- •Сурет 2 – қою/ерекшелеу функциясы бар мультиплексор сұлбасы
- •4 Сурет stm-1 және vc-4 циклының құрылымы
- •1.8 Регенерация бөлімінің ұзындығын есептеу
- •7 Сурет – сботж рб есептеу сұлбасы
- •8 Сурет – Байланысты ұйымдастыру сұлбасы
- •2.2 Оптикалық талшықтың екінщілік параметрлерін есептеу
- •2.3 От жалғағыштарының сөнуін есептеу
- •Сурет 9 – от радиалды ығысуы
- •Сурет10 – от бұрыштық қиысуы
- •Сурет 11 – от осьтік қиысуы
- •2.4. Энергетикалық потенциалды бөлудің есептеуі
- •3.1 Желінің жұмысшы станциясы
- •12 Сурет – lct терминалының программалық (бағдарламалық) жабдықталу құрылымы
- •Сетевой элемент sma-16
- •14 Сурет –тм қолдан отырып іске асырылған «точка-точка» топологиясы
- •15 Сурет - тм и tdm іске асырылған «жүйелік сызықты тізбек» топология
- •17 Сурет – «сақина» топологиясы
- •18 Сурет- 2 Мбит/с сигналының stm-1 қайта қалыптасу сұлбасы.
- •Желі синхронизациясы
- •19 Сурет- синхронизацияның сызықты порт бойынша ұйымдасуы
- •3.4 Синхорнды ағындарды қорғаудың функционалды әдістері
- •3.5Қызмет байланысын ұйымдастыру
- •22 Сурет - soh және poh байттары мен олардың қолданылу мүмкіндіктері
- •22 Суретте сипатталған sma-16модулінің әсері көрсетілген.
- •5 Электрмен қоректендіру жүйесін жасау және есептеу
- •Электрмен қоректендіру жүйесі осмы талаптарға жауап беруі үшін олар келесі принциптерге негізделулері тиіс:
- •26 Сурет – Сенімділік көрсеткіштерін есептеу үшін орналастыру сұлбасы
4 Сурет stm-1 және vc-4 циклының құрылымы
STM-1 цикл атауының құрылымын қарастырайық. SOH атауы екі блоктан тұрады (5 сурет): R SOH – 39=27 байт өлшемді регенераторлы секция атауы және M SOH – 59=45 байт болатын мультиплексті секция атауы.
R SOH және M SOH атаулары келесі байттарды қамтиды:
Суреттен көрініп отырғандай, циклды синхронизация туралы ақпарат (А1, А2) үш рет қайталанады, бұл SDH және SONET стандарттарын біріктірумен байланысты. D1-D12 байттары мәліметтерді тарату каналдарын құрады.
Мысалыға, D байттарынан түзілген мәліметтерді таратудың қызмет каналын қолдану біріңғай орталықтан желінің реконфигурирлеуге мүмкіндік береді.
Регенераторлы секция трассасының қызметі РОН атауындағы J1байтының қызметіне ұқсас келеді. SDH жүйелерінің тестілеуін өткізуде бақылау нәтижелерімен табылған қателіктер жайлы ақпарат берілетін F1қызмет каналы маңызды болып табылады. F1байты құрамына RI регенераторларының идентификаторлары мен қателіктер турал ыақпарат берілетін S ақпараттық биттер кіреді.
Сонымен қатар ЗОН атауының К1 және К2 байттары SDH жүйесінің жұмысын сараптамалауды маңыздылыққа ие. Бұл байттар желінің резервті ауыстырып қосу мен реконфигурациясын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда өздігінен емделетін желі концепциясы кең таралды. Олардың әрекет ету механизмі оперативті реконфигурация мен резервті ресурсқа ауысуымен байланысты. Міне, осы процедуралар К1 және К2байттарымен қамтамасыз етеді. Сондықтан да олардың сараптамасы резервирлеу процестерінің жұмысқа қабілеттіліктерініңтестіленуімен айналысады.
