Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
негізгі бөлім 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

3.1 Желінің жұмысшы станциясы

NCT құрал-жабдығы бар басқарудың операциялық жүйесі UNIX жүйесіне негізделген. NCT басқару жүйесі SDH-желілерінің орталықтанған басқарылуын қамтамасыз етеді. Желінің барлық элементтерін егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік беретін барлық желілік құрылымды кешенді тексеру желі, оның конфигурациясы мен оқиғалары туралы нақты түсінікті береді. Конфигурацияның барлық өзгерістері мен жүйе үшін тапсырмаларға ағымдық тексеріс жасау мүмкіндігі NCT-ті желіні басқарудың мүмтіксіз жүйесі етіп қалыптастырады.

Бұл сонымен қатар, авриялық сигналдар мен жұмысшы параметрлерге бақылау жасауға, құрал-жабдықтың арақашықтық реконфигурациясы қатысында желі жағдайының өзгерістеріне демде жауап беруге мүмкіндік береді. NCT басқару жүйесі көмегімен резервті тоқтату және қажет болған жағдайда желі элементінде инициализациялана алады

Басқару функциялары – ақаулық жағдайларында басқарумен қамтамасыз етілетін қызметтер жиынтығы, желі элементтерінде пайда болған кез-келген авариялық сигналдарды дем арасында анықтауға мүмкіндік береді. Авариялық сигналдар пайда болған жағдайда желі элементін (NE) сипаттайтын пиктограмма түсі қызылға өзгереді. Сәйкесті субжелілер мен желілердің де түстері де өзгереді.

Конфигурация – бұл функциялар желінің желі элементінің аймағы, орналасқан жері мен элементі бойынша желінің жалпы шолуын қамтамасыз ететін желілік типологияға кіруге мүмкіндік береді. Бұл операторға сәйкесті тапсырманы орындау үшін қажет деңгейде желі туралы түсініктеме береді. Желінің басқарылатын элементінде конфирмерлене алатын параметрлер NCT басқару жүйесі арқылы өзгертіле алады, сонымен қатар желінің элементінің докальді терминалынан енгізілетін өзгерістер NCT басқару жүйесімен орталықтандырылып жүргізіле алады.

Пайдаланушының локальді терминалы (LCT) локальді және арақашықтық басқару үшін және әрбір SMA1 синхронды мультиплексорларының ағымдық тексерістері үшін қолданылулары мүмкін. LCT синхронды мультиплексордың жүйесін басқару блогымен байланысады. LCT функциялары:

– жұмысшы жағдайы;

– авариялық, диагностикалық ақпарат;

– авариялық сигналдардың блокировкасы мен приоритеті;

– конфигурациясы;

– жұмысшы сипаттамаларының есептеуіштеріне арналған параметрлерді орнату, жұмысшы сипаттамаларының ағымдық есептеуіштері;

– күні, уақыты, пайдаланушы туралы мәліметтер;

– құрал-жабдықты басқару;

– жүйе құрал-жабдықтары (жарық элементінің функционалды блоктары);

– резервке қосу;

  • байланыс кросы.

Пайдаланушының локальді терминалы ретінде «SIEMENS» компаниясының ноутбгы қолданылады. LCT терминалының бағдарламалық (прграммалық) жабдықталуының құрылымы 12 суретте келтірілген.

12 Сурет – lct терминалының программалық (бағдарламалық) жабдықталу құрылымы

Ноутбукты пайдаланушының локальді терминалы (LCT) ретінде қолданбас бұрын MS Windows операциялық жүйесінен бөлек келесі программалық құрамдастар (компоненттер) орнатылуы тиіс:

а) LCT шлюзді программалық жабдықтау («NE – UNIGATE»). Бұл программалық жабдықтау LCT локальді терминалын локальді немесе арақашықтық басқару режимінде (QD2F (V.24) немесе QD2B3 интерфейсі көмегімен) синхронды мультиплексорға (желілік элемент) жалғауға және желілік элементтермен анықталатын нақты қолданбалы программаларды жасауға мүкіндік береді;

б) FTP программалық жабдықтау. Бұл программалық жабдықтау LCT операторлық терминалы мен синхронды мультиплексор (желілік элемент) арасында мәліметтерді тасымалдау үшін қажет;

в) мультиплексордың сәйкесті SM (екеулік) немесе SMc (дара) стативіне арналған LCT арнайыландырылған қолданбалы программалық жабдықтау бұл программалық жабдықтау синхронды мультиплексорды конфигурациялау үшін және ағымдық тексеріне пайдаланылады.

LCT синхронды мультиплексордың QD2F (ITU-T V.24) интерфейсіне немесе қосылу блогы арқылы берілу ортасына (MAU) және QD2B3 интерфейсіне (интерфейс Ethernet 10 Мбит/с) жалғанады.

QD2B3 интерфейсінің берілісінің жоғары жылдамдығы файлдарды тасымалдау процесінің қысқа мерзімдерінде және жойылған желілік элементтерге кіру үшін тиімді келеді.

Жойылған жүйеге тек қана QD2B3 интерфейсі арқылы кіруге болады. Бұл интерфейстер синхронды мультиплексорда асакіші D-жалғағыштары қатысында іске асырылған; олар сподстативтің жалғағыш қабырғалығында (панель) орналасқан.