- •1.Архаикалық дәуір (VIII- VI ғ.Б.З.Д.). Гомер эпосы
- •2.Грек драмасының қалыптасуы.(Эсхил,Софокл,Еврипид, Аристофан )
- •3. Рим әдебиеті.
- •4.Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа әдебиеті.
- •6.Испаниядағы Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Сервантес.
- •7.Англиядағы Қайта өрлеуі дәуірінің әдебиеті. Шекспир творчествосы.
- •12. Гофман творчествосы.
- •1.Жеке бастың өмірі; 2.Ауыл аймақтардағы өмірдің сипаттамасы; 3.Париждегі өмір; 4.Саяси өмір; 5.Әскери өмір.
- •14.Стендаль творчествосы.
- •15. XX ғ. Әдебиеті.
1.Жеке бастың өмірі; 2.Ауыл аймақтардағы өмірдің сипаттамасы; 3.Париждегі өмір; 4.Саяси өмір; 5.Әскери өмір.
Түрлі қоғам топтарына берілетін баға, энциклопедия. Бальзак өзіне баға бергенде: «Каждая книга автора всего лишь глава грандиозного романа об обществе»- деген. «Адам әжуасы» автордің иштей дамып, өз-өзіне танып білуге талпыну, осындай еңбектерінің нәтижесінде тамаша шығарма жарық көреді.
14.Стендаль творчествосы.
Фредерик Стендаль- жазушының лақап аты, шын аты Анри Мари Бейль.Стендаль батыс Еуропа реализмінің басы болды және сонымен қатар оның болашағына көп әсер етті десек, артық болмас.Стендалдан бастаған із орыс әдебиетінің XIX ғасырдың екінші жартысында Толстой, Достоевский шығармалары арқылы жаңа заман әдебиетіне жалғасты. Стендаль қалыптастырған ішкі монологтардың жарқын үлгілері дамып, XX ғасыр әдебиетіне «толассыз, сана сезім тасқыны»( «поток сознания»), «тереңдігі құпия сыр» («подтекст») деген түйсік- терминге айналды.Стендаль «Қызыл мен қарасында» жеке адамның жан- дүние, сезімдерін бейнелеу идеясын бірінші қатарға шығарды. Романның аталуының өзінде символдық мағына бар- қызыл түс революцияның белгісі де, қара- монархиялық,яғни бастықтардың сырт киімі, сол кездегі үстемдікті жандандырушылардың символы. Адам бақытқа талпынысы шығарманың өзегі. Стендальдың ойынша, адам әрқышын бақытқы ұмтылады, ол- табиғи талпыныс, бірақ Жюльен Сорель өмір сүрген кезең сәтсіздіктің заманы еді. «Қызыл мен қара» романы- француз әдебиетінің тарихында таптық проблеманы, таптар арасындағы қарым- қатынасты айқын қойған шығарма.Романда Ж.Сорельдің ойлары, сезімдері нәзік психологиялық талдау әлеуметтік талдаумен жалғасып жатыр. Жюльен- даму, жетілу жолындағы кейіпкер. Ол қоғамға қарсы келді, оған наразылығын білдірді, онымен енді қарым-қатынасын тоқтатып, байланысын үзіп, өзін үстем тапқа қарсы қойды. Міне, осы еркін ойлы жиырма үш жасар Жюльен сотталып, өлім жазасына кесілді.
Стендаль шығармашылығында және оның өмірінде «итальян» тақырыбы өте үлкен орын алған. Адамның ішкі әлеміндегі жан сезімі, психологиялық әрекеті «итальян» тақырыбына жазылған «Ванина Ванини» новелласында көрініс тапқан.Шығармада шынайы өмірде барынша орын алатын бостандыққа деген құлшыныс суреттеледі. Бұл құлшыныс кейіпкердің жүрегінде махаббатпен күреседі, оның сүйіктісінің жүрегінде махаббатпен қатар тәкаппарлық пен қызғаныш сезімі үялаған. Десек те, жастардың басына қандай қауіп- қатер төнбесін сезімдеріне адал бола білді. «Ванина Ванини»- новелла- хроника пішінінде жазылған стендальдік үлгідегі жаңа драма. Ондағы оқиғалар оған дейін Мерименің жазған новеллаларындағы оқиғаларға қарағанда тез өрбиді.
Сондай-ақ Стендальдің көптеген шығармаларының арасынан «Ванина Ванини» прозасы қысқалығымен және қуаттылығымен ерекшеленеді.Дегенмен оның сыйымдылығына нұсқан келмеген. Автор кейіпкердің арман- мүддесі мен ішкі тебірінісін, оқиғалардың арасындағы байланысты көлемді азайту үшін қысқартып алып тастаудан аулақ болған.Оқырман драманың шынайылығына сенімді, өзіне қажетті ақпаратты толыққанды алуына шығарма көлемі мен мазмұны жеткілікті.
Стендальдің көркем шығармалары өмір суреттерін бейнелеу ғана емес, өмір ағымының бағытын, сол бағыттың табиғатын да танытады. Бұл тікелей адам жаратылысына қатысты, ал адам әрекеттері өмірдегі қозғалыста, күресте және өзгерісте ашылады. Адамның өзін- өзі танып, білуге деген талпынысы терең сипат ала бастады. Адам бойындағы рухани тазалық, , адалдық, әлеуметтік белсенділік секілді қасиеттердің Стендаль шығармашылығандағы көрініс алуы кең көлемде алғанда, образ, кейіпкер психологиясы,әрекетін көрсетуде нақтылы қарағанда, характер жасау, тартыс және қайшылықтар диалектикасы секілді құбылыстардың табиғатын бұрынғадан да күрделендіріп, оларға тың сапа үстеді. Өзі айтқандай, Стендаль болашаққа жұмыс істеген жазушы, әдебиет дамуы дәлелдегендей оның көтерген мәселелері кейін көптеген көлемді шығармалармен толықты. Стендальдың мұраларының кейінгі әдебиетке сан қырлы ықпал да, әсері де бар.
