- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Өкпе абсцесі.
Өкпенің жедел абсцесі - өкпе тініндегі шектелген іріңдік, көбінесе іріңді аурулардың асқынуы болып келеді: 1.Крупозды немесе гриппозды пневмония, тыныс жолдарының бөгде заттармен аспирациясы, бронхтарды тарылтатын ісіктер, терең күйіктер;
2.Септикопиемия, тромбофлебитт, т.б іріңді ауруларда өкпеге инфекция гематогенді, лимфогенді жолмен түскенде;
3. Инфицирленген өкпе тіндерінің ашық, жабық жарақаттары.
Біріншілік
абсцесс сирек кездеседі. Жедел абсцесте
қабыну ошағында іріңді инфильтрация
салдарынан өкпе паренхимасы және ұсақ
бронхтар өліеттеніп, ыдырайды. Қабыну
ошағының айналасында пиогенді капсула
қалыптасады. Егер де, абсцесс бронхпен
байланыста болса, ірің жартылай сыртқа
шығады, абсцесс қуысына кірген ауа
с
ұйықтық
бетінде жиналады (102- сурет).
Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
Өкпе абсцесінің этиологиясы пиогенді микробтардың ассоциациясы.
Клиникалық көріністері науқастардың иммундық статусына және микроорганиздердің вируленттілігіне байланысты. Абсцесс өкпенің кез келген бөлігінде орналасады. Өкпе абсцесінің қалыптасуын екі кезеңге бөледі: 1. іріңді инфильтрация; 2. өкпе тінінің ыдырауы. Өкпеде абсцестің түзілуінде науқастың жағдайы ауырлайды, дене қызуы көтеріліп, қатты жөтеледі. Өкпе перкуссиясында абсцесс тұсында өкпе дыбысы анық естілмейді, аускультация кезінде өкпеде бронхиалды немесе әлсіреген тыныс естіледі, қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формула солға жылжиды. Ауырған өкпе тұсында қатты ауырсыну орын алады. Ауыр интоксикация жүрекке де кері әсерін тигізеді: тамыр соғысы жиілеп, қан қысымы төмендейді, жүрек соғысы анық естілмейді. Рентгендік зерттеу кезінде өкпеде деструкциялық ошақтар анықталады. Аурудың клиникалық көріністері 4-10 күнге дейін өрши түседі, сонан кейін ірің бронх арқылы жарылып, көп мөлшерде, тәулігіне 200-800мл. қақырықпен сыртқа шығады. Қақырық сасық иісті, іріңді немесе шірікті, құрамында көптеген лейкоцит, эритроцит, детрит, бактериялар, эластикалық тіндер анықталады. Гангренозды абсцесте ірің шірікті иісті өте сасық болады. Іріңді ыдысқа құйып, тұндырғанда 3-қабатқа бөлінеді: астында ірің мен тіндер детриті, ортасында сарғыш жылтыр сұйықтық, бетінде көбік. Абсцесс плевра қуысына жарылған жағдайда пиопневмоторакс орын алады, науқастың жағдайы күрт төмендейді.
Диагноз қою бастапқы кезеңде қиынға соғады, ошақты пневмониямен шатастырады, абсцесс бронхқа ашылып, көп мөлшерде қақырық бөлінуі және рентгендік зерттеу дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Жедел өкпе абсцесін кавернозды туберкулез, актиномикоз, іріңдеген өкпе кистасы, бөлік аралық шектелген плеврит, ошақты пневмония, деструкцияланған өкпе рагі, абсцестенген біріншілік бронхоэктаз ауруларымен ажырату диагностикасын жүргізу қажет.
