Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ped-psikhol_mamand_Kirispe.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

Дәрістер кешені

1Дәріс Тақырыбы: Мамандыққа жалпы мінездеме

  1. Педагогикалық іс-әрекет – мамандық ретінде

  2. Педагогикалық іс-әрекет ұғымы

  3. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттері мен құрылымы.

  4. Педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы педагогикалық қабілеттілік.

Кез-келген іс-әрекеттің принціптер жүйесі мен ғылыми негізі бар. Іс-әрекет дегеніміз- қоршаған дүниемен өзара белсенді әректтестіктің іс жүзіндегі көрінісі. Адамдардың дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс -әрекет түрлеріне еңбек жатады.Ал, адамның басқа іс-әрекетінің барлығы(оқу, ойын,т.б.) еңбекпен тығыз байланысты

Кәсіптік іс-әрекетнақты бір кәсіби іс-әрекет түрімен терең айналысуды меңзейді. Оның теориялық ерекшеліктерімен алатын тәжірибесін жинақтау, зерттеу оқуынан туындайды. Педагогикалық іс-әрекет үлкен жүйе, оның принціпі, мотиві,иерархиясы, мақсаты,принціптері,әдістері,құрал түрлері өз әрекетіне сай, мазмұны мен бағытының жеке нәтижесін ашуды көздейді.

Кәсіп – тұлғаға қойылатын өзіндік талабы бар еңбек іс-әрекетінің түрі, соның негізінде адамның күн көруі және дамуы. Мамандық – бір кәсіп деңгейінде жүргізілетін іс-әрекет. Мысалы: Кәсібі – мұғалім, мамандығы – тарих пәнінің, немесе математика пәнінің мұғалімі. Кәсібіне қарай мамандықтар классификацияланады, яғни негізгі бір ұқсас белгілеріне қарай бөлінеді. Еңбек түріне қарай мамандықтар бес типке бөлінеді. 1 топ “Адам-Техника” Т әрпімен белгіленеді. (техникалық құралдармен жұмыс жасау: слесарь, жүргізуші, механик .т.б). 2 топ “Адам-Адам” А әрпімен белгіленеді. (адамға қызмет ету саласы, бірігіп жұымыс істеу: мұғалім, дәрігер, сатушы т.б.). 3 топ “Адам - Табиғат” Т әрпімен белгіленеді. (негізгі мамандықтар: эколог, ветеринар, балықшы т.б.). 4 топ “Абам – Белгілер жүйесі” Б әрпімен белгіленеді. (мамандықтар: редактор, корректор, экономист т.б.). 5 топ “Адам –Бейне образы” Б әріпімен белгіленеді. (мамандықтар: модельер, артист, суретші, музыкант т.б.).

Педагогикалық іс-әрекет басқа да іс-әрекет түрлері сияқты еңбек әрекетін құрайды,ол бірнемесе бірнеше қимыл әрекет арқылы қарапайым еңбек міндеттері мен саналы мақсатқа жетуді көздейді

Педагогикалық іс-әрекет құрылымында қарапайым және күрделі оқу әдістемелік, тәрбие, әлеуметтік–педагогиклық, зерттеу іс-әрекетімен логикалық операциялармен бөлініп қарастырылуымен екшеленеді.

Педагогикалық іс-әрекет – кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Кәсіптік іс-әрекетпен айналысатын адам арнайы білім алумен қатар, мамандыққа сай білім, іскерлік, дағдылармен қарулануы қажет. Кәсіптік педагогикалық іс-әрекет пен айналысатын адамдар – тәрбиеші мұғалім, оқытушы, педагог деп аталынады. Атаулары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір – адам тәрбиелеу, оқыту, дамыту.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет оқушыларды нәтижелі мақсат шеше алуға даярлығын қалыптастыра алатын өнерлі педагог.

Кәсіби педагог кезеңдері:

-мұғалім –профессионал

-мұғалім –наватор

- мұғалім -зерттеуші

Тұлғаның кәсіби қабілеттілігі:

- коммуникативті қабілеттілік

- экспресивті қабілеттілік (тілі, шебер)

-мажорлы қабілеттілік- оптимізм педагог юморы

Тұлғаның негізгі қасиеттері ретінде Болдереев бірінші орынға әдептілікті, шыдамдылықты, өзін - өзі ұстай білуді, шыншылдықты, тапқырлықты, тазалықты қояды. Бұл адамның немесе тұлғаның жеке мүмкіншіліктері оның квалификациясы білімі мен тәжірибесі олардың арқасында, әртүрлі мәселелерді шешу және өз орнына лайықты болуы.

Заман талабына сай бүгінгі күні педагогтарға қоятын талап жоғары. Педагогтың білімділігімен қатар біліктілігі бірінші орынға қойылады.

