Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ped-psikhol_mamand_Kirispe.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

Глоссарий

Р/с

Ұғымы

Мазмұны

1.

Агрессия

( лат. Aggression – шабуыл жасау) – Физикалық немесе психологиялық зиян немесе нұқсан келтіруге, басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған мінез – құлық, әрәекет.

2.

Анимизм

(алт. anima, animus – жан, рух) – жан мен рухқа сену. А. – алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған тарихи құбылыс.

3.

Антропоморфизм

(грек, anthropos – адам және morphe – түр, пішін) – шыныда тек адамдарға ғана болатын психихалық қасиеттермен қабілеттердің жануакларда бары туіралы түсінік.

4.

Аперцеппия

(лат.Perception – қабылдау) – адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат – мүддесіне, әдет – ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.

5.

Афазия

(грек. А – болымсыздық жұрнағы және phases – пайда болу) – жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы.

6.

Аффект

(лат. Affectus – жан толқынысы, құиарлық) – адмның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан – тұрқан болып сыртқа тебуі ( долдану, үрейі, ұшу, торығу, т.б.)

7.

Әлеуметтік психология

Адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез – құлық және қарекет заңдылықатарын, сондай – ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.

8.

Басқару психологиясы (Психология упарвления )

Басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі иіндеті – тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды.

9.

Бихевиоризм

(ағыл. behaviour – мінез – құлық ) - ХХ ғасырдағы америкалық психллогияның басты бағыты. Б. Психологияның мақсаты – сананы зерттеу емес, мінез – құлықты зерттеу деп білді

10.

Волюнтаризм

(лат. Voluntas – еркін) - психология мен филрсофиядағы идеалистік ағым, ерікті психиканың жжәне тұтастай болиыстың негізінде жатқан табиғаттан үстем ерекше күш деп білушілік.

11.

Генетикалық психология

(Генетическая психология)

әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Алайда генетикалық психологияға салыстырмалы психология саласы да кіреді.

12.

Геронтология

(герк. Geren (gerontos) – қарт және қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу. Бұл салада өмірдің физиологиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. жақтары қарастырылады.

13.

Гипноз

(грек. hapnos – ұйқы) – сананың уақытша күйі; сана көлемінің қушиюымен және оның иландырудың мазмұнына барынша шоғырланумен сипатталады, мұның өзі индивидумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты.

14.

Гипнотерапия

( гипно.... және герк. therapeutes – ауруды күтуші) – гипеоз қолданылатын кез келген психотерапияны білдіретін жалпы термин. Г. әдетте директпвалық терапия деп пайымдалады, өйткені гипноз клиент басқа адамнан нұсқау алатын енжарлық күйін туғызады.

15.

Гуманистік психология

Психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүй»е болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есесптейтін бағыт. Гуманистік психологияның өкілдері психология невороздар мен психикалық кінәраттарға және механистік теория арқлы түсіндіруге болатын жайттарға тым көп көңіл бөледі, шын мәнініде ол адамның асқақ қажетсінулерін, адамның өзін - өзі кемелдендіруін, білім алуын, эстетиканы зерделейтін ғылым болуға тиіс деп есептейді.

16.

Психастения

1) психихалық әлсіздік; 2) ақыл – ойы кем, ақыл – ой мешеулігі.

17.

Психиклық детерменизм (Психический детерминизм)

Барлық психикалық актілер мен көріністердің өздік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас. П.д. психоаналитикалық әдістеменің негізгі ережесін құрайды.

18.

Психогенез

( герк.psyche – жан, genesis – шығу тегі) – Психикалық құбылыстардың дұрыс қалыптасқан және науқасқа ұшыраған көріністерінің бастауын қарастыратын ұғым.

19.

Психогигиена

(психо.. және герк. hygienos – емдік) – дені сау адамдарды психикалық жүйке ауытқушылығынан, психикалық зақымнан сақтандыру үшін арнайы көмек көрсететін медитциналық психология саласы.

20.

Психодиогнистика

(психо... және diagnoctikos – айырып тануға қабілетті) – адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы

21.

Психодинамика

(психо....және грек. dynamos – күш) – қарам – қарсы бағыттағы мотиватциялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез – құлық құбылыстарын түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы.

22.

Психоз

(грек. psychs – жан) - жеке ададмды тоқыраушылыққа ұшырататын психикалық қызметтің ауытқыушылығы немесе психикалық науқастық.

23.

Психолингвистика

(психо... және франц.linguestigue < лат. Lingua – тіл) - адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасуы мен бір қалыпты өтуін зерттейтін психилогтя мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы.

24.

Психология

(грек. psyche – жан, logos – ілім) – тіршілік қаракетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым.

25.

Психоневроз

( психо... және герк. neuron – жүйке ) - жеке адамның ойлануындағы, сезімдегі, мінез – құлығындағы қилы – қилы ауытқушылықты сипаттайтын психиатра мен диогностикалық психоталдаудың басты ұғымы.

26

Зоопсихология Салыстырмалы психология.

Жеке психологияның бір саласы жалпы психологиямен байланысты

-адам мен жануарлар психикасының салыстыру негізінде жұмыс жасайды. Кейде психология саласын біріктіретін эволюциялық бои психика деп қарайды.

27

Арнаулы психология

Психиканың дамуындағы ауытқушылық мәселелерін қарады. Пстопсихология, сурдрпсихология, тифлопсихологияға бөлінеді.

28

Әлеуметтік психология

Тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтары, топтың даму мен қалыптасуы

  1. Адамдардың өзара қарым-қатынас психикасы

  2. топтар психологиясы

  3. тұлғаның әлеуметтік психикасы

29

Еңбек психологиясы

Еңбек психологиясының заңдылықтарын зерттейді. Өте көптеген бөлімдерге бөлінеді. Әр маманға байланысты өзіндік психологиялық білім береді. (авиация психология, басқару психологиясы, инженерлік психология)

30

Дифференциалды психология

Адамдардың бербестік психикалық ерекшеліктерін зерттейді. Дербестік ерекшеліктерінанықтау мен тәсілдер мен принципін дербестік қатынас негізін құрайды

31

Педагогикалық психология

Педагогикалық іс-әрекет ерекшелігін зерттейді оқу мен тәрбие психологиялық мәселелерін қарайды

32

Жас ерекшелік психология

Барлық психология салаларына кіреді. Әртүрлі жас ерекшеліктер кезеңдеріндегі психиканың даму заңдылықтары жөнінде білім береді. Жасөспірім, балалар, ересектер, үлкендер кезеңдер психология

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]