Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
негізгі бөлім 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
    1. Желі синхронизациясы

SMA 16 синхронды мультиплексорлары тактілі сигналдардың келесі көздерінен синхрондала алады:

– STM-1 или STM-4 максимум 2 ағын (тактілі сигнал Т3);

– PDH максимум 2 ағын (тактілі сигнал Т2);

– максимум 2 сыртқы тактілісигнал (Т3);

  • ішкі кварцты генератор (Т0).

Конфигурацияны орнату кезінде тактілі сигналдардың көздері анықталады, және тактілі сигналдардың әрбір көзіне приоритет бекітіледі.

Жұмыс уақытында синхронизацияның әрбір конфигурацияланған көздеріне ағымдық бақылау жасалады. Тактілі сигналдар көздерінің кері қайтарылуы жағдайында (біздің жағдайымызда синхронизация үшін қолданылатын) мультиплексор автоматты түрде тактілі сигналдар көзіне қосылып кетеді.

Синхронизация көздерінің қайта қосылуларының критерийлері ретінде келесі оқиғалар бола алады:

– LOS (сигнал жоғалтуы);

– LOF (цикл жоғалтуы);

– AIS (авария индикация сигналы);

  • ТМА (синхронизация маркерінің авариялық сигналы);

  • ExcBER (қателіктер қарқындылығы 10 ).

Сонымен қатар, SMA 1, SMA 4 синхронды мультиплексорлары синхросигнал таратудың көзі ретінде бола алады. Ол үшін арнайы Т4 шығу қарастырылған.

Синхронизация көзінің сапасы туоалы ақпарат STM-16 атауымен S1 байты арқылы беріледі. 3.1 кестесінде SSM синхронизациясының маркер байтындағы ақпараты көрсетілген.

Кесте 3.1

SSM синхронизациясының маркер байтындағы ақпараты

SSM (он алтылық белгіленуі)

Мағынасын сипаттау

Сапа деңгейі

2h

PRC (G.811)

Q1

4h

SRC, транзитті (G.812T)

Q2

8h

SRC, локальді (G.812L)

Q3

Bh

MTS

Q4

Oh

Сапасы белгісіз

Q5

Fh

Синхронизация үшін қолданылмайды

Q6

3.1 кестесіне түсініктеме берейік:

– PRC – біріншілік тіректі тактілі генератор: 2h мәні бар SSM алу кезінде әрбір желілік элемент Q1 сапа деңгейімен осы тіректі генератормен синхронизацияланады;

– SRC, транзитті – екіншілік тіректі тактілі генератор:мәні 4h болатын SSM синхронизация маркерінің байты, сәйкесінше сапа деңгейі Q2 болатын G.812T ITU-T;

– SRC, локальді – SDH желілерінде сирек қолданылатын тіректі тактілі генератор. Сап адеңгейі Q3;

– MTC – мультиплексор синхросигналның көзі, SSM синхронизация маркерінің байты;

– белгілі болғандай: SSM байты желілік элементпен STM шығысында ішкі кварцты генератор кіріс тактілі сигналдар көзінен синхронизацияланбағанынша беріледі;

  • синхронизациялау үшін қолданылмайды: мәні Fh тең болатын синхронизация маркерінің баты. Осылайша, синхронизация бойынша шлейфтің пайда болуына жол берілмейді

.

West – «батыс»

East – «шығыс»

19 Сурет- синхронизацияның сызықты порт бойынша ұйымдасуы

19 суретте желілік элементтердегі (NE) сілтемелер синхронизация бағытын көрсетеді: мысалы, NEn желілік элементімен қолданылатын синхронизация көзі болып «батыс» желісі табылады. Дөңгелек түріндегі белгіленулер SSM синхронизациясының маркерінің берілетін байт мәнін көрсетеді.

Жобаланатын желі үшін синхронизацияның ұйымдастыру 20 суретте келтірілген

От TS-3100

TS-3100-ден

TimeSource 3100 аппаратурасыбіріншілік эталонды көзі (PRS). GPS спутникетерінен сигналдарды қабылдап, өңдеп шығысында UTC бақыланатын 1 деңгейдегі (Stratum 1) синхросигналдарды береді.

От TS-3100

Сурет 20 – Жобаланатын желі үшін синхронизацияның ұйымдасуы