- •1.Архаикалық дәуір (VIII- VI ғ.Б.З.Д.). Гомер эпосы
- •2.Грек драмасының қалыптасуы.(Эсхил,Софокл,Еврипид, Аристофан )
- •3. Рим әдебиеті.
- •4.Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа әдебиеті.
- •6.Испаниядағы Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Сервантес.
- •7.Англиядағы Қайта өрлеуі дәуірінің әдебиеті. Шекспир творчествосы.
- •12. Гофман творчествосы.
- •1.Жеке бастың өмірі; 2.Ауыл аймақтардағы өмірдің сипаттамасы; 3.Париждегі өмір; 4.Саяси өмір; 5.Әскери өмір.
- •14.Стендаль творчествосы.
- •15. XX ғ. Әдебиеті.
7.Англиядағы Қайта өрлеуі дәуірінің әдебиеті. Шекспир творчествосы.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы- Оксфорд университетінде өз заманының қатарлы ғалымдары- Гросин, Линакр,Колет және т.б. жемісті еңбек етті.Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы Томас Мордың есімімен тығыз байланысты болды.XVI ғ. бірінші жартысында көркем әдебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды есептемегенде тоғыз театр жұмыс істеді.Солардың ішіндегі ең ірісі- «Глобус» театры- ағылшын халқының ұлы драматургы,ағылшын Ренессансының алыбы- Вильям Шекспирдің шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір жайт, ағылшын театрларына барлық сословиенің өкілдері- ақсүектер де, шенеуніктер де, копестер де,жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де бара алатын, сондықтан да болар, театр өнерінің өрге басуы, оның демократиялық сипаты- ағылшын қоғамындағы демократиялық жүйенің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдың шығармашылығы гуманистік иеяларға толы болды.
Ағылшынңың әлемге аты әйгілі драматургі,әрі ақыны Вильям Шекспир 1564 ж.23 апрельде Эвон өзені бойындағы Стретфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген.Шекспирдың зерттеушілері оның шығармаларының сипатына байланысты жэне автордың дүниетану өзгерісіне қарай;творчествосың 3 кезеңге бөледі:
1590-1600 ж.оптимистік көніл күймен жазылған комедиялар; өмір сұйетін сипатымен ерекшеленеді.М.М. Бахтинның айтыунша: «Шекспировский смех- последний мощный раскат народной смеховой культуры».
1600-1609 ж.Осы жылдары оның шығармаларында адамның сана-сезімінің қаранғы жақтары, адам арасындығы жағымсыз жағжайлар әшкереленеді; негізгі мотивтер – сатқындық, жақсылықты білмеушілік,қатандық- «Гамлет»,
«Король Лир», «Макбет» және т.б.
1609-1612 ж. жазылған шығармалары «Зимняя сказка», «Буря».Сонымен Шекспир 36 пьеса, 154 сонет жазған.Шекспирдың өмірі түралы документпен дәлелденгені өте аз,көбінесе фактылар жанама күәлікпен әлде кеш шыққан әнгімелермен белгіленеді, кейде ол шұбәлі болып шығады.Осыдан «шекспировский вопрос» деген проблема қалыптасады.
Шекспирдың «Гамлет» трагедиясының жанры, кектің созылуының және кейін қалуы әр түрлі жағдайларға байланысты болды.Бұл оқырмандардың пьесаның оқиғасына қызығушылығын арттырды.Алайда,Гамлеттің монологтары, оны қоршаған ортасы жасқаншақ санағанмен, әлсіз санамайтындығын растайтындай.
Керсінше, принцтің өзін-өзі жазғыруына емес, корольдің одан қауіптенуіне сену керек. Гамлет кегін кейінге қалтыруы және қаскүнемдерің ұсыну мәтіндері күдік туғызады. Олда өзінше шарттылық, өйткені кейіпкер өзінің қылықтарын қалайда болса түсіндіру қажет қой. Бірақ оның түсініктеріне көп көніл бөлмеу керек. Өйткені оның көзқарасында ешқандай мағына жоқ. Шекспирдің Гамлеті бір жағынан өзін қарақшыларға, екінші жағынан басыбайлы шаруамен теңейді.
