Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

I Тарау. Топырақтың агрофизикалық және су қасиеттерін зерттеу әдістері

1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі

Тапсырма

1. Топырақтың құрылымдылық күйімен эрозия шадығуын анықтаудың кейбір әдістерімен танысу.

  1. Топырақтың агрегаттық құрамын анықтау әдісін игеру.

  2. Құрылымды бөлшектердің суға төзімділік дәрежесін бағалау.

4. Топырақтың эрозияға шалдығуын түйіртпектілік өсімдік қалдықтарының болуымен анықтау.

5. Талдау нәтижесіне байланысты топырақты су және жеке эрозиясынан қорғау үшін шаралар құру.

Көлемі, пішіні мен беріктігі және саңылаулығы әр түрлі құрылымды бөлшектер мен топырақтың агрегаттар жиынтығы құрылым деп аталады, ал топырақтың ер түрлі құрылымды бөлшектерге ыдырау қабілеті құрылымдылық деп аталады.

Топырақ құрылымы оның құнарлығының ен басты факгорларыкың бірі болып саналады. Топырақ құрылмы туралы екі түсінік бар: морфологиялық және агрономиялық. Морфологиялық түсінік бойынша топырақтың әр типі мен оның бөлек қабаттарында анық пішінімен сипатталатын өзіне сай құрылымы болады. Оның қалыптасуы топырақ түзілу үрдісімен байланысты. Құрылым үш негізгі типке бөлінеді: текше тәрізді, призма тәрізді және тәрізді.

Агрономиялық көзқарас бойынша маңыздысы пішіні емес, құрылымды бөлшектердің көлемі мен беріктігі. Олар өз алдына микро және макро агрегаттарға бөлінеді. Бұл ерминдерді К. К. Гедройц енгізген. Микроагрегаттарға диаметрі 0,25 мм-ден ұсақ бөлшектер, макпоатрегаттарға 0.25 мм-ден ірі бөлшектер жатады.

Кейін профессор В.В. Квасников одан гөрі толық топырақты агрегаттардың жіктелуін ұсынған;

Тоң кесек- 50 мм-ден ірі агрегаттар.

Ірі кесектер- 10-50 мм-ге дейін.

Майда кесектер — 0,25-10 мм.

Шаң - 0,25 мм-ден ұсақ.

Қазіргі уақытта егіншілікте Н, В. Вершининаның (1959ж қолданылады, оның айтуы бойынша: мега құрылым (тоң кесекті құрылым) —10 мм-ден ірі макроқұрылым (кесекті — түйіршікгі) — 0,25 — 10 мм микро құрылым ірі — 0,01ден 0,10 мм-ге дейін, ұсақ - 0,01 мм ден майда.

Агрономия жағынан ең бағалысы, агрегаттардың көлемі 0,25 тен 10 мм-ге дейінгі кесекті - түйіршікті құрылымдарды саналады.

Топырақтың құрылымын сипаттау үшін құрылымдық коэффициентін (К) қолданады, Оны анықтау үшін көлемі 0,25-тен 10 мм-ге дейінгі (С) агрегаттар салмағын топырақтың қалған салмағына (Б), яғни 10 мм-ден ірі және 0,25 мм-ден ұсақ агрегаттар массасына бөлеміз.

К=С/Б (1).

(К) мәні жоғары болған сайын топырақтың құрылымы да жақсы болады. Бірақ көлемінен басқа олардың беріктігі мен саңылаулығының да маңызы ете зор. Сондықтан агрономиялық бағалы құрыльш болып көлемі 0,25 тен 10 мм-ге дейінгі агрегаттар және сулы-механикалық әсерге төзімді және қажетті саңылаулығы бар агрегаттар жатады.

Суға төзімділік дегеніміз — топырақ агрегаттарының судың шаю әсеріне, механикалық — машина мен құралдардың, тракторлардың жүріс белігінің және басқа техниканың жұмыс органдарының әсеріне қарсы түру қасиеті.

