- •Халықаралық сауданың табысты бөлудегі ықпалы
- •М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Елдің бәсекеге қабілеттілігі (ұлттық бәсекеге қабілеттілік): түсінігі және көрсеткіштері
- •Халықаралық сауда: түсінігі, құндық көлемің өлшеу және құрылымы
- •Елдің сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері: сыртқысаудалық айналым, сауда балансы және сауда сальдосы
- •Қазақстанның сыртқы саудасы: негізгі сипаттамасы
- •16. Сыртқы сауда саясаты, құралдары
- •17. Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік әдістері
- •18.Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері: кедендік тарифтен айырмашылығы және негізгі түрлері
- •19. Халықаралық сауданы реттеудегі дсұ-ның рөлі
- •20. Капиталдың халықаралық қозғалысы түсінігі және негізгі формалары
- •26. Технологияны қорғаудың құқықтық формалары. Лицензия саудасы және лицензиялық төлем түрлері
- •Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және мақсаттары
- •Әлемнің негізгі аймақтық интеграциялық бірлестіктері
- •Төлем балансының түсінігі және экономикалық рөлі. Төлем балансының құрылымы
- •Халықаралық валюта жүйесі: түсінігі және дамуының негізгі кезеңдері
- •31. Валюта бағамы: түсінігі және түрлері. Валюта бағамына әсер ететін факторлар
- •32. Әлемдік несиелік нарықтың құрылымы. Халықаралық қарыз мәселесі
- •33. Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік ұйымдар. Хвқ және Әлемдік банк: мақсаттары және қызметінің принциптері
- •34. Адамзаттың негізгі ғаламдық экономикалық мәселелері
Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және мақсаттары
Жалпы, интеграция (латын тілінен integer- бүтін) – экономикалық субъектілердің бірігуін, өзара әрекетінің тереңдеуін, арасындағы байланыстың дамуын білдіреді. Экономикалық интеграция ресурсты пайдалануда, капиталдың бірігуінде өндірістік – технологиялық байланыстардың кейеюінде айқындалады. Халықаралық экономикалық интеграция – ұлттық шаруашылық арасындағы еңбек бөлісу және тұрақты өзара байланыстың даму негізінде елдің шаруашылық – саяси бірлестік процесі. Микродеңгейде бұл процесс жеке шаруашылық субъект арасындағы экономикалық келісім жүйесінің қалыптасу жолымен жүреді. Мемлекетаралық деңгейде интеграция, мемлекеттің экономикалық бірлестіктерінің пайда болу және оның ішкі және сыртқы саясатының келісу жолымен жүреді. Фирма арасындағы байланыстың қарқынды дамуы елдер арасындағы еркін тауар және қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекетаралық реттеу қажеттілігін тудырады. Оның нәтижесінде бірыңғай валютамен, инфрақұрылыммен, жалпылық экономикалық пропорциямен, қаржылық қормен, жалпы мемлекетаралық басқару органымен аймақтық шаруашылық комплекстің құрылуы болды.
Экономикалық интеграция келесілерді қамтамасыз етеді:
Біріншіден, интеграциялық ынтымақтастық барысында шаруашылық жургізетін субъектінің ресус турлеріне – қаржылық, материалдық, еңбек, жаңа технологияға мүмкіндігі кеңейеді.
Екіншіден, елдердің экономикалық жақындасуы аймақтық шеңберде экономикалық интеграцияға мүше мемлекеттің фирмалары үшін басым жағдай туғызады.
Үшіншіден, интеграциялық өзара әрекеттесуі елдердің өткір әлеуметтік мәселелерді, еңбек нарығында жағдайды жеңілдету, денсаулық сақтау жүйесін дамыту т.б мәселелерді шешуіне мумкіндік береді.
Халықаралық экономикалық интеграциялық үрдісті анықтаушы факторлар:
- шаруашылық өмір интернационализациясы
- халықаралық еңбек бөлінісінің терңдеуі
- ұлттық ашық экономика деңгейінің жоғарылауы
Интеграция үрдісінде өндірістің өзінің дамуында бірқатар кезеңдерден өтеді – еркін экономика зонасы, кедендік одақ, ортақ рынок, экономикалық одақ және саяси одақ.
Еркін сауда жағдайында мемлекет өз еркімен тек қана белгілі бір бірлестік бойынша өз серіктесімен қатынасында өзінің ұлттық нарығын қорғаудан бас тартады. Еркін сауда зонасының әр қатысушы үшінші елмен жекеменшік тариф орнатады. Бұл интеграция түрі ЕАСТ, НАФТА елдерімен және басқа да интеграциялық топтармен пайдаланылады.
Халықаралық экономикалық интеграцияның алғышарттары:
Бірігуші елдердің экономикаларының даму деңгейі;
Интегр. елдердің георграфиялық жағдайы;
Бірігуші елдердің тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстардың болуы;
Елдердің алдында тұрған экономикалық, саяси мүдделері ортақ;
Демонстрациялық әсері ( бір елдер бірігіп экономикалық бірлескендіктен экономикасы дамиды);
Домино әсері.
Халықаралық экономикалық интегр. мақсаттары:
Өткізу нарығының кеңеюі, Ұлттық нарықтардың бірігуі негізінде п.б.;
Масштаб әсерінің (ауқымды экономиканың) және маманданудың тереңденуінің артықшылықтарын қолдану;
Өндірістің тиімділігі мен бәсекелестіктің артуы;
Қолайлы саяси ортаны қалыптастыру;
Экономикалық құрылымдық өзгеруіне көмек көрсету және т.б.