Бұл сөгіс сөздердің мағынасы Шекспир уақытында да өшкен жоқ. Принц өзін осылайша сөгістеу, оның социалдық пирамиданың шыңынан тұғырына дейін құлауының маңызын түсінгендігін көрсетпекші болды. «Гамлет» трагедиясының оқиғасы Клавдий мен Гамлет арасында өрбиді.
Бірақ осы екі кейіпкердің өзара шиеленісуі трагедияның ең басты тақырыбы емес.Шекспирге дейінгі трагедиялар осымен шектелетін. Трагедиядағы тартыс, кім-кімді алдап соғып және құртатындығы – король-жаузбен принц- кек алушы жайлы. Гамлет кек алуға асықпайтындығына сыртқы жағдайлар емес, ішкі дүниесінің себептеріне байланысты. Сонымен қатар, Гамлет кек алумен ғана шектелмей «Қырсығынан арылтам деп алдымды /Қырқысуға барам да!»,- деп тағы бір мақсат қосады.Шиеленісуден бүкіл қоғам, нақтылай айтқанда, мемлекет азап шегеді.Корольдің қайтыс болуы бүкіл мемлекет механизмнің ыдырауына әкеліп соғатынын, Розенкранц айтып өткен.
Трагедияда,бүкіл елдің және әлемнәң, адамдардың жан-дүниесін билеп алған- жауыздық..Оны тек қана Клавдий емес,Гертруда да және басқа кейіпкерлері де жұқтырған.
Нағыз шиеленісу, кейіпкерлердің қарсы тұруымен бітпейді. Сыртқы шиеленісу, негізгі адам құндылығы: махаббаттың,достықтың,сенгендіктің жалпы шиеленісуіне айналады.Ол Гамлеттің ішкі- лүниесінде болып жатқан тартыста ашылады.
Трагедияның мәні Гамлеттің нақ рухани абыржуы гуманизмдік дағдырыстың санасында бейнеленуі.
Гамлет өзінің тұлғасының толық еместігін және ішкі араздықтарын жақсы түсінеді. Гамлеттің өмірі мен өлімі, трагедияның басынан аяғына дейін адамгершіліктен айырылмай, жауздықбен ауратын әлемде қараланбай таза болып кетуі қиын.Гамлет, ұлы істің ақталуы мен зардаптарын болжауы үшін құбылады.
Гамлеттің өмірі,әсіресе, антикалық және ренессанстық уақыттың көзқарасына жақын келеді. Көрнекті адамның барлық қабілеттілігі жауздықпен қылмыстың мәселелерін тануға және ерлік істерімен дүниені жақсартуға бағытталған болу керек.Шекспирдың шығармашылығы гуманистік идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь»,»Асауға тұсау», «Ричард III» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды.Жалпы алғанда,Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдың атымен тығыз байланысты. Ол театр саласындағы реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние жүзіндегі баолық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда.Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің тынысын жан- жақты беруге талпыныс жасады. Театрлар қойылымдарында, әсірісе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш байқалды,әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады. Ең бастысы- бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.
МОДУЛЬ III .Шетел әдебиет тарихы-XVII-XVIII ғғ.
8.Абсолютизм дәуірінің әдебиеті.Классицизм. Корнель творчествосы.
Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ.- капитализмнің қалыптасу кезеңі,ал жаңа қоғамдық қарым- қатынастар XV-XVIғғ. Ұлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды.
Осы тарихи кезеңде жаңа ұлттық қарым- қатыныстар қалыптасып,ұлттық мемлекеттер құрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды.Абсолютизм нақтылы ғылымді қолдады.Бұл жөнінде философ Рене Декарт- идеал болды, оның есеп заңы және абсолютизм идеологиясы сәйкес келді.
