- •Халықаралық сауданың табысты бөлудегі ықпалы
- •М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Елдің бәсекеге қабілеттілігі (ұлттық бәсекеге қабілеттілік): түсінігі және көрсеткіштері
- •Халықаралық сауда: түсінігі, құндық көлемің өлшеу және құрылымы
- •Елдің сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері: сыртқысаудалық айналым, сауда балансы және сауда сальдосы
- •Қазақстанның сыртқы саудасы: негізгі сипаттамасы
- •16. Сыртқы сауда саясаты, құралдары
- •17. Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік әдістері
- •18.Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері: кедендік тарифтен айырмашылығы және негізгі түрлері
- •19. Халықаралық сауданы реттеудегі дсұ-ның рөлі
- •20. Капиталдың халықаралық қозғалысы түсінігі және негізгі формалары
- •26. Технологияны қорғаудың құқықтық формалары. Лицензия саудасы және лицензиялық төлем түрлері
- •Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және мақсаттары
- •Әлемнің негізгі аймақтық интеграциялық бірлестіктері
- •Төлем балансының түсінігі және экономикалық рөлі. Төлем балансының құрылымы
- •Халықаралық валюта жүйесі: түсінігі және дамуының негізгі кезеңдері
- •31. Валюта бағамы: түсінігі және түрлері. Валюта бағамына әсер ететін факторлар
- •32. Әлемдік несиелік нарықтың құрылымы. Халықаралық қарыз мәселесі
- •33. Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік ұйымдар. Хвқ және Әлемдік банк: мақсаттары және қызметінің принциптері
- •34. Адамзаттың негізгі ғаламдық экономикалық мәселелері
33. Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік ұйымдар. Хвқ және Әлемдік банк: мақсаттары және қызметінің принциптері
Халықаралық валюталық және қаржы-несиелік ұйымдар - мемлекеттер арасындағы валюталық, қаржы-несие қатынастарын реттеу, мемлекеттердің экономикалықдамуына жәрдемдесу, несие көмегін беру мақсатымен мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық қаржы ұйымдары. Мұндай ұйымдардың қатарына Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі (ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциациясы, Инвестициялық кепілдік бойынша халықаралық агенттік, Халықаралық қаржылық корпорациядан тұратын Дүниежүзілік Банк тобы, Халықаралық есеп айырсу банкі және басқалары жатады.
Бреттон-Вудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Осыған қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ прициптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Дуние-жүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт болып табылады, ал ХВҚ — бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Дүниежүзілік банк— Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік банк, Халықаралық қайта құру мен даму банкі— даму процесіне жәрдемдесетін аса ірі әлемдік үйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта құру мен дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен, Бүкіләлемдік банк - дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын, қызметкерлерін және бай тәжірибелерін әр елдегі кедейшілікпен күресте, экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002 жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем береді.
Дүниежүзілік банк - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарынан тұратын топ. Оған Дүниежүзінің қайта құру және даму банкі (ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялық кепілдік бойынша халықараралық агенттік, Инвестициялық қайшылықтарды реттеудің халықаралық орта және Халықаралық қаржы корпорациясы кіреді. Штаб-пәтері — Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне әр түрлі мемлекеттерде экономика реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау, әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, айналадағы ортаны қорғау, экономиканың әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. Қазақстан Республикасы Дүниежүзлік банкке 1993 жылдан мүше.
Халықаралық Валюта Қоры – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған.
БҰҰ-ның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады. ХВҚ қызметкерлері 110 елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады.
ХВҚ — ол үкімет аралық валюта — қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше — мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді.
ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.
ХВҚ-ның негізгі міндеттері:
халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;
халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;
Ммүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;
көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу
мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;
халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.
ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 185 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.
ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.
ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген мақсатқа жету үшін стратегияның құрама бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады. ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың салдарымен байланысты екендігін, алдын ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс, қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ, халықаралық капитал ағынының тербелмелі масштабы және валюта курсы трансшегаралы аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді қосқанда байланысты екендігін атап өтті.
ХВҚ өз қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жүйесін құруға ерекше назар аударады. Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің қаржыны жылыстатумен күрес саласында жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.
