- •Мазмұны
- •Қысқаша тарихы мен өт жолдарының анатомиясы
- •Механикалық сарғаюдың этиологиясы және патогенезі
- •2. Гемолитикалық
- •3. Механикалық
- •Механикалық сарғаюдың жіктелуі
- •I. Өт қабының, өт шығару жолдарының және ұйқы безінің ауруларының жіктелуі
- •II. Халықаралық аурулар жіктелуі
- •III. Өт жолдарының тыртықтанып тарылулары мен зақымдануының жіктелуі
- •IV. Механикалық сарғаюдың жіктелуі (Напалков п.Н. Және Артемьева н.Н. Бойынша, 1973ж.)
- •V. Механикалық сарғайған науқастың ауырлық дәрежесін анықтауды п.Н. Напалков бойынша
- •VI. Механикалық сарғаюдың ауырлық дәрежесін Борисов а.Е. Пен Чжао а.В. Ұсынған жіктелуі
- •VII. Бауырдан тыс холестаздың клинико-морфологиялық классификациясы (в.И. Витлин бойынша, 1965 ж.)
- •VIII. Өт қабы гипертензиясының жіктелуі (Виноградов в.В бойынша 1971 ж.)
- •IX. Механикалық сарғаюға әкелетін аурулардың жіктелуі (Савельев в.С. Және Кирненко а.И.,2006ж)
- •X. Механикалық сарғаюдың жиі қолданылатын жіктелуі:
- •Механикалық сарғаюдың зерттеу әдістері
- •I. Жалпы өт жолдарын арнайы тексеру әдістері
- •II. Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер
- •III. Аспаптық зерттеу әдістері і. Рентген сәулесімен зерттеу
- •1. Пероральді холецистография.
- •2. Өт жолдарына контрастты затты көк тамыр арқылы жіберіп зерттеу.
- •3. Инфузиялық – тамшылы холецистохолангиография.
- •II. Ультрадыбысты зерттеу (удз).
- •III. Удз бақылауымен тері – бауыр арқылы қойылатын микрохолецистостомия.
- •IV. Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (эрхпг).
- •V. Теріні және бауырды тесу (пункциялау) арқылы орындалатын холангиография.
- •Тері және бауыр арқылы холецистохолангиография жасау.
- •VI. Эрхпг мен тері бауыр арқылы холангиографияны бірге қолдану.
- •Vіi. Фистулография
- •Vііі. Ангиография.
- •Iх. Лапароскопия.
- •X. Компьютерлік томография (кт).
- •Xі. Магнитті - резонансты холангиопанкреатография.
- •Xіi. Лапароскопиялық тері – бауыр арқылы жүргізілетін микрохолецистостомия.
- •IV. Операция кезіндегі жалпы өт жолдарын тексеру әдістері
- •Холангиомонометрия
- •8. Операция кезіндегі холангиоскопия.
- •Механикалық сарғаюдың операция алдындағы консервативті емі
- •Механикалық сарғаюдың хирургиялық емі
- •V. Тері арқылы бауыр арқылы холангиостомия
- •VI. Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография және эндоскопиялық папиллосфинктеротомия
- •Тікелей хирургиялық әрекеттер Хирургиялық ену жолдары.
- •Ііі. Билиодигестивтік анастомоздар салу арқылы өт жолдарына ішкі дренаж салу
- •Іv. Холедоходуоденоанастомоз
- •V. Папиллосфинктеротомия
- •Операциядан кейінгі кезең.
- •Механикалық сарғаю кезіндегі антибактериальдық терапия.
- •Механикалық сарғаюы бар науқастардың операциядан кейінгі асқынуларының алдын алу үшін циклоферон препаратын қолдану нәтижелері
- •Ситуациялық сұрақтар
- •Тесттік бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ОРТАЛЫҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
А.Е.Алибеков
МЕХАНИКАЛЫҚ САРҒАЮДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Қарағанды 2012
ӘОЖ 615.8/617
А 44
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
О. Б. Оспанов - № 3 хирургиялық кафедрасының профессоры ҚМБФ АҚ «МУА»,«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК бас ғылыми қызметкері, м.ғ.д.
