- •1.Архаикалық дәуір (VIII- VI ғ.Б.З.Д.). Гомер эпосы
- •2.Грек драмасының қалыптасуы.(Эсхил,Софокл,Еврипид, Аристофан )
- •3. Рим әдебиеті.
- •4.Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа әдебиеті.
- •6.Испаниядағы Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Сервантес.
- •7.Англиядағы Қайта өрлеуі дәуірінің әдебиеті. Шекспир творчествосы.
- •12. Гофман творчествосы.
- •1.Жеке бастың өмірі; 2.Ауыл аймақтардағы өмірдің сипаттамасы; 3.Париждегі өмір; 4.Саяси өмір; 5.Әскери өмір.
- •14.Стендаль творчествосы.
- •15. XX ғ. Әдебиеті.
6.Испаниядағы Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Сервантес.
Испанияда Қайта Жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ , өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.Жаңғыру дәуірінің қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде елдің ұлттық бірігіу жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталған-ды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрыдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы,мәңгі өшпес туынды- «Дон Кихоттың» авторы Мигель Сервантес пен «История жизни пройдохи» деп аталатын әйгілі романның авторы,жазушы-сыншы Франческо де Кеведо одан әрі жалғастырды.
Мигель Сервантес де Сааведранің (1547- 1616 ) өмірі қиын болған.Ол кедейленіп қалған бай отбасынан шыққан .Сервантес жақсы гуманитарлық білім алғанмен,ол білімі мен талабын қоғамда қолдана олмады. Оған себеп: әскери парызын өтеуі, Алжирдағы тұтқында болуы және ақырында салық жинаушы болып істеген қызметі.Осы қызметінде біреудің кесірінен абақтыға түсуі.
Сервантес жазушылар қатарына жатқанымен,ол өз шығармаларына деген мойындауларды көзі тірісінде ала алмады.Сервантес әдебиетпен ерте айналысқанмен де,ол өзінің нағыз шарықтау шегін жасы ұлғайған шақта сезді. Ол осы кезде «Қарапайым тілдегі новелла» атты повесті,халықтың өмірі туралы жазылған «Интермедия» шығармасы және ең танымал- «Дон Кихот» романы.Бұл эпопея қайғылы кейіптегі жауынгер мен оның жан досы,әрі қару асынған Санчо Панса туралы.
«Дон Кихот» романының басты кейіпкері кедейленген ақсүйек Авансо Кихано мен күлдіргіш шаруа Санчо Пансо - әлі күнге дейін дүниежұзілік оқырмандарды қызықтыруда. Бұл романдағы екі кейіпкер Ипснияның сол кездегі қарама-қайшылықтарын салдаған. Алонсо Кихано жауынгерлер туралы шығармаларды көп оқып,өзіне жауынгерлік ат- Дон Кихот Ламаннчский деп қояды да,оған кейіннен қайғылы жауынгер деген ат қосылады. Ол рыцарлық шығармадағы сияқты алыс жол сапарларына аттанады.
Әрбір оқиға рыцарлердің қиялы және нақты өмірдегі қарама- қайшылықтарды аша түседі. Осы арада оның диқанмен,қойлармен,қуыршақ театрмен байланысты оқиғаларын айтуға болады. Дон Кихоттың іс-қимылдары күлкі,кейде аяушылық туғызады.Бірақ оның кейбір тұжырымдарында халыққа деген шынайы махаббатты байқауға болады.Дон Кихот арқылы Сервантес демократиялық идеяларын жеткізді.Ол: «Құдай мен табиғат еркін етіп жаратқан бүкіл адамзатты құлдыққа салу- қатыгездік.Және көзі ашық адамдардың өз туыстарының малын бағу- әділетсіздік !»-деп санаған.Ол өзінің сөз шеберлігін бостандық үшін айтқан. «Бостандық,Санчо,-дейді ол,- Дүниеде ең қымбат сый.Осы аспан адамдарға төгеді.Бостандық үшін,ар- ұятпен бірдей адамдар өз өмірлерін қия алады». Өмірді түсіне білу және оған деген махаббат Санчоның шаруалар ортасында өмір сүрумен байланысты.
Жауынгер мен оның қаруласы қиялі өмірден бірден шыға алмайды.Олар тек қайғылы,әрі күлкілі және кейбір келеңсіз жағдайлардан кейін көздері ашылады.
Роман Дон Кихоттың ұйіне оралуымен және оның рыцарлық романдарға өлім жазасын беруімен аяқталады. «Дон Кихот» романы дүние жүзінің әйгілі шығармаларының қатарынан орын алады.Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы,Шекспир мен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега.
Лопе де Веганың шағырмашылығына тәнті болған замандастары оны « табиғат кереметі» деп атайды.Ол сол кезеңде Испан ұлттық театрының өркендеуіне үлкен үлес қосты.Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы Испан феодалдық-абсолюттік қиын қыстау кезеңімен тура келеді.XVI ғасырдың екінші жартысына ойыса беріп Испания жағдайы мүшкілдене түседі. Тереңдеп кеткен экономикалық құлдырау мемлекеттің өңдіріс күштерін ұзақ мерзімге алға басуын тежеп отырды.Феодалдық система мен диктатурлық жүйедегі католиктік шіркеу,бюрократиялық лауазымдар тұтастай XVII ғасыр бойына Испанияны отқа орады. Лопе де Вега көпнесе тарихи дүниелерге қалам тартады.Ол сонау заманғы тарихи оқиғаларды насихаттап, халықтын көзін ашуды мақсат тұтады. Шығармаларында өз елін қорғау немесе феодалдық озбырлыққа халық көтерілісін сипаттайды. Осындай тарихи драмалық шығаррманың бірі – «Фуэнте Овехуна».Шығарма барысында бүкіл оқиғалар желісі Кордова қаласының манындағы «Фуэнте Овехуна» атты кішкене аймақта өрбейді.Онда төменгі тап өкілдері мен аристократтар арасындағы қақтығыстар көрініс табады.Сонымен қатар,махаббат тақырыбы да қалыс қалмайды. «Фуэнте Овехуна» бір ғана адамның басындағы емес,тұтас бір халықтың басындағы ауыртпалық айтылады.Адам құқығын балағаттау мен жабайы- анайы әрекеттер кең етек жайады.Шығармада қаншама қасірет жатса да,бір де бір қайғы,мұң-зар,күніренген дауыс есмейміз
Әділіттіліктін,жақсылықтын,әдемеліктін түбі жеңіспен аяқталатынын дәлелдей түскісі келгендей.Оптимистік сенімін мығымдай түсіп,басқаша болуы мүмкін де емес дегенге саяды.
Францияда гуманистік қозғалыс тек XVI ғ. басында ғана етек алды.Француз гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды.Ол өзінің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.Рабле жаңа қоғам бейнесін жасады
.Оның түрғындары ғылымға бас июші- баурластар,мұнда екіжұзділерге, опасыздарға және т.б. орын жоқ. Француз мәдениетінің ірі өкілі,аса корнекті гуманист,әрі ойшыл Мишель де Монтень болды.
Оның басты шығармасы- «Тәжірибелерде» философиялық, тарихи, этикалық мәселелер көтерілді. Бұл еңбек схоластика мен догматизмге қарсы бағытталып, рационализм идеялары насихатталды,сондықтан да болар бұл еңбек бүкіл Батыс Еуропалық ақыл-ойдың дамуына орасан зор ықпал жасады
