
- •Егіншілік практикумы
- •I Тарау. Топырақтың агрофизикалық және су қасиеттерін зерттеу әдістері
- •1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі
- •2. Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау
- •3. Топырақ тығыздығы және оны анықтау Тапсырма:
- •4. Топырақтың жыртылатын қабаттың құрылысын анықтау
- •8 Сурет. Топырақ үлгісін патронда капиллярлы қанықтыру.
- •Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысын пикнометриялық әдіспен анықтау.
- •5. Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау әдісі
- •1. Негізгі дақылдардың тұқымдары өсіп шығу үшін қажетті мөлшері.
- •И.С.Кауричев бойынша топырақ ылғалдылығының және топырақты-гидрологиялық константалары.
- •15. Механикалық құрамы әр түрлі топырақтардын максималды " гигроскопияльны (с.И.Долгов бойынша) [7].
- •Өсімдіктердің тұрақты солу ылғалдылығы
- •Капиллярлық байланыстың үзілу ылғалдылығы (кбүы)
- •Ең төменгі су сыйымдылық (п.С.Коссович бойынша)
- •Шекті далалы су сыйымдылық.
- •Топырақтың ылғалдылығын анықтау
- •18. 1 М топырақ қабатындағы өнімді ылғал қорын анықтау шкаласы
- •Тапсырманы орындау.
- •Есептеу жолы
- •Өз бетімен дайындалу үшін сұрақтар.
- •II Тарау. Арамшөптер және олармен күресу шаралары
- •1. Арамшөптердің келтіретін зияны және олардың биологиялық ерекшеліктері
- •2. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы
- •19 Сурет. Қаңбақ.
- •20 Сурет Қыстайтын арамшөптер: 1-Егістік ярутка; 2- Көк кекіре; 3-Сарыбас қурай; 4- Кәдімгі жұмыршақ.
- •23Сурет 1-Жатағанбидайық; 2-Бұтақты бидайық; 3- Салалы қарашығыр ; 4- Құмай
- •Арамшөптердің гербарий және тұқымдар арқылы ажырату әдістері
- •Органикалық тыңайтқыштардың құрамындағы арамшөптердің тұқым қорын анықтау
- •Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі
- •Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі
- •26 Сурет, Ауыспалы егісте —танатардың арамшөптермен ластану картасы
- •4. Арамшөптермен күресу шаралары
- •Арамшөптермен агротехникалық күресу шаралары.
- •Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.
- •25.Гербицидтердің су ерітіңцісінің жұмсалатын мөлшері, л/га (а.М.Туликов бойынша).
- •26. Күресу шараларына сипаттау үшін арамшөптердің түрлері
- •Ұсынылған әдебиеттер.
- •III Ауыспалы егістер
- •Жалпы түсініктер және негізгі алғы даідылдардың
- •2. Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу
- •30 Кесте Ауыспалы егістердің жіктелуі
- •1 Әр түрлі аудандарга ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері,
- •Жеті танапты
- •Алты танапты
- •Бес танапты
- •Төрт танапты
- •Үш танапты
- •Мал азықтық ауыспалы егістер.
- •Республиканың онүстігінде суармалы егіншіліктегі ауыспалы егістер
- •Мақсатаның ауыспалы егістері
- •2 Құнарлығы төмен топырақтарда:
- •4. Ауыспалы егістердің төсімін құрастыру әдістемесі
- •32. Жаратылатын жерді пайдалану құрылымы
- •33 Дақылдарды топтарға бөлу және олардың ауыспалы егіс алаңындағы меншікті көлемі, %
- •34. Танаптарды құрастыру
- •37. Бес танапты ауыспалы егіске көшу жоспары.
- •I Ауыспалы егістерге көшу жоспарларын құрастыруға арналған кесте
- •5. Ауыспалы егістерді бағалау
- •IV. Топырақты өңдеу
- •1. Топырақты өңдеудің мақсаттары мен технологиялық операциялары.
- •2. Топырақты өңцеудің құүралдары мен шаралары.
- •3. Топырақты минималды өңдеу принциптері.
- •4. Топырақты күзде және себу алдында өндеуді жоспарлау.
- •41. Топырақты күзде және себу алдында өндеу бойынша тапсырмалардын шифрлері
- •42. Топырақты күзде және көктемде өндеу варианттары.
- •5. Сүрі жерді өңдеу технологиясын құру.