Емі. Сырқаттың кезеңіне байланысты консервативті және оперативті ем жасалады. Бастапқы 4-5 аптада кешенді ем дұрыс жүргізілсе, консервативті ем жақсы нәтиже береді:
1. Жақсы күтім және жоғары калориялы, витаминдерге бай тағамдар беру;
2. Қоздырғыштардың сезімталдығына сай антибиотиктерді тағайындау;
3. Бронхпен байланысты абсцесс қуысын бронхоскоп арқылы санациялау, антибиотик енгізу және науқасты қақырық жеңіл шығатын жағдайда орналастыру, қақырынғаннан кейін трахеяға антибиотик енгізу;
4.Науқастың иммунитетін күшейту;
5. 100 - 200 мл. қан және қан алмастырғыш сұйықтықтар құю.
Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда 6-8 апта аралығында операция жасалуы қажет: қабырға аралығы арқылы пневмотомия жасап абсцесті ашу немесе радикалды операцияларды қолдану (лобэктомия, пневмонэктомия). Операциядан кейін консервативті емді жалғастырады.
Жедел өкпе абсцесінің асқынулары:
Пиопневмоторакс;
Өкпеден қан кету;
Абсцестің гангренамен асқынуы;
Септикопиемия – миға, бауырға т. б. мүшелерге абсцестің метастазы;
Іріңнің сау өкпеге құйылуы, онда пневмонияның дамуы.
Аурудың болжамы. Дер кезінде жасалған кешенді ем науқастардың 70% толық сауықтырады.
Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы (pleuritis purulenta, empiema pleurae) өкпенің плевралды қабаттарының іріңді қабынуы. Көбінесе басқа мүшелердің іріңді қабынуларының асқынуы болып табылады. Біріншілік плеврит кеуденің өтпелі жаралануында кездеседі. Қоздырғышы көбінесе стафилококк, сирек жағдайда пневмококк, энтеробактериялар, грам теріс микрофлора немесе микробтар ассоциациясы. Балаларда іріңді плевритті пневмококтар жиі шақырады. Аралас микрофлорадан туындаған плевриттер ауыр түрде өтеді. Плевриттерді дұрыс емдеу үшін плевралды пункция жасап, бактериологиялық зерттеу жүргізіп, қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қажет.
Іріңді плеврит, плевра эмпиемасының патогенезі. Көбінесе өкпе абсцесі плевра қуысына жарылып іріңді плевритке әкеледі немесе өкпе абсцесінде инфекция плевра қуысына лимфа жолдарымен де таралады (103-сурет, 158-бет).
Плевропневмонияның
асқынулары - гриппозды пневмония,
парапневмониялық және метапневмониялық
іріңді плевриттер. Метапневмониялық
плеврит жиі кездеседі. Парапневмониялық
плеврит пневмонияның қызу кезеңімен
қатар жүріп пневмонияны асқындырады,
ал метапневмониялық плеврит пневмонияның
бәсеңдеген кезеңінде дамиды. Өкпе
гангренасында көбінесе шірікті плеврит
орын алады. Плевра қуыстарының
инфицирленген өтпелі жараларында пайда
болатын гемопневмоторакс іріңдесе –
гемопиоторакс дамиды. Тағы да көптеген
аурулар іріңді плевритпен асқынулары
мүмкін: өкпе эхинококкозы және туа
біткен өкпенің кисталары жарылғанда,
деструкцияланған өкпе рагі, кавернозды
өкпе туберкулезі. Басқа мүшелерде
орналасқан іріңді ошақтардан (іріңді
аппендицит, холецистит, панкреатит,
флегмоналар, сепсис) плевра қуысына
инфекция гематогенді, лимфогенді жолмен
түссе, іріңді плеврит дамиды. Плевра
қуысына түскен инфекцияның вируленттілігі
төмен болса висцералды, париеталды
плевра арасында болар- болмас фибринозды
сұйықтық жиналып, құрғақ плеврит орын
алады. Вируленттілігі жоғары қоздырғыштар
экссудативті плевритке (серозды,
фибринозды,
іріңді) әкеледі. Париеталды және
висцералды плевра қабаттарында қызару,
ісіну, экссудация, қанталау, фибрин
түзілу сияқты қабынудың белгілері
туындайды. Қабыну тоқтамай ө
рши
түссе, плевра беттерінде лейкоциттер
түзіліп іріңдеуге әкеледі.