Педагог біліктілігі дегеніміз – ұстаздың педагогикалық міндеттерді шешудегі жеке мүмкіндіктері, сонымен қатар теориялық білімін іс-тәжірибемен ұштастыра, білуі, педагогикалық іс-әрекет жүргізуге дайындығы. Психологиялық – педагогикалық білім мазмұны жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік білім беру стандарттары арқылы белгіленіп, қажетті білім деңгейін игеруге мүмкіндік жасалады.Сонымен қатар болашақ педагог білікті маман болу үшін педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды игеруі қажет. Педагог - ғалым В.А. Сластенин педагогикалық іскерліктерді 4 топқа біріктіреді:

Аналитикалық, болжау, проективті және рефлексивті.

Аналитикалық іскерлік негізінде педагогикалық құбылыс элементтерін жіктей білу (шарттарын, себептерін, құралдары мен формаларын анықтау, баға беру). Болжау арқылы ұжым, тұлғалық, педагогикалық процестің дамуын бақылау, түзетулер енгізу.

Рефлексиялық іскерлік негізінде педагог өз іс-әрекетіне сыни көзқарас арқылы баға беріп отыру.

Педагогикалық процесте педагогикалық техниканы меңгеру қажет, оған вербальды және вербальды емес қарым-қатынас құралдары жатады.

Сөз, мимика, пантомимика т.б.

Тұлға қасиеттерінің құрылысы педагогтың кәсіби біліктілікке жету жолдарын меңгерудің негізгі көрсеткіш, яғни жалпы адамзаттың қасиеттерді меңгерумен қатар педагогикалық техниканы жете меңгеру қажет.

Сондай-ақ мұғалімнің кәсіби біліктілігіне мыналар жатады:

  1. Анализ жасай білу.

  2. Болжай жасай білу

  3. Проект жасай білу.

Анализ жасай білуге - әртүрлі педагогикалық жағдайларға анализ жасай білу. (жағдайын анықтау, себебін анықтау, құралдарын анықтау). Педагогикалық жағдайдың әрбір элементін басқа элементтермен байланыстыра білу, дұрыс диагноз қоя білу.

Болжаудың негізгі мақсты – педагогикалық үрдісті жүйелі түрде құру оқушылардың жасаралық және жеке дамудың заңын ашып көрсету. Әртүрлі әдістерді пайдалана білу. Сонымен қатар, тәрбиелеу барысында ауытқушылықтардың алдын ала білу.

№2 Тақырыбы: Психология мамандық ретінде

Мазмұны:

1. Психология ғылымы ретінде жалпы түсінік.

2. Психологияның ғылымдағы орны

3. Тұрмыстық және ғылыми психологияның сәйкестігі

4. Психологиялық құбылыстар және психологиялық фактор туралы ұғым.

Психологияның пәні психиканың дамуының функциялары мен қасиеттерін, заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Ғылымдар жүйесінде психология ерекше орын алады себебі бұл ғылым адамға белгілі ең күрделі жоғары ұйымдасқан материя, яғни ми жайлы ғылым. Сана мидың жемісі. Психология танымның объектісі мен субъектісі бірігетін ғылым болып табылады. Психологияны ғылым ретінде маңыздылығы оның тәжірибелік нәтижелеріне де байланысты: Адам өзінің психикалық дамуының ерекшеліктерін біле отырып, өзінің және басқа адамдардың дамуына, мінез-құлқымен жүріс-тұрысына әсер ете алады.

XIX-ғасырдың аяғында психология философиядан бөлініп жеке ғылым болып шықты. 1879-жылғы Вилгельм Вундттың Лейпциг университетіндегі психологиялық экспериментальды лабороториясының ашылуы негіз болды. Бұдан кейін басқа да алдыңғы қатарлы елдерде осыған ұқсас лабороториялар мен институттар ашыла бастады. Олар академиялық психология, қолданбалы психология, практикалық психология болып шықты.

Академиялық психология- өз алдына танымдылық мақсаттар қойып отырған ғылыми зерттеуші психология.

Қолданбалы психология-тек қана танымдылық мақсаттарды көздемейді.Ол педагогика, медицина, еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда пайдалануға болатын түрлі ұсыныс нұсқауларды адам өмірін жақсарту үшін қолдануға қажеттігін дәлелдеген.

Психологиялық практик- арнайы білімі бар психолог әр-түрлі жағдайларда тұтынушы сұранысына байланысты психологиялық көмек көрсете алатындығы ұйғарылған. Күнделікті өмір психологиясының ғылыми психологиядан бес негізгі аырмашылығы бар:

1. Күнделікті өмір психологиясы нақты болады. Ал ғылыми психология басқа ғылымдар сияқты жалпылама болады және ол үшін ғылыми түсініктерді қолданады.

2. Күнделікті өмір психологиясы интуитивті мінезді болдады. Ал ғылыми психология рационалды және сапалы болады.

3. Бұл айырмашылық білімді беру тәсілдеріне байланысты.

4. Күнделікті өмір психолгиясында білім бақылау және ойлау әдістері арқылы келеді. Ал ғылыми психологияда мұндай әдістер өте көп болады. Эксперимент, диогностика, коррекция, тестілер т.б.

5. Ғылыми психологияда өте кең, әр-түрлі және қайталанбас материал бар.Ал бұл материалды күнделікті өмір психологиясын тасмалдаушы бар көлемін меңгере алмайды. Бұл материал ғылымның түрлі сапалыларында жинақталады: Жас аралық психология, педагогикалық психология, патопсихология, зоопсихология, әлеуметтік психология, нейтропсихология және т.б.

