- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
А дамға ауру мал, аңдардың еті, терісі, жүнінен жұғатын өте қауіпті жұқпалы инфекция. Қоздырғышы сыртқы орта жағдайына өте төзімді, спора түзетін бацилла (Bacillus anthracis). Инкубациялық кезең 2 – 7 күнге созылады. Сібір жарасының 3 түрі кездеседі: тері, ішек, өкпе формалары. Жиі кездесетіні карбункулға ұқсас терінің сібір ойық жарасы. Теріде қышитын болар-болмас түйін пайда болады, ортасында геморрагиялық пустула түзіледі. Пустула жарылып қара қотырланады (көмір түсті), айналасында жараны қоршай жаңадан серозды-гемррагиялық көпіршіктер пайда болады, тіндер қатты ісінеді (120-сурет).
Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
Жарада іріңдеу және ешқандай ауырсыну сезімі болмайды, көпіршіктер ішіндегі қанды сарысуды бактериологиялық зерттеу кезінде аурудың қоздырғышы анықталады. Науқастың жалпы жағдайында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, тек қана инфекцияның жайылған түрінде ауыр интоксикация орын алады. Ауру малдың етін жегенде сібір таяқшалары ішекке, мал терісін, жүнін өңдегенде ауа арқылы өкпеге түсіп, түйнек ауруын тудыруы мүмкін. Түйнектің бұл түрлері науқасты тез арада өлімге әкелуіне байланысты диагноз анықтала қоймайды. Аурудың емі тек консервативті, операция жасалса қабыну айналасындағы грануляциялық шектеу бұзылып, процесстің жайылуына әкеледі. Міндетті түрде антибиотиктер тағайындалады (пенициллин, стрептомицин, т.б.). Арнайы ем ретінде күйдіргіге қарсы сарысудың 50-100мл., және 0,6-0,9 г. сальварсанды көктамыр арқылы енгізу.
Жара дифтериясы
Жараларға
дифтерия таяқшалары (Лефлер таяқшасы)
түскенде дамиды. Қабынудың ерекшелігі
жараның бетінде, қиын алынатын сұр
немесе сұр-сарғыш түсті қабықтың болуы.
Жараның айналасындағы тіндер қызарып
ісінеді (121-сурет). Ағымы баяу,
бактериологиялық зерттеуде аурудың
қоздырғышы а
нықталады.
Сурет 121. Жара дифтериясы.
Емі. Науқасты оңашалағаннан кейін тамақ дифтериясы сияқты емдейді: Безредко тәсілімен бұлшықетке 25000-50000 антитоксикалық бірлік дифтерияға қарсы сарысу инъекцияланады. Жара антибиотиктер, антисептиктер ерітінділерімен жуылып, дифтерияға қарсы сарысумен таңу салынады.
Шірікті инфекциялар
Шірікті
инфекциялардың
этиологиясы спора түзбейтін анаэробты
микробтар (B. Coli, B. Putrificus, Proteus) және осы
микробтардың стафилококк, стрептококтармен
бірлескен ассоциациясы. Шірікті
инфекцияларда тіндердің жергілікті
өзгерістері және ағзаның жалпы реакциясы
анаэробты инфекцияға ұқсас келеді,
қабынудан некроздану процесі басым
болады. Тіндер іріп-шірігенде сасық
иісті ірің көп мөлшерде бөлініп, науқасты
ауыр интоксикацияға әкеледі. Шірікті
инфекция қатты ластанған жыртылған,
мыжылған жараларда, ашық сынықтарда,
жедел парапроктиттер (122-сурет),
аппендикулярлы абсцестер, одонтогенді
ф
легмоналарда
дамиды.
Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
Клиникалық көрінісінде: өліеттенген тіндерге толы жарадан сасық иісті, геморрагиялық кір сұйықтық көп мөлшерде бөлінеді. Жараның шеті қызарып ісінеді. Жиі лимфангиит, лимфаденит дамиды. Науқастың жалпы жағдайында: дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, ұйқысы қашады, тәбеті төмендеп ауыр интоксикация, сепсистік жағдай орын алады.
Емі сепсис ауруының еміне сәйкес келеді. Жараны кеңінен тіліп ашып өліеттерден мұқият тазартады, қуыстанып қалған іріңді қалталарды санациялап, ішін сутегінің асқынтотығының 3% ерітіндісімен жуып дренаждайды. Дренаж арқылы жараны антисептиктермен жуып, антибиотиктер енгізеді.
Шірікті инфекциялардың алдын алу мақсатында инфицирленген жараларға дер кезінде мұқият біріншілік хирургиялық тазарту жүргізу, жедел аппендицит, қысылған жарықтар, жедел холециститте т.б. жедел операцияларды жасау.
