Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.75 Mб
Скачать

Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.

а-2-саусақта Бир бойынша, 3-саусақта Клапп бойынша, 4-саусақта Верт бойынша;

б- 2-саусақта Фишман бойынша, 3-саусақта Зайцев бойынша, 4-саусақта Канавел бойынша.

5 - саусақтың тендовагинитінің іріңдігі алақан терісінің астына, алақан ортасының және Пирогов кеңістеріне, білезік буынның синовиалды сумкасына тарап, U-тәрізді флегмонаға әкелуі мүмкін. 1- 5- саусақтардың іріңді тендовагиниттерінің емі тек қана операция. Наркоз беріліп, ауырған саусақтың ортаңғы және негізгі фалангаларының алдыңғы бүйірінен бір немесе екі параллелді тілік жасалып, іріңдік ашылады.Сіңір қынаптарын силикон түтікшені сіңірдің алдыңғы бетінен өткізіп, дренаждайды. U-тәріздес флегмонада 1- және 5- саусақтардың синовиалды қынаптарын,

П ирогов – Парон кеңістігін 56 (а,б)-суреттерде көрсетілгендей тіліп, дренаждайды.

Сурет 56 (а,б). Пирогов-Парон кеңістігіне жайылған қол ұшының U-тәріздес флегмонасында дренаждау және үздіксіз жуу.

а-тілік орындары; б- Пирогов-Парон кеңістігін, 1- және 5-саусақтардың синовиалды қынаптарын дренаждау.

Паронихия. Тырнақ айналасындағы тіндердің қабынуы (57-сурет). Клиникалық көріністерінде тырнақ маңындағы тері қызарады, ісінеді, ауырады, пальпация кезінде ауырсыну күшейе түседі, қабынған жерді басқанда іріңді сұйықтық шығады. Науқас қолымен жұмыс істеу қабілетінен айырылады. Қабыну тереңдеп, тырнақ астына таралуы мүмкін.

Еміне келсек, бастапқыда консервативті шаралар жасалады: қабыну ошағын спирт, йодпен сүртіп, қыздыру компрестері салынады, ультракүлгін сәулесімен қыздырады, 2-3 күн пенициллин-новокаин блокадасы жасалады, нәтижесіз жағдайда саусақты

Лукашевич – Оберст тәсілімен жансыздандырып, Клапп әдісімен тілік жасалып, іріңдік ашылып дренаждалады (58-сурет).

С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.

а-тырнақ айналасынан доға тәріздес және тырнақ бойымен паралелді тілу; б-теріні көтеріп, тырнақтың проксималды бөлігінің астындағы өліеттерді алып тастау.

Тырнақасты панарцийі тікелей тырнақ жарақаттарында немесе паронихия, т.б. панарицийлердің асқынуында дамиды.

Т ырнақ астында іріңді сұйықтық жиналып, науқасты шыдатпай, қатты мазалайды, пальпация кезінде ауырсыну күшейе түседі. Емі тек операция, ірің жиналған жерінен тырнақты тесіп, іріңін шығарады. Тырнақтың шет жағында орналасқан іріңдіктерде, тырнақты үшбұрыштап кесіп алып, іріңін шығарады. Іріңдік тырнақ астына жайылып кетсе, тырнақ толық алынады. 59-суретте зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар көрсетілген.

Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.

а -тырнаққа трепанация жасау (1,2 ); б - тырнақты үшбұрыштап кесіп, тырнақ астындағы тікенді алу (1,2 ); в-тырнақты толық алу (1,2) г-проксималды паронихия тырнақасты панарицийімен асқынғанда: 1-теріге тілік жасау; 2,3 -тырнақтың проксималды бөлігі мен үстіндегі теріні кесіп алу; 4-тырнақ алынғаннан кейінгі көрініс.

Пандактилит - саусақ тіндерінің тұтас қабынуы. Сүйек, буын, сіңір панарицийлерінің асқынуы болып табылады. Панарицийдің басқа түрлеріне қарағанда сирек кездеседі. Ағымы өте ауыр, қоздырғышы жоғары вирулентті микробтар. 60-суретте көрсетілгендей, саусақ пішіні үлкейіп, ісінеді, терісі цианозданады, буын қимылдары жоғалады. Саусақтың сүйек, буын, сіңір, жұмсақ тіндерінің барлығы іріңдеп ыдырайды, некрозданады. Саусақта көптеген жыланкөздер пайда болады, олар арқылы сүйек секвестрлері, жұмсақ тіндердің, сіңірлердің өліеттері сыртқа шығады. Емі тек қана операция, саусақ ампутациясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]