Термин классицизм (үлгілі деген мағнаны береді)- дағдылы бағыт, өнердің әдісімен стилі.Классицизмнің философиялық түбірі- ой, саяси негізі- абсолютизм; классицистардың өнерінің мақсаты- ақиқат танымы, ақиқаттың түсінігі- ол әдеміліктің идеалы.Классицизмнің эстетикасынды үш негізгі категориясы бар: сана,үлгі, талғам. Классицимге тән дуализм- дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын,тең праволы екі нәрседен- рухтан және материядан басталады деп танып,материализм мен идеализмді ұйлестіруге тырысатын ағым: диалектикалық материализм дуализмды теріс деп таниды.Бұл екі жақтық адам гармониясына бөгет жасаған, қоғам ақиқатына жеке ойды бағындырған, шек қойған. Парасат борышты керек қылған, сана-сезім –қүмарлықты.Бұл мәнгі конфликтерің түдырыды,Корнель мен Расин трагедияларында сүреттелген.
Корнель 1606 ж.Руан қаласында дүниеге келді. Корнель иезуиттік мектепте оқып,құқықты оқиды, адвокат болады.Бірақ та,ол поэзияға жақын еді. Шығармашылық жұмысын өлендермен бастайды.
Одан кейін,комедияға бет бұрып, театр ортасына белгілі бола бастайды.Шығармашылығы да құбылмалы, тұрақсыз еді. «Комическая иллюзия» атты комедиясынан кейін, ұлы «Сид» трагикомедиясын дүниеге алып келді.1637 ж. Жарық көрген бұл шығармасы француз халқының мақтанышы, өз замандастарынын таң қалдырған трагикомедия.Бірақ та бұл шығарма құдретті кардинал Ришельеге ұнамады.Кардинал сұранысы, тапсырысы бойынша, Француз академиясы «Сид» трагикомедиясын сынауға кірісті.Осыдан әлем әдебиетінде үлкен «ұлы тартас» деген проблема туындады.Корнель өткен тарихтан драмалық кездерін алды, саяси және діни құрылыстың шайқасы мен тарихи көтерілістер, қозғалыстар кезіндегі халық өмірін суреттеді.Корнель өз шығармаларында тығыз, өткір саяси сұрақтарға жауап іздеді, XVII ғасыр драматургия арасынан саяси драматург ретінде белгілі болды. Шығармаларында римдіктердің саяси тарихы өте көп әрі жан жақтан суреттеледі. Корнельді Вольтер « француз арасындағы ежелгі римдік»- деп атаған еді.Корнельдің «Сид» трагедиясынвң басты кейіпкерлері классицизм теориясына сай корольдер мен тарихтың белгілі қайраткерлері. Драмалық қарсыластық: сезім мен ақыл, қарыз бен ар ұят, ұстамдылық пен құмарлық. Жеңіс ақыл мен азаматтық қарыз жағында.
Біріккен, орталықтанған Франция мемлекеті үшін қуатты, құдретті міңездер мен өзінің жеке басын қоғамдық қатынастар үшін құрбан ете алатын адамдар өте қажет болды.Корнель кейіпкерлері жоғары тұр, олардың сезімдері мен қайғы мұндары өмірдің нақ өзіндей.Бұл адамдар адамгершілік тұрғысынан сау, олар шайқасты ғана емес, адамның жүрегі де басқара алмайтын сезімді де жеңеді. Оларға үлкен сезім, осы сезімді жеңіп шығу тән. Француз драматургі испан батырына жайдан жай көніл аударған жоқ. Сид бейнесі, халық тудырғандай, ақынға әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.
Ж. Расин творчествосы.
