- •Педагогика және психология факультеті Педагогикасы мен психология кафедрасы
- •Студенттердің білім деңгейін бағалау жүйеге
- •Баға қоюдын критерилері
- •«Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар
- •Осөж күнтізбелік –тақырыптық жоспары
- •Өсөж орындаудағы әдістемелік нұсқау
- •Тарату – үлестірмелі материалдар
- •Өзік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен жалпы мақсаттар.
- •Сөж тақырыптық – календарлық жоспары
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
- •Тұлғаның педагогикалық мәдениеті және кәсіби шеберлігі.
- •1. Педагогикалық шығармашылық.
- •2. Педагогикалық шеберлік.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Студенттерді білімін тексеру
- •Тест тапсырмалары
Тұлғаның педагогикалық мәдениеті және кәсіби шеберлігі.
Ғылыми эрудиция, құндылық бағыттар педагогикалық мәдениеттің компонеттерін ретінде.
Педагогикалық еңбек әдебі және эстетика. .
Қарым –қатынас функциялары және құралдары
Қарым-қатынас және педагогикалық басқару стильдері.
Қарым-қатынас – мұғалім еңбегінің негізгі бөлігі, яғни сабақта, сабақтан тыс мұғалім оқушымен үнемі үздіксіз қарым-қатынаста болады.
Педагог Ғ.И.Щукина қарым-қатынастың баланың танымдық қызғушылығының қалыптасуына үлкен әсер тигізетінін атып көрсетеді.
Кәсіптік педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз педагог пен тәрбиеленушінің жүйелі түрде ақпарат алмасуы, бірін-бірі тұлғалық тануы, сонымен қатар тәрбиелік ықпал етуі.
Қарым-қатынас үш функциядан тұрады:
1. Коммуникативтік (ақпарат алмасу)
2. Перцептивтік (адамдардың бірін-бірі қабылдан, тануы)
3. Интерактивтік (біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару).
Педагог мәліметті венрбальды және вербальды емес құралдар арқылы бере алады.
Вербальды құрал: сөз, тіл
Вербальды емес құрал (жест, мимика т.б.).
Мұғалімге қойылатын талаптар:
а) сөзінің дұрыстығы (әдеби-тіл нормаларына сәйкес);
б) нақтылық;
в) сөзі анық, қарапайымдылық, логиканы сақтау;
д) эмоцияға бай т.б.
Осы көрсетілген функциялардың іске асуы педагогтың адамгершілік – этикалық ұстанымдарына тікелей байланысты (гуманизм, ізгілік, мейірм т.б.).
4.2. Педагогикалық іс - әрекеттің жемісті болуы қарым-қатынас стилі мен педагогтың басқару стиліне тікелей байланысты.
Стиль дегеніміз-адамның жұмыс істей білу қабілеті, өзін-өзі ұстауы, жеке адамға тән іс-әрекет түрі.
Педагогтың баламен қарым-қатынас стилі әлеуемттік сипатта болады.
Қарым-қатынас стильдері:
а) біріккен іс-әрекетке байланысты;
б) достық қарым-қатынас;
в) қарым-қатынас – дистанция;
г) қарым-қатынас – көлгірсу;
д) қарым-қатынас - өзін - өзі жоғары ұстау болып бірнеше түрге бөлінеді.
Соңғы үш түрі көбінесе жас, тәжірибесі аз ұстаздарда кездеседі.
Педагогикалық басқару стильдері 3 топқа бөлінеді:
Авторитарлық, демократиялық, либералдық.
Авторитарлық стильді ұстанған педагог өзін жоғары ұстап, тек бұйрық, өз сөзін жерге қалдырмай орындауды талап етеді.
Демократиялық стильді ұстанған педагог субъект-субъектілі қарым-қатынасты алға қояды, оқушы тұлғасын тануға ұмтылады, оның көзқарасын сыйлайды, сенім артады.
Либералды стильді ұстанған педагог өз ісін жақсы білмейді, ісіне немқұрайды қарайды, бірізділік танытпайды, оқушының жетегінде жүреді.
Кәсіби шеберлігі жоғары ұстаз үш стильді де өз орнымен ұстана алады, оқушының жас ерекшелігіне сай талаптар қояды.
4.3. Педагогикалық әдеп дегеніміз - мұғалімнің баламен қарым-қатынас кезінде өзі-өзін шектеп, нормада ұстауы, яғни оқушымен дұрыс байланыста болуы.
Педагогикалық әдептің өз ерекшеліктері бар:
а) мұғалім кәсіптік іс-әрекетінде норма сақтау;
б) дұрыс қарым-қатынасқа жағдай жасау;
в) ықпал ету әдістерін, формаларын дұрыс таңдау;
Сонымен қатар, тұлғаның ойымен, іс-әрекетімен санасу, сыйлау, кемсітпеу, көмек көрсету.
Педагогтың кәсіптік функцияларының табысты орындалуы яғни (оқыту, білім беру және тәрбилеу) оның педагогикалық мәдениетті игеруіне тікелей байланысты. Тұлғаның жалпы мәдениеті оның білімділігі мен тәрбиелілігіне тікелей байланысты. Оның ойлау, қабылдау қабілеті басқа мамандық иелеріне қарағанда ілгері болуы қажет.
Білім беру мекемесінде жұмыс істейтін адам педагогика теориясы мен тарихын, мақсатын, мазмұнын, оқу-тәрбие ісінің әдістерін жетік білуі қажет. Мұғалімнің білімі жан-жақты, академиялық болуы қажет. Тек қана өзі пәні ғана емес, ғылымның басқа салаларынан хабары болуы қажет.
Педагог гуманистік құндылықтарды басты бағыт ретінде ұстанып, баланың қызығушылын арттырып, белсенділікке итермелеп сеніммен ынтымақсаттыққа, шығармашылыққа баулыса, оқушы тұлға ретінде қалыптасады.
Педагогикалық еңбек этикасы және эстетикасы.
Педагогикалық әдеп немес деонтология болып табылады. (грек сөзі деон-парыз, және логос-ғылым).
Педагогикалық әдеп жалпы этикалық нормаларға сүйене отырып, адамдардың бір-бірімен қатынасу, араласу нормаларын белгілейді.
Адамгершілік педагогикасы – ұстаз бен оқушының арасындағы қарым – қатынас (субъект немесе объект) қарым – қатнасынан, айналаның (субъект – субъект ) қарым – қатынасынан қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан білім беру жүйесінде педагогтың гуманитардық мәдениеті басты позицияға қосылады. Білім беру жүйесі техникаландыру, компьютерленуі көп жағдайда адамға бұрылмай тек нәтижеге бұрылып жүр. Яғни жеке адамның өзіндік ерекшеліктері, жан дүниесі, басты фактор емес адамгершілік педагогикасы жансыз техникасынан гөрі пелагогиканың негізгі іс - әрекеті педагогикалық үрдістің негізіг кейіпкері адамға бұрылуы қажет екендігін айтып түсіндіреді.
Гуманистік педагогикалық басты этикалық нормасы – балаларға деген сүйіспеншілік.
Педагог В.А. Сухомлинский, гуманист – педагог Ш.А. Амонашвили балаға гуманистік көзқарасты ұстану арқылы оның денсаулығын нығайтуға, толыққанды рухани дамуына жол ашатынын айтады.
Ғалымдардың айтуынша, жоғарғы класс оқушылары мұғалім бойында әдептілік, мейірімділік, әділеттілік, еңбексүйгіштік, шыдамдылық, сенім көрсете білу қасиеттерінің болуын қалайды.
әдеп және эстетика ұғымдары бір-біріне жақын.
Эстетика – адамның өмірге эмоционалды – құндылық көзқарасын қалыптастырады.
Баламен жұмыс барысында педагог өнер туындыларын сабақта ұтымды пайдалана білсе, оқушының эстетикалық талғамы қалыптасады, шығармашылық қасиеттері оянады. Эстетикалық талғам қалыптастыру үшін педагог сурет сала білу, ән айту, өлең шығару, музыкалық аспаптарда ойнай білуі және оны оқушының бойына дарытуы қажет. Оқушылармен музейлерге, галереяларға, өнер орындарына жиі экскурсияға шығуы қажет.
Эстетикалық талғамы қалыптасқан бала рухани жан дүниесі бай, саналы азамат болады. Қоршаған ортаға, табиғатқа зиян келтірмейді.
