- •Халықаралық сауданың табысты бөлудегі ықпалы
- •М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Елдің бәсекеге қабілеттілігі (ұлттық бәсекеге қабілеттілік): түсінігі және көрсеткіштері
- •Халықаралық сауда: түсінігі, құндық көлемің өлшеу және құрылымы
- •Елдің сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері: сыртқысаудалық айналым, сауда балансы және сауда сальдосы
- •Қазақстанның сыртқы саудасы: негізгі сипаттамасы
- •16. Сыртқы сауда саясаты, құралдары
- •17. Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік әдістері
- •18.Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері: кедендік тарифтен айырмашылығы және негізгі түрлері
- •19. Халықаралық сауданы реттеудегі дсұ-ның рөлі
- •20. Капиталдың халықаралық қозғалысы түсінігі және негізгі формалары
- •26. Технологияны қорғаудың құқықтық формалары. Лицензия саудасы және лицензиялық төлем түрлері
- •Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және мақсаттары
- •Әлемнің негізгі аймақтық интеграциялық бірлестіктері
- •Төлем балансының түсінігі және экономикалық рөлі. Төлем балансының құрылымы
- •Халықаралық валюта жүйесі: түсінігі және дамуының негізгі кезеңдері
- •31. Валюта бағамы: түсінігі және түрлері. Валюта бағамына әсер ететін факторлар
- •32. Әлемдік несиелік нарықтың құрылымы. Халықаралық қарыз мәселесі
- •33. Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік ұйымдар. Хвқ және Әлемдік банк: мақсаттары және қызметінің принциптері
- •34. Адамзаттың негізгі ғаламдық экономикалық мәселелері
Халықаралық сауда: түсінігі, құндық көлемің өлшеу және құрылымы
Халықаралық сауда – халықаралық тауар – ақшалық қатынас жүйесі. Халықаралық сауда XV - XVIII ғғ әлемдік нарықтың пайда болу процесінде қалыптасты. Оның дамуы – жаңа кезеңдегі әлемдік экономика дамуының маңызды факторларының бірі. Халықаралық сауда терминін алғаш рет XII ғ итальян ғалымы – экономисті Антони Маргаретти пайдаланды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ХС даму ерекшелігі оның көлемінің қарқынды өсуінде. 70 – 80 жж ХС көлемі 3 435 млрд. доллар болды. Қазіргі таңда халықаралық сауда бір жағынан – ұлттық мемлекеттің экономикалық өсуінің күшті факторы болды, екінші жағынан – әлемдік нарықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Халықаралық сауданың интенсивті дамушы секторы өңдеуші өнеркәсіп өнімі және химия өнімдері болып табылады. Машина, құрал жабдық сада ролі артуда, электрондық жабдық экспорты тез қарқынмен дамуда. Халықаралық сауда немесе сыртқы сауда елдер арасында қызмет көрсету мен тауар айырбас ретінде алатын орны ерекше. XX ғ екінші жартысында халықаралық айырбас “жарылыс сипатында” болды, яғнт әлемдік сауда жоғары қарқынмен дамыды. Халықаралық саудада дамыған елдердің үлесі 1970 жылы 1,7% - ға, 2007 жылы 0,6 % - ға төмендеді. Халықаралық сауданың экономикалық дамудағы маңызы:
- экономиканың жаңа салаларының, өндірістің пайда болуы
- әлемдік нарықтың және өндіріс күштерінің дамуы
- елдер арасында шаруашылық, сауда байланыстарының кеңеюі
- экономикалық өсу
Халықаралық сауда: тауарлармен; қызметтермен; технологиялармен; интеллектуалды жеке меншік объектілерімен бб.
Халықаралық сауда құрылымы негізінен екі бағытта қарастырылады:
1) тауарлық толығулар тұрғысынан (тауарлық құрылым). ХІХ ғ. ХА айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болды. Қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе, машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде түрде өсті. Соңғы жүз жылдықтың аралығында шикізаттың әлемдік экспорттағы үлесі 3/4-тен 1/4 –ге кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі, әсіресе, өңдеуші өнімдерінің, керісінше, 1/4-ден 3/4-ке өсті. ХХ ғ. Аяғында ХА сауданың 1/3-ші – бұл машиналар мен құрал-жабдықтардың саудасы.
ХА сауданың өте серпінді және интенсивті түрде дамып келе жатқан секторы – көп ғылымды және жоғары технологиялық тауарлардың саудасы. Бұл тауарлардың саудасы көбінесе өнеркәсібі дамыған елдердің арасында жүргізіледі. ХХғ. ІІ жартысында ғылымы-техникалық прогресстің жоғары қарқынмен дамуы нәтижесінде соңғы онжылдықтарда ХА сауданың өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылды (лицензиялар және ноу-хаулармен сауда жасау), олардың үлесі ХА сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды..
