Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан

тестер және ситуациялық есептер 209

Хирургиялық инфекция тақырыптарынан

тестер және ситуациялық есептердің жауаптары 268

Әдебиеттер тізімі 279

Қысқартылған сөздер тізімі

ААК – айналымдағы альбуминдер көлемі

АБК – айналымдағы белоктар көлемі

АБ – антитоксикалық бірлік

АҚ – артериялық қысым

AНbК – айналымдағы гемоглобин көлемі

ГБО – гипербариялық оксигенация

ГК – глобулярлы көлем

КТ – компьютерлі томография

ҚШҰ – қантамырішілік шашыранды ұю

ОВҚ – орталық веналық қысым

ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі

ӨЖД – өкпені жасанды демалдыру

ПК – плазма көлемі

УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу

УЖЖ – ультражоғары жиілікті

ЦҚК – циркуляциядағы қанның көлемі

ЭКГ – электрокардиография

ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамдығы

ЭЭГ – эхоэнцефалография

Кіріспе

Хирургия саласында хирургиялық инфекцияның алдын алу, онымен күресу ғасырлар бойы күні бүгінге дейін толық шешімі табылмай келе жатқан ең маңызды мәселелердің біріне айналды. Оның дәлелі бүгінгі күнде адамдарда кездесетін аурулардың 70%, көз жұмған аурулардың 30%- көбі хирургиялық инфекцияға байланысты (Ефименко Н.А. 2004,). Жедел операциялардан кейінгі іріңді асқынулар 32-75% кездеседі, осы іріңді асқынулар науқастардың 42-60% өлімге әкеледі (Гостищев В.К., 1997, Ерюхин И.А. 2003, Лохвицкий С.В., Тургунов Е.М., 2003, Ефименко Н.А.,2005, Pinner R. W et., al 1996).Ұсынылып отырған оқулық «Хирургиялық инфекция» хирургия пәні бойынша бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес және соңғы ғылыми жетістіктерге сүйене отырып жазылған. Онда хирургиялық инфекциялардың, іріңді хирургиялық аурулардың жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі және диагноз қою, емдеу мәселелері, қауіпті асқынулары толық қамтылған. Жеке тарауларда жұмсақ тіндер, сүйек-буын, серозды қуыстар, қол-аяқтың жедел және созылмалы іріңді хирургиялық ауруларына толық сипаттама берілген. Кітапта әрбір нозологияға суреттер келтірілген, барлығы 136 сурет және студенттер, интерн, резиденттердің білімін бақылауға тест сұрақтары, ситуациялық есептермен толықтырылған. Оқулық медициналық университеттерде 3,4,5- курс студенттеріне және

интерн, резидент хирургтарға әдебиет ретінде пайдалануға болады. Хирургиялық инфекция бөлімдерінде істейтін дәрігерлерге, хирургия пәнінен сабақ беретін ұстаздарға да пайдасы тиетіні анық.

Негізгі бөлім

Хирургиялық инфекция

Іріңді қабынулар адам ағзасының кез - келген мүшелерінде дамуы мүмкін. Олардың этиологиясы әртүрлі іріңдіктерді тудыратын микроорганизмдер. Барлық хирургиялық аурулардың 1/3-і және операциядан кейінгі көптеген асқынулар хирургиялық инфекцияға байланысты.

Патологиялық хирургиялық инфекция хирургиялық іріңді ауруларды (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, т.б.), іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық іріңді деструктивті процестерін (аппендицит, холецистит, панкреатит, т.б.), операциядан кейінгі және ашық, жабық жарақаттардың іріңді асқынуларын қамтиды. Операциялардан кейінгі іріңді асқынулар науқастардың өміріне үлкен қауіп төндіреді. Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың жартысынан көбінде өлім іріңді инфекцияның дамуына байланысты.

Хирургиялық инфекцияның басталуы, ағымы, болжамы бірнеше факторларға байланысты:

1. Макроорганизмнің иммундық жүйесінің қабілетіне;

2. Микроорганизмнің мөлшері, вируленттілігі, дәрілерге төзімді штамдары жыл сайын өсуіне.

3. Инфекция енген ошақтың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне;

4. Жалпы қан айналымы бұзылыстарында қабыну ошағына микроорганизмдерге қарсы тұратын, оларды жоюға арналған арнайы клеткалық, гуморалды иммунды заттар дер кезінде және толық көлемде жеткізілмеуіне.

5. Науқастың аллергиялық статусына.

Ақырғы жылдары ластанған экологияның салдарынан, ауруларды емдеуде және олардың алдын алу мақсатында күнделікті қолданылатын дәрі-дәрмектердің аллергиялық әсерінен адамдардың иммундық реактивтілігі әлсіреген, осы себептерден хирургиялық инфекция және операциядан кейінгі іріңді асқынулар жиі орын алуда.

Іріңді қабыну туындау үшін, микроорганизмдер түскен ошақта олардың өсіп-өнуіне қажетті қоректі заттардың (өліеттер, гематома) және де жергілікті, жалпы қан айналымының бұзылыстары міндетті түрде болуы керек. Іріңді хирургиялық инфекцияның орын алуы аурулардың жасына да байланысты. Жас адамдарда, көбінесе 17-35 жас аралығында флегмона, абсцесс, іріңді лимфаденит, мастит, остеомиелит жиі кездеседі; 36-55 жастағы науқастарда зәр шығару жүйесінің аурулары - пиелит, цистит, пиелонефрит, сонымен қоса парапроктит, перитонит, 65 жастан асқан адамдарда карбункул, некроздық флегмона, инъекциядан кейінгі абсцесс, гангрена орын алса, жаңа туған нәрестелерде – нәрестелер флегмонасы, стафилококты өкпе деструкциясы, плеврит, жедел гематогенді остеомиелит, перитонит дамиды. Хирургиялық инфекцияны емдеуден гөрі, оның алдын алуы әлдеқайда тиімді. Әр адам жеке басының гигиенасын сақтаса, көптеген аурулардан, оқыс жарақаттардан сақтанып жүрсе, дәрігерлік көмекке дер кезінде жүгінсе, хирургиялық іріңді инфекциялардың асқынулары сирек кездесуі мүмкін. Хирургиялық іріңді инфекцияға шалдыққан науқастардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, олардың иммундық статусын зерттеп, тиісті иммунотерапия және иммунопрофилактика шараларына мұқият көңіл аударған жөн. Иммундық жүйенің физиологиясы мен патофизологиясын зерттейтін медицина саласы – клиникалық иммунология жақсы өркендеп дамуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]