Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
антика лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.29 Кб
Скачать

Әлем әдебиет тарихы. Лекциялардың конспекті.

МодульI. Антикалық әдебиет.

1.Архаикалық дәуір (VIII- VI ғ.Б.З.Д.). Гомер эпосы

Троя соғысы туралы аңыз «Илиаданың» мазмұны.Кейіпкерлердің өмірі жайлы аңыздар ақынға бірнеше ғасыр асып, мықты эпикалық дәстүр арқылы жеткен. Ақын осы аңыздардан өз халқының шынайы тарихын көргендіктен, соның негізінде жаңа сапалы бүтіндікті қалыптастыра отырып, аңыздарға ерекше бір үлкен құрметпен қарайды. Ол осы өткенді қасиетті деп есептегендіктен, поэманың желісін өз қалпында өзгертпей ұқыпты сақтап қана қоймай, өз өмірі менен ескінің арасындағы арақашықтықты сақтайды. Ертедегі құдайлар мен кейіпкерлердің мінсіз элемін көрген ақын қаһармандық өткенге өз заманының ұқсас белгілерін енгізбеу үшін уақыт пен мекеннің нақты, заман шарттарынан біле бас тартады. «Илиададағы» түрлі әрекеттер Трояндық жазықтықта өткенімен, жекеменшік, географиялық белгілері, жылдың қай мезгілі немесе мысалға ауа райы жайлы мәліметтер көрсетілмейді. Эпикалық дәстүр арқылы ақын өз кейіпкерлерін көтермелейді, ойша оларды мінсіз етеді, осы тұста тағы да қаһармандық өткен мен осы шартың арасындағы арақашықтықты сақтайды. Ақын поэмасында суреттелген кейіпкерлер қай жағында болмасын, өзімен замандас өмір сүрген адамдардан асып түседі. Тітпті Агамемнонды сөге отырып, ақын оны «күші зор», «халық тақуасы» деп те атайды және тағы басқалары..

Ақын Олимпия құдайларының айналымын, микендік Грецияда құралғандай, өзінің негізгі күйінде көрсеткен.Аталмыш гомерлік қоғамға ақынның өзі замандас болғандықтан, қайтақұрылған поэмадағы адамзат қоғамына қарағанда, құдайлар әлемінің көрінісінде иерархиялық құрылыстың белгілері айқын көрініп, шамадан тыс дифференция сезіледі.Сонымен бірге көптеген Олимп құдайлары белгілі бір кәсіппен байланысқаны бекер емес екені айдан анық..

Поэманың басты кейіпкерлеріне яғни әскер басы мен топбасшыларына Гомер рулық үйым өкілдерімен адамзат бойында болатын ең жақсы қасиеттерді сініріп, нақ соларды көрсеткісі келді. Олардың жан дүниесі ең алдымен бабаларынан қан арқылы келген қасиеттерге түнық.. Сонымен бірге қаһармандар әскери атақ-даңқ , күш-жігер, батылдық, әр шешімді ақыл- парасатпен қабылдау, шешендік дарын, үлкендерге ілтипат пен қүдайларға мойынсүну сияқты ізгі қасиеттер табылды. Қаһармандардың сыртқы түлға сүлулығын олардың рухани дүниесінің айнасы ретінде қолданды.Олар- жалпы халықтық қаһармандар болғандықтан Гомерлік қаумның әлеуметтік дифференциациасы дәстүрлі эпостық қаһармандарын өзге елдің көзқарасын қолдайтындар қатарынан дейінгі сатыға көтерілмеген еді.