Ж. Расин 1639 жылы Ферт- Мелонда дүниеге келді.Ерте әке-шешесінен айрылып,әжесінің қамқорлығында тәрбиеленеді.Расин поэзияны ертеден жақсы көрді.Софокл мен Еврипидті ол жатқа білді.Расинның атақты трагедиялары-«Андромаха», «Федра» т.б. драматургтің атың әлемге жайды. 1667 жылы «Андромаха» қойылды. Француз театрына жаңа бір дүние ашылды.Бұл
Корнельдің жасағанынан мүлдем басқа, өте жақсы трагедия болды. Француз көрермендері театр сахнасынан өздерінің сенім күшіне және ақылына тәуелді болуға қабілеті бар, күш жігерлі мықты батырларды көреді,- енді ол құмарлық торындағы, оны басып жанши алмайтын, өздерін жеңе алмайтын адамдарды көреді. Данышпан Корнельден асып түсетін жаңа жарқын поэтикалық дарын пайда болды. Бұл Жан Расин болды.»Андромаха» трагедиясының негізінде гректік мифология және Гомердің «Илиада» шығармасының кейіпкерлері.Корнель- адам күшін жырлаушысы болса, Расин- жігерсіздік,шарасыздық жырлаушысы.Осы тұрғыда «Андромаха» трагедиясында бір күшті,мықты адам бар ма? Пирр маңғаз және батыл жауынгер,әйел үшін бәрін ұмытып, барлық Грециямен,Отанымен, жақсы көрмейтін қызбен шайқасуға дайын. Ол мінез-құлқы лайықсыз екенін түсіне ме? Түсінеді,бірақ сезім оған суық ақыл пікірінің бәрінен қымбат. Орест Гермиона үшін өзінің Отанының мүддесін сатады.Патриоттық ой оған бөтен. Ол барлық азаттық адамгершілік заңын бұзады, қорғансыз, қарусыз адамды өлтіреді.Өзінің істеген ісінің қылмыстық екенін түсінеді, бірақ оған сезім бэрінен қымбат.Гермиона да өзінің
құмарлығының құрбаны.Расин көне гректік мифтік сюжетке бет бұруы «Фиваидадан» адамгершілік проблемаларын қымдылығымен, әдеби құрылымдарының элементтерінің органикалық ұйлесімділігімен ерекшеленеді
9. Мольер творчествосы. Комедия әдебиеттің ең қиын жанрларының бірі. Мольер ұлттық француз комедиясының негізін салушы. Комедияға мүлде бөлек, тың көзқарасты қалыптастырушы, әлем әдебиетінің классигі.Мольер комедиялары философиялық мәні терең, ойлы болып келеді.Ол көрерменнің күлкісін келтіреді, бірақ бұл күлкі ағылшын драматург Сомерсет Моэм айтқандай: «күлкі үшін туған күлкі емес», бұл күлкі маңызды әрі әлеуметтік мәні зор мәселелерді шешу үшін туған күлкі.
Мольер (лақап аты), шын аты- жөні- Жан Батист Поклен- француз драматургі, актер, театр қайраткері.Реалистік драматургияның өркендеуіне негіз салған «жоғары комедия» жанрын туғызушы, буржуазиялық қоғамның әлеуметтік мерезесін аяусыз әшкерелейтін, комедиялық шығарманың жаңа типін жасаушы.Мольердің творчествосы көп қырлы- Г.Н.Бояджиевтің еңбегінде «От Софокла до Брехта за сорок вечеров»- бес кеші Мольерге арналған: сатирикалық Мольер- «Тартюф», комикалық Мольер-«Мещанин во дворянстве»,саркастілік Мольер-«Дон Жуан» т.б.Бұл комедиялардың қоғамдық мәні зор.Өйткені, Мольер бұл шығармаларында қоғамның ең белді мүшелерін: шіркеу қызметкерлері мен ақсүйектерді қатты сынға алған.Сан ғасырлар бойы адамдарды тәрбиелеген аса дәріптелген діннің жалғандығы мен алдамшылдығын,өзінің мақсатына жетудегі кейбір пысықайлардың дінді пайдалануын Мольер аямай көрсетеді.Мольер комедияның алдына екі мақсат қойды: көніл көтерушілік және тәрбиелік.Мольер «комедия міндеті- адамдарды күлдірте отырып, оларды түзеу» деп білген.»
