- •І тарау
- •1.1 Әдістеме ғылымының шығу тарихы
- •1.2 Әдістеме ұғымының пайда болу тарихы
- •1.3 Әдебиетті оқытