 
        
        - •1.Архаикалық дәуір (VIII- VI ғ.Б.З.Д.). Гомер эпосы
- •2.Грек драмасының қалыптасуы.(Эсхил,Софокл,Еврипид, Аристофан )
- •3. Рим әдебиеті.
- •4.Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа әдебиеті.
- •6.Испаниядағы Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Сервантес.
- •7.Англиядағы Қайта өрлеуі дәуірінің әдебиеті. Шекспир творчествосы.
- •12. Гофман творчествосы.
- •1.Жеке бастың өмірі; 2.Ауыл аймақтардағы өмірдің сипаттамасы; 3.Париждегі өмір; 4.Саяси өмір; 5.Әскери өмір.
- •14.Стендаль творчествосы.
- •15. XX ғ. Әдебиеті.
3. Рим әдебиеті.
Б.з.д. I ғасырда Рим ежелгі дұниенің аса ірі құл иеленуші мемлекетіне айналды. Дұниежұзілік өркениетке гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бүл ұлы халықтар бірін- бірі толықтырып отырды.Міне, сондықтан да болар, казіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау – бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды.Тіпті Рим өнерінің түтастай алғанда грек өнерінен туындағанын тарихи түрғыдан дәлелдеуге де болатын шығар.Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор болды. Алғашқы кезде гректер рим жазушылары болды, тіпті алғашқы әдеби шығармалардың өздері де грек тілінен латыншыға аударылған.
Алғашқы рим ақыны Ливий Андрониктің ұлты грек болған,ол кейінен ұлы Гомердің «Одиссеясын» ғана емес, атап айтқанда, Софокл мен Еврипидтің шығармаларын және тағы басқа грек трагедиялары мен комедияларын латын тіліне аударды.Ал шын римдік жазушы б.з.д. III ғ. аяғы мен II ғ. басында өмір сүрген Плавт болды.Оның «Тұтқындар», «Үш бақыр» және т.б. комедияларында Рим империясының тіршілік- тынысы барынша қамтылды.Одан кейінірек комедия жанрымен айналысқан – Теренций( б.з.д. 125 – 159 ж.) грек авторларының, әсіресе Менандрдың шығармаларын латын тілінде қайталап беруден аса алған жоқ.
.Ал Рим трагедиясына келсек, ол нақты өмір шындығынан алшақтау болды және грек трагедияларына еліктеушілік сезіліп түрды.
Римнің ұлы ақындарының бірі Публий Вергилий Марон. Ақынның ең алғашқы туындысының бірі «Буколики», «Георгики». Бүл шығармалар ақынға үлкен атақ әкелді. Вергилийдің «Георгики» шығармасы- дидактикалық поэма, төрт кітаптан түрады: бірінші кітабы- егіншілік шаруашылығына арналған; екінші кітабы- жүзім және жемісті ағаштар мәдениетіне арналған болса, үшінші кітабы- мал шаруашылығына байланысты. Сонғы кітабы бал арасы шаруашылығына арналған. Римдегі ауыл шаруашылыққа арналған шығармалардың барлығы осы тәртіпті сақтаған екен.Вергилийдің басты шығармасы –«Энеида»,римнің үлттық эпосы, бүл батырлық дастанын ақын он бір жыл жазған екен. Бүл шығарманың ен басты арқауы соғыстың батыры, Анхис пен Венераның үлы, Приам патшаның жақын туысы болып келетін тақуалы Эней туралы аңыз. Дастанда Эней басшылығымен трояндардың Италияға сапар шегіп , ондағы жергілікті тұрғындармен болған кескілескен соғыста жеңіске жетіп, жаңа патшалық құрганы туралы жазылған. Міне, осы патшалық кейін қуатты мемлекет Римге айналады.
Квинт Гораций Флакк б.з.д. 65 ж. Италияның өңтүстік жағалаундағы колонияда дүниеге келген.Ақынның меценатпен жақындығы, оның Август қоғамына енуіне септігін тигізді.Гораций шығармаларының ерте кезеңі ямб және сатира формасында жазылды. Ямбография өлеңдер «Эподы» деген атпен бізге жеткен.Эподы деп ерте кездегі екі шумақты өлеңдерді айтқан.Оның екінші шумағы біріншісіне қарағанда жиі кездеседі.Осыны жас ақын өзіне үлгі еткен.Гораций өзінің поэзиясында саясат туралы мәселені кең қамтыған, тоқтамайтын азаматтық соғысына қарсылығын білдіреді.Гораций еңбектері сатира төңерегінде өте жемісті.30ж. екі «Сатира» жінақ бастырады. «Бақыт» Гораций түсінігі бойынша азды көптей көріп,ішкі құмарлыққа берілмей өмірдің бар жақсылығын көру деген мағынада.Горацийдің «Сатирасы» шеттен тыс кесіп айтып, тоқ етерлігін төбеден жай түскендей етіп, ол аз болса замандастарының есімдерін анық қолданып, адамның кемшілігін көрсете білген.»Сатира» көбінде прозалық ерекшелігіне жақын келеді. Бірақ бұл прозалық муза өзіндік өнерін талап етеді. Гораций көркем шығармасында өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете мысқылдай суреттейді. Ақынның сатирасында бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенімен, олардың астарында зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес. Өленнің мазмұны осылайша астарлы келекеге негізделіп отыратын жерлері де жоқ емес.Ақынның шығармашылық туындысы лирикаға өтеді. Ол көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі болып табылады.
