- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
ҚАЗАҚСТАНДА аудиттің дамуы 1990 жылдың 15 ақпанында Қазак ССР Министрлер Кеңесінің қабылдаған № 60 Қаулысының негізінде қаржы Министрлігінің жанында шаруашылық есептегі өзінің территориялық бөлімшелері бар "Қазақстанаудит" аудиторлық орталығының құрылуынан басталады.Ал 1992 жылдан бұл орталықтың негізінде ірі акционерлік компания құрылыған болатын. Осы аудиторлық орталық қазақстан аудиторлық қызметінің негізін құрып, оның өркендеуіне басты себепкер болды. Қазақстандағы аудиттің дамуына басты әсерін тигізген 1993 ж.18 қазанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Советімен Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет туралы" заңының қабылдануы. Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтерді реттеу және жүргізу мәсеслерімен қатар оның ұйымдастырылу жүйесін, аудиторларды аттестациялау талаптары мен шарттарын, аудитті жүргізу және басқа да аудиторлық қызметтер көрсету,аудиторлардың құқықтары мен міндеттері, аудиторлық жауапкершілік және оның қоғамдық ұйымдарын анықтады. Аудиторлық қызметтің әрі қарай дамуына әсер еткен 1998 ж. 20 қарашада қабылданған № 304-I ҚРЗ "Аудиторлық кызмет туралы" заңы.Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық кызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар , аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы туындайтын қатынастарды реттесе 15 қаңтар 2001 ж. қабылданған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Заңы оның әрі қарай дамуына жол ашып, көптеген түсініктер нақтыланып, негізгі халықаралық аудит талаптарына сәйекстендірілді. Қазақстан Республикасында аудиторларды (жеке және заңды тұлғаларды) Казақстанның аудиторлар Палатасы біріктіреді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 1993 ж.қазанынан бастап комерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін өзі басқаратын және қаржыландыратын ұйым ретінде құрылған. Ол заңды тұлға және өз жұмысын оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізіңде жүргізеді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 2000 ж.май айында СНГ мемлекетттерінің ішінде бірінші болып Халықаралық бухгалтерлер федерациясына (IFAC) мүше болып қабылданды. IFAC -тың құрамына тек кәсіпкерлер ұйымы ғана қабылданады.IFAC -тың алдында тұрған негізгі мақсат -ол бухгалтерлердің ұйымына олардың мамандық біліктілік деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға жан жақты көмек көрсету. IFAC-тың құрамына кіру, біріншіден, халықаралық бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығына мүше болып, бухгалтерлік есепті халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу болса, екіншіден Казақстанның аудиторлар Палатасының халықаралық деңгейін бағалау және осы уақыт ішіндегі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.Біздің елімізде аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор ықпал етті. Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанаға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылауревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты «Қазақстан-аудит» тәуелсіз акционелік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызымет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылды. Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына «Қазақстан-аудиттың» сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызымет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның минстрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды. Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстанда аудиторлық қызметтіне басшылық жасайтын қоғамдық ұйым -ҚР аудитолар Палатасы болып табылады. Казақстанның аудиторлар палатасы аудиторлар мен аудиторлар ұйымының өз еркімен бірігуінің негізінде құрылады.Палата өзінің жұмысын мемлекеттік үкімет және басқару органдарымен қатынаста жүргізеді. Палата өз еркімен халықаралық одақтарға, Палаталарға, қоғамдық бірлестіктерге кіруге және келісімдер жасауға құқылы. «Аудиторлық қызмет туралы» заңы ҚР аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың,заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 20.11.1998 жылы қабылданған.Ол 6 тарамақтан және 25 баптан турады,1 – тармақ. Жалпы ережелер (1 – 4 баптар)2 – тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар платасы (5 – 8 баптар)3 – тармақ. Аудитрорлыққа кандидаттарды аттестциялау және аудиторлық қызметті лицегзиялау (9 -13 баптар)4- тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14 -16),5 – тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұймдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17 - 20),6 тамақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жаупкершіліктері. (21 -25)
ҚР-ғы аудиторлық қызметті реттеудегі органдардың функциялары мен құрылымы.
Қазақстан Республикасының Yкіметі:аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды; егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды. аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді. Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган: аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; аудиторлар тізілімін жүргізеді; міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді;кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді; аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін айқындайды; аудиторлық ұйымдардың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;