5 сурет– STM-1 циклының SOH атауының құрылымы
1.6 Талшықты-оптикалық кабельдердің конструкциясы
Жарықөткізгіштерді талшықты-оптикалық байланыс жүйелерінде қолдану облыстарның әртүрлілігі кабельдердің сәйкес өлшемді және сәйкес материалдардан жасалған конструкцияларының сан алауан түрлері шығарулуын талап етеді. Жарықөткізгішті желілердің құрылымдарын басшылыққа ала отырып талшықты-оптикалық кабельдің жоғары сенімділігі мен эксплуатациясының ұзақ мерзімін қамтамасыз ету мақсатында кабель жүрекшесінің, қабығының, күшті элементтерінің, брон мен қорғағыш қабаттарының сәйкесті конструкциясы таңдап алынады. Негізгі назар бұл кабельдегі жарықөткізгіштер температура, механикалық ауыртпалықтар сынды сыртқы орта әсерінен зақымданбауына аударылуы тиіс.
БТОЖ туралы негізгі мәліметтер
Байланыстың талшықты-оптикалық желісі (БТОЖ) – ақпарат «оптикалық талшық» атауымен белгілі оптикалық диэлектрлік толқынөткізгіштермен берілетін таралу жүйесі. Талшықты-оптикалық желі – БТОЖ болып табылатын түйіндер арасындағы ақпараттық желі. Талшықты оптикалық желілер технологиясы электронды берілу құрал-жабдық, оның стандартизациясы, беріліс протоколдары (хаттамалары) желі топология мәселелері мен желінің қалыптасуының жалпы мәселелерін де қамтиды. Ақпараттың БТОЖ бойынша берілуі қарапайым мысты сым (кабель) арқылы берілуге қарағанда бірнеше артықшылықтар қатарына ие.
БТОЖ артықшылықтары
Өткізудің кең жолағы – 10^14 Гц жоғары жиелігімен шартталған. Бұл берілістің ақпарат ағынының бір оптикалық талшық бойынша секундына бірнеше терабитпен берілуінің потенциалды мүмкіндігін береді. Өткізудің кең жолағы – ОТ (оптикалық талшықтың) мыс сымы немесе ақпарат берілісінің басқа орталарымен салыстырғанда маңызды артықшылығы болып табылады.
Жарық белгісінің талшықтағы аз сөнуі. ОТ 1 км-дегі толқын ұзындығы 1,55 мкм кезінде сөнуі 0,2-0,3 дБ болады. Аз сөну және шамалы дисперсия желі учаскесін ұзындығы 100 км дейін болатын ретрансляциясыз құруға мүмкіндік береді. ТОК (талшықты оптикалық кабель) даңғырдың (шум) төмен деңгейі өткізу жолағын белгілердің әртүрлі модуляциясы арқылы берілу арқасында арттыруға жағдай жасайды.
Жоғары бөгеуілденқорғағыштығы. Талшық диэлектрлік материалдан жасалғанына байланысты қоршаған мыс кабель жүйелері мен электрмагнитті сәулеленуді тудыруға қабілетті электр құрал-жаюдықтар тарапынан тарапынан болатын электромагнитті бөгеуілдерге сезімтал емес.
Аз салмағы мен көлемі. ТОК (талшықты оптикалық кабель) ТОК мысты сым кабельдеріне қарағанда аз салмақ пен көлемге ие.
Санкционирленбеген рұқсат етілуден жоғары қорғалғандығы. ТОК радиодиапазлндв сәулеленбейтіндігіне байланысты ол арқылы берілетін ақпаратты берілу-қабылдауды бұзбай жасырынып тыңдау қиын. Желі элементтерінің гальваникалық шешілуі. ОТ (оптикалық талшық) бұл артықшылығы оқшаулау қасиетінде. Волокно помогает избежать эл. «земельных» петель, которые могут
Жарылу- және өртқауіпсіздігі. Тұтанудың байқалмауына байланысты ОТ желінің қауіптілігі жоғары техникалық процестерді орындау кезінде химия, мұнайөңдеу кәсіпорындарындағы қауіпсіздігін арттырады. , Взрыво- и пожаробезопасность. Из-за отсутствия искрообразования
ТОК тиімділігі. Негізін кремнийдің екітотығы құрайтын кварцтан жасалған талшық кең тараған және мыс сымдарынан арзанға түседі. Сонымен қоса, талшықты оптикалық кабель белгілерді ретрансляциясыз таратуға мүмкіндік береді.