Барлық топырақ-климат аймақтары үшін, қолайлы сулық және ауалық режимдердің қолайлы ара қатынасы қамтамасыз ететін агрегаттардың онтайлы көлемі бірдей болуы мүмкін емес. Жеткілікті және артық ылғалдылық жағдайда топырак, борпылдақ құрылысты болып келеді, сондықтан жақсы ірілеу құрылымды бөлшектер қамтамасыз етеді, құрғақшылық артқан сайын қолайлы сулық-ауалық режим құру үшін топырақ агрегаттарының майда болғаны дұрыс, өйткені артық борпылдақ болса топырақ тез құрғап, минерализацияға ұшырауы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан жағдайында диаметрі 1 мм-ден ірі көлемді топырақ агрегаттары желге төзімді болады, 1 мм - ден майдалары эрозияға қауіпті болады (А. И. Бараев, А. А.3айцева, 1975). Топырақтың беткі қабатында 1 мм - ден ірі агрегаттар саны 60% -н жоғары болса, ол жел эрозиясына төзімді болады, яғни бұл жағдайда агрономиялы бағалы құрылымның желге қаскеті болу керек. Топырақ агрегаттарының көлемі 1 мм-ден ұсақ болса жел эрозиясының пайда болуы мүмкін өйткені топырақтың беткі қабатының желге төзімділі түйіртпектілікке байланысты пропорционалды өзгереді Сондықтан топырақтың жыртылатын қабатының құрылысының, қолайлығы жағынан және эрозияға төзімділігінін жеткілікті болу үшін жыртылатын қабатта агрегаттар көлемі 0,25 мм - ден 10 мм - ге дейін, беткі қабатта 2-ден 10 мм - ге дейін болған дұрыс.

Топырақтың құрылымдылық дәрежесін, оның ішінде 0,25 мм -ден ірі агрегаттардың суға төзімділігін бағалау үшін С. И. Долгов, және П. У. Бахтин мынадай жіктеу ұсынды (1 кесте).

Ұсынған жіктеу әмбебап (универсадды) емес, тек қана салыстырып бағалау үшін керек. Мысалы, әр түрлі өндеу шараларынан кейінгі ауыспалы егістегі алғы егістерден кейін және басқа топырактын құрылымдылық дәрежесін бағалау үшін керек.

1-кесте. С.И. Долгов және П.У.Бахтин бойынша топырақтың құрылымдық дәрежесі.

Құрылымдылық дәрәжесінің бағасы

0,25 мм - ден ірі суға төзімді агрегаттар мөлшері, %

Өте жақсы

70-тен жоғары

Қанағаттанарлы

70-тен 55-ке дейін

Жақсы

50-ден 40-қа дейін

Қанағаттанарсыз

40-тан 20-ға дейін

Құрылымсыз

20-дан төмен

Құрылымсыз, шаңданған топырақтардың су және ауа өткізгіштігі нашар, ылғалдылығы мен ауа сиымдылығы өте төмен болады. Жаңбырдан немесе суарғаннан кейін құрлымсыз топырақтың бетін лай басып кетеді, жабысқақтығы күрт жоғарылайды, Құрғағанда бұл топырақтар қатты тығыздалады, оның бетінде өсімдіктердің өсіп дамуына, топырақ пен атмосфеознын ауа ауысуына кедергі болатын қабық пайда болады. Құрылымсыз топырақтар жел және су эрозиясына оңай.

Ал құрылымды топырақтарды керісінше, онтайлы су, ауа ресурстары мен жылу режимі қалыптасады. Ол өз кезегінде өсімдік микробиологиялық қызметінің дамуына, олардың қоректік заттарды жұмылжыруы мен оңай сініруіне септігін тигізеді. Сондай-ақ құрылымды топырақтар өзінін жақсы су еткізгіштік қасиетіне байланысты түскен жауын-шашынды тиімді сініреді. Бұл су режимнің шайылмайтың типі жағыдайында өте маңызды болып табылады.

Топырақ құрылымы табиғи факторлар арқылы-да сондай-ақ, өндірістік әсер (антропогенді фактор) нәтижесінде де бұзылуы мүмкін.

Құрылымды агрегаттардың бұзылу факторларының барлығьш мынадай топтарға белуге болады:

- Механикалық - топырақты өндейтін құралдардың, машиналардың жүріс белігінің әсері, су және жел эрозиясы, мал аяғымен басьш тастау және т.б.

- Физикалық-химиялық - топырақ сіңіру кешенінен бір валентті катиондармен (сутек, натрий) кальцийдің екі валентті катиондарын ығыстыруы.

