Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.34 Mб
Скачать

IV. Топырақты өңдеу

Тапсырма:

  1. Топырақты өндеудің теоретикалық ережелерімен танысу.

  2. Әр түрлі дақылдар үшін күзгі және себер алдыңдағы топырақты өндеуді талдау және дәлелдеу.

  3. Берілген сүрі танаптың өндеу технологиясын жасау.

  4. Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесін жасау.

1. Топырақты өңдеудің мақсаттары мен технологиялық операциялары.

Топырақты өңдеу егіншілікте қуат көп кететін және қымбат шара больш саналады. Қазіргі уақытта дақылдарды өндеудің жалпы жұмыстар көлемінен оған 40% энергетикалық және 75% еңбек шығыны кетеді (Рассадин А.Я. 1985). Егер топырақты-климатты жағдайлармен дақылдар талабына байланысты қолданған топырақты өндеу шаралары дәлелденген болса ғана, энергетикалық ресурстардың көп шығындары тиімді болады,

Топырақты өндеу деген өсімдіктердің тамыр жүйесінің қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін топыраққа машина мен құралдардын жұмыс органдарымен механикалы әсер етуі. Топырақты өңдегенде келесі мақсаттар шешіледі:

• топырақтың жыртылатын қабатында қолайлы құрылыс пен ұсақ түйіршікті құрылым жасау, Ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда капиллярлы қуыстылық капиллярсыз қуыстылықтан 2-3 есе асу керек;

  • арамшөптерді, ауру қоздырғыштарды және зиянкестерді құрту;

  • көпжылдық өсімдіктердің шымын құрту;

  • органикалық және минералды тыңайтқыштарды, гербицтерді, арамшөптердің тарайтын вегетациялык, мүшелері мен тұқымдарын, өсімдік қалдықтарын (керекті жерде) енгізу;

  • топырақтың жыртылатын қабатында қоректік заттардың қайта таралуы арқылы және микробиологиялық процесстерді белсеңдіру арқылы топырақтың қоректік режимін жақсарту;

  • мәдени дақылдардың тұқымын өткізу үшік қолайлы туғызу;

  • топырақтың жыртылатын қабатын арттыру және оны мәдениелендіру;

• келесі далалы жұмыстарды (себу, егінді күту, енімді ору өткізу үшін қолайлы технологиялық жяғдай туғызу;

өсерді алдын ала қайтару (шамадан тыс шандануы, тығыздалуы ж.б.).

Эрозия болудың қауіптілігі бар ылғалы жеткіліксіз I аймақтарда топырақ өндеудің негізгі талаптарының бірі -топырақты минималды шаңдату мен топырақ бетіндегі өсімдік I қалдықтырын максималды сақтау.

Бұл және басқа да мақсаттарды шешу үшін қопсыту, I аудару, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөптерді кесу, профильдеу (сала, жүйектер және басқа жасау) сияқты технологиялық операциялардың көмегімен жасалынады.

Қопсыту — топырақты өндеудің негізгі технологиялық, ол арқылы қабаттың құылысы өзгереді. Өсімдіктердің дүрыс өсіп-дамуы үшін топырақтьщ оңтайлы тығыздығы керек. Дақылдардың көбі үшін ол 1,1-1,3 /см3 аралықта болады. Терең қопсытқаңда өсімдіктердің |тамырлары аналық жынысқа жетеді.

Қопсытқанда біржола топырақтың агрегаттарға уатылуы да жасалынады, жел эрозиясы бар аймақтарда топырақтың беткі қабатында диаметрі 1 мм ден ұақ агрегаттардың көп болғаны ;. дұрыс емес, өйткені олардың эрозияға шалдығуы мүмкін.

Қопсыту үшін соқаларды, сыдыра жыртқыштарды, культиваторларды, ротациалы тырма ), культиваторлар, фрезалар, жазықкескіш терең қопсытқыштар, •Мальцев соқасы қолданылады.

Аудару — топырақ қабаттарын тігінен өзара аудару. Бұл операцияда топырақтың жоғарғы өнделетін бөлігі астына аударылып, астыңғы жағы үстіне шығарылады. Аудару тыңайтқыштарды, гербицидтерді, арамшөптердің түқымдары мен вегетативті мүшелерін, өсімдік қалдықтарын топыраққа енгізу үшін, топырақтың төменгі бөлігінің микробиологиялық әсерін арттыру үшін керек. Аударғанда арамшөптер, зиянкестер мен өсімдікгер ауруларының патогендері. Жыртылатын Қабаты терең емес топырақтарда жыртылатын қабат аудару арқылы мәдениеттеледі. Аудару теріс те өсер етеді. Далалық аймақтарда ол топырақты ашық қалдырады, соның әсерінен ылғал мен құнарлы қабат жойылады:

Аудару үшін соқаларды, жеке дискілі сыдыра жыртқыштарды, дискілі тырмаларды қолданады.

