стандартты – WordPad
- •Калькулятор
- •Paint графикалық редакторы
- •Графикалық сипаттау (блок-схемалар)
- •1.Жүйелік блок
- •2.Монитор
- •3.Перне тақтасы
- •Бейнекарта
- •Сандарды енгізу
- •Кестелер арасындағы байланыс түрлері
- •Байланыстарды орнату
- •Деректерді сұрыптау және фильтрациялау
- •15 Дәріс. Желілер. Жергілікті және ауқымды желілер
Графикалық сипаттау (блок-схемалар)
Алгоритмнің берілуінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түрінде берілуі болып табылады. Блок-схема – есептеу амалдарын көрсетуге арналған графикалық бейнелер жиынтығы болып табылады. Алгоритм бұл жерде бағытталған байланысы бар геометриялық фигуралармен сипатталып беріледі. Геометриялық фигуралардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан. Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды. Байланыс сызықтарының бағыттары, егер олар жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай бағытталған болса, үшкір сызықшамен (стрелкамен) белгіленбеуі мүмкін. Блок-схема түрінде сипатталған алгоритм орындалатын әрекеттер көрнекілігін арттырады.
Алгоритм командаларының блок схема түріндегі бейнеленуінің жалпы үлгісін қарастырайық:
- эллипс, алгоритмнің басын, соңын белгілеу;
-
тіктөртбұрыш, қадамды орындау
командасы;
- параллелограмм, мәліметтерді енгізу, шығару;
р
омб,
шарттың ақиқат, жалғандығын тексеру;
- көмекші алгоритмді шақыру.
Формальдық программалау тілдері
Формальдық тілдер ретінде математикалық формулалар немесе бағдарламалау тілдері, яғни қатаң формальдық синтаксисі және семантикасы бар жасанды тілдер қолданылуы мүмкін. Алгоритмдерді бағдарламалау тілінде көрсету – бағдарлама деп аталады. Бағдарламалау тілі дегеніміз – бағдарлама жазуға арналған тіл.
Кестелік тәсіл
Кестелік сипаттау көмегімен аргументтің нақты мәндері үшін алгоритмнің
қадамдық орындалуы жүзеге асырылады.
Компьютерде есеп шығару кезеңдері:
Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің математикалық қойылуы);
Есеп шешудің алгоритмін жазу;
Бағдарламаны құрастыру;
Бағдарламаны жөндеу;
Компьютерде есепті шешу және нәтижені талдау.
Алгоритм барлық уақытта атқарушыға, оның командалар жүйесіне бағытталады. Алгоритмді жазудың әртүрлі тәсілдері бар: формула, кесте, сөзбен, графикалық, алгоритмдік тіл немесе программалау тілі. Алгоритмнің графикалық түрде кескінделуі блок-схема деп аталады. Алгоритмнің программалау тіліндегі жазылуын программа деп атаймыз. Ал, программалау тілі дегеніміз алгоритмнің компьютер-атқарушыға арналып жазылған тілі болып табылады. Программалау дегеніміз – программалау тілінде алгоритмнің жазылу процесі.
Енді алгоритмнің сөзбен жазылуына тоқталайық. Алгоритмнің орындалуындағы көшулерді көрсету үшін командалар нөмірленеді. Сондай-ақ, алгоритмді жазуға пайдаланылатын қызметші сөздер, яғни қосымша командалар пайдаланамыз: «басы», «соңы», «тоқта». Мұндағы басы сөзі сәйкес алгоритмнің басын көрсетеді; ал «соңы» сөзі егер алгоритмнің ары қарай орындалуы мүмкін болмаса, аяқталуын көрсетеді; «тоқта» сөзі – алгоритмнің дұрыс аяқталмай, яғни апатты аяқталуын көрсетеді.
6-дәріс
Тақырыбы: Компьютердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері.
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым.
ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.