К.Т. Шакеев – ҚММУ Физиотерапия және ЕДШ бар №1хирургиялық аурулар, әскери – далалық хирургия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. доцент
А.Б. Баширов - ҚММУ №2 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к.
Алибеков Асылхан Ермекбаевич
А44. Алибеков А. Е. МЕХАНИКАЛЫҚ САРҒАЮДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ. - Оқу - әдістемелік құрал.- Қарағанды. ҚММУ – 2012.- 96 б.
ISBN 978-601-202-115-8
Оқу - әдістемелік құралда механикалық сарғаюы бар науқастардың этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, хирургиялық емі және операциядан кейінгі асқынуларының алдын - алу туралы мағлұматтар бар.
Жоғарғы медициналық оқу орындарының және мамандық жоғарылататын факультеттерінің студенттеріне арналады.
ӘОЖ 615.8/617
Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығы жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен бекітіліп, баспаға ұсынылған.
Хаттама №7 24.06.2011 сәйкес қосымша оқу құралы ретінде бекітілді және басылымға рұқсат берілді.
ISBN 978-601-202-115-8
© А.Е. Алибеков 2012
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АИВ – адамның иммунды вирусы
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
АТФ - аминазинтрифосфат
БЖ – бауырдың жетіспеушілігі
ГТТФ – глутамилтрансфераза
ЖБЖ - жалпы бауыр жолы
ЖӨӨ – жалпы өт өзегі
КТ- компьютерлі томография
ЛДГ - лактатдегидрогеназа
ЛТБМХС – лапароскопиялық теріарқылы бауыр арқылы микрохолецистостомия
МС – механикалық сарғаю
НБТ – назобилиарлық түтік
ӨТА – өт тас ауруы
ӨЖ- өт жолы
ӨҚ- өт қабы
ӨЖТТ- Өт жолдарының тыртықтанып тарылуы
ПХЭС – постхолецистэктомиялық синдром
ТБХГ – тері, бауыр арқылы холангиостомия
ТБМХС – теріарқылы, бауыр арқылы микрохолецистостомия
ТДПСТ – трансдуоденальдық папиллосфинктеротомия
УДЗ – ультрадыбысты зерттеу
ҰҮҮ – ұлтабардың үлкен үрпегі
ХАЖ- халықаралық аурулар жіктелуі
ХДА – холедоходуоденоанастомоз
ХЛТ – холедохолитотомия
ХЭ - холецистэктомия
ЭПСТ – эндоскопиялық папиллосфинктеротомия
ЭРХПГ – эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография
ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамдығы
Мазмұны
Белгілеулер мен қысқартулар…………………………………………………3
Мазмұны..............................................................................................................4
Кіріспе..................................................................................................................5
Қысқаша тарихы мен өт жолдарының анатомиясы ........................................7
Механикалық сарғаюдың этиологиясы және патогенезі...............................13
Механикалық сарғаюдың жіктелуі..................................................................22
Механикалық сарғаюдың зерттеу әдістері.....................................................27
Механикалық сарғаюдың операция алдындағы консервативті емі.............49
Механикалық сарғаюдың хирургиялық емі...................................................53
Механикалық сарғаюы бар науқастардың операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін циклоферон препаратын қолданудың нәтижелері.........................................................................................................71
Ситуациялық тапсырмалар.............................................................................84
Тесттік бақылау сұрақтары..............................................................................87
Эталон жауаптары............................................................................................92
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................93
Кіріспе
Хирургиялық гепатологияда механикалық сарғаюы бар науқастарды емдеу ең қиын мәселенің біреуі болып саналады.Кейінгі онжылдықта хирургия мен анестезиологияның табысты дамуы, құрсақ қуысындағы мүшелерге жасалатын операциялар шеңберін едәуір кеңейтті, операцияға алынған егде және қартайған жастағы науқастар саны артты. Дегенмен, операциядан кейінгі іріңді-қабынулық асқынулар жиілігі кемімей тұр [1].