Тартюф» комедиясы ең алғашқы рет 1664 ж. Қойылған.Бүкіл Франция ақсұектері мен атақты адамдарының алдында Тартюф есімді арсыз, бетпақ,екі жүзді адамның нағыз бейнесі көрсетілді.Автордың ойындағы екі жүзділікті пен жәдігөйлікті білдіруге тиіс болған Тартюф бұкіл шіркеу қызметкерлерінің карикатурасы ретінде қабылданды. «Мещанин во дворянстве» Мольердің әлеуметтік идеясы күшті әрі көңілді шығармасы. Жанры жағынан би,маскарад,интермедиялары бар комедия- балеттерге жақын.
Бұл қойылым көніл көтеру ұшін қойылғанымен, қоғамда қалыптаса бастаған ұшінші тап пен ақсүектердің идеалын демократиялық жолмен сынау да ашық түрде көрсетілген.Мольер өзінің «Дон Жуаныңа» реалистік қамту мен философиялық ойлауды қосқан.
Мольердің комедиялары әлі күнге дейін қызығушылық тудырып келеді. Қанша ғасыр өтседе,Мольердің комедиялары да, Мольердің есімі де өлмейді, өлмек те емес.
10.Ағартушылық ғасырының мәдениеті, әдебиеті. ( XVIIIғ.)
XVIIIғ. Еуропалық мәдениет- XVIIғ. Мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі,мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет.XVII ғ. рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғ. Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы- гуманистері: Вольтер мен Руссо(Франция), Гете мен Шиллер(Германия), Дефо мен Свифт( Англия), Ломоносов пен Радищев(Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап,құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды.XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмітінің негізгі ошағына айналды.Француз халқының философиясында,әдебиетінде,өнерінде және т.б. жаңа леп, соңы бағыттар аңғарыла бастады.Қоғамдық өмірдің қарама- қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789-1793ж. Ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды.Ал мәдениеттәң өркендеп дамуы қоғамдық- саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды.Вольтер мен Руссо күгес туларын көтерді.Бірақ бұл екі ақыл-ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен бағдарламаларына айтырлақтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғамдық қүрылысқа қарсы екі орталықтың,әлеуметтік өмірдің шиелеңіскен жағдайындағы қарсы полюстің окілдері болатын.Екі ғулама да бір уақытта,1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін- біріаяусыз сынаумен өтті.Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тартып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жайындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады
.Вольтердің жолы- рухани және әлеуметтік революцияларды «жоғарыдан» жасау жолы, бұл жол- Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркендікке ұмтылу жолы.
.Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы «Ағартушылық» дәуірі- дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдерінің бірі болды.»Ағартушылық» дәуірі- Еуропаның рухани дамуындағы ұлы бетбұрыс кезеңі болды.Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына( қоғамдық-саяси,мәдени,әдеби және т.б.) айтарлықтай әсерін тигизді.
10. Гете творчествосы. Немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфганг Гете Германияның Майндағы Франкфурт қаласында дүниеге келді.Гете өмір сүрген заманда,яғни XVIII ғасырда, Германия бірнеше уақ мемлекеттерге бөлінетін. Сол бөліктің бірі- Веймарда Гете бір кезде бірнеше жауапты қызметтер атқарып, министр дәрежесіне дейін көтерілді.Бірақ Гетенің даңқын дұниеге шығарған- оның ақындық өнері.