Психологиялық құбылыстар – субъектінің ішкі тәжірибесінің элементтері немесе субъективті жағдайлары.

Психикалық фактілер – бұл психиканың көріністерінің кең көлемі , соның ішінде объективті формаларының.

Тақырыбы: Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби іс -әрекеті

Мазмұны:

1. Ғылыми психологияға дейін.

2. Ғылымилық психологияның тууы.

3. Қазақстандағы психологиялық ғылымның дамуы.

4. Қазіргі кездегі психологиялық мектептер.

5. Отандық психологтардың өмірі мен іс-әрекеті.

Б. э. д. бірнеше онжылдық бұрын шығыста ұлы өркениет қалыптасқан: Египет, Қытай, Үнді т.б. Онда қазіргі кездегі ғылыми білімге әкелген көптеген ойлар туындаған, сол білімнің негізінде тірі дененің сыртқы табиғатпен, ал жанның әрекеті ағзамен байланысты екендігі жөнінде түсінік болған.

Барлық шығыстық мемлекеттерде ежелгі Греция қан айналымы маңызды орын алған, ал негізі ретінде екі бастама алынған: 1. қанның сұйықтығы; 2. оның ауасы

Қытайдың медициналық қайнар көзі «ішкі құрылыс жөніндегі кітап», «үнді мектептері» веданта, иога, миманса, және т.б. Қытай мектептері: Он - цзы, Конфуцы, Мо-цзы т.б. Қытайда адамдар келесі типтерге бөлінген:

1. Өт қышқылы немесе қаны басым адамдар күшті, арыстанға ұқсас, мықты, батыл адам.

2. Ауасы басым – салмақсыздық, қозғалмалы, маймыл тектес.

3. Слизь басым – жайбасар, аз қозғалатын адам.

«Веданта» - философиялық мектебінде жанның мәселесі дұрыс тәртіп, тұлғанаың жоғары даму сатысына жетуі, рахатқа бату. Көзқарасы ретінде этикалық көзқарасы этика түрінде талқылынған.

Иога мектебінде шынайы танымға жету үшін, оны көлеңкелеп тұрған барлық психикалық іс-әрекеттерді басу қажет. Иога тәсілдер жүйесін жасаған. Иога су бірінші дене қызметін (поза, демалу) басқаратын содан кейін психикалық актілердің назар салуымен ойлауды қамтитын тәсілдер жүйесін ойлап тапқан.

Лао – цзы ескерткіші ретінде саналатын «Дао дэ цзин» атты ұлы филасофиялық әлемдік еңбегі саналады.

Мао – цзы мектебінің этикалақ – діндік идеалы даосизмның мистикалық тенденциясынан, конфуциандықтық өз-өзінің ішіне үңілуінен айырмашылығы өмірге белсенді түрде әсер етуі қарама-қарсылығымен ерекшеленеді.

Ежелгі заманнан бері мәдениеттері өзара іс-әрекеттесіп жататын ойлар мен рухани байлықтар басқасына өзінше әсер етіп жатқан. Сондықтан ежелгі Грек философиясының ерекшеліктерін шығыстың дамуынан бөлек қарастыруға болмайды.Бұның барлық ғылыми көзқарастар жиынтығын қамтитын антикалық философияға қатысы бар. Оның туындауы адамдардың өмірлік материалдық жағдайының түбегейлі өзгерумен байланысуда.

Гераклит – сыртқы табиғатпен ішкі жанның бөлінбейтін ойының тарихында бірқатар маңызды келісушілік жасаған. Ол ағзадағы психикалық және психикалыққа дейінгі бірінен кейін бірі жалғасып жатқан күйді айқындап білген. «Маңыздылықтан» «оттылыққа» өту

кейбір жеке ағзаларда Логос жалпы заңдылықтарымен анықталады. Ол «бәрін басқарады» құбылыстардың даму заңдылықтары түрінде түсінік Гераклитте сол құбылыстарды өзгертіп отырады. Себептер жөнінде түсініктер байланыстыра алмаған.

Аристотель «жан туралы» трактат этика, риторика, метафизика, аналитика, жануарлар тарихы т.б. Адамның туғаннан кейін мүмкіндіктерінің болатынын ал даму тәрбие арқылы жүзеге асатынын, балалардың жас ерекшелігіне тұңғыш анықтама берген. Платон психологияға қосқан үлесі мектепке дейінгі балаға әңгіменің түсінікті ұғымды тәрбиелік жақтардағы жүйесін ұсынған.

Демокрит 70-тен астам 300-ге жуық фрагмент жазған, мінез құлықтың педагогикалық психологиялық негізін салған.