Солай болғанда да Ахиллдің уәжі орынды. Ол жеке тұлғаның рулық ұйым ішінде қаншалықты қалыптасып қағандығын көрсетіп, тіпті өз уәжін батыл білдіріп, тек өзіне ғана қатысты ренішін де жария ете алатын еді. Ақын көп уақыт бойы салт-дәстүрмен жалпы халықтық қаһармандарға деген қалыптасып қалған жақындықты өзгерту жайын ойламайды да, тіпті оның ой- санасында Ахиллдың отан сүйгіштікке жатпайтын, бүкіл эскерге апат әкелетін іс- әрекетін сынға алудың өзі орын алмайды, керсінше ақын Ахилл батырды өзіне жақын тартса керек. Бірақ та оның кек алуға деген құлшынысы арқылы апат әкелетін оның мүндай қаһармандығы өткен күннің көніл күйі екендігін ақын сезетін. Ахилл өзінін кекшілдік пен ашушандық мінездері жағынан ешкімге де дес бермейтін. Оның бойында алпаут қырып жоятын күш жиналған. Ол өз жауына деген қатыгездігі соншалық , көл болып аққан қан мен, Гектордың өлі денесін қорлаудың өзі оның ызасын баса алмайды.Оның бойын билейтін сол, ыза мен кек ал ақыл оның іс- әрекетін бақылай алмайды.

Гектор-өз жерлері мен қүқықтарының сақтаулын талап ететін қалалар әлемімен адамзат үжымдарының хабаршысы. Ол адамдардың өз арасындағы баурмалдықтан да кеңірек және күштірек, ақыл мен келісімдер, жанүялық бөлінбес байланыстар әкеледі

Гомер соғыс жорықтарымен үлкен күйзелістің қайғылығы мен әйгіленетін дәуірдін ерекшелігін терең түсінеді. Сол дәуірдің жалпы мінез демесімен көңіл күйін жасап, оны бөлек- бөлек қаһармандар арқылы өз заманының өсіп келе жатқан белсенділігін көрсетеді. Жаңа қабылдау әлемінің- Ионадағы антикалық қүлеленуші қоғамды қурушы хабаршылар болып табылады. Бүл заманның толығырақ қыр – сыры Гектор бейнесінде байқалады.

«Илиадада» қаһарманды көрсету үшін жеке өмірді сипаттайтын бейнеулер қажет те болған жоқ, тек осы жеке тұлғаны тұлға ретінде яғни барлық кенеттен болғаңдар, жекелегендер ақынды қызықтырмайды. Бірақта ақын екі дәуір тоғысы кезіндегі қаһармандардың мінез- құлқын реттейтін типтік қырын міндетті түрде кіргізді. Осылай ол, бүкіл тарихи жағдайда олардың әрқайсысын жалпы адамзаттық қырды алып жүрушілер етіп, осындай әдіспен өз қаһармандардың бойына адамзаттық бар мүмкіншіліктерін сыйдырады. «Одиссея» эпикалық стилінің бірлігі мен сюжеттік желісі бойынша «Илиадамен» байланысты. Егер «Илиадада» Ахиллдың ашуы жайлы, осы ашу әкелген қасірет, қырғын, өлім жайлы поэма болса, онда «Одиссеяда» көпті көрген, талай жапа шеккен, өзінің ғана емес өзгелердің де өмірі үшін қам жеген адам жайлы поэма. «Одиссеяның» сюжеттік негізі- Одиссейдің оралуы. Осы негіздің айналасында кең тұрмыстық және ертегі материалдары топтастырылған. Сонымен қатар, ақын бірде өзі әнгімелесе, бірде бастан кешкендерін қаһарманның өзіне айтқызады. Ертегі материалы поэманың сюжеттік негізін құрайды ( өз әйелінің үйлену тойына ұзақ кезбеліктен кейін күйеудің оралуы жайлы әнгіме және әйелінің қолынан дәмелі күш көрсетушілерден кек алу). Кұйедің оралуы, «Одиссеяда» ғана емес, көптеген батыс және щығыс халықтарының халық шығармашылығында өнделген, өте кең таралған көне сюжет.Негізінен Алтайдан Орталық Азия арқылы Еділге дейін және Кіші Азияның ұлан ғайыр территориясына таралған Алпамыс жайлы орта Азиялық поэма да- «Одиссея» секілді көне бастаулардан туған күйеудің оралуы жайлы эпикалық жырдың түрлі нұсқауларының өңделуі, ал бұл қалыптасқан антикалық ( б.з.д. VII ғ. басы) мен Орта Азиялық мәдениеттің арасында тығыз байланыстың болғандығын тағы бір рет дәлелдейді.

