Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

2.Егіншілік жүйелерін құру әдістері.

Егіншілік жүйесін құрғанда келесі принциптерді сақтау керек:

  1. Өсімдіктердің өсуі мен дамуын лимиттейтін факторларды табу. Далалы аймақтардағы мұндай факторларға ылғалмен қамтамасыз етілу, эрозиялы процестердің пайда болуы жатады.

  2. Берілген аймақта өсіру үшін пайдалы дақылдардың түрлі құрамы дәлелденеді.

  3. Өсімдік өмірінің қолайсыз жағдайларын жену бағыттары мен шараларын жоспарлайды, егіншілік жүйесінің басымдық буынын анықтайды.

  4. Шаруашылық дамуының бағытын, оның мамандануын анықтайды.

  5. Ауыспалы егіс және топырақ өндеу жүйесін, топырақты су жөне жел эрозиясынан қорғау және мәдениеттендіру шараларын, ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптермен, зиянкестерімен және ауруларымен күресу кешенін, тыңайтқыштар қолдану масштабын жоспарлайды.

  6. Машина-трактор паркінің құрылымы мен құрамын анықтау керек.

7. Құрылып жатқан егіншілік жүйесінің қосымша буындарын дәлелдейді.

8. Әр танапта, учаскеде сапалы көрсеткіштерді қолданатын егіншілік жүйесінің буындарының бәрінде және бөлек-бөлек әр шаралардың өткізу кезеңін көрсетумен құрылады.

1. Альтернативті егіншілік жүйелері.

Соңғы жылдары әдетті егіншілік, альтернативті егіншілік қолдаушылармен сынға шалдығады. Бір аргумекті ретінде қазіргі Қарқынды егіншілік жүйесінің үнемшілдігі, кездігі мен экологиясыздығы ұсынылады.

Альтернативті егіншілікті қолдануларымен жарияланған, эйқын ғьшыми және тәжерибелі мақсаты болады: - Қазіргі егіншшікті "экологияландыру" және "биологияландыру" арқылы өзгерту, яғни қоршаған ортаға егіншілік зиянсыз болу керек және тұтынушыларды таза өнімдермен қамтамасыз ету керек, шаруашылықта барлық пайда болатын қалдықты және Қосымша өнімді максималды реутилизациясы мен рециркуляциясының негізінде егіншілікті қалдықсыздандыру керек; - шаруашылықтың тиімділігін көтеру, өміршендігін көтеру.

Бұл мақсаттың шешілуі қазіргі химияландыру құрал интегралды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданудан бас тарту. Бұл альтернативті егіншіліктің негізі болып саналал"сонымен қатар әр түрлі оның бағыттары арасында нақтылы шекара өткізу қиын. Айырмашылықтары көбінесе елеусі принципиалды емес жене тек қана терминдік сипатты болады' АҚІП-та органикалық егіншілік, Францияда - биологияльк Швейцарияда, Швецияда және бірнеше басқа елдерде - органо-биологиялық егіншілік кең тараған. Европада (Дания, Швеция ж.б.) кең тараған бағыттарының бірі биодинамикалы және экологиллы жүйе болады. Батыс Европаның әр түрлі елдерінде адцындағы егіншілік жүйелерден аз айырмашылығы бар бірнеше бағыттар кездеседі: "табиғи", "микробиотикалы", "Говард-Бальфурдың жүйесі", т.б.

Альтернативті егіншіліктің кейбір бағыттары шектелген масштабта кейбір агрохимикатгарды қолдануға рүхсат береді.

Әрине, альтернативті егіншіліктің мақсаттары жақсы, өсімдіктерді қоректік затгармен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін. Бұл жағдайда негізгі ставканы әр түрлі органикалық тыңайтқыштарды енгізу арқылы, қиын еритін минераддар мен азотты фиксация жасайтын өсімдіктер қолдау арқылы топырактың биологаялық белсенділігін кетеруге қояды, Қоректену қоры ретінде топырақ микрофлорасының белсенденуі арқылы топырақтьыңминералды резервтерінен қоректік заттардың шығуы қаралады. Қоректік заттарды өсімдіктердін сіңіре алуы және біркелкі қамтамасыз етілуі топырақты оңтайлы өңдеумен және ғылыми дәлелденген ауыспалы егістермен жасалынады. Ауыспалы егістердің арамшөптермен, ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларымен күресте белгілі мадызы бар.

Жалпылаған мәліметгер бойынша альтернативті егіншілік өз сүйкімділігіне қарамай ауылшаруашылық дақылдарының өнімділік дәрежесінен көбінесе, әдеттегімен әзірше бөсекелесе алмайды: дәкді дақылдардак орта есешісн 15-20%, картоптан 30-35, жемістерден 40 және одан жоғары пайызға кем алынады.

Лимитті факторы ылғал болатын, мшан кебікесе денді дақыддарды өндіру болатык Американың далалы аймақтарында икемді егіншілік концепция жалпыға түсінікті бола бастады. Оның негізгі ылғал жинау шаралар кешені және соның негізінде қалыптасып жатқан ауа-райының жағдайына байланысты ауыспалы егісте қатал бекітілген дақылдар мен сүрі танаптың алмасуынан бас тартуға мүмкіндік. Бұл жағдайда топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, өсімдіктерді арамшөптерден, аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесінде сәйкес өзгертулер алдын ала ескертіледі.

Икемді егіншілікте сүрі танаптан басқа алғы дақылдардан кейін себудің қажеттілігінің сұрағын шешкенде анықтайтын критерий себудің алдындағы ылғал қоры болады, ол нақтылы өлшеумен және су сіңіру терендігінен анықтайды. Бірақ оны өсімдіктердің тиімді қолдануы минералды қоректенумен анықталады.

Тандаған егіншілік жүйесінің бөлек шараларымен жалпы дұрыс болуының дәлелденуі нақтылы өнімділіктің санауымен сөйкес келуі және топырақ құнарлығының сақталуы мен көтерілуі болады.