- Биологаялық - цементтелген зат болып табылатын топырақтын органикалық заттары сонын ішінде қарашіріктің микроорганизмдермен ыдырауы.

Құрылым құрушы факторларға мыналар жатады: топырақтың кезекпен ылғалдануы мен құрғауы, мұздауы мен еруі, өсімдіктердің тамыр жүйесінін мүшелерге бөлу әрекеті, қазушы және қоюшы жануарлар, жауын құрттары, физикалық пісу кезеңіндегі топырақты өңдеудің әсері.

Құрылымды агрегаттардың сулық және механикалық төзімділігін арттыру шараларына мыналарды жатқызуға болды: топырақты органикалық затпен байыту, химиялық мелиоранттарды қолдану жолымен топырақ ертіндісінің қышқыл реакциясын бейтараптандыру, жасанды құрылым құрушы заттарды — полимерлерді: "К"және "АК" сериялы препараттарды қолдану.

Ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін онтайлы жағыдай қалыптастыру, топырақты құрылымдандыру үшін агротехникалық шараларды тиімді пайдалануды білу мен эрозиялық процесстерді болдырмауда топырақтың құрылымдық құрамын білудің манызы өте зор.

Н.И. Савинов әдісі 8

Топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігін анықтау.

Топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі: анықтаудың бірнеше әдісі бар. Қазіргі уақытта ең кең тараған: Н.И.Савинов әдісі болып табылады. Ол топырақты әр түр. диаметрлі тесікті елеуіште фракцияларға бөлуге болатынды негізделген. Бұл әдіс арқылы топырақтың агрегаттық құрамы анықтау екі бөлімнен тұрады: құрғақ топырақты елеуіштен арқылы фракцюшарға бөлу (құрғақ елеу) және суға төзімді агрегаттардың санын анықтау (сулы елеу). Бірінші жағыдайда топырақтың құрылымдылық құрамының санына, екіншісінде сапасына баға беріледі.

Ол үшін зерттеген жердің қиғашымен күрекпен немесе арнайы бұрғымен үлгі алынады. Алынған сынамаларды зертханаға әкеліп фанер немесе қағаз бетіне салып ауа-құрғақтық күйіне дейін келтіреді. Сонымен қатар тастарды, өсімдік тамырларын және басқа қосылыстарды алып тастайды. Үлгіден 500г-нан кем емес салмақпен орта сынамасын алады (әдетте 0,5-2,5 кг). Шөкімі көп болған сайын нәтиже де жоғары болады. Содан кейін диаметрі 20 см, қабырға биіктігі 3 см және тесіктерінің диаметрі 10; 7; 5; 3; 2; 1; 0,5 және 0,25 мм-лі елекгер тізбегінен топырақ үлгісін елеп өткізу керек.

Топырақ үлгісінің салмағы көп болса, оны 100 граммдық өлшеммен елекке салады. Електер тізбегін елегенде 0,25мм фракцияларды жинау үшін табандығы және топырақ шанданбау үшін қақпағы болу керек (Ісурет).

Елеуді 1-3 минут бойы електер тізбегін жеңіл қозғалыспен ақырын оңға және солға еңкейтіп (шамамен 10 еңкейту) жасау керек., Агрегаттардың механикалы бұзылмау үшін електі сілкімеу керек. Дұрыс және біркелкі болып еленуі үшін кейде автоматты түрдегі сілкілеуішті қолданады.

Елегеннен кейін фракцияны бөлек фарфорлы немесе алюминий кесеге немесе қағаз бетіне салады, оны таразыға тартып көлем пайызын есептейді, Табандықтағы 0.25мм фракцияны таразыға тартпайды, оның салмағын зерттеуге алынған топырақ шекімі мен 0,25мм > францияның қосымының айырмашылығынан есептейді. Талдау алынған шекім салмағы 100% болып алынады. Алынған мәліметгерді мына түрмен жазу керек:

1 сурет. Топырақ үлгісін құрғақ елеу үшін электер тізбегі Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау.

Топырақтың аты ___________

Үлгінің алынған терендігі ______________

Мезгіл_________________________________

Құрғақ елеудің мәліметтері бойынша түйіршіктілік құрылымдылық коэффициенті есептеледі.