Эксплуатациясының ұзақ мерзімі. Уақыт өте келе талшық деградацияға ұшырайды. Бұл салынған кабельдегі сөну біртіндеп артады дегенді білдіреді. Дегенмен, ОТ өнеркәсібінің жаңашыл технологияларының жетілдірілуіне байланысты бұл процесс біршама баяулатылды және ТОК қызмет ету мерзімі 25 жыл құрайды.
Алыстатылған электрқоректендіру. Оптикалық талшық күшті кабель қызметін атқаруға қабілетсіз. Бірақ, мұндай жағдайларда аралас кабельді қолдануға болады, яғни кабельді оптикалық талшықпен қатар мысты өткізгіштік элементпен жабдықталған.
БТОЖ кемшіліктері
Интерфейсті құрал-жабдық құны. Электрлік белгілер (сигнал) оптикалыққа айналулары тиіс және керісінше. Оптикалық таратушы мен қабылдатқыштар бағасы әлге дейін жоғары болып қала бермек. Байланыстың оптикалық желісін құру кезінде сенімділігі жоғары арнайыландырылған пассивті коммутациялық құрал-жабдық, жоғалтуы аз келетін оптикалық жалғағыштарды, оптикалық тарамдануды, аттенюаторларды қажет етеді.
Оптикалық желілердің монтажы мен қызмет көрсету. БТОЖ монтажы, қызмет көрсетуі, тестілеу мен қамтамасыз ету жұмыстарының бағасы жоғары болып қала бермек. Егер ТОК зақымдалса, онда талшықтың үзілген жерін дәнекерлеп, бұл аймақты сыртқы орта әсерінен қорғау керек.
Талшықты арнайы қорғау талаптары. Шыны материал ретінде жыртылуға беріктілік шегі 1 Гпа жоғары болып, өте үлкен жүктемелерді көтеруге шыдамды келеді. Бірақ, ОТ қаншама бір жетілдірілген болғанымен, жыртылуға алғы шарт жасайтын микрожарықшалардың пайда болуына жол беріп қояды. ОТ сенімділігін арттыру мақсатында дайындау барысында эпоксиакрилат негізіндегі арнайы лакпен жабылады, ал ОК (оптикалық кабель) өзі кевлер (созу кезінде үлкен жүктемелерді көтеруге қабілетті металл емес материал) негізіндегі жіптермен нығайтылады.
1.6.1 Кабель өзекшесі
Қабығындағы бір немесе көпжарықөткізгіштік желілі талшықты-оптикалық кабельдердің механикалық беріктігін арттыру мақсатында кабельдің өзекшесі болып табылатын орталық элементтің айналасына орналастырады. Мұнымен қоса, орталық элемент бойлық майысудан қорғағыш қызметімен қатар созылу салдарынан пайда болатын жүктеме ауыртпалығынан да қорғайды. Ораулы болғанының арқасында жарықөткізгіштер желіде белгілі бір кеңістікке ие, осының шегінде белгілі бір аясынан шықпайтын созылу, майысу, сығылу ауыртпалықтары беріліс (берілу) сипаттамаларына әсерін тигізбейді. Әртүрлі қызметтегі бір- немесе көпжарықөткізгіштік желілермен қатар толықтырғыштар да, яғни жарықөткізгіштері жоқ желілер немесе таза полиэтиленді элементтер, жұп немесе төрттік мысты желілер қосымша ретінде құндақтала алады. Созылу салдарынан пайда болатын майысу мен жүктемелерді болдыртпайтын осы оралатын элементтер мен күшті элементтердің жиынтығы кабель жүрекшесі деп аталады.