Гете өзінің тамаша шығармалары арқылы неміс халқының XVIII ғасырдың ақыры мен XIX ғ. басындағы жаңа әдебиеттің бастаушысы, ұлы классигі екенің таңытады.Гетенің көптеген шығармаларында, әсіресе лирикалық, философиялық өлендерінде әділетті аңсау ,зұлымдыққа қарсылық сарыны басым. Гете шығармаларының ең шыңы «Фауст» атты философиялық драма.Бұл әлем әдебиетінің асыл қазынасы болып есептеледі. «Фаустың» басты проблемасы, негізгі идеясы «Аспандағы прологта» айқын көрсетілген. Гете христиандық аңыздың дәстүрлі образдарын пайдаланады, бірақ оларға мүлдем басқаша гуманистік, ағартушылық мазмұн береді. Пролог табиғатқа деген салтанатты гимнмен ашылады: періштелерді, Күнді,Жер-Суды, Табиғаттың долы күшін сипаттап, соның бәрін байыппен үйлестіріп отырған құдірет күшін мадақтайды, табиғат гармониясына таңданады. Міне, осы жағдайда шығарманың басты кейіпкерінің бірі Мефистофель пайда болады.Сөйтіп, Мефистофель мен Тәңір арасында адамға деген кереғар екі түрлі көзқарас туындайды. Мефистофель адам «бишара,күні қаран» деп, оны «тек тамақ іздеген шегірткеге» теңейді. Соған қоса ол «ашсам- алақанымда, жұмсам- жұдырығымда» деп адамды мүлдем менсінбейді.Адамды бұлай бағалау – сөз жоқ, реакцияшыл идеологияға тән пікір. Ал Тәңір аузына «Талпыңған жан адаспай тегі тұрмас» деген сөздер салу арқылы Гете адам адаса, көптеген қателіктерге ұрына отырып, ақырында шындыққа жетеді, еңбегінің зейнетін көреді деп, ағартушылардың гуманистік идеясына астас пікір білдіреді, адам баласына, оның құдірет- күшіне шексіз сенетінін танытады.Осылай адам тағдыры, оның өмірдегі рөлі,алатын орны туралы талас, тартыс шығарманың негізгі сюжеттік арқауына айналады. Тәңір мен Мефистофель арасындағы бұл талас, Фауст тағдыры арқылы шешімін тапқан. «Фауст» әлемдік мәдениеттің аса бір көркем мұрасы ретінде қазір де өз мәнін жойған жоқ.. Асқақ гуманизм, шығармашылық ізденіс, жасампаз еңбекке деген ыстық ықыласқы толы бұл шығарма азаттық пен бақыт, жарқын болашақ үшін күресіп жатқан қай халыққа болса да етене жақын, адал ниеттегі адам баласына түгел ортақ қазына.
МОДУЛЬ IV. Шетел әдебиет тарихы. XIX- XXғғ.
11. Романтизм. Байрон. Гофман.
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алды. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңінде басынан кешірді.Романтизм XVIII ғ.соңы мен XIX алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде, әдебиетте, тарих ғылымдарында, жаратылыстану ғылымдарының кейбір салаларында кеңінен тараған идеялық бағыт.Ұлы Француз революциясынан қанаттанып шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте тұсті.Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды.Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып жатты.Оларды жақындастарған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күнгіртігі және т.б.
Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жұзеге асыру. Нақты өмір мен қиялдағы өмірды салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бұл ортадан безіне қашады.Мұндай көнілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» ұш бағыты болды.
Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көніл- кұй кұйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі.Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым аул адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын көтеретін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Екінші бағыт,өзі өмір сүрген ортадан алшақтап , басқа дүниеі қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерже романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасыр кезеңін, оның өмір салты мен салт дәстұрлерін( В.Скоттың рыцарлық романдары), шаруалардың патриархалдық тұрмыс- тіршілігін (Жорж Санд, Кольридж) және т.б. Өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқау етті. Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан- дүниесімен арпалысуына байланысты болды.Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама- қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері,Т.Жерико мен Э.Делакруа портреттері және т.б.).Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сұйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағнасы бар деген қорытынды жасауға болады.Олар: «романтикалық тарихылық» және «индивидуалистік субъективизм».Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі – жұректің ұні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъективизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән- мағнасы – жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден тұнілышілік сезімінің пайда болуы. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы кұрескер- энтузиастар болды. Ең бастысы олар – халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді.
