- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
Алдын ала жоспарлау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.Аудитордың басқа жұмыс кағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.Аудиттің халықаралық тәжірибесіндегі стандарттары мамандандыру әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қорытындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тестілер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедураларды түзетулері және қосымшаларымен бірге жазылған. Ары қарай жоспарлау мен бақылау бойынша міндеттерді шешу үшін дайындалған осындай тексеруші тізім 2-кестеде мысал ретінде келтіріледі. Аудит басталғанға дейін аудитор орындайтын жұмыстардың тізімі:клиентті жəне аудиттің арнайы келісімін қабылдауға қатысты шараларды орындау; жоба бойынша əріптес, клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға қатысты шаралардың орындалып жатқанын жəне олар бойынша қол жеткен қорытындылар пайда болған жағдайларға сəйкес келетініне көз жеткізуі қажет;егер жоба бойынша əріптес, фирманың аудиторлық келісімінен ауытқуына əсер етуі мүмкін ақпаратты алғанда, егер бұл ақпаратқа ертеректе қол жетімді болса, жоба бойынша əріптес бұл ақпарат туралы шұғыл түрде фирмаға хабарлап, жоба бойынша фирма мен əріптестің тиісті шаралар қолдануына алғышарт жасауы керек.аудитор алмастырылған жағдайда этикалық талаптарға сай алдыңғы аудиторға хабарлау.Аудитті жоспарлау мақсаты бастапқы аудит үшін жəне жалғаспалы аудит үшін біреу ғана. Бірақ бастапқы аудитте аудитор, аудитордың əдетте қайта пайда болатын келісімдерді жоспарлау кезінде қарастырылатын кəсіпорынмен тəжірибеге ие болмауынан, жоспарлау жұмысының көлемін ұлғайтады. Алдыңғы аудиттің келісімі бойынша аудитор аудиттің жалпы стратегиясы мен жоспарын жасауда қарастыратын қосымша сұрақтар:егер заң жəне нормативтік актілер қарсы болмаса, алдыңғы аудитормен əрекеттесу, мысалы жұмыс құжаттарын шолу;басшылықпен талқыланған барлық негізгі мəселелер (бухгалтерлік принциптер немесе стандарттарды қолдану) жəне осы мəселелер туралы басқару өкілеттігіне ие тұлғалар жəне осы мəселелерге қатысты аудиторлық жалпы сипаттағы стратегия мен аудиторлық жоспарға əсер;алғашқы қалдыққа қатысты жеткілікті жəне сəйкес аудиторлық дəлелдер алуға қажет жоспарланған аудиторлық шаралар;бастапқы аудиттің келісімдері бойынша фирманың сапаны бақылау жүйесімен басқа шаралар (мысалы, фирманың сапаны бақылау жүйесі бойынша басқа әріптес немесе аға қызметкер шын мәніндегі аудиторлық шараларды орындау бастауына дейін аудиттің жалпы стратегиясын шолу немесе есептер шығарылуына дейін есептерді шолуға қатысады).Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді: аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;аудит мақсаттарын, өткізу уақытын,таңдау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгертуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша қалдықтың дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.Стандартталған аудиторлық бағдарлама - бұл кез келген аудит кезінде пайдаланылатын, алдын ала дайындалған мақсаттар мен тестілер тізімі. Стандартталған бағдарламалар практикада кең қолданылады және әдетте ірі фирмалар мәліметтерінен алынады.Олардың басылымдағы жұмысты қажетті арнаға бағыттауға көмектесуіне және ол барлық маңызды сфераларды есепке алу үшін тексеру қағазы ретінде әрекет етеді. Олар аудит тиімділігін арттырады және бақылауды жіберуді жеңілдетеді. Сонымен қатар оның кемшілігі де бар: сөзсіз қайталау жағдайында олар кәсіби пікірді тұншықтырып тастауы мүмкін. Өз жұмысында аудиторға кәсіби пікірді пайдалану қажет. Себебі барлық аудит әртүрлі және тесттердің нақты аудит жағдайына сай дайындалуы қажет.Негізі бойынша аудиторлық процедуралардың бір түрі бола отырып талдамалық процедуралар тексерілуші экономикалық субъект қызметінің каржы-экономикалық көрсеткіштері арасындағы арақатынасты анықтау, талдау және бағалауда болып табылады.Жоспарлау кезеңінде пайдаланылатын талдамалық процедуралар клиент бизнесін және ондағы өзгерістерді түсінуге, потенциадды тәуекел облысын анықтауға, басқа процедураларды жоспарлауға көмектеседі. Әдетте, аудиторлық тексеруді жоспарлау жылдың қаржылық есеп беру құрылғанға дейін іске асырылады. Аудиттің осы кезеңінде орындалатын кез келген талдамалық процедуралар аралық қаржылық есептемеге, ішкі басшылық мақсаты үшін дайындалған қаржылық есеп беруге, ал кейбір жағдайларда алдыңғы кезеңнің қаржылық есеп беруіне негізделеді. Аудитор қаржылық есеп берудің түрлі баптары арасында өзара байланыс болады деп болжайды, сондықтан ол болжамдардың есеп мәліметтері сәйкестігін анықтау үшін жоспарлау кезеңінде қол жеткізуге болатын қаржылық ақпаратты тексеруі керек. Кез келген жағдайда, егер аудитор нәтижелері мен күткендері арасында алшақтық болса, аудитор жұмысын ары қарай жүргізуі жоспарлануы қажет
Аудит жүргізудегі келісім және міндеттеме хат. Клиент кәсібімен танысу.
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:
қаржы есебін тексерудің мақсаты;
тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілігі;
аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданылатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;
тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;
жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;
аудит жұмысының төлем ақысы.
Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.
Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттер аталып көрсетіледі.
Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтылы беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттемелерді орындауы қажет.
Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.
Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысына шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.
Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.
Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. ҚР "Аудит қызметі туралы" заңда анық көрсетілген. Осы Заңның 4-бабында көзделген міндетті аудитті жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мезгілдерден кешіктірмей жасалады, бұл туралы субъект аумақтық салық ұйымын хабардар етеді.
Заңның бесінші тарауында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі деп аталынған, оның 17-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары жан-жақты қарастырылған, 18-бабында олардың міндеттері анықталған.
Заңның алтыншы тарауында "аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, 21-бабында олардың құқықтары, 22-бабында міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі" жан-жақты қарастырылған.