Қазіргі уақытта механикалық сарғаюды емдеу жөнінде хирургия саласы үлкен жетістіктерге жетіп отыр деуге болады. Өйткені хирургиялық емнен кейінгі кісі өлімі әлдеқайда төмендеді және хирургиялық емді қажет ететін барлық науқастар дер кезінде ем алатын жағдайға жетті. Механика-лық сарғаюмен ауыратын науқастар хирургиялық стационарға уақытында жеткізілетін болды. Бірақ әлі күнге дейін механикалық сарғаю кезіндегі хирургиялық емге көрсеткіш 15-80 жағдайда қойылып отыр. Бұл осы күнге дейін операция жасауға толық негізделген көрсеткіштердің анық-талмағанын көрсетеді.
Жалпы өт жолдары хирургиясының жетістіктері-операция кезіндегі холангиография,холедохоскопия,эндоскопиялықхолангиопанкреатография және эндоскопиялық операциялардың пайда болуы механикалық сарғаю жөніндегі бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарасты өзгерту керек екендігін көрсетеді.
Хирургиялық емнің соңын анықтайтын негізгі себептердің бірі операциядан кейінгі кезеңде дамитын іріңді асқынулар болып табылады. Бұл асқынулар салыстырмалы пайызы, әртүрлі авторлардың көрсеткіштері бойынша 1,9% бен 42,0% аралығында, ал операциядан кейінгі өлім 10% бен 38% аралығында [2]. Өт жолдары декомпрессиясының ұзақтығын түбегейлі операцияны орындаудың оптимальдік мерзімін анықтау осы уақытқа дейін даулы мәселе болып қалуда. Әр түрлі авторлардың көрсет-кіштері бойынша бұл мерзім декомпрессиядан кейін 1-2 аптаға [3], билин-убин деңгейі қалыпқа келген соң 4-6 аптаға созылады [4,5]. Объективті критерийлердің болмауы клиницистердің декомпрессия нәтижелігін және науқастың түбегейлі хирургиялық емге дайындығын, бауырдың кейбір жекелеген функционалдық көрсеткіштеріне сүйену арқылы анықтайды.
Механикалық сарғаюдың екінші ретті иммунотапшылықпен қоса жүруі белгілі [6], ал бауырдың функционалдық жағдайына және өт жолда-рының декомпрессиясының ұзақтығы мен түріне байланысты өзгеретін иммунореактивтілік көрсеткіштер әдебиеттерде көрсетілмеген.
Иммунокоррекциялық терапияны қажет ететін, механикалық сарға-юы бар науқастар категориясы анықталмаған. Өт шығару жолдарының декомпрессия нәтижесін және науқасты түбегейлі хирургиялық емдеуге жеткілікті дайындап, оның нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін иммунокоррекцияның оптимальды әдістері құрылмаған.
Механикалық сарғаюы бар науқастарды емдеуге арналған отандық арзан, жоғары нәтижелі дәрі-дәрмектерді жете біліп, клиникалық зерттеу, өзекті болып табылады. Осы препараттардың ішінде өзінің нәтижелілігі және арзан бағасымен ерекшеленетін, интерферон индукторы – циклофе-ронды атауға болады. Интерферон индукторлары дәрілік препараттардың жаңа ұрпағына жатады және маңызды қасиеттерге ие. Олар адам ағзасы-ның өз интерферондарының түзілуіне көмектеседі. Индуктор әсеріне жау-ап ретінде интерферонның түзілуі ағзаның өзімен бақыланып отырады. Циклоферон, интерферон индукторы ретінде инфекциялық процестердің ерте кезеңдерінде белсенді араласады. Циклоферонды кешенді терапияға қосу, инфекциялық асқынулардың санын азайтып, интерферондық статус-тың жағдайына оң әсер етеді [7]. Сондықтан ісіктен басқа механікалық сарғаюы бар науқастардың иммунологиялық көрсеткіштерін бағалау және операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу өте маңызды болып табылады.