XIX-ғасырдың аяғында психология философиядан бөлініп жеке ғылым болып шықты. Психология жөніндегі алғы сөз XVI-XVII ғасырда пайда болды. Бұл сөздің авторы немістің дін оқытушысы Гоклениус. Осы сөз грек тілінен аударғанда «psyche» (жан) «logos» (оқу,білім,ғылым). Ал ғылыми- философияға XVIII-ғасырда енгізген неміс ғалымы Христиан Гольф бұл сөзді «жан туралы ғылым» деген. XIX-ғасырдың аяғында психология философиядан бөлініп жеке ғылым болып шықты 1879-жылғы Вилгельм Вундттың Лейпциг университетіндегі психологиялық экспериментальды лабороториясының ашылуы негіз болды. Бұдан кейін басқа да алдыңғы қатарлы елдерде осыған ұқсас лабороториялар мен институттар ашыла бастады.

XX-ғасырда психология дағдарысынан кейін бірнеше жаңа теориялар туындай бастады. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдалармен толықтыру немесе ауыстыруды мақсат етіп қойды.

Бихевиоризм ХХ-ғасырдың америка психологиясының басты бағыты ағылшын тілінен аударғанда «Бихевио» мінез-құлық деген сөзді білдіреді. Бихевиоризм теориясын қалаушы Э. Торндайк ал оның бағдарламасын жасап «бихевиоризм» терминін енгізген Дж. Уотсон.

Гештальпсихология неміс тілінен бейне, құрылым деген ұғымды білдіреді.ХХ-ғасырда Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Сананың ұқсас элементтерге бөлінуіне қарсы шығып, психика құбылыстарының тұтастығын өзіндік сананың ерекшеліктерін көрсетті.Басты өкілдері: М. Вертхаймер, В. Келлер, К.Кофман, К.Левин.

Фрейдизм негізін салған австрия психологы Зидмунд Фрейд жан дүниесіндегі санасыз әрекеттердің табиғатын зерттеген.

1923-жыл психоневрологиялық 1-ші съезд шақырылып психологияның міндеттері қабылданған. Орыс, кеңес психология ғылымының көтерілуіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.Г. Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запорожье, К.Н.Корнилов,А.Н.Леонтьев, А.Р. Лурия.,С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов, Д.Н.Узнадзе және басқалар болды.

Қазақстанда ілгері ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастады . сонау ерте заманнан бастап Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім психологиялық ілімдері, қазан төңкерісінен кейінгі 20 жылдарда М.Жумабаев, Ж.Аймаутов еңбектері, психологиялық көзқарастары «Психология», « Жан жүйесі және өнер таңдау» кітаптарында айтылған. Республикада психология саласында ғылыми дисертация қорғаған алғашқы ұлт мамандары – Е.Суфиев,Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды . Қазіргі кезде психология ғылымына үлес қосушы ғалымдар Х.Т.Шериязданова, Л.К Керимов, Д.М.Намазбаева, Жарықбаевтар .

Психологиялың ғылыми мекемелері.

  1. Ресей екі арнайы ғылыми зерттеу психология институты.

  2. Ресей білім академиясының психикалық академиясының психология институты 1914 жылы ашылды.

  3. Ресей ғылым академиясының психология институты 1971 ж.

  4. Санкт-Петербург ғылыми зерттеу психоневрология институты Бектеревтың бастамасы бойынша ашылған 1908 ж.

  5. «Сатр»-кемшілігі бар балаларды диагностикалық, коррекциялық, терапиялық жұмыстар жүргізу орталығы. Алматы.

  6. КазГу психология кафедрасы философия факультеті. АГУ

  7. КазГуда, АГУ-докторлық кеңес орталығы психология мамандарына арналған.

Лекция

Тақырыбы: Психология мамандық ретінде дамуы.

Мазмұны:

1. Психологиялық қызымет туралы түсінік.

2. Практикалық психологтың кәсібтік қабілеті.

3. Практикалық психологтың кәсібтік қабілетіне қойылатын талаптар.

4. Психологиялық кәсібтің даму тарихынан.

Психологияның қызмет – адамдарға негізгі психологиялық көмек көрсетуге бағытталған түрлі әлеуметтік институттар мен ұйымдарда пайда болған арнайы мекемелер жүйесі.

Психологиялық қызмет туралы іс-қағаз тәжірибелік психолог өзінің қызметінде

қолданатын негізгі іс-қағаз.

Психологтың кәсіпқой біліктіліктері – бұл оның өзінің әрекеті барысында профессионалды білімдерін қолдана білуі. Кәсіпқой біліктіліктерге келесілері жатады: диогностикалық, жобалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, бағалаушы, рефлексивтік.

Психологтың кәсіпқой білімдері – бұл жалпы , әлеуметтік психологиядан, психодиогностикадан, жасаралық, педагогикалық және практикалық психологиядан мәліметтері. Психологтың кәсіпқойлық білімдеріне мыналар жатады: теоретика-методологиялық, әдістік, қолданбалы.

Білім беру саласында психологиялық көмекті қолдану аймақтары:

  • Балалардың психологиялық және рухани дамуы;

  • Жасөспірімдердің тұлғалақ мәселелері;

  • Отбасындағы балалық-ата-аналық мәселелер;

  • Психикалық және соматикалық аурулар кезінде көмек көрсету;

  • Балалармен жасөспірімдерге кризистік және шешімсіз жағдайларда көмек көрсету;

  • Мектептегі консультация;

  • Кәсіпқойлық консультация;

КСРО-да практикалық психологияны балалар тәрбиесімен оқуында қолдану ХІХ-ХХ ғасырлар шенінде пайда болды және педалогиямен байланыстырылды. Педалогия – тұтасы баланы зерттеуге пәнаралық қатынас.