Суға төзімділікті анықтау үшін барлық фракциялар; орташа сынама құралады құрғақ електен алынған мөлшерде олардың пайыздық шамасының жартысына тең - барлығы 50 І мысалы, егер диаметрі 3-5 мм агрегаттар шамасы топырақта 22 болса, оны орташа сынамаға 11 г мөлшерде алады; көлемі 2-3 мі фракцияның шамасы 15% - 7,5 г. т. с. с.

Орташа сынаманы абайлап, көлемі 2/3 сумен толтырылғг литрлік цилиндрге төгеді, агрегаттардағы және оларды арасындағы ауа топырақтан түгел шығу үшін оны 10 минут қалдырады. Жоғары шеті тығыз кіретін шүмегі жоқ цилиндрмесі жұмыс істеген ыңғайлы.

Суда елегенде астыңғы елек бітеліп қалмау үшін, болса електен өтіп кететін 0,25 мм < францияны орташа сынамағы қоспаған дұрыс. Бұл жағдайда шөкімі 50 граммнан аз болады бірақ келесі есептерде суға төзімді агрегаттардың шамасын анализге алынған (50) пайызбен санағанда, жалпы саналады.

2 сурет. Н.И. Савинов әдісі бойынша топырақты цилиндірден елекке тұсіру.


жылдамдату үш — тығынмен жабу керек, абайлап көлденең еңкейтіл барып кайтадан тігінен қояды. Бұл процедураны екі рет жасайды. Содан кейін цилиндрге төбесіне дейін су құйып, үстінен қолмен қысым тұрып, жаңа полиэтиленді пленкамен немесе шынымен жабады, астын үстіне аударады, агрегаттар астына түскенше, осы күйде бірнеше секунд ұстап тұрады, содан кейін топырақ цилиндрдің астына түскенше, цилиндрді бірінші жағдайға келтіреді. Топырақты 10 рет толық аударғаннан кейін цилиндрден алдын-ала сумен толтырылған ваннадагы електер тізбегіне аударады.

Електер тізбегі, қақпақ пен табандықсыз тесіктер диаметрі 0,25; 1; 2; 3; 5 мм, бес електен құрылады. Ваннадағы су мөлшері жоғарғы електің қабырғасынан 5-6 см жоғары болу керек.

Төңкерілген цилиндрді жоғарғы електің үстінен суға малады. Су астында, цилиндрді судан алмай тұрып және електің астын тигізбей, пленканы немесе шыныны альш тастайды, ақырын дөңгелетіп отырьш топырақты електің үстінде шаяды. Елекке түскен топырақты суда елейді; ол үшін оны судан алмай тұрып (жоғарғы електегі топырақ түйіршіктерін су бетінен шығармай ақырын електер тізбегін 5-6 см-ге көтереді, одан кейін 3-4 см-ге тез түсіреді, топырақ түйіртпекгері електің үстіне түскенше 2-3 секунд күтеді. Содан кейін елек тізбегін тағы да ақырын көтеріп тез астыка түсіреді. Бұны 10 рет қайталағаннан кейін 2 мм-ден ірі диаметрлі електі тізбекті судан шығармай алады, қалған елекгерді тағы 5 рет сілкігеннен кейін судан шығарады. Елекгің үстінде қалған агрегаттарды ағынды сумен үлкен фарфорлы кеселерге шайып түсіреді. Тұнғаннан кейін артық суды төгіп тастайды, топырақты агрегаттарды алдын-ала салмағы өлшеніп нөмір қойылған алюминийлі шыны ыдыстарға аударады. Түнған соң алюминийлі стақандағы суды төгеді, топырақ пен чашкелерді су моншасына суы булануы үшін, немесе 104° С жылылықта өзгермейтін салмаққа дейін құрғату үшін құрғататын шкафқа қояды.

Құрғатқаннан кейін слта төзімді агрегаттардың ер фракциясын таразыға тартып олардың пайыздық мөлшерін санайды. Суда елеу үшін алынған топырақтың орташа сынауының салмағы 50 грамм болғандықтан, есептегенде әр Фракцияның салмағын екіге көбейтіп, сәйкесті фракцияның пайызьш санайды. 0,25 мм-ден майда фракцияны 100-ден 0,25 мм-ден ірі агрегаттардың пайыздық шамасының қосымын алумен есептейді. Топырақтың құрылымдылық дәрежесін бағалау үлгі келесі шкала қолданады (2 кесте).

