Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
А.Е.Алибеков_МЕХАНИКАЛЫҚ_САРҒАЮДЫҢ_ҚАЗІРГІ_КЕЗД...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.4 Mб
Скачать

Vіi. Фистулография

УДЗ бақылауымен немесе лапароскопия не болмаса дәстүрлік хирургиялық холецистостомия тәсілімен өт қабын дренаждау арқылы рентген контрастты затты енгізу кең таралған түрі болып табылады. Бұл жағдайда өт жолдарын контрасттау фистулография көмегімен жүзеге асырылады. Зерттеуді сәтті жүргізудің басты шарты өт қабы өзегінің өтімділігінің болуы. Өт қабын сырттай дренаждау механикалық сарғаюдың жедел деструктивті холециститпен немесе ұйқы безі басының ісігімен қосарлануы салдарынан науқас жағдайының өте ауыр дәрежесінде дәстүрлі паллиативті және хирургиялық ем түрлерін қолдануға болмайтын жағдайларда қажет деп есептеледі.

Жедел калькулезді холецистит пен қосарланған механикалық сарғаюы бар науқастардың жартысынан өт қабы өзегінің өтімділігі сырттай дренаждаудан кейінгі 3-5 тәулікте қалпына келеді. Сол себепті айқын өршімелі сарғаю бар науқастарда өт қабы өзегінің өтімділігігінің қалпына келуін күтпестен тікелей контрасттау және өт жолдарын декомпрессиялауды пайдаланған жөн.

Vііі. Ангиография.

Ангиография тәсілі қосалқы бауыр аурулары (ісіктер, іріңдіктер, кисталар) немесе ұйқы безінің аурулары (ісіктер, кисталар) болған жағдайда қолданылады. Ангиографиялық тексеру әдісін селективті целиакография жасау арқылы істейді.

Iх. Лапароскопия.

Бұл тәсіл іш куысына арнайы аспап (лапараскоп) енгізіп (8 - сурет), оңдағы орналаскан ағзаларды, атап айтканда, бауырды, өт қабын және оның айналасындағы тіндерді көзбен көріп бағалауға негізделген. Лапараскопия бауырда, өт қабының қабырғаларындағы және оның айналасында туған өзгерістерді, өт қабы қабынуының түрін, сатысын, асқынуларын т.б. мәліметтерді анықтауға мүмкіндік туғызады.

Ең алғашқы рет хирургиялық тәжірибеде лапароскопия әдісін 1901 жылы Д.О. Отто қолданды. Лапароскопияның ақпараттылығы 84 – 95 %-ға дейін жетеді.

Лапароскопия тәсілінің қолдану көрсеткіштері екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біріншісі жедел жағдайларда, шұғыл қолданылатын, ал екіншісі жоспарлы жағдайларда қолданылатын көрсеткіштер.

8 - сурет. Іш куысына лапароскоп енгізіп мүшелерді зерттеу.

Өт жолдары мен бауыр ауруларын анықтауды жоспарлы лапароскопия (9 – сурет) көбінесе мына жағдайларда жасалынады:

  1. бауырдың диффузды және ошақты зақымдануы;

  2. дене сарғаюының себептерін ажырату;

  3. гепатит, цирроздың белсенділік сатысын анықтау;

  4. бауырдың, өт қалтасының қатарлі ісігін анықтау;

  5. себебі белгісіз гепатоспленомегалия.

9 - сурет. Өт қабының лапароскопиялық көрінісі.

Лапароскопия іш қуысында кенеттен пайда болатын ауруларды бір – бірінен ажыратып, аурулардың түрін дұрыс дәлірек анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар, адам жарақаттанған жағдайда іш қуысындағы ағзалардың, солардың ішінде өт жолдарының зақымдалуына күдік туғызатын болса, ол науқас адамға жедел лапароскопия жасалынады.

Лапароскопия тәсілі науқас адамдарда жүрек – тамыр, тыныс алу жүйесіндегі аурулары, бауыр комасы, ІІ – ІІІ дәрежелі семіздік, көлемді ішек жабысқақ құбылысы, терінің іріңді аурулары, іштің ақ сызығының үлкен көлемді жарығы, көптеген ішек жыланкөздері болса қолданылмайды.

Лапароскопия тәсілін тек диагностикалық мақсатта ғана емес, сонымен бірге емдік мақсатта (өт қалтасын дренаждау, холецистэктомия жасау үшін) пайдаланады.