1936 жылы ВКПБОК «Наркомпросов жүйесіндегі педологиялық ауытқушылар» деген қаулысында педалогиямен байланысты зерттеулердің барлығын жоққа шығарады. Бұл сынды қаулы балалар және психологияның, психодиогностиканың, практикалық психологияның зерттеуіне тежеу болды. Тек 60-жылдардың соңында ғана тәжірибелік психологтың мектепте әрекет етуінің формасын іздестіру белсенді болды.

80-жылдардың басынан бастап психологиялық қызметтің мемлекеттік білім беру жүйесінде қалыптасуы басталды. Бұл қоғамның қажеттіліктеріне, әлеуметтік тұлғалық дамудың заңдылықтарына байланысты болды. Мектептегі психологиялық қызметтің дамуы мына ғылымның есімдерімен байланысты: Ю.К. Бабанский, А.А.Бодалов, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, В.С.Мухина, Д.В.Эльюшин, А.Р.Лурия, Р.В.Овчарова және т.б. 1980 жылы «Психология мәселелері» журналы ұйымдастырған мектептегі «психологиялық қызмет» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сол жылы Таллинде бүкіл кеңестік психологтар конференция ұйымдастырылды. 1984 жылы Мәскеудегі КСРО-ның Ғылымдар Академиясы психология институтында КСРО-дағы психологиялық қызмет сұрақтарына арналған І –Бүкілкеңестік конференция болып өтті. 1987 жылы «Мектептегі психологилық қызметтің ғылыми-практикалық мәселелері» атты Бүкілкеңестік конференция болды.

1988 жылы КСРО мемелекеттік комитетінің барлық оқыту- тәрбиелеу мекемелерінде мектеп психологтарының қызметін енгізу туралы қаулысы жария етілді. Бұл мектептегі практикалық психологтың әрекетінің құқықтық негізі болды, оның әлеуметтік дәрежесін айқындап, құқықтарымен міндеттерін белгіледі.

Тақырыбы: Білім беру жөніндегі психологтың құқықтық дәрежесі.

Мазмұны:

1. Практикалық психологқа қойылатын талаптар.

2. Психологтың құқықтары.

3. Психологтың міндеттері.

4. Психологтың этикалық кодексі.

5. Психолог жұмысының негізгі бағыттары.

Практикалық психология – бұл психологиялық ғылымның саласында адамның нақты өмір жағдайы мен оның қайталанбастығы, индивидуалдығы зерттеледі. Практикалықпсихология қызмет әрекеті де болып табылады. Оның мақсаты жеке адамға немесе тапқа адамдар тобына психологиялық көмек көрсету және нақты психологиялық мәселелерді шешу.

Психологтың зерттеу іс-әрекеті

- мәселені тұжырымдау ( бір ортаға түйю)

- болжам шығару

- тексеруді іске асыру (болжамды)

- Тексерілген болжам жөніндегі нәтиже қорытындылап түйінін жасау, талдау.

Мәселе дегеніміз- ол жауап талап ететін сұрақ ретінде қарастыруға болады.

Болжам - олар таңдалған мәселеге мөлшермен жауап айту, өзінің көзқарасына байланысты жауап береді. Оны «мүмкін былай шығар» деуге болмайды, онда нақты бір түйін жазылуы керек.

Талдау (гипотеза)-нақтыланғаннан кейін зерттеуші оны тексеруге кіріседі. Жалпы тактикамен, стратегияны анықтау керек.

Б.Г. Ананьев бұл кезеңді «ұйымдастыру» деп атаған соған байланысты ұйым кезеңін анықтаған оның ішінде негізгісі болып салыстырмалы әдістер саналады.

Салыстырмалы әдістерден басқа комполексті әдістер бар-срез алу (тексеру)

Бақылау-психологияның болып жатқан нәрсеге араласпай тек бақылап отырады. Психологияның кемшілігі мен зерттеу жетістігі болады.

Бақылау а) лабороториялық эксперимент.

б) эксперименттік

в) табиғи эксперимент

Эксперименттік бақылаудан айырмашылығы психолог зерттеу жағыдайды өзі ұйымдастырады.

Лобароториялық эксперимент-арнайы жағыдайда белгілі бір лобароториялық жүргізілетін эксперимент.

Табиғи эксперимент-ол бақылау мен эксперименттің ортасында болатын эксперимент. Психолог зерттеуші табиғи жағыдайды бұзбайды жәй бақылап отырмай белсенді әсер етеді.

Әңгімелесу әдісі-психолог зерттеуіндегі кең тараған әдістің бірі. Жинақталған барлық материалдарды өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, сандық және сапалық талдаулар жүргізу . Әңгімелесу (интервью) – бұл ерекше әдіс вервальді коммуникация негізінде ақпарат алуға негізделген. Әңгімелесудің ерекшелігі зерттеуші мен жауап беруші тікелей өзара әрекет түсетіндегінде.

