Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1283_jumataeva_e_jogari_mektepte_adebietti_bili...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.8 Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары

Проза жайлы біз І тарауда бірқатар зерттеушілер мен сөздіктерде берілген анықтама-тұжырымдарға тоқталып өттік. Ендігі жерде аталған жанрды оқыту үшін қандай әдістерді қолданған жөн?

  1. Бірінші түсіндірмелі-суретті оқыту жүйесіне тоқталып өтелік. Бұл оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – тәжірибеде алған білімдерін қолдана білуге ынталандыру. Мұғалім көрнекі құралдардың көмегімен оқу материалын оқушы санасына жеткізуді көздейді. Тәжірибешілік жұмыс жүргізу үрдісінде мұғалім оқушының қайталаным, репродуктивтік қайталаным деңгейін ұйымдастырады.

  2. Дамытпалы оқыту жүйесі. Аталған әдістің негізгі атқаратын ролі –оқушының өздігінен ойлау әрекетін дамыту негізінде білімді меңгерту. Білімнің ішіндегі ақиқатты іздеу, өмірдегі күнделікті тіршіліктің ыңғайына кетпейтін тәуелсіздікті ұстану сияқты бағыттарды көздейді. Мұндай оқытудың негізі – оқушылардың өністі ойлау қызметі. «Дамудың жақын ауданын» жүзеге асырады. Жаңадан білім алу үрдісінде «дамудың жақын алаңы» адамның жан дүниесін алға ұмтылдырады.

Мұғалім оқушының ізденісінің үрдісін ұйымдастырушы сапасында қызмет етеді. Мұндай әрекеттестік оқу еңбегінің тек қайталаным деңгейінде тұйықталып қалмауын жүзеге асырады. Бұл әдіс әр оқушының кабылдау белсенділігін арттырып, қиялын, ойлау әрекетінің әртүрлі іс-қимылын түйістендіреді.

3. Проблемалы оқыту. Проблемалап оқыту жүйесін жүзеге асырудың негізі кімнің іліміне қатысты дамыды? Бұл сұраққа С.Л.Рубинштейннің ғылыми тұжырымы мен дәйекті пайымдарына үндесе отырып дамыды деген жауапты ұсынамыз. Психолог-ғалым адамның жеке санасының қабілетін дамыту тек өзіне тән (мамандығына, не жеке мақсатына) өзекті мәселесін шешудегі танымын дамыта аларлық бағдарламаны меңгеруіне орай заңдылықтар мен қағидалардың қажеттілігін жіктеп берген. Оның басты тірегі, субстанңиясы – проблемалы ситуацияны сол өзінің өзекті мәселесіне тиесілі үрдістерге жобалануындағы іскерлігін дамыту. Субъект өзіне қиындық туғызатын міндеттерді ұтымды шешуге ниеттенеді. Бірақ, оған қатысты керек мәліметтер мен фактілер, тұжырымдар жетіспейді.

Мұндай ситуация әр субъектінің психологиялық мүмкіндігін ашады. Ғылыми, біліми берілген тапсырмаларды орындау үрдістеріндегі қайшылықтарды жіктеп, оны шешу үшін жаңа білімді пернелеу мен қызметтік әрекеттерін нәтижеге бағдарлау мәністері өзіне өзінің көңілінің тоқмейілсіп, өнімді еңбегін айқын көруіне мүмкіндіктер, қолайлы сәттер орнығады. Сөйтіп, субъекті ішкі мүмкіндіктерін сапалы танымдық пайым жинауға толық пайдалана алатын дәрежеге жетеді.

Оқытудың бұл әдісі әр студенттің, не оқушының өздігінен дербес жұмысқа халінің келу, келмеуін сараптан өткізіп береді. Проблеманы жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап оқыту әдісі шықпайды. Сол себепті белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған жоғары мақсаттағы бағытына тікелей бағынышты екендігін естен шығармауы көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты мәселе белгілі бір ғылыми бағытқа қатысты туады, міне, сол қайшылықты шешудің өзектілігін табудың әдісін дұрыс таңдап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі болуы қажет.

4. Программалап оқыту. Бұл әдісті қазақшалап алсақ, бағдарламалап оқытудың әдісі демекпіз. Мұның негізінде кибернетика немесе оқылатын жүйені құбылту мақсатында құру. Аталған әдістің басқа әдістен ерекшелігі оқытушы тарапынан бұйрық беру сипатында, ал техника жүйесінде компьютерде берілген бағдарламаны шешу.

Бұйрыққа қатысты орындалған тапсырманың шешімін сипаттау ісі -негізгі әрекет. Оқу бағдарламасынан оқушы өзіне қажетті білім алады, мағлұмат жияды. Өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оқу жүйесінің кемшілігі – шектен тыс оқушының оқу қызметіне апелляцияның болуы.

5. Модульдеп оқыту. Бұл әдісте мұғалім оқу мағлұматымен, нысанасымен жұмыс жүргізеді. Мұның өзі тарау-тараумен (модульге лайықты) берілген материал болады. Әрбір тараудың негізгі желідегі басты ой-түйіні қорытынды сипатында келеді және дербес жұмыс жүргізуге лайықталған, ыңғайланған дәрежеде тізбеленеді.

Жалпы мұндай тараумен бернеленген нысаналар (ұсақ бөліктері) тұтастық қалыпқа түйістендірілген бейнеде болады. Оқу үрдісінде тақырыптың мұратын ашу үшін немесе барлық оқу қызметінің әрекетін айқындау үшін қолданылады. Мәселен, мақсаттылық деңгейге құрылған тараулар жаңа білім нысандары жайлы түсініктер береді. Оның өзі болып жатқан құбылыстармен байланыстылық заңдылығына сүйене сипатталады.

Екіншісі, мәліметке құрылған тараулар, бөлімдерге жіктелген ең қажетті деген мағлұматтардың жиынының жүйесі. Бұлар: бөлімдер, параграф (кітаптың), компыотер бағдарламалары.

Үшіншісі, операциялы тараулар. Бұл тараудың басты ерекшелігі – тәжірибешілік тапсырмаларды орындауға арнайы құрылуы. Негізгі аталған модуль оқушылардың, не студенттің қисындық біліміне орай жаттығу, тәжірибешілік ыңғайына бейімделіп келеді.

Ең соңғы модуль оқушылардың, не студенттердің жиған білімдерін тексеру үшін (емтихан, сынақ, тест, шығармашылық қабілетті тексеру) құрылған сауалнамалар жүйесінде беріледі.

Модульдеп оқыту - әр субъектінің өзін-өзі дамыта аларлық дербес жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру бағытына қозғаушы күш. Мұның өзі жас ерекшелігіне сай ыңғайланып, межесі қабылдау іскерліктеріне лайықтанып құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]