Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
антика лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

2.Грек драмасының қалыптасуы.(Эсхил,Софокл,Еврипид, Аристофан )

Б.з.д. грек- парсы соғыстары (500 – 449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбүрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет- қалаларының қоғамдық қүрылысының артықшылдығын көрсетіпқана өоймай , азаматтық сананың артуына, ең бастысы – классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеніңде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гұлденуіне әкеліп соқты.Б.з.д. V ғ. Афины, әсіресе Периклдің (б.з.д. 444 – 429 ж.) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының орнығуы – грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежұзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің,Софоклдің, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа- тұс келді.

Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр ұстемдік етсе, ендігі

жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз – «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол ешкі терісін жамылып, әзіл- оспақтық сарында хормен өлен айтудан шыққын. Афиныда Дионис құдайдың қүрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітіліу – трагедияның мерейін жоғарылыта түсті.

Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының баты мазмұны – халықтың өз теңдігі мен әлемеуттік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер гректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді нығайтты.

Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын үғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және т.б. мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой- толғамдарының, өзіндік көзқарастырының бар екендіғі аңғарылып түрды.

Бүл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын- сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана- сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды.Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған.Б.з.д. IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты.Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған,17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары- діни мейрамдардың бір саласы болғагдықтан, оған жұздеген- мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған.Олардың атақтыларының аты- жөндері мәрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.

Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы – ұлы Эсхил (б.з.д. 525-456 ж.) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір- ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдың есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн.Эсхил трагедияларында шындық,әділеттілік, діни- этикалык мұра үғымдары одан әрі айқындалып,азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты.

Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестея» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан.Адам тағдыры мәселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі

Софоклдың (б.з.д. 496- 406 ж.) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдиң «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін әлем сахналарынан тұспеуі көп нәрсені аңғартса керек.

Б.з.д. 480- 406ж. аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады.Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне әкеліп соғатын шым- шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.

Комедия грек драмасының екінші бір бөлігі. Трагедияға қарағанда А Афинадағы ресми мойындаған жанр.Комедия Диониссийдегі мерекелік жиында ғана және дәстүрлі ойын ретінде еске алынып жүрді

Алғаш аттикалық комедия жанр болып қалыптасқанда антикалық зерттеушілерге белгісіз еді. V ғасырдың II жартысынан қалыптасқаннан кейін көз алдына елестетті. Аттика болып аталған себебі—Аттика облысының орта Афинасында болған. Ежелгі деп айтылуының негізі – III- IV ғасырда б.з.д. жаңа аттикалық комедияның пайда болуы. Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі- Аристофан( б.з.д.445-385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс- тіршілігі басты орын алды.

Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап- арбаушыларды өткір сынға алады.Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуши философтарды да әжуаға үшыратады.Оның «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және т.б. комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан өз комедияларында шеберлік пен адамзат тарихындағы қызықты дәуірдің сипатын береді. Афиндық құлиеленушілік демократияның эпохасын, Афиндық демократиялық жүйенің құлауының және оның қайта орнауының құқын көрсетеді. Аристофан шығармасында халыққа қызмет етуі қажет еткені жиі айтылады. Өз мемлекетіндегі келіспеушіліктің бейбіт жолмен ұсынуын шешеді.Сонда да, гректер Аристофанды құдайлар жіберген ұлы адам деп қарастырады.Комедияларының негізгі тақырыптары: сыртқы және ішкі саясат, сот ісі, тәрбие мен білім, әдебиет, өнер, соғысқа деген көзқарас.

Аристофан грек театрының халықтың дәстүрлеріне сүй не отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнділікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дәл осы кезеңде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.