Барлық психологиялық зерттеу іс-әрекетінің соңында материалдық есептеулер жүргізілуі керек. Зерттеулер жұмысы шыққан нәтижемен алдын-ала белгіленген талдау салыстырылады. Болашақта теориямен қаншалықты сәйкес келетіні анықталады. Сол шеңбердегі талдау теорияның қаншалықты сәйкес келетінін көрсетеді.

Практикалық психологқа қойылатын квалификациялық талаптар:

-Психологиялық білім туралы диплом;

-Білім беру жүйесінде 3-жыл қызмет ету;

-Балалар психологиясы,даму заңдылықтары және т.б. білімдері мен біліктіліктерінің болуы.

-Балалар психологиясы, әлеуметтік психология,тәжірибелік психология саласында теориялықбілімдерінің болуы.

Практикалық психологтың құқықтары заңды,әлеуметтік және моральді түрде қолданады.

Психологтың құқықтық дәрежесі психологтың қызмет туралы қаулыда бекітілген.

Практикалық психологтың қызметінің негізгі бағыттары: психодиогностика, психокоррекция, псхологиялық консультация, психопрофилактика, психологиялық ағарту.

Психологиялық ағарту – бұл ересектер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен жайсыздықтардың алдын-алу.

Психологиялық консультация – адамдарды қобалжытатын мәселелерді алдын-ала зерттеп, соның негізінде түрлі кеңестер мен кепілдемелер түрінде практикалық психологиялық көмек көрсету.

Психокоррекция – дені сау адамның мінез-құлқын немесе психологиясын мақсаттылы түрде өзгерту.

Психологиялық диагноз – зерттеленушіні комплексті анализ көрсеткіштерімен мінездемелер негізінде оның қасиеттері мен жағдайы туралы қорытынды шығару.

Психодиагнстика әрі теориялық,әрі тәжірибелік ғылым.

Тәжірибелі психодиагностика дегеніміз- психологтың кәсіптік қызметінің күрделі де жауапты саласы. Психологтың қызметі белгілі талаптарды, психологиялық принціптерді қатал сақтау бойынша жүзеге асады.

Практикалық психологтың құқықтары заңды,әлеуметтік және моральді түрде қолданады.

Психологтың құқықтық дәрежесі психологтың қызмет туралы қаулыда бекітілген. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың 2011жылдың 20 желтоқсандағы №528 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілді.

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (5-бабының 45-1) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер: 1. Осы Қағидалар Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі - Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді. 2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады. 3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады. 5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы: 1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын; 2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын; 3) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрі- психодиагностикалау), психо­логия­лық тренингтерді, аталған білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстарын; 4) білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін; 5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін; 6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық психологиялық портреттерін; 7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын; 8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын; 9) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды. 6. Психологиялық қызметтің жұмыс қорытындысы жергілікті білім органдары бекіткен білім беру ұйымдарының есептік құжаттамаларында қамтылады. 2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері 7. Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. 8. Психологиялық қызметтің міндеттері: 1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; 2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету; 3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету; 4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту; 5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру; 6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету; 7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру. 9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профи­лакти­калық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады. 10. Психодиагностикалық бағыттар: 1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау; 2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру; 3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау; 4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау. 11. Консультациялық бағыттар: 1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру. 12. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар: 1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету; 2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу; 3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау; 4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету. 13. Түзету-дамытушылық бағыттар: 1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу; 2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру; 3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету. 14. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар: 1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т. б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу; 2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру; 3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу. 15. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді. 16. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары (бөлімдерімен) үйлестіреді. 17. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады. 18. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі. 19. Педагог-психолог өз қызметінде: 1) осы Қағидаларды басшылыққа алады; 2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды; 3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет; 4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады; 5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін біледі; 6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды; 7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды; 8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді; 9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады; 10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады; 11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады; 12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді; 13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады; 14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды; 15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады; 16) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады; 17) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды; 18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады; 19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады; 20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды; 21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады; 22) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады; 20. Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе «Практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен педагогикалық білімінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық білімі болу керек. 21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүк­теме «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгілік штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қантардағы №77 қаулысына сәйкес белгіленеді. 22. Педагог-психолог: 1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын; 2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын; 3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын; 4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді. 23. Педагог-психолог әкімшілік бағыт бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша - аудандық (қалалық) және облыстық білім басқармаларында психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін маманға бағынады. 3. Қорытынды ереже 24. Білім беру ұйымының басшысы Психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді. Этикалық кодекс – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігіне сүйеніп құрылған моральдық мінез-құлық жиынтығы.