«Одиссеяның» композициясы да «Илиададан» қарағанда күрделірек, мұнда әрекет орны жеңіл аусады, бірде әнгіме түрінде өткенге оралып, бірде, шиеленісе түседі, енді бірде баяулатып, ақырындау да мүмкін. Одиссей жоқ болса да, алғашқы төрт кітапта оның келуіне дайындалады, әрекеттердің барлық негизгі сәттері шоғырланады. Күйеулердің бүлігі, Пенелопаның қайғысы, Телемахтың қауқарсыздығы, Итакадағы жағдай қайғылы түрде көрсетілген. Одиссейдің Отаны, үйі, отбасы- бәрі оның оралуын күтеді. Кешігу апатқа әкелуі мүмкін. Ақын көркем берген Итакадағы шиеленіскен жағдай батырдың оралуы жайлы поэманың үйлесімлігі үшін қажет.

Одиссейдің әнгімесі халықтық мотивпен құрылған.Бұл кеме апатынан кейінгі батыр туралы, оның ерекшк, керемет елдерде бастан өткендері туралы, лотафактермен,лестригондармен патшасымен,құбыжықтарымен(киклоп Полифем, Сцилла және Харибда) және сиқыршылармен( Кирка,Сирена) кездесуі жайлы хикаят.

Ақын ұрпаққа жеткен оқиғаларды баяндайды. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жеткизіп, көркем әдебиет тудырып отыр, бірақ оның өзі де, тыңдармандары да әңгіме ойдан емес, түгел халықтың киелі тарихы екендігіне сенімді. Ақын баяндаған әңгімелерді нығайту үшін, оны берік құдайлар еркімен түсіндіру еді. Құдіретті жоспарын көрсете отырып, ақын адамдарға көрінбейтін әлемнің пердесін ашқандай. Құдайлар қылығынан біз талассыз, жоғарғы өнегелілікті беделді байқамаймыз. Керсінше, құдайлар бір- бірін Зевстің көңілін қарату үшін алдауға ұялмайды. «Илиадада» ақын құдайларды қарапайым адамдардың кейпінде бейнелейді, оларды ұрысуға және табысуға, қарсыласуға және жауап қайтартуға, жақсы және жек көруге мәжбур етеді.Құдайлар мен адамдар арасында сандық сол және басқа табиғатпен түсіндірілетін өзгешеліктер де бар. Олар қайғыны, ауруды сезіне алады. Құдайлар бейнесін суреттеуде ақын ескі айтуларға сүйенеді, ол ежелгі уақыт көріністерімен тығыз байланысты болғандықтан, қарапайым адам әрекетінен гөрі құдайлар бейнесінен архайыкалық қырын көбірек көреміз. Адамдарды суреттей отырып, ақын аңыздардан алыстай түсіп, өз заманының талабына сай жазады. Шығарманың жазылу уақытында жасалынған әдеттен тыс, құдайларға қатысты жауапты адамдарға тән этикалық нормалар қолданылмады. Міне, осы себептен Гомер кейіпкерлері құдайлардан да жомарт, адамгершілігі мол етіп суреттеледі

Гомер поэмасы қоғамдық байланыстың айқын нәтижесі болып келеді.Поэмада екі дәуірге қатысты документтік дәлдік бойынша көп ойлар жазылған.Шындығында үлкен материал сансыз жаңылыстар мен теңеулерге толы мазмұнда болады.

Гомер проблемасының басталуы және осы замандағы хал- ахуалы.