Білімдік шығармашылық Горацийдің мінезіне тән.Болашақ автор «ғылыми поэзиясына» үлкен көз- қараспен теория сұрағына ақындық тәжрибесінің тәсілдерімен жауап беріп отырды. Оның «Сатирасы» шешенділігімен де ақындық тұлғалығымен ерекшеленеді.
Гораций адамның ішкі сезімін сыртқа шығара білді., оның шығармашылық әдістірін басқа да еуропалық әдебиетшілер үстана бастады.Оның ақылды даналығын бірінші кезекке қойып, шариғаттың өзінде де оның жазбалары орын ала бастады. Жан тазалығымен, философиялық ұғымы мол, кең, мейрімділікпен парасаттылығы үстем, оның шығармашылық жолын айқара аша бастады.
Публий Овидий Назон- тілі жеңіл, әрі қиын ақын.Жеңілділігі тым
ойнақы,өткір, анық .Тілге тез оралады. Кей оқырмандар Вергилий туралы былай десе: « Қандай керемет- өлең ешқашан бұлай жаза алмас едім» десе, Овидий жайлы «Бұл өлең қалай ойымды дөп басып тұр, мен де соны айтпақ едім» дейді.Орта ғасырларда Овидийді ұстаз ретінде пір тұтты, өйткені ақсүйектер қаумы «махаббат жайлы ілімді» оқып өсті, «махаббаттан арылтатын шипаны» көнілдеріне тоқып,нәпсіқұмарлықтан тыйылды, «Метаморфоздан» дүние жайлы толғамдарды түйсінді.
Публий Овидий Назон – ежелгі Рим әдебиетінің көрнекті ақыны. Овидий сол кездегі Август принципатына қарсы болып,онымен келіспеген. Сондықтан да Овидийге жауап ретінде Август жер аударылу туралы жарлық шығарады. Овидий Римнен солтүстік- шығыс жеріндегі империяға жер аударылады. Айдауда он жылдай уақыт болып,б.з.д. он сегіз жылдарында қайтыс болады.Овидийдің шығармашылық жолын негізінен үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезеңі. Овидий шығармашылық жолының бірінші кезеңінде негізінен махаббат пен сүйспеншілік тақырыптарына арналған элегиялар жазумен айналысқан. Осы кезеңге арналған оның туындысы «Махаббат әні»,бұл негізінен Овидийдің ең алғашқы туындысы болып есептеледі. Бірінші рет бұл элегияны бес кітап етіп шығарады. Кейіннен ақынның өзі ұш кітапқа қысқартады. Негізгі кейіпкері – Коринна, шығармада ол реалистік бейне көрінеді.Сондай-ақ, осы кезеңге жататын тағы бір туындысы –«Қахармандар» , бұл туынды негізінен мифологиялық сарында жазылған. Барлығы 21 арнау өлеңнен тұрады.Оның 15 арнау өлеңі Овидийдің өзі жақсы көретін мифологиялық қахармандарына арналған (мысалы,Пенелопа мен Улисс,Филида мен Демофонт,Деанира мен Геркулес). Бұл туынды бастан-аяқ терең психологиялық мазмұнға ие. Овидий осы шығарманы жазарда Плавт пен Катуллдың методтарын қолданған.Сондай-ақ, Овидий творчествосының бірінше кезеңіне «Лекарство от любви», «Наука любви», туындыларын жатқызуға болады.
Екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басты туындысы «Метаморфозы» , Овидий бұл шығармаға негіз етіп көптеген мифологиялық шығармалардың ішінен адамдардың жануарға,өсімдікке,тасқа,жұлдыздарға айналуын алған. Жалпы 15 кітаптан тұрады.
1-кітабы Сатурн патшаға арналған., 2-ші кітабында баяндалған оқиғалар Инах патшаның тұсі екенін көрсетеді. 3\4 кітапта Фиван мифологиясының сюжеті баяндалады. 5\7 кіт-а аргонавтарға тоқталған ,5-кіт.-а көптеген кіші- гірім эпизодтармен бірге,ең бастысы Финей бейнесі берілген.8\9 кіт-ы негізінен Геркулес жайында.