Этикалық кодекс 28 пунктен құрылған. Мұнда психологтың клиенттерімен, олардың мәселелерімен, ата-аналармен, балалармен арнайтын қарым-қатынас, диогностикалық зерттеулермен психологиялық әрекеттер туралы жағдайлар белгіленген. Этикалық кодекс – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігіне сүйеніп құрылған моральдық мінез-құлық жиынтығы. Психологтың өзін кәсіби жағынан өзін анықтаудағы этикалық мәселелері:

  1. Психологтың этикалық мәселелеріндегі негізгі нұсқалар мен деңгейлерін қарастыру. (құқықтық деңгейі, адамгершілік деңгейі т.б. )

  2. Психологиядағы негізгі «этикалық келемеж».

  3. Ғылыми зерттеу іс-әрекетіндегі психолгтың этикалық мәселесі.

  4. Практикалық психологтың негізгі этикалық мәселесімен «қызықтыру»

  5. Психолог жұмысындағы негізгі этикалық принципі.

  6. Психолог жұмысындағы адам құндылығы мәселесі

Психологтың этикалық кодексі

1. Балалар алдындағы психологтың кәсіби жауапкершілігі оларды оқыту жүйесінде байқалады.

2. Баланың қызығушылығы оқыту-тәрбиелеу мекемесінің қызығушылығына қарсы шыққан жағдайда,басқа адамдардың, үлкендердің және балалардың,психолог максимальды жағдайда өз функциасын атқаруы тиіс.

3. Психологтың жұмысы тәуелсіз кәсіби принціпке байланысты құрылады.Сол себепті оның өз кәсібіне байланысты қабылданған шешімдері мекеменің басқарушырларымен және одан да жоғарғы мекемелерімен өзгертілмейтіні.

4. Психологтың шешімін тек арнайы құрылған коммисия, яғни жоғары тәжірибелі психологтар ғана өзгерте алады.

5. Балалар мен жұмыс істеу кезінде психологтар шындық принціпіне сүйенеді.

6. Балаларға көмектеспес бұрын, психологтың өзі сенімдікпен құқылы міндеттерді қажет етеді.Ол ең алдымен өзіне берілген құқықтарды қолдана білу тұрғысынан жауапкершілік алады.

7. Іс-тәжірибеде өтуші психологтың жұмысы баланың интелектуалды және тұлғалық даму мүмкіндіктеріне қарап жүреді, яғни бұл оқыту жүйесіне, мақсат қою деген мағынаны білдіреді.

8. Психологтың жұмысы сыйласымдылық пен баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне тиіспеуіне құрылады, яғни бұл жалпыға бірдей адам құқығын қорғау декларациасына сүйенеді.

9. Психолог баланың қызығушылығын қоғам мен адамдар алдында қорғаушы болып табылады.

10. Психолог психодиагностикалық және психокорекциялық әдістерді таңдау кезінде және өз қортындысын шығарған кезде өте абай болу керек.

11. Психолог бала дамуын шектемеуі, адамның бостандығын, физикалық және психикалық мүмкіндіктеріне әсер етпеуі тиіс.Оның кәсіби этикасы ауыр бұзылады, егер ол балаға кері әсер ететін жағдайлармен айналысса.Бұндай жағдай бір рет кездесетін болса психолог балалармен жұмыс істеу дипломын және де басқа құжаттарды қолдану құқықтан айырылады.

12. Психолог өзі бағынатын адамдарға ақпарат беріп отыруы қажет, сонымен қатар бала құқығы бұзылып жатқанын естісе немесе көрсе тиісті жерге хабарлауға міндетті.

13. Психолог кез-келген саяси, идеалогиялық, әлуметтік, экономикалық жағдайлардың бала құқығын бұзуға әкелетінін біліп, оған кез-келген уақытта қарсы тұра алуын мүмкін.

14. Психолог өз көмегін өзінің біліміне қарай ғана көрсете алады.

15. Егерде психолог әлі толық зерттелмеген психодиагностикалық және психотерапептік (психокоррекциялық) әдістерді қолданатын болса, адамдарға алдын ала ескертуі керек,сонымен бірге қорытынды жасау кезінде де өте абай болуы қажет.

16. Психолог психодиагностикалық, психотерапевтік және психокоррекциялық әдістерді қолдана білмейтін адамдарға беруге құқығы жоқ.

17. Психолог психодиагностикалық және психологиялық әдістерді осы сала боойынша тәжірбиесі жоқ адамдарға қолдануы тиіс.

18. Балалар жас өспірімдік және үлкен мектеп жасында жеке кеңес алуға құқылы,яғни үшінші адам болмайды, мұғалім және ата-ана.

19. Психолог үлкен балаға кеңес беру кезінде оның өзінің қалауы бойынша үшінші адамды болдырады, бұл ерекше жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

20. Жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы балаларға жүргізілген тексерудің қорытындысын психолог үшінші адамға баланың келісімі жеткізе алады.Сонымен қатар бала өзі туралы не айтылатындығын және кімге айтылатындығын білуге құқылы.

21. Оқыту, тәрбиелеу мекемесінің басқарушыларына,мұғалімдерге, баланың ата-аналарына,балаларға қатер төндірмейтін ақпараттар ғана беріліп отырады.

22. Психолог өзінде бар ақпараттарға сүйене отырып адамдарға кері әсер ететін жағдайлар бар екенін айтуға тиіс, бұндай жағдайда кімнен көмек алатындарында айту керек.