1.6.2 Орау
Талшықты-оптикалық кабельді техникада негізінен қабатты орамдар қолданылады. Мұнымен қоса, оралатын элементтер бір немесе бірнеше қабат болып орталық элементтің айналасында орналасады. Егер жеке элементтер оралса, мысалыға қуыс кеңістіктегі бір- немесе көпжарықөткізгіштер, мысты желілер немесе толтырғыштар, онда бұл жағдайда шымқап оралған кабель туралы айтылып отыр, егер кабель өзекшесі оралған элементтерден модульдерден құндақталса, онда мұндай кабель модульді кабель деп аталады.
Шымқап оралған кабельдің ерекше түрі болып фигуралы стержені (өзекшесі) бар кабель табылады. Ондағы жарықөткізгіштер қабатталып кеңістікте емес орталық элемент бетінде спираль тәріздес орналастырылған және алдын ала қалыптастырылған пазаларда (саңылауларда) құндақталады.
Осы орталық элементтердегі тереңдік өлшемі мен формасына байланысты онда бір немесе бірнеше жарықөткізгіштер еркін орын ауыстыра алады – жеке немесе ленталы конструкция түрінде. Бос кеңістіктегі біржарықөткізгіштік желілер жағдайындағыдай бұл саңылауларды компаудпен толтырады. Егер толықтырушысы жоқ кабель конструкциясы қажет болса, онда ұзындығы бойынша суөткізбеу қабілеті ісінетін судан қорғағыш лента немесе пряжка (доғабас) көмегімен қамтамасыз етіледі.
Кабельдегі жарықөткізгіштердің санын одан да арттыру мақсатында модульдік принцип бойынша фигуралық өзекшесі бар бірнеше жеке кабельдік элементтер құндақтала алады.
1.6.3 Созылу және сығылу
Майысумен қатар созылу кезіндегі жүктеменің берілген диапозондары мен температуралық диапазондарда талшықты-оптикалық кабельдерде беріліс сипаттамаларының өзгеріске ұшырауларына және жарықөткізгіштердің жарақаттану қауіптілігіне жол бермеу мақсатында кеңістіктегі жарықөткізгіштердің созылуы мен сығылуларын да шектеу қажет. Қуыс қабаттағы бір- және көпжарықөткізгіштік кеңістіктердің жарықөткізгіштері кеңістік ішінде еркін орын ауыстыра алатындығы бізге белгілі. Жүктелмеген күйінде олар кеңістік ортасында орналасады, ал олардың саңылаулары (кеңістіктің қорғағыш қабағына қатысты) кеңістік қабығының ішкі диаметрін df мен жарықөткізгіштің сыртқы диаметрін d ескере отырып анықталады. Қуыс қабықта көпжарықөткізгіштік кеңістіктер болған жағдайда сыртқы диаметр d ретінде жарықөткізгіштерді барынша тығыз етіп қоршап алатын ойдағы шеңбер диаметрін алады.
Монтаж жұмыстары (жөндеу) барысында туындайтын созылу жүктемесімен қатар талшықты-оптикалық кабель эксплуатация мерзімі бойы мүмкін болатын температура өзгерісінің әсерін белгілі бір диапазонда ұстап тұруы қажет. Атап айтқанда, пластмасса материалдардың кеңістіктерде және кабель қабығында сығылуы салдарынан төмен температураларда пайда болатын сығылу күштері компенсирленулері шарт.
1.6.4Өзекшені толтыру
Кабель бойы бойынша су тию жағдайларында талшықты-оптикалық кабельдің су өткізбеутін қабілетін қамтамасыз ету мақсатында өзекшенің кеңістігі арасындағы бос кеңістік жоғары қысымда (шамамен 15 бар) арнайы компаундпен (құйма қоспа) толтырылады. Бұл компаунд кабельдің басқа элементтерінің сипаттамаларына кері әсері тигізбейтіндей құрамға ие болуы шарт. Компаунд полиэтиленді қабықтың ісінуін туындатпайды және сызықтық кеңеюдің салыстырмалы аз коэффициентіне ие. Өзекше айналасына экструзиялық жолмен жағылатын мұнай өнімдеріне тұрақты релаксирлеші балқытылған байланыстырушы заттан жасалған сақтандырғыш бекітетін қабат бір жағынан, компаунд үшін қосымша барьер (тосқауыл) ретінде қызмет етсе, ал екінші жағынан – талшықты-оптикалық кабельдің икемділігін төмендетпей созылу жүктемесіне тұрақты өзекшенің қорғағыш орамы мен кабель қабығы арасында тігіссіз жалғағыш ретінде бола алады. Егер бойлық су өткізбеу қабілеті қажет болмаған жағдайда өзекшені компвундпен толтыру қажеттілігі керек болмайды. Кабель өзекшесінің оралған элементтерін технологиялық операциялар кезінде зықымданудан және біруақытта өзекше толтырмаларын күшті элементтерден оқшауланған күйде қорғау үшін оралған элементтерді жұқа пластмасса жабындардың бір немесе бірнеше қабаттарымен жабылады.
1.6.5 Кабель қабығы
Кабель қабығы талшықты-оптикалық кабель өзекшесін: механикалық, жылулық және химиялық әсерлер мен ылғалдан қорғауы керек.
Қарапайым кабельдер жағдайындай эксплуатация кезінде кабельге әсер ету типіне байланысты таңдалынатын қабықтардың бірнеше типі болады. Көбінесе өзін тәжірибеде көп рет ұсынған полиэтилен (қорғағыш қабығы бар, мысалы алюминийден жасалған) қолданылады. Ішкі төсемдерге арналған кабельдерде қолданылатын поливинилхлоридпен қатар қолданудың арнайы жағдайларына арналған перфторэтилен-пропилен (сополимеров тетрафторэтилен мен гексафторпропилен сополимерлері негізіндегі пластик), перфто-ралкокси-сополимер, этилен мен винилацетат сополимері сияқты материалдардың басқа да арнайы типтері болады.
Өзекшесі компаундпен толтырылған кабельдер үшін құрамында металы болмайтын қабықша қажет болса, онда кабель қабықшасы мен орамның беріктірігіш талшықтары арасында полиамидті балқытылған байланыстырушы заттан жасалған пластмассалы қорғағыш қабат орнатылады. Ол компаундтың кабель өзекшесінен оның қабықшасына түсіп кетуін болдыртпайды.
1.6.6 Полиэтиленді қабықша
Полиэтилен — 2Y типті кодты белгіленуі бар, этилен полимеризациясы өнімі, төмен диэлектрлік өткізгіштігі мен жоғалтудың аз коэффициентімен ерекшеленетін термопласт. Оның полярлы емес сипаттамасының арқасында температураның кең диапазонында да тұрақты диэлектрлік қасиеттерін сақтай алады. Сондықтан да ол электрлік кабельдерде кеңінен қолданылады. Барлық типтік механикалық және химиялық талаптарға жауап беріп, негізінен сыртық төсемдердегі кабельдер үшін қолдануға жарамды болып келеді.
1.6.7 Қорғағыш жабын (қабықша)
Сыртқы төсемдер кабельдері мен арнайы кабельдер үшін полиэтиленді немесе поливинилхлоридті қорғағыш жабындар, ал арнайы жағдайларда – полимамидті жабындар қолданылады. Олар коррозия мен сыртқы зақымдардан кабель кабықшасының бетіне жағылған броньмен қорғайды. Қорғағыш жабындар, әдетте, шамамен 200 °С температура жағдайында полиэтиленнен экструзия әдісі арқылы дайындалып, битумды антикоррозиялық зат бетіне жағады.
Егер кабельдің май-мұнайға тұрақты немесе түсті жабыны қажет болса, онда полиэтиленді жабындар бетіне экструзиялық әдіс арқылы сәйкесті қалыңдықтағы поливинилхлоридті қорғағыш жабындарды жағады. Қалған жағдайларда қара полиэтиленді қорғағыш жабындар пайдаланылады.
1.6.8 Бронь
Көп жағдайларда талшықты-оптикалық кабельдерді броньсіз жерге немесе құбырларға төсеуге арналған кабельдерде қолданылады. созылу жүктемелерін болдыртпау мақсатында, балқытылған байланыстырушы зат арқылы кабель жабынымен берік жабыстырылып талшықтан жасалған беріктеткіш элементтер мен майысудан қорғайтын тірек күшті элементтер типтік бойлық жүктемелер үшін жеткілікті болып келеді.
Талшықты-оптикалық кабельдің өзекшесі мен жабынын қорғау үшін, мысалыға су астында немесе шахталарда төселінетін, кеміргіштерден қорғағышы бар кабельдер қажет болған арнайы жағдайларда қосымша бронь қолданылады. Мұндай арнайы кабельдер үшін оның салмағын елеусіз арттыратын және оның икемділігін аз ған дәрежеде төмендететін, сығылу мен созылуға салыстырмалы аз қабілетті болып келетін броньдеуші элементтер қажет.
Талшықты-оптикалық кабельдерді конструктирлеуде әртүрлі мақсаттағы болат пен арамидтен (кевлар) жасалған талшықтар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Сонымен қоса, бойлық серпімділік модулінің салмаққа қатынасы арамидтен жасалған талшықтарда болат үшін аналогты (ұқсас) қатынасынан бірнеше есеге артық келеді.
Арамидтен жасалған талшықтар әртүрлі материалдар астында жабын үшін созылу жүктемесін болдыртпайтын элемент ретінде қолданылады.
1.7 Оптикалық кабель типін таңдау
Байланыс желілерін жетілдіруде қарапайым металдықтармен салыстырғанда біршама артықшылықтарға ие талшықты-оптикалық кабельдердің рөлі ерекше:
– сыртқы электрмагнитті өрістерден жоғары бөгеуілден қорғағыштығы;
– үлкен
кеңжиектігі. ТОК жиіліктің 10
-
10
Гц
диапазонында жұмыс істейді. Жарықтық
диапазонда көтергіш жиілік 6-10 есеге
артады екен. Осыдан теориялық түрде
берілетін ақпарат көлемі де жоғары
болады. Беріліс жылдамдығы до 10 Гбит/с
(тәжірибесі мол үлгілерде 100 Гбит/с
дейін жетеді) дейін болатын оптикалық
желілер де жұмыс жасайды;
- оптикалық талшықтағы энергияның аз сөнуі регенерациялық бөлімнің ұзындығын айтарлықтай ұзартуға мүмкін береді;
- дефицит металдар (мыс. қорғасын) кварцпен ауыстырылған;
- ақпарат берудің жоғары жасырындығы;
- кабельдің үлкен құрылысты ұзындықтары (2 км және одан да ұзын) БТОЖ сенімділігін арттыруға м.мкіндік беретін жалғастырулардың аз санын қамтамасыз етеді;
- кабель массасының азаюы.
Оптикалық кабель әдеттегі қарапайым зоналық телефон желісін құруда қолданыла алады. Дегенмен оның артықшылығы байланысты сақиналы сұлба бойынша ұйымдастыруда қолдану болып келеді.
Оптикалық кабельдің дұрыс таңдалуынан капиталды жұмсалулар мен жобаланушы БТОЖ эксплуатациялық шығындар тәуелді келеді. Таңдау кезінде, бір жағынан, БТОЖ параметрлері (кеңжиектігі, ақпарат берілу жылдамдығы, оптикалық сәулелену толқын ұзындықтары, энергетикалық потенциал, рұқсат етілген дисперсия, бұрмалау), ал екінші жағынан – оптикалық кабель техникалық талаптарды қанағаттандыруы тиіс, олар мыналар:
- электрлік кабельдер төселетін жағдайлардағы төсеудің мүмкін болуы;
- қолда бар техниканы максималды қолдану;
- сыртқы орта әсерлеріне тұрақтылығы және т.б.
Зонаішілік желілер үшін ұзындықтары 60-100 км болып келетін регенерациялық бөлімдерді (РБ) іске асыруға мүмкіндік беретін толқын ұзындықтары 1,31 және 1,55 мкм, болып келетін оптикалық кабельдер қызығушылық тудырады. Өнеркәсіптермен келесі маркалыкабельдер шығарылады: ОКЛ, ОКЗ, ОЗКГ, ОМЗКГ.