2) географиялық бөлінуі тұрғысынан (географиялық құрылым). Өнеркәсібі дамыған елдердің ХА саудадағы үлесі біртіндеп азайып, ал дамушы елдердің үлесі, сәйкесінше, ұлғайып келе жатыр. Егер 1991 ж. өнеркәсібі дамыған елдердің әлемдік экспорттағы үлесі 70,5% болса, ал 2008 ж. 62%-ға дейін төмендеді. Дамушы елдердің (өтпелі экономикасы бар елдермен қоса алғанда) үлесі 38%-ға дейін өсті. «Жаңа индустриалды елдердің» әлемдік экспорттағы үлесі 1960 жылдардан бастап 2 еседен асып түсті. 12 %-ға жетті. Соңғы 30 жылдың ішінде ХА саудада
Сонымен бірге, 2008 ж. әлемдегі тауарлардың ең ірі экспортері Германия (1,47 трлн. АҚШ долл.) болды, оның артынан – Қытай (1,43 трлн АҚШ долл.) және АҚШ (1,3 трлн. доллар). Бұл елдердің ең ірі импортерлер тізімінде де алдыңғы орын алып отыр: І орында – АҚШ (2,14 трлн. долл.), олардан кейін – Германия (1,2 трлн. долл.) және Қытай (1,13 трлн долл.)
Халықаралық сауда көлемі (әлемдік тауар айналымы) барлық елдердің тек экспорт көлемін қосу жолымен есептелінеді (көп жағдайда АҚШ долларымен). Халықаралық сауданың негізгі нысандары экспорт пен импорт болып табылады. Тауарлардың пайда болуына байланысты экспорттың мынадай түрлері болады: 1. Белгілі бір елде өндірілген тауарларды сыртқа шығару. 2. Кедендік бақылау арқылы шетелге шикізатты шығарып, қайта өңдеп, кейін қайтару.
3. Рэкспорт- бұрын шетелден әкелінген тауарды шығару. 4. Ұлттық тауарды уақытша шетелге шығарып (жәрмеңке,көрмелерге), кейін қайта әкелу.
Тауарлардың пайда болуына байланысты импорттың мынадай түрлері болады: 1. Импорттап алушы елдердің ішкі нарығында технологияларды жүзеге асыру үшін шетелден тауарларды,технологияларды алып келуі. 2. Реимпорт – бұрын экспортталатын ұлттық тауарды шетелден алып келу.
3.Шикізат пен жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу үшін алып келіп кейін шетелге шығарылуы.
ХА сауда серпіні мен құрылымы әлемдік экономиканың дамуына және әлемдік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер ХХғ. басында ол жоғары қарқынмен өссе, І Дүниежүзілік соғыс басталғаннан бері, ІІ Дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін оның көлемі күрт төмендеп кетті. ХХғ. ІІ жартысында ХА сауданың көлемі орташа алғанда жыл сайын 6%-ға өсіп отырды. Сонымен бірге, ХА сауданың серпіні тұрақсыз болды, оның дамуына циклдік тербелістерінің ықпалы едәуір әсерін тигізеді. Егер 50 ж. әлемдік экспорттың орта жылдық өсу қарқындары 6% болса, ал 60 ж. – 8,2%, 70-80 жж. - 9%-ға дейін өсті, 90 ж. 6%-ға дейін төмендеді. Соңғы 2006-2008 жж. ХА сауданың өсу қарқындары күрт өзгеріп отырды: 5,5%-дан 15%-дың аралығында.
Қазіргі кезде БСҰ-ң зерттеуі б/ша, әлемдік өндірістің әрбір 10%-ға өсуіне, ХА сауданың көлемінің 16%-ға өсуі сәйкес келеді.
2007-2008 жылдардағы дағдарысқа дейін халықаралық сауда орташа темппен 6 % ға өсіп отырды, жыл сайын 1990-2000-ж аралығында. Әлемдік тауарлар мен қызметтер экспорты 2007 жылы ДСҰ мәліметтері бойынша 16 трлн АҚШ долларын құрады. Тауарлар тобы 80 %, ал қызметтер 20 % әлемдік сауданың жалпы көлемінен. Әлемдік тауарлар мен шикізат айналымы 2012 жылы $20 трлн құрады. ЮНКТАД (2013) есебі бойынша,тауарлар мен қызметтерге әлемдік сауданың өсу қарқыны 2010 жылы жалдам орнына келуінен 2011 жылы қайтадан 5%ға және 2012 жылы 2%ға төмендеді.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.
Осы халықаралық сауданы қиындататын бірнеше факторлар бар:
Уақыт пен қашықтық – несиелік тәуекел мен келісімді орындай уақыты;
Шетел валюталарының курстарының өзгеруі – валюталық тәуекел;
Заңдар мен ережелередегі әр түрлілік;
Үкіметтік қаулылар – валюталық бақылау, егеменді тәуекел мен мемлекеттік тәуекел.
Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