- •44 Сүрі танапты өңдеу технологиясын құру үшін мәліметтер шифрлері
- •Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
- •7 Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесін құру.
- •45. Ықтырмалы сүр танапты өңдеу технологиясы
- •Егіншіліктің аймақтық жүйелері
- •2.Егіншілік жүйелерін құру әдістері.
- •1. Альтернативті егіншілік жүйелері.
- •2. Ауыспалы егістерде қарашірік балансын санау әдісі
- •47. Дақылдар түрінен бағытты регрессия тевдеуі (б.А.Доспехов бойынша).
- •48.Өсімдік қалдықтарының гумификация коэффициенттері
- •49.Ауыспалы егісте қарашірік балансының есептелуі
- •1. Сурі танаптан кейін себілген жаздық бидай үшін
- •Бгіншілік практикумы
5. Сүрі жерді өңдеу технологиясын құру.
Сүрі жерді өндеу технологиясын жасау үшін мәліметтерді оқытушы береді. Нақтылы жағдайға байланысты (ауа-райы, жер, ластану типі) сүрі жерді өндеу технологаясы әр түрлі болуы мүмкін.
Көбінесе сүрі жерге физико-химиялық және гидрологиялық қасиеттерін жақсартуды талап етуші, қатты ластанған танаптар іалдырылады. Алдында айтқандай, сүрі жерлер таза, екпе және арнайы болуы мүмкін.
Әр түрлі егіншілік аймақтарда таза сүрі жерлердің мынадай түрлері кездеседі: қара, ерте, жазықтілгішті, жазықтілгішті-гербицидті және гербицидті.
Қара сүрі жер көбінесе күздік дақылдар үшін қолданылады. Ол екі кезеңге белініп өңделеді: алғы дақылдарды орған жылы жазғы-күзгі және келесі жылғы көктемгі-жазғы.
Қара сүрі жердің негізгі өндеуі алғы дақылдарды орғаннан кейін (бірден жасалады. Ол ауыспалы егістің басқа танаптарындағы жаздық дақылдар үінін сүдігерді өндеуден айырмашылығы жоқ аңызды сыдыра жырту және арамшөптер өнгесін мәдени жырту.
Жыртудың алдында органикалық және минералдық ' тыңайтқыштарды енгізген дүрыс. Қара сүрі танаптың ең маңызды күту кезеңі — көктемгі-жазғы, бұл кезде бірнеше беткі және кабаттармен өвдеуді арамшөптер өнген сайын жасайды.
Қабаттармен өңдеудің негізгі әрбір келесі өндеу тереңдігі бірнеше сантиметрге тереңдетіліп отырады. Осылай өңдегенде арамшеп (Тұқымдары және көпжылдық арамшөптердің вегетативті таралу '. органдары жүдеп жыртылатын қабат тиімді тазарады. Өндеу саны ' арамшөптердің өну қарқындылығына байланысты болады.
' Көктемгі-жазғы кезең жағдайы құрғақшылықты болса сүрі танапты күту қабатпен керісінше жасалады, яғни топырақты өңдеу тереңдігі біртіндеп азаяды.
Ерте сүрі танап. Қараға қарағанда ерте сүрі танаптың негізі өңдеуін алғы дақылды күзде орғаннан кейін емес, оны келесі жылы көктемде жасайды. Егер танап жатаған бидайыкпен ластанса тамырсабақты уату үшін көктемде қиылысты дискілеу жасайды жеке өскікдері екген соң жерді жыртады. Ерте сүрі і жазғы күту әдісі қара сүрі танабын өндеумен бірдей.
Жазык-тілгішті сүрі танап. Жазықтілгішті сүрі танабын ендеу ерекшелігі арамшептерді түтіктекуге жеткізбей, аралығы 20-22 күк сайын көктемгі-жазғы кезеңде жазықтілгіш культиватормен 4 беткі қабатты өңдеу жасалынуында. Тамыздың екінші бөлігінде 25-2? см терендікке жазықтілгіш-терең қопсытқышпен өңдеу жасалады
Күзі ұзақ жылы жылдары терең қопсытқаннан кейім арамшөптер өнсе, беткі қабатты өңдеу ұсынылады. Қара қатты ластанған танаптарда, күзде алғы дақыл орылғаннан сон БМШ-15 тырма тісті шабақтауышпен тырмалау керек.