STM-16 1.4 кестеде келтірілген техникалық сипаттамаларын негізге ала отырып, және Қазақстандағы полиэтиленді құбырлардағы (ПЭҚ) оптикалық кабельдерді төсеудің қалыптасып қалған көп жылдық тәжірибесін ескере отырып жобада ОКЛ-3-Д1-3х4Е-0,36Ф3,5/0,22Н18-12/0 маркалы кабельді қолданамыз.
Бұл кабельге қысқаша сипаттама беріп кетейік.
ОКЛ типті кабелі магистральді, зоналық, қалалық байланыс желілерінде қолмен немесе механизирленегн әдіспен төсеу кезінде және кабельді канализациялардың, құбырлардың, блокатрыдң эксплуатациясында қолдануға арналған.
Кабельді канализация каналдарында төсеу кезінде кабельді кеміргіштер зақымдауы мүмкін деген қауіп болған жағдайда кабель қорғағыш пластмасса құбырларда төселуі (орналастырылуы) қажет.
Кабель жерде, суда төсеуге арналмаған.
Кабель ашық ауалы ортада көтергіш болат арқанға ілінеді және ашық ауалы орта әсерінің эксплуатация жағдайларында ғимараттар мен құрылыстың сыртқы қабырғалары бойынша жүргізілуі мүмкін.
Кабельдің конструкциясы мен техникалық сипаттамаларының ерекшеліктері:
Fujikura өндірген бірмодты оптикалық талшықтар (БТ) МСЭ-Т G.652 кепілдемесіне (рекомендация) сай, толқыны ұзындығы 1310 нм және 0,22дБ/км, 1550 нм болғанда сөнуі 0,36 дБ/км болатындай етіп орындалған және диаметрі 2,5 мм, ал модуль түтігінің қабырғасының қалыңдығы 0,5 мм болатын полибутилентерафталаттан жасалған оптикалық модуль (ОМ) түтігіне еркін орналастырылған. ОМ тиксотропты гидрофобты толықтырғышпен толтырылған.
– кабельдің орталық күшті элементі (ОКЭ) шыныпластиктен жасалған.орталық күшті элементтің диаметрі 2.7 мм болады.
– модульаралық кеңістігі гидрофобты толықтырғышпен толтырылған.
– кабельдің толықтырғыш элементі кордель 153-01К маркалы жоғары қысымды полиэтиленнен дайындалған. Кордель диаметрі 2,5 мм құрайды.
– кабельдің бекіткіш орамы капрон жіптері мен ПЭТ-Э лентасынан тұрады.
– қорғағыш шланг қалыңдығы 2,0 мм болатын орташа қысымды полиэтиленнен жасалған.
– кабельдің номиналды диаметрі 11,8 мм құрайды.
– кабельдің есептік массасы 117 кг/км болады.
– температуралық диапазоны: жұмысшы – 40-60°С; төсеу кезінде– 40--60°С; сақтау және тасымалдау кезінде –50-60°С.
– максималды тартылу күші 2,7 кН.
майысудың минималды радиусы: динамикалық – 20 кабель диаметрі;
статистикалық – 15 кабель диаметрі.
– жабын изоляциясының электрлік кедергісі: 2000 МОМ/км кем емес.
кабельдің шығарылатын құрылыстық ұзындығы – 2; 4; 6 км.
–Кабельдің көлденең қимасы 6 суретте келтірілген.
1 – орталық күшті элемент (ОКЭ) – шыныпластикті стержень (өзекше)
2 – гидрофильді гелі мен еркін орналастырылған ОТ бар ПБТ модулі
3 – Кордель
4 – модульаралық гидрофобты толықтырғыш
5 – қорғағыш шланг
6 сурет. ОКЛ-3-Д1-3х4Е-0,36Ф3,5/0,22Н18-12/0 кабелінің құрылысы
