Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
негізгі бөлім 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Сетевой элемент sma-16

13 сурет - LCT SMA-16 синхронды мультиплексорға жалғануы

LCT программалық жабдықтау конфигурация мәліметтерін санкцияланбаған оқылуын болдыртпау мақсатында және басқару құралдарына кіруге рұқсат алу үшін кілт сөзбен қорғалған.

LCT мәзірмен басқарылатын ағылшын мәтіні бар пайдаланушының түсті графикалық интерфейсіне (GUI) ие. GUI синхронды мультиплексордың логикалық бейнесін функциялық топтар түрінде немесе физикалық бейнесін (модульдік түрі) көрсетеді. Пайдаланушының графикалық интерфейсі Windows басқа да қолданбады программаларын ескеруге адаптацияланған. Осыдан шығатыны, бұл компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы курс оқудың қажеті жоқ.

3.2 Желі конфигурациясы

Берілістің жоғары жылдамдықты желісін жобалау үшін желі топологиясын таңдау мәселесін шешу қажет. Бұл мәселенің шешімін желі топологиясын толық жасауға болатын стандартты базалық топология мүмкін болатын жинағын білген жағдайда оңай табуға болады. Төменде базалық топологиялар мен олардың ерекшеліктері қарастырылған:

а) «нүкте-нүкте» – SDH базалық топологиясының ең қарапайым мысалы болып табылады (14 сурет). Ол қабылдау/беру резервсіз каналының сұлбасындағыдай негізгі және резервті электрлік немесе оптикалық агрегатты шығымдарды қолданатын 1+1 типті жүз пайыздық резервтеу сұлбасы бойынша да ТМ терминалды мультиплексорлар көмегімен іске асырыла алады. Негізгі канал қатарынан шығу кезінде желі санаулы ондық миллисекунд ішінде автоматты түрде резервтіге айналады;

14 Сурет –тм қолдан отырып іске асырылған «точка-точка» топологиясы

б) «жүйелік сызықты тізбек» (15 сурет). Бұл базалық топология желідегі трафик интенсивтілігі жоғары болмаған жағдайда және кіріс каналдары енгізілуі немесе шығарылуы мүмкін болатын желідегі нүктелер қатарында тармақталу қажеттілігі туындаған кезле қолданылады. Ол екі соңында терминалды мультиплексорларды қолданумен қатар тармақталу нүктелерінде енгізу/шығару мультиплексорларының қолданылуымен іске асырылады. Бұл топология енгізу/шығарудың әрбір топологиясы оның жеке буыны болып келетін жүйелік сызықты тізбекті еске салады. Ол не резервирлеусіз жүйелік сызықты тізбек түрінде немесе 1+1типті резервирлеуі бар біршама күрделі тізбек түрінде ұсыныла алады;

15 Сурет - тм и tdm іске асырылған «жүйелік сызықты тізбек» топология

в) концентрат функциясын іске асыратын «жұлдыз» топологиясы (16 сурет). бұл топологияда коммутация орталығымен немесе орталық сақинада SDH желісінің түйінімен байланысты болған желінің жойылған түйіндерінің бірі концентратор рөлін атқарады. Кейде оның кірісіне STM-N деңгейінің бөлшектеп толтырылған ағындары, ал шығысында STM-N берілсе, онда мұндай сұлбаны оптикалық концентрат деп атайды. Бұл топология «жұлдыз» топологиясын еске түсіреді, орталық түйін ретінде SDH мультиплексоры қолданылады.

16 сурет – концентратор ретінде мультиплексор қолданылатын «жұлдыз» топологиясы

г) «сақина» топологиясы (17 сурет). Бұл топология SDH желілерін құруда кеңінен қолданылады, негізінен қалаішілік станцияаралық және заналық желілерді құрудда маңызы ерекше. Сақина сегменттерінің бірінде үзілу болған жағдайда да трафиктің өзінен-өзі қайта қалпына келу режимінде жұмыс істей алады,үзілу болған екі пункт арасындағы трафик сақинаның қалған сегменттері арқылы ең ұзын бағыты бойынша қосылады. Кемшілігі – пайдалы жүктеменің сыйымдылығының екі еселік қысқаруы.