2-кесте, Құрғақ және сумен елеудің мәліметтерінен топырақ құрылымдылығын бағалау[12].

Ауалы құрғақ топырақтың салмағының пайызйнан, көлемі 0,25-10 мм көлемді агрегаттардың құрамы.

Топырақтың құрылымдық күйі. '

Құрғақ елеу

Суда елеу

> 80

60-80

40-60

20-40

< 20

>70

55-70

40-55

20-40

<20

өте жақсы

жақсы 'қанағаттанарлық қанағаттанарлықсыз

жаман

Суға төзімділік критериін санау үшін агрофиз институтының қызметкерлері келесі формуланы ұсынды:

А=( Сст/С)*100, (2)

Мұнда А —суға төзімділік критериі, %

С —құрғақ елегенде алынған, көлемі 0,25 тен 1 мм-ге дейінгі топырақтағы фракцияның мөлшері, %

Сст — суға елегеннен кейінгі, көлемі 0,25 тен 1 мм-ге дейінгі суға төзімді агрегаттар мөлшері, %

Електер теңселу әдісі.

Құрылымды агрегаттардың суға төзімділігін анықтауды тура әдістеріне М.Г. Чижевскийдың басшылығымен И.М Бакшеев әзірлеген електерді теңселумен әдістері жатады. Ола ұсынған аспапты кейіншелік А.Н.Кисилев пен П.Некрасов жетілдірді ( сурет).

Металды тіргу үстінде домалақ іші қуыс бекітілтен, оның екі жағынан ұялар (3) орналасқан. Ұяларға цилиңдрлер (4). қойылған, олар үстінен бұрандалы қақпағымен жабылады, астында тұмсық, (6) срналасып ол қақлақпек резеңкелі

тығындалатын 6. тұмсық 5. бар.

3 сурет. Топырақтың суға тезімді құрылымын анықтау үшін И.М.

Бакшеевтың приборы.

Цилиндрдің ішіне тесіктер диаметрі 0,25; 0,5; 1; 3; 5 және 7 мм електер тізбегі қойылады, олар тігінен оң немесе сол жағына қарай 45 ° бұрышқа ауыткуымен шатун мен электромотор 2 арқылы тербеліс келтіріледі. Прибор екі жылдамдықпен жұмыс істейді; минутына бір және екі тербеу.

Салмағы 25 гр орта үлгіні Н.И.Савинов ұсынған принциппен дайындайды: құрғақ елеуден кейін алышан әр ауалы құрғақ, саны сол фракцияның 1/4 пайыздық мелшеріке тең шекімді алады. Мысалы, егер топырақта келемі 1-3 мм агрегаттар 26% болса, суға елеу үшін сол фракциядан 6,5 гр топырақ алады (26:4 = 6,5).

Көлемі 0,25мм-ден ұсақ агрегаттарды орта сынауға қоспайды, бірақ кейінгі есептерде 100% 25гр шөкім алынады. Орташа сынауды дайындап, жұмысты тексерген соң, електері бар. Цилиндрлерді ұяларынан алып тіреудін, үстіне қояды (4 сурет).

4 сурет. И.М. Бакшеевтің приборынан цилиндрлерге тіреу.

Қақпағын ашьш, суды жоғарғы електің қабырғасыньп ортасына дейін цилиндрге құяды. Цилиндрлердегі електері тізбектерін бұрып, көтеріп және түсіріп отырып, елек арасында қалған ауаны кетіру керек. Содан кейін навесканы жоғарғы елекке салады. Цилиндрлерді дрибор ұясына қойып, мотор, қосып тербетудің басталған уақытын белгілейді. 12 мину өткеннен кейін приборды қосады, цилиндрлерді суырып алып тіреудің үстіне қояды. Цилиндрлерден ыдысқа суды құйып, қақпақты ашып електерді алады, ол үшін тізбекті түгел сағат тіліне қарсы қояды. Содан кейін әр електегі топырақты бөлең алдынала таразыға салмағы өлшенген фарфорлы шашкеге немесе алюминийлі стаканға шаяды. Суды мөлдірленгеннен кейін төгеді, топырақ агрегаттарын ауалы-құрғақ немесе абсолютті құрғақ күйге дейін құрғатады, фракция салмағын 4-ке көбейтіп, әр функцианы өлшеп пайыздық құрамын есептейді.