23. Психолог балаға кері әсер ететін жағдайларға араласпау керек.

24. Психолог көмек сұраған адамдарға өзі орындай алмайтын уәделер бермеуі керек.

25. Егерде баланы психикалық тұрғыдан тексеруді басқа бір адам сұраса, яғни білім органының адамдары, дәрігерлер, судьялар және тағы басқа психолог баланың ата-анасына айтуы қажет.

26. Психолог өзі тексеруден өткізген туралы ақпаратты құпия түрде сақтауға тиіс.

27. Оқыту тәрбиелеу мекемесінде жұмыс істейтін психолог өзінің тәуелсіз жұмыс істейтінін осы мекеменің басқармасына алдын ала айтуы қажет.

28. Психологтың кәсіби – этикалық кодексі бұзылған жағдайда ол іс-тәжірибесі мол психологтың ар-намыс ассоцияциясының сотында қарастырады, ол кейбір жағдайларда оқу жүйесінде психолог қызмет атқарып жүрген мамандармен қарастырады.

Лекция: Тақырыбы: Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби

іс -әрекеті

1. Тұлға қасиеттерінің құрылысы

2. Педагогтың кәсіби біліктілігі

3. Кәсіби педагогикалық іс - әрекеттің түрлері

4. Педагогтың кәсіби сапалары мен біліктілігі

5. Педагогтың кәсіби қажетті сапалары

Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.

Патопсихология зерттеулердің дамуы және эзоториялық психология. «Орташа» сананың қалпын өзгеруі (түс, шаршау, қатты шаршау).

Мдтация, экстрасенсияны қабылдау.

Патопсихологиялық қалпы наркотик, голлюционацияға, нейроприсант және қозу әдісі.

Психологияның пәні психиканың дамуының функциялары мен қасиеттерін, заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Ғылымдар жүйесінде психология ерекше орын алады себебі бұл ғылым адамға белгілі ең күрделі жоғары ұйымдасқан материя, яғни ми жайлы ғылым.

Практикалық психология – бұл психологиялық ғылымның саласында адамның нақты өмір жағдайы мен оның қайталанбастығы, индивидуалдығы зерттеледі.

Практикалық психология қызмет әрекеті де болып табылады. Оның мақсаты жеке адамға немесе басқа адамдар тобына психологиялық көмек көрсету және нақты психологиялық мәселелерді шешу.

Психодиогностика – бұл теория адамның психологиялық қасиеттерін, үрдістерін және жағдайларын ғылыми тексерістен өткен әдістер арқылы зерттейді.

Әңгімелесу (интервью) – бұл ерекше әдіс вервальді коммуникация негізінде ақпарат алуға негізделген. Әңгімелесудің ерекшелігі зерттеуші мен жауап беруші тікелей өзара әрекет түсетіндетіндігінде.

Психологиялық диагноз-бала тұлғасының қалыптасуының немесе дамуының психологиялық компонентерін зерттеуден соң берілетін негізгі мінездемелердің қорытындысы.

Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың заңды дәрежесі

  1. Практикалық психологқа қойылатын талаптар.

  2. Психологтың құқықтары.

  3. Психологтың міндеттері.

  4. Психологтың этикалық кодексі.

  5. Психолог жұмысының негізгі бағыттары

Практикалық психологқа қойылатын квалификациялық талаптар:

-Психологиялық білім туралы диплом;

-Білім беру жүйесінде 3-жыл қызмет ету;

-Балалар психологиясы,даму заңдылықтары және т.б. білімдері мен біліктіліктерінің болуы.

-Балалар психологиясы, әлеуметтік психология, тәжірибелік психология саласында теориялық білімдерінің болуы.

Практикалық психологтың құқықтары заңды,әлеуметтік және моральді түрде қолданады.

Психологтың құқықтық дәрежесі психологтың қызмет туралы қаулыда бекітілген.

Этикалық кодекс – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігіне сүйеніп құрылған моральдық мінез-құлық жиынтығы.

Этикалық кодекс 28 пунктен құрылған. Мұнда психологтың клиенттерімен, олардың мәселелерімен, ата-аналармен, балалармен арнайтын қарым-қатынас, диогностикалық зерттеулермен психологиялық әрекеттер туралы жағдайлар белгіленген.

Практикалық психологтың қызметінің негізгі бағыттары: психодиогностика, психокоррекция, псхологиялық консультация, психопрофилактика, психологиялық ағарту.

Психологиялық ағарту – бұл ересектер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен жайсыздықтардың алдын-алу.

Психологиялық консультация – адамдарды қобалжытатын мәселелерді алдын-ала зерттеп, соның негізінде түрлі кеңестер мен кепілдемелер түрінде практикалық психологиялық көмек көрсету.

Психокоррекция – дені сау адамның мінез-құлқын немесе психологиясын мақсаттылы түрде өзгерту.

Психологиялық диагноз – зерттеленушіні комплексті анализ көрсеткіштерімен мінездемелер негізінде оның қасиеттері мен жағдацы туралы қорытынды шығару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]