- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
Аудиторлық қызмет - дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері:1) тәуелсіздік;2) объективтілік;3) кәсіби біліктілік;4) құпиялылық.Аудитор - Біліктітік комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" біліктігінің берілуі туралы куәлік алған жеке тұлға.Аудиторлық ұйым - ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.Аттестациялау деп Біліктілік комиссиясының уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптардың негізінде емтихандар өткізу арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін айкындауы ұғынылады.Аттестациялауға жоғары білім әрі экономика, қаржы, есеп-талдау, бақылау-ревизия немесе құқық салаларында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.Аттестациялаудан өткен адамдар аудитор біліктілігі берілгені туралы куәлік және біліктілік куәлігінің нөмірі керсегілген аудитордың жеке мөрін алады.Біліктілік комиссиясының "аудитор" біліктілігі берілгені туралы шешімі баспасозде жарияланады.Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі білікгілік комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар палаталарының Республикалық конференциясында ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.Біліктілік комиссиясының құрамына аудиторлардың әрбір палатасынан бір өкілден кіреді.Біліктілік комиссиясының торағасы болып оның мүшелерінің ішінен аудитор сайланады.Біліктілік комиссиясы ол туралы аудиторлар палаталарының Республикалық конференциясында бекітілетін ереже негізінде әрекет жасайды.Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес жүзеге асырады.Аудитордың біліктілік куәлігінің күшін жоюы.Аудитордың біліктілік куәлігінің: біліктілігік куәлігін беруге негіз болған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған,сот тәртібімен аудитор әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе оның әрекетке қабілеті шектелген;көрінуі жалған аудиторлық қорытынды берген.аудит стандарттарының негізгі талаптарын сақтамаған және заңдарды өзгедей де бұзған жағдайларда күші жойылады.Біліктілік куәлігінің күшін Біліктілік комиссиясы жояды. Біліктілік комиссиясының шешімі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия берген мемлекеттік органға хабарланып, баспасөзде жарияланады. Аудитор Біліктілік комиссиясының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.Банк қызметінің аудитін жүргізуге лицензияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк береді.Аудиторлық ұйымдар құрамында жұмыс істейтін аудиторларға лицензиялар қажет емес. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия тұрақты болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия тізбесі лицензиялау туралы заңдармен белгіленетін құжаттар негізінде беріледі. Лицензия беру үшін өзге құжаттар табыс етуді талап етуге және қосымша шарттар белгілеуге тыйым салынады. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімінде көрсетіледі. Лицензиялар беруді, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тізілімін жүргізуді, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың берілуі, кері қайтарып алынуы және күшінің тоқтатыла тұруы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарыңда жариялауды лицензиар болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.Лицензияны қайтарып алудың және оның күшін тоқтата тұрудың негіздері1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларды лицензиялар заңдарда белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуы мүмкін.2. Лицензиялар тоқтатыла тұру себебін көрсете отырып, лицензияның күшін заңдарға сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар лицензия беруден бас тарту, оның- қайтарып алынуы мен күшін тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. Аудит жұмысы - бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылып жүргізілетін тиянақты жұмыс.Аудит теориясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:Бірінші сатысы: Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор ұйымдары үшін шарт жасау кезеңінен басталады. Олай дейтін себебіміз: аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудит жүргізерден бұрын оның қаржы-шаруашылығына толық зерттеу жасап, алдын-ала өз пікірін тұжырымдайды. Сонымен қатар нақты материалдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал-жабдықтық жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық зерттейді.Екінші сатысы: Алдын-ала танысу (зерттеу). Аудитор ұйымы шарт жасасқан шаруашылық субъекгісі мен аудит жұмысын бастаудан бұрын оның қаржы-шаруашылық жағдайымен танысу мен зерттеуден бастайды. Осы кезде аудитор субъектінің қаржы есебін басылымға шыққан көрсеткіштерін зерттеп қана қоймай, сол субъекті туралы әр түрлі сұрастырулар жүргізеді (анкеталық қарастыру). Яғни, субъект шаруашьшығы күрделі болса оны зерттеу, танысу процесі де күрделі болады. Аудит жұмысын сәтті, жедел, тиімді жүргізу үшін танысу, зерттеу жұмысын өте тиянақты, жан-жақты жүргізу қажет. Танысу, зерттеу процесін жүйеге келтіретін болсақ оның өзі де күрделі жұмыс.Аудит жұмысын сәтті жүргізу үшін аудитор алдымен сол субъектінің құқықтық құжаттарын толық зерттеуі қажет. Ол оның жарғылығы, құрылтайшаларымен келісім-шарты, мемлекеттік тіркеу куәлігі, сыбайлас кәсіпорындары мен келісім-шарты, өз шаруашылығы туралы және шет елмен қатынасқа лицензия куәлігі, тағы басқа құжаттары. Одан кейін сол субъектідегі бухгалтерлік жұмысын ұйымдастыру тәртібін, қаржы есебін жасау әдістерін қарастыру қажет. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес шаруашылық операцияларын құжаттау ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп мамандарының, әрбір цех басшыларының біліктілік деңгейлерін зерттеу қажет.Осы айтылған танысу - зерттеу процесінен кейін аудитор тапсырушы субъект басшысымен жүргізілетін аудит жұмысы туралы пікір алысып, нақты аудит объектісі туралы мақсаттарына келісу қажет. Содан кейін аудит жұмысынын бағдарламасын жасайды.Үшінші сатысы: Аудит жұмысына бағдарлама.Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама, жоспар жасауы қажет. Қазақстанның аудит стандарты (7-шісінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмысының объектісіне байланысты, аудит методологиясы мен аудит қолданатын техникалық әдісінің түріне қарай әр түрлі болады.Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер:тапсырушы субьектінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу
есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау,аудит мазмұнына жоспар жасау және аудит көлемін, орындалатын мерзімін анықтау