Көп жыл бойы жазықтілгішті өндеу жасалынған жерде 6-8 жылда бір реттен шымтілгіші бар соқамен жерді жыртуға болады Жаңбырлы жазда егер танап атпатамырлы және тамырсабақтыарамшөптермен ластанса сүрі танапты өндеуге КПЭ-3,8 немесе КТС-10-1 ауыр культиваторларын және ЛДГ-10 дискілі сыдыра жыртқыштарды жазықтілгішті құралдардың орнына қолданған дұрыс.
Егер жауқияқпен қатты ластанса сүрі жерді өңдеу технологиясының ерекшеліктері болады. Мұндай танаптарды жауқияқтың тамырсабақтары орналасқан тереңдіктен 2-3 см терең жыртады, кейін арамшөптер өнген сайын ауыр культиваторлармен жүдету үшін және тамырсабақтарын тырнап шығару үшін өңдеу керек.
Жазықтілгішті сүрі танаптың кемшіліктеріне өсімдік қалдықтарының топырақ бетінде болмауына байланысты жел эрозиясының пайда болуын, қарашіріктің қарқынды минерализациясын жәөне топырақтың шамадан тыс борпылдақ болуынан судың булануын жахқызуға болады.
Жазықтілгішті-гербитіидті сүр көпжылдық арамшөптермен ластанғанда тиімді. Көктемде тырмалаумен арамшөп тұқымдарын топыраққа енгіземіз, арамшөптер ескіндері пайда болғасын, маусымның басында, 2,2-2,5 кг/га әсерлі заттың мөлшері мен жаппай әсер ететін раундап немесе ұраған гербицидімен бүрку керек. Содан кейін жаз бойы арамшөптер өнген сайын механикалық өңдеулер, химиялық өңдеулермен алмастыру керек. Тамыз аяғында 25-27см терендікте терен қопсыту керек.
Егер танап далалы шырмауықпен ластанғанда, бірінші жазықтілгішті-культиваторлармен өндейді, кейін жаз бойы шілдеде механикалық өңдеулерді еткізбейді, арамшөпке жеткілікті жапырқ алаканык құруға мүмкіншілік береді.Тамыздың біріняо онкүндігінде 2.4Д гербицидімен немесе 1,0-1,2 кг/га ә.е.з. мөлшерімен бүркеді, айдың екінші бөлігінде 25-27см терендікте қопсыту жүргізіледі..
Бүрку кезектілігімен саны және жазықтілгішті сүрі танаптағы гербицидтердің тандауы ластану типімен және танаптағы
арамшөп санына байланысты болады. Бұл сүрі танаптың жақсы-қасиеті оның жел эрозиясынан жақсы сақтандыруында. Сонымен қатар механикалық өңдеулер химиялық өвдеулермен алмастырылса шөптер толық құртылады.
Гербицидті сур танап.
Механикалық құрамы жеңіл қатты, тығыздалмайтын, сүр танаптарда арамшөптермен күресті еханикалық өндеулерден бас тартып, тек қана химиялық істермен күресуге болады. Өсімдік жамылғысының сақталуы саны жел және су эрозиясына төзімді болуына ықпал жасайды.
Екпе сүр танаптар.
Сүр танапта егілетін дақылдарға қарай олар жаппай егілетін эне отамалы болып бөлінеді және екі кезенде өнделеді, алғы ,ылдың жиналуынан сүр танапта егілетін дақылды еккенше :өне сүр танапта егілетін дақылды жинағаннан негізгі дақылды епкенше.
Күзгі және себу алдындағы топырақты өңдеу бірінші кезеңде келесі әдістерден құрышады, алғы дақылдарды жинағаннан кейін аңызды сыдыра жыртып, аудара жырту, көктемде ерте тырмалау және себу алдында культивациялау. Егер сүр таншта отамалы дақылдар өнделсе, көктемгі-жазғы кезенде арамшөптерді өлтіріп, топырақты қопсыту үшін қатараралық өңдеу жасалады.
Сүр танапта егілетін дақылды жинаған соң жерді жыртады да арамшөптер өнген сайын беткі өндеу жасалады.
Арнайы сур танаптарға ықтырмалы. құрама және ықтырмалы-құрамалар жатады.
Сидератты сүр танап.