Қалған басқа қосымын алумен анықтайды. Алынғаң мәліметтерді Н. И. Савинов әдісін сипаттағанда келтірілген 2-4 кесте түрінде жазады. Агрегаттардың суға төзімділігін бағалау үшін келесі шкаланы қолданады (3 кесте).

Н.И.Савинов әдісіне қарағанда бұл әдістің артықшылығы: талдау жолында субъективті әсер жоғалады, анықтау процесі тездетіледі, сонымен қатар ол жөндеу.

3-кесте. Електерді тербету әдісімен топырақтағы суға төзімді агрегаттарды бағалау (И. М. Бакшеев бойынша).

2025 мм суға төзімді агрегаттардың мөлшері %

Суға төзімді агрегаттарды бағалау

75-80

60-75

40-60

30-40

20-30

10

Артығымен жоғары

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

жетіспеуші қанағаттанарлық

жоқ болу

П.И.Андрианов әдісі.

П.И.Авдрианов ұынған тұрған суда топырақтың суға төзімділігін анықтаудың сондай дәл әдісі емес, бірақ оңайлау әдісі болып саналады. Бұл әдіс анық уақыт интервалындағы тұрған суда езілген топырақ агрегаттарының санын анықтауымен негізделген. Ауалы-құрғақ топырақ сынамасын тесіктер диаметрі 0,25; 0,5; 1; 2 және 3 мм електер тізбегінен елейді. Содан кейін суға төзімділіктің анализіне немесе әр фракцияны келесі су төзімділіктің орта арифметикалық санын анықтаумен, немесе көлемінен орташаланған фракцияны алады. Ыдыстың астына ( Петрк шашкесі ж. 5.) филтрлі қағаз салады және оның үстіне дұрыс шеңберлермен 50 немесе 100 агрегаттарды салады. (5 сурет)

5 сурет. Агрегаттардың суға төзімділігін анықтау.

Ыдысқа суды біріншіден филтрлі қағазды ылғалда үшін ғана кішкене құды. Бұл күйде агрегаттарды 3 мин капиллярлы сіңгенше қояды. Содан кейін су бойы агрегаттарда 0,5 см-ге жоғары болғанша бөлмелік температурасындағы суд құяды су агрегаттарды 0,5 см қалындықпен жауып тұрады. Аминут интервалмен толық бұзылған агрегаттар саш есептейді, судағы агрегаттардың бұзылуы, олардың су төзімділік дәрежесін сипаттайтын әр уақытта өткеннен кейін, менутқе пайызбен санау үшін түзету коэффициентін кіргізеді. . минетте бұылмаған суға төзімді агрегатгардың коэффициенті 1 пайызға тең болады. Суға төзімділік (В) көрсеткіші формуламен саналады:

Мұнда, Р1...Р10 -- әр минутте бұзылған агрегаттардың саны, дана

К1..К10. — әр минут үшін түзету коэффициентері

А - анализге алынған агрегаттардың жалпы саны, дана

а — 10 минутте бұзылмаған агрегаттар саны, дана

Санау үлгісін келтірейік:

1. Егер барлық агрегаттап (50) бірінші мин өтсе ыдырап кетсе, суға төзімділік көрсеткіші тең болады:

2. Егер барлық агрегаттар 10 минут бүтін қалса, суға төзімділік коэффициенті тең болады:

Талдау соңында студенттер топырақтың құрылымдылығына баға беріп, қажет болса зерттеген топырақтың суға төзім құрылымын көтеріп құрылымдылықты жақсартуға бағытталғаз агротехникалық шараларды келтіру керск.

Талдау мәліметтері 4 кестеге түсіріледі.

4-кесте. Топырақтың суға төзімділігін талдау нәтижесі.

"Санау уақыты мин-

Түзету коэффициен ті, К.

Бұзылған агрегаттар саны, дана.

Суға төзімділік көрсеткіші,%

5

1

2

15

3

25

4

35

5

45

6

55

7

65

8

75

9

85

10

95

бұзылған жоқ

100