Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pitanie_zhauap_30_0.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.92 Кб
Скачать

6. Лабораторияға бактериологиялық зерттеу қажеттілігі көрсетіліп, азық-түлік өнімдері қауіпсіздігіне қадағалау жүргізуші жетекші маман Сидоровамен к.А. Жіберілген бұзау еті үлгісі қабылданды.

1.Мал еті толыққұнды ақуыздардың көзі б.т. Оның құрамында майдың көп мөлшері кездеседі. Құрамында ақуыздар 16%, ал майлар 3-15% болады. Етте көптеген дәрумендер ж/е минералды тұздар бар. Еттің қорытылуы өте жеңіл: ақуыздар 97,5%, майлар 94% қорытылады. Ет тез бұзылатын, тез шіритін азыққа жатады. Ол әртүрлі аурулардың (финноз, туберкулез, бруцеллез, сібір жарасы ж/е т.б.) тасымалдаушысы ж/е уланудың (етке түскен сальмонелла, ботулизм) себебі б.т. Етті ветеринарлы санитарлы тексергенде, сапалы деп танылганда 1 категориялы қой, сиыр, шошқа етіне күлгін түсті дөңгелек мөр, ал 2 категорияға төртбұрыш мөр, ал залалдандыруды қажет ететін шартты жарамды етке «Санитарлық өңдеу» деген жазуы бар қызыл түсті үшбұрыш мөр басылады. Органолептикалық көрсеткіштері: балғын, таза ет сойылғаннан 1-3 күннен кейін түсі қанық қызыл; тілінген беткейі жылтыр, мраморлы, аз ғана ылғалды; серпімділігі қалыпты саусақпен басқанда тез қалпына келеді; иісі жағымды; тін аралық май ақ, жай ғана сарғыш түспен аралас, қатты; түтікті сүйектегі ми сары түсті, толық мөлшерде. Жартылай балғын ет беті құрғақ, сілемейлі; түсі қою қызыл; саусақпен тигізгенде жабысқақ; серпімділігі нашарлаған, саусақпен басқанда орнына тез келмейді; иісі қышқылдау, ащылау; тін аралық майы сұр түсті, жұмсақтау, қолға жабысқақ. Көне ет беті құрғақ, арасында жасыл түсті жерлері кездеседі, сілемейлі; жасылдау н/е сұр түсті; серпімділігі жоқ; иісі сасық, шіріген; тін аралық майы сұр, лас, көгерген, жабысқақ. Физико химиялық көрсет/рі: күкіртті қышқыл мыс ерітіндісімен реакция: бұл реакциямен ақуыздың терең емес ыдырауын анықтайды. Таза пробиркіге 2 мл бульон құйып, оған 5% күкіртқышқылды мыстың сулы ерітіндісінің 3 тамшысын қосады, 2-3 рет сілкиді, пробиркіні штативке орналастырып, 5 мин кейін реакция нәтижесіне қарайды. Егер ет балғын б/са бульон түссіз н/е аздап тұнбаланады. Ал егер ет бұзылған б/са, онда пробиркіде көкшіл түсті тұнба береді. Амминді аммиакты азот мөлшері 80мг% дейін рұқсат етіледі. Пероксидаза реакциясы: бұлшықет тініндегі пероксидаза ферментіне сутек тотығын қосқан кезде белсенді тотықтырғыш ретінде ет экстрактына қосылатын индикатордың түсін өзгертеді. Көне, шіріген н/е ластанған етте пероксидаза реакциясы теріс болады, ешқандай түс п.болмайды. Пробиркаға 2 мл ет экстрактін құяды, оған 0,2% бензидин ерітіндісінің 5 тамшысын қосып, сілкіп, 1% сутек тотығының 2 тамшысын қосады. Балғын етте 1-2 мин кейін көк жасыл түске боялады, ал күмәнді етте көк жасыл түс 3-4 мин кейін п.б. ал бұзылған етте боялмайды. Бактериоскопиялық зерттеу: балғын етте ешқандай микробтар болмауы к/к. Ластанған кезде 1 см2 бөлікке жүз н/е мыңдаған бактериялар болады. Беткейдегі микробтар еттің тереңіне түседі. Сібір жарасы бактериалды зоонозды антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, клиник/қ негізінен тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикац/мен сепсис дамуымен сипат/н жұқпалы ауру. Қоздырғышы бациллус антрацис. Адамға қоздырғыш негізінен жанасу механизмі арқылы беріледі. Жанасу тікелей н/е жанама болуы мүмкін. Тікелей ауру малды сою, жүндеу, терілеу, ал жанама құрал саймандар, шөп, жем арқылы. Індет ошағында ауру мал н/е оның өнімі жағылады. Дезинфекция жасалады. Ауру малмен оның өнімімен жанасуда болғандар 8 күнге медиц/қ бақылауға алынады.

2.Карантин,дезинфекция жасау,өртеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]