Топырақтағы органикалық заттарды байыту үшін, топыраққа жасыл тыңайтқыш ретінде жерге жырту үшін дақыл өсірілетін ауыспалы егіс танабы. Сондай дақылдарды сидерат дейді. Оларға бөрібұршақ, сераделла, түйежоңышқа, рапс және басқалар жатады.
Сидералды сүрі танап технологиясы бойынша өнделеді. Жобалап күздік дақылдарды егер алдында екі жұма бұрын сидератгы көк балаусаны топыраққа аудара жыртады. Көк балаусаны топыраққа жақсы енгізу үшін оны жырту алдына тыгыздайды, соқаккң әр тұрғыскның алдында дкскілі пышақ Қояды. Жыртқаннан кейін немесе онымен бірге агрегатта топырақты тығыздайды.
Ықтырмалы сүрі танап. Оны өңдеу техкологкясы таза сүрі танапты өндеу технологиясына ұқсас. Олардан ерекшелігі қар жиналу үшін және топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін шілдеде ықтырмалы дақыддар егеді - қыша, күнбағыс, жүгері. Ықтырмалардың арасы өсімдіктердің биіктігіне, жел режим' байланысты болады және 7-12 метр аралығында ауытқиды. Күз еріген сулар жақсы сіңуі үшін терең қопсыту немесе жасалады.
Топырақтың беткі қабатын құрғатып алмау үшін ықтырма егер алдында тығыздаусыз терең өндеудің қажеті жоқ, одан немесе таяз өңдеулер тиімді болады.
Арамшөптермен күресу үшін кейде ықтырма алдыңда шымтілгіші бар соқамен жерді жыртуға болады. Бұл жағдайда екі міндет атқарылады:
Қыша дұрыс өнеді және арамшөптер басылады. Су эрозиясы болмау үшін ықтырмаларды беткей бойымен егуге болмайды
Органикалық заттар мен минералды элементтерді толтыру үшін танапта алғы дақылды жинаған соң сабанды қалдыру, кең енгізу, фосфор тыңайтқышын қалдыру керек, кейін оларды топыраққа енгізу қажет.
Құрама сурі танап. Құрама сүрі танап өңдеу технологиясына қоректік элементтерді толықтыру үшін алғы дақылды орғаннан кейін келесі жылдың көктемінде фосфорлы тыңайтқыштарды енгізу, арамшөптер қаулап шыға бастағанда 8-10 см тереңдікке КПШ-9, ОП-8, КПЭ-3,8 немесе КТС-10-1, КТС-10-02 культиваторларымен жазықтілгішті культивациялаулар жатады. Арамшөптерді жою мақсатымен топырақты өндеу мен тыңайтқыштарды енгізуді СЗС-6 немесе СЗС-12 сепкішін қодданып қиыстыруға болады. Арамшөптер қайтадан өнгенде шідденің екінші онкүндігінің аяғы үшінші онкүндігінің басында гербицидпен өндеу жасалады. Гербицидті тандау және енгізу мөлшері арамшөптердің түрлеріне және санына байланысты анықталады. Шілденің басында 1 гектарға 1,0 млн әнгіш тұқым мөлшерімен сүлы себіледі. Топырақты эрозиядан сақтау және қысқы кезеңде қар жинау мақсатымен сүлыны себу, онын тұқымдары топырақтың ылғалды қабатына терең енгізіліп, біркелкі өскін алуына кепіл болуымен түсіндіріледі. Онымен қатар сұлының тамырлары куатты болып, қиын алынатын қосындылардан фосфор корын іске косады, арамшәптердіен күресуде жоғары бәсекелестік қабілеті бар, тұзға төзімді фитосанитар, тамыр шірігі патогенін басуға қабілеті бар.
Сүрі танапта сұлыны себу жазғы-күзгі кезеңдегі ылғал қоры сәл азайтса да, жалпы жауған жауын-шашынды белсенді қолдануын кетеруіне әсер етеді.
Құрама ықтырмалы сурі танап. Бұл жерде екі-үш қатарлы ктырма себіледі, ықтырма аралығына сүлы себеді. Күзде күйектің соңы мен қазанның басында сұлы жасыл жемге табылады, қышадан себілген ықтырмалар және ықтырма расындағы жоғары аңыздар қысқа қалады. Басқа өндеу ехнологилсы ықтырмалы сүрі танапты өндеу технологиясына қсас. Құрама және құрама-ықтырмалы сүрі танаптар топырақ жеткілікті өсімдік жамылғысы болғандықтан, олар жел мен эрозиясынан сенімді сақталады.
Сүрі танаптарды өндеу технологияларын құру үшін студенттерге оқытушылар береді (44 кесте). Жағдайға байланысты ауа райы, жер бедері, ластану типі сүрі танапты жедеу технологиясының вариантгары әр түрлі болуы мүмкін.
Шифрмен байланысты мәліметтер 43 кестеден алынады.
43- кесте. Сүрі танапты өндеу технологиясын құру үшін мәліметтер.
№ |
Топырақ ай-мағы, типі мен типшесі |
Топырақтың механикалы қ құрамы, жер бедері |
Арамшөптер түрлері мен танаптың ластануы, балл |
Алғы және жоспарлы дакыл
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 |
Орманды дала, кәдімгі қара топырақ |
Ауыр құмбалшықты жазықтық
|
Егістік және қызғылт қалуен-3 балл, қара сұлы-4 балл
|
Жаздық арпа - жаздық бидай
|
||
2 |
Орманды дала, кәдімгі қара топырақ |
Орта құмбалшық, жазықтық |
Шырмауық-3 балл, егістік қалуен-2 бал қара сұллы-З балл, қызғылт қалуен-3 балл. |
Сұлы жаздық бкдай
|
||
3 |
Дала, оңтүстік қара топырақ |
Ауыр құмбалшық жазықтық |
Шырмауық-3 балл, қара сұлы-2 балл
|
Жаздық бидай- жаздық бидай
|
||
4 |
Дала,кебірлен – ген оңтүстік қара топырақ |
құмбалшық, аз енкесті беткей |
қара сұлы-3 балл, 1 көк итқонақ-2 балл тауық тарысы – 2 балл
|
Жаздық арпа 1 - картоп
|
||
5 |
Дала карбонатты оңтүстік қара топырақ |
Ауыр құмбалшықты аз еңкісті беткей |
Қызғылт қалуен- 3, далалық, шырмауық – 2, гүлтәжі – 3 балл |
Жаздық бидай – жаздық бидай |
||
6 |
Құрғақ дала, карбонатты күңгірт қара қоңыр топырақ |
Орта құмбалшықты жазықтық |
Жатаған бидайық-2 балл, қара сұлы-3 балл |
Сұлы жаздық бидай |
||
7 |
Құрғақ дала, карбонатты, кебірленген күңгірт қара-қоңыр топырақ |
Ауыр құмбалшықты аз еңкісті беткей |
Егістік қалуен-3 балл, қаңбақ-2 балл тауық тарысы — 2 балл |
Жаздық ~бидай жаздық бидай |
||
8 |
Құрғақ дала, ашық қара қоңыр |
Жеңіл құмбалшықты, жазықтық |
Далалық шырмауық -3 балл, бұтақты бидайық-2 балл |
Күздік тары жаздық бидай |
||
9 |
Тау етегіндегі дала, сұр топырақ |
Жеңіл құмбалшық ты, беткей |
қызғылт қалуен, сары қалуен-3 балл, итқонақ-3 балл |
Күріш -күріш |
Шифрдың бірінші саны топырақ аймағына, типіне және типшесіне сәйкес келеді, Екіншісі — жер бедері мен механикалық құрамына, үшіншісі — ластану дәрежесі, төртіншісі - сүрі танаптың алғы және жоспарлы дақылына сәйкес келеді. Берілген жағдайға байланысты студент ең қолайлы сүрі танапты тандап, жоғарыдағы мысалда көрсетілген (44- кесте) ықтырмалы сүрі танапты өңдеу технологиясына сай өз өндеу технологиясын құрады.
6786 шифрмен берілген жағдай бойынша мысал келтірейік. Шифрдың бірінші санына сөйкес 43- кестенің алтыншы жолынан табамыз - құрғақ дала, карбонатты күңгірт қара қоңыр топырақтар, екінші сан жетінші жолдан — ауыр құмбалшықты аз еңкісті беткей, үшінші сан сегізінші жолдан —далалық шырмауык -3 балл және бұтақты бидайық - 2 балл, төртінші сан алтыншы жолдан — алғы дақыл сұлы, сүрі танаптан кейін жаздық бидай егіледі.
Тапсырма жағдайы бойынша ең қолайлысы жазықтілгішті ' гербицидті сүрі танап.