Байрон творчествосы. Ағылшының атақты ақыны Джордж Ноэд Гордон Байрон 1788 ж. Лондонда дүниеге келіп, балалық шағын Шотландия өткізді.Оның ақындық- әулеметтік күрес дәуірі шетелде өтті.Өйткені ол жасынан әділдікке, ерлік рухқа бой ұрып, алғашқы әлеуметтік кұресінен бастап-ақ өз отанындағы зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы шықты.Байронның ақындық даналығын жоғары бағалап, өздеріне ұстаз тұтқан Пушкин мен Лермонтов.1812 жылы жазылған «Чайльд Гарольдың сапар шегуі» атты дастан. Бұл дастанда Байрон Еуропадағы шапқыншылық соғыстарғы қарсы ереуілді ұн көтереді, бейбіт елді талан- таражға ұшыратқан басқыншыларды тирандарды әшкерелеп, оларға адамзат атынан қарғыс айтады.Ал езілген елге достық сезіммен аяныш білдіріп, оларды басқыншыларға қарсы кұреске шақырады. «Чайльд Гарольдың сапар шегуі» лиро- эпикалық поэмасы Байрон шығармаларының ішінде ерекше орын алды. Сонвмен қатар, еуропалық романтизм тарихындағы ең ірі оқиғаның бірі болды.Бұл поэма тек романтикалық кейіпкердің тағдыры туралы ғана әнгіме емес, сонымен бірге саяси поэма. Бұл шығармада Чайльд Гарольд жалғыз басты және өміріне қанағаттанбаған, өмірден түңілген жас жігітің, яғни романтикалық кейіпкердің жалпы есімі болып тұрды
. Ол биік сезімге де, құштарлыққа да сенбейді. Оның пікірі бойынша шынайы махаббат та, адал достық та жоқ.Чайльд Гарольдтың көңілінің қайтып қалған себебі: қоғаммен қақтығысуы. Ол үшін қоғам түрме болып, ал Англиядағы өмір тозақтан да жаман болды. Жігіт саяхатқа аттанады.( екі өлеңі).
Поэманың үшінші,төртінші өлеңдері- Байронның Англияны біржолата тастап, Швейцария мен Италияға келуімен тікелей байланысты.Бұл поэманың жалпы тақырыбы революциядан кейінгі еуропа трагедиясы, яғни еуропа халықтарының азап шегуі.Байрон осы поэмасында онсыз да тәуелді әлемде табиғат- ананың тәуелсіз екенін, және де оның гүлденуінен қатыгездік, зұлымдықтың кейпін сызып көрсете білген. Чайльд Гарольд- енжар кейіпкер, бірақ буржуазиялық көзқарасқа келіспейтін адам бейнесіне айналды.Ол испандықтар, гректер т.б. күресіне оң ниет білдіруші, сырттан көз тастаушы. Осы жерде айта кететін тағы бір жайт,Чайльд Гарольд пен неміс әдебиеттерінің өкілдері Шиллердің «Қарақшыларындығы» штюрмерлер, Карл Мооргн, Гетенің «Гец фон Берлихингеніндегі! Гецке кей тұстарда бірімен бірі жақындасып та кетіп отырады.Бірде Чайльд Гарольд қоғамнан тыс, кейде сол қоғамға шабул жасаушы, оның бойында аталған типтердің де элементтері бар.Байронның романтикалық әдістері әр кезеңде әр түрлі деуге болады. Оның туындыларының көбі әділетсіз соғысқа, зорлықшыл өктемдікке қарсы жазылған шығармалар. «Шығыс» поэмаларында кеңінен қойылған мәселе- тұлға мәселесі. Романтикалық дара кейіпкер- қоғаммен қақтығысқа шыққан- ерекше адам, өте күшті құмарлық сезім кернеген адам. Қоғамнан алшақтаған, оның тәртібін мойындамайды. Өмірінің мақсаты- деспотизмге қарсы күресу және сүйгеніне адал болу. Бұл кейіпкер көбінесе белсенділік танытады, бірақ оның іс әрекеті тек өз басының мүддесі. Байрон өмірінің соңына дейін күресуші- ақын болып қалды.Ол өзінің соңғы жазған өлеңінде, өлер алдында, өмірдің мағынасы бостандық үшін күреспен байланысты деп айтқан.