Ал Троян циклінің мифологиясына арналған бөлімі 13\15 кіт-ы.15-ші кіт.-а бірінші Рим патшасы тарихына тоқталады. Жалпы,бұл туындының идеясы айтардықтай күрделі.
Үшінші кезеңі. Бұд кезеңнін басты туындысы «Скорбные элегии»,б.з.д. viii-xiiж.ж. жазылған. Қорыта келгенде,Овидий өмір сүрген уақытында еркін өмір сүрген.Сол кездегі жеңіл ойлы адамдарды қатты сынға алған.Патшалардың өзінен қаймықпай,олардың өздеріне қарсы шығып отырған.
Апулей творчествосы.
Апулейдің өмірі туралы мәліметтер өз шығармаларынан лынған.Апулей қарсыластарын жеңгеннен кейін біраз уақыт өткен соң «МАГ»
атағы Апулей есімімен қатарлас қолданыста жүретін болды.Мұны Август нақтылап,анықтап көрсетеді. Мұның бірден-бір себебі оның «Апологиясы» емес,атақты «Метаморфозы»(немесе «Алтын есек») еңбегі.Өйткені шығарма мистика мен магия төнірегінде жазылған еді. Апулей әрқашан өзін жоғары бағалаған.Бұлай деу себебі,Апулейдің мақтанышпен өзіне қарсы жазылған актімен «Апологиясының» бастауы. Яғни актіде : «біз сіздің алдынызда келбетті,сымбатты келген философты қаралап отырмыз.... Ол әрі грек-латын тілдерінде шешен,сауатты сөйлей алады»,- делінген.Кейініректе бұл айыпты Апулей әзілге айналдырып жазады. Сөздерінің үзінділерінде Апулей өзінің жан-жақты,сегіз қырлы бір сырлы екендігі жайлы жазады.Яғни, Афинада көптеген нәрселердің дәмін татып,поэзияның сусынын ішіп,геометриядан хабардар болып,философияның қыр-сырын білентіндігі жайында айтып өтеді.Апулей осы 9 музаның бәрінен хабардар екенін атап өтеді.Сонымен қатар, Апулей жақсы философ және өмір заңдылықтарын жақсы түсінетін.Апулей шығармалары бізге толығымен жеткен жоқ., өзінің сөзі бойынша жазушы латын-грек тілдерінде жазған: «Апология» 103 тараудан турады, «Флорида» сөздердің үзінділері (кімнің,қашан таңдап,сұрыптағаны белгісіз), «Метаморфозы» романы- 11кітаптан тұрады, «Платон және оның білімі»- 3 философиялық трактаттан тұрады, «О божестве Сократа»- табиғат туралы риторикалық талдауы және шайтандардың болуы,адамдар мен құдайлар арасындағы өтпелі тіршіліктері. , «О мире»- трактаттың әйгілі мазмұны Аристотельден көшірілген. «Метаморфозы» романы «Алтын есек» атымен әлдеқайда әйгілі.Жоғарғы бағаға ие болған шығармаларға «алтын» эпитетін қолдану үйреншікті болған.Шым-шытырық болып келетін бұл романның құрылысы,мазмұны жас грек жігіті Лукийдің оқиғасы.Бұл туындыда Лукий өзінің басшысының көз алдында бір қоспаны жағып үкіге айналғанын көрген болатын. Соны өзі жасамақ болады. Өкінішке орай, Луций құақа емес, есекке айналып кетеді. Қырсыққанда дәл сол түні үйге түскен ұрылар оны ұрлап кетеді.Егер ол раушан гүлін жесе қайта адам қалпына аусатынын білген.Бірақ сол раушан гүлін жеү уақыты бір жылға барады.Гүлді жеп адам қалпына аусып, Изидаға өмірлік құл болады. Роман 11 құрылысы жағынан да өзге кітаптарға ұқсамайды.Біріншіден бірінші кітап бойынша Лукий (xi ) гректегі Пелопонесдан екені айтылса,соңында ол Мадаврда туып- өскен.Яғни Апулейдің өзі секілді. Тағы бір ұқсастығы Лукий Римге барып сотта шешен болады,бұд да Апулей өмірі мен ұқсастығы болып табылады.Апулей өз заманының таланты, әрі ерекше,тек өзіне ғана тән стилі бар жазушысы.Апулей жайлы деректер өте аз болса да,оның жазған шығармаларынан оның жан дүниесін,оны тебіренткен мәселелерді көруімізге болады.
Апулейдің жазған шығармалары казіргі заман тұрғысынан алып қарағанда өте құнды еңбектер болып табылады.
МОДУЛЬ II
