Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
негізгі бөлім 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

22 Сурет - soh және poh байттары мен олардың қолданылу мүмкіндіктері

SOH және POH байттарының типтері келесідегідей:

  • SDH құрал-жабдықтарның пайдаланушыларымен эксплуатациялана алмайтын байттар (олар 36);

– арнайы қызметтік мақсаттарда қолдануға немесе қызметтік каналдарды құруға арналған байттар (олар 16, белгілер мен нөмірлермен белгіленген, мысалы Е1), оларға DCCR (D1, D2, D3 каналдары жатады);

– пайдаланушы рұқсаты бар, бірақ функциялары стандарттармен регламенттелмеген байттар (олар 38, олар белгіленбеген.

Байттың соңғы екі тобы қызмет каналдарын құруда конфигурлене алады.

Қызмет байланысының каналын құру үшін ОНА төлемі болуы керек және кросс-байланыстар конфигурлене алады.

Беріліс каналдары ретінде RSOH және MSOH-та Е1 және Е2 байттары қолданыла алады

Әрбір желілік элементке үш санды телефонды нөмір бекітуге болады. Конференц-байланыс пен топтық шақыру ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

4 Құрал-жабдық комплектациясы (жинақталуы)

Бұл дипломдық жобада «SIEMENS»фирмасының SMА-16 құрал-жабдықтары қолданылған. SMА-16 желілік және станциялық құрал-жабдық қызметін атқарады. Келесі халық қоныстанған пункттер бойынша бір-біреуден барлығы 5 SMА-16 қолданылды: Караганды, Жарық, Жаңа-Арқа, Қызылжар, Жезқазған, ал Қарағандыда Петропавл-Қарағанды магистралінің мультиплексоры қолданылды.

Комплектация мультиплексора SMA 1мультиплексорының комплектациясы келесідегідей жүзеге асырылады:

  • EI2-42 (жұмысшы) – ағындарды қою/ерекшелеу модулі 2 Мбит/с. Бір модульде 2 Мбит/с 42-ге дейін ағындарды ерекшелеуге болады. SMA-16Генераторы үшін 8 кГц тактілі сигнал қалыптасуы мүмкін;

– EI2-42 (резервті) – 1:n резервирлеуді іске асырады, жұмысшы модульдердің істен шығу кезінде резервке қосуға арналған модуль;

– OIS-16D – оптикалық желілік тракт модулі. Модуль екібағытты синхрондв интерфейске ие. Ағын құрылымдары мен оның сипаттамалық параметрлері беріліс жылдамдықтары 2448 Мбит/с болатын STM-16 желілік ағындар үшін ITU-TG.957 ұсынысына сәйкес келеді. Модуль VC-4мультиплексорлау/демультиплексорлау қызметін атқарады.

– IPU-16 – ішкі процессор. Сигналдардың VC-12, VC-2, и VC-3төмен деңгейіндегі тракттар үшін және VC-4жоғары деңгейлі тракттарды қоса есептегенде барлық өңделуін атқарады.

– SN-64 – коммутациялық өріс модулі. 64 STM-1Эквиваленті үшін блокировкаламайтын адыратып-қосқыш арқылы қою/енгізу функциясын қамтамасыз етеді. Коммутаторлардың гранулдық деңгейі VC-4, VC-3, VC-2, и VC-12қабаттарын қамтиды. Бұл төмендегілер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді:

– желі мен желі;

– желі мен трибутарлы ағынның;

– трибутарлы ағындар арасында .

SN-64 тарфик берілісінің интерфейстері арасында VC-12, VC-4 контейнерлерінің маршрутизация функциясын атқарады. Бір- және екібағытты байланысты қамтамасыз етеді. Резервирлеу үшін резервті модуль құрылғысы мүмкін болады. Модульде сонымен қоса, төмендегідей синхронизациялана алатын синхронды құрал-жабдықтың (SETS)тактілі сигналдарының көздері орнатылады:

  • STM-n бірге ( кез-келген STM-n болатын Т1 синхросигналы);

– немесе 2 Мбит/с сигналымен (кез-келген 2 Мбит/с PDH портынан алынған Т2);

– немесе тіректі синхросигналдарыдң сыртық көздері бар (2048 кГц синхросигналдарының сыртық көздері Т3).

OBD – оптикалық бустер. жарықтық сигналдың шығысын оптикалық күшейтетін күшейткіш. Ол 1530-1560 нм диапазон аралығында жұмыс істейді.

SCU-2R – жүйені басқару блогының модулі. Бұл SMA-16 орталық процессорлық құрал-жабдық. Келесі функцияларды атқарады:

  • құрал-жабдықтың барлық авариялық сигналдарын бақылайды, авариялық жағдай сигналдарын желіге, LCT/NCT немесе TNMS терминалдарының авариялық сигнал стативіне жеткізеді;

– синхронды желілік құрал-жабдықтың жұмысшы мәліметтерін желіні басқару жүйесіне және LCT/NCT терминалдарына жібереді;

– синхронды желілік құрал-жабдықты баптауларына сәйкес конфигурациялайды, соңғы әрекет етуші баптаулары энергияауыстырылмайтын флэш-жадта сақталады.

– ОНА – атауға кірудің модулі. Пайдаланушыға байланыс орнату үшін және мәліметтерді тарату мақсатында желілік және трибутарлы интерфейс атауларының байттарына кіру мүмкіндігін береді. ОНВ модулімен атаудың беріуінің келесі интерфейстері мүмкін болады:

– ITU-T G.703 ұсынысына сай мәліметтерді таратудың екі каналы 64 кбит/с;

– ITU-T V.11 ұсынысына сәйкес келетін интерфейсі бар мәліметтерді таратудың төрт каналы;

– қызмет байланыс каналына арналған екіөткізгішті интерфейс (екіөткізгіштікті телефон);

– төртөткізгіштікті х E&M интерфейсі.