Араластыру — жыртылатын қабатқа біркелкілік келтіру мақсатымен жасалатын опырақ орналасуын өзгерту. Бұл жағдайда жыртылатын қабатта қоректік элементтердің, топырақ микроорганизмдерінің

тыңайтқыштардың, құрылымды бөліктердің, өсімдік қалдықтарының ыдырау өнімінің біркелкі таралуы болады Аудару құнарлы қабатқа жыртылатын қабатының астыңдағы құнарлылығы төмендеу қабат қосылғанда өте қажетті болады.

Тыңайтқыштарды, гербицидтерді жергілікті енгізгенде топырақтан булы - ылғалды конвекциялы-диффузды буланудағы ергі болатын тығыз қабатша болғанда араластыруды өткізуге болмайды.

Араластыру үшін шым аударғышы жоқ соқаларды, роторлы құралдарды (фреза) және қопсытатын машиналарды қолданады.

Тығыздау - қопсытуға қарсы технологиялық операция. Шамадан тыс қопсыған топырақ қарашіріктің қарқынды минерализациясына әсер етеді. Егер тұқымды борпылдақ топыраққа сепсе ол біркелкі өнбейді, далалық өнгіштігі төмендейді және өскіңдер сирек болады, егер топырақ отырса өсімдіктердің тамырларына зақым келуі мүмкін.

Тығыздалғанда топырақ агрегаттары жақын орналасып, капилярсыз қуыстар азаяды.

Тығыздаған соң себілген дәндер мен топырақтың жақсы байланыс қамтамасыз етіледі, астыңғы қабаттардан тамыр жүйесі орналасатын аймаққа ылғал көтеріледі, қатты жел режимінде топырақ бөлшектерінің ұшып кетуі азаяды. Топырақ тығыздалғанда топырақтан ылғалдың диффузды булануының қарқындығы азаяды. Ең жоғарғы болуы мүмкін тығыздықты келесі тендеумен анықтауға болады:

Мұнда, Р — топырақтың жоғарғы болуы мүмкін тығыздығы, г/см3.

d - топырақтың өзіндік салмағы;

w — ең теменгі су сыймдылығының көлемі, %.

Тығыздалғанда топырақ температурасы 2-3°С көтеріледі, бұл жағдай құрғақ және ыстық жазда өсімдіктер дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Ол тығыздалуға бейімделген, кебірленген, құрылымсыз топырақтарда судың ағуын және топырақтар мен оның ауалы режиміне қолайсыздануына өсер

Топырақ тығыздалуы әр түрлі жұмыс істейтін беті бар салмағы бар катоктармен жасалынады.

Тегістеу — топырақтың бетін тегістеу. Ол азайтады, топырақтақ судың өндіріссіз есіресе ұақ тұқымды дақылдарды дәннің бір болып түсуін қамтамасыз етеді. Тегістелген танаптарда егін өсу үшін жасалатын далалы жұмыстардың сапасын көтереді.

Тегістеу — суарылатын жагдайда дақылдар өсіргенде керек бірі. Ол тырмалармен, катоктармен, ролокушалармен, грейдерлармен, малалармен (суарудың алдында) иейфтармен жүргізіледі.

Арамшөптерді астынан кесу - өсіп жатқан арамшөптерді игеру үшін және көпжылдық арамшөптердің тамыр жүйесін удету үшін бағытталған технологиялық операция. Ол көбінесе асқа технологиялық операциялармен бірге - қопсытумен, аударумен, араласумен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда осы технологиялық операция жеке жасалынады: кескіш табандары бар қопытқыштармен қатар арасын өндегенде, тамырсабақтарды қопсытқыштармен тырнағанда т. б.

Профильдеу — топырақтың бетіне әр түрлі тегіс еместіктерді, жүйектер, жоталар, салалар, шұңқырлар ж.б. сияқты анықталған пішіндерді жасау. Ылғалдылығы аз жағдайда бұл элементтері күзгі жаңбырлар мен кектемгі еріген судың жақсы және соның арқасында топырақтың шайылуын алдын ала болдырмауына, топырақтағы су қорын артгыруға әсер етеді. Ылғал артық болғанда және жылу аз жағдайда топырақтың жылу :.және ауа режимдерін жақсарту үшін дақылдарды жоталарда (қолданады.

Профильдеу үшін арнайы бейімделген соқаларды, шұңқыр жасағыштарды, шеңберлі және эрозияға қарсы катоктарды және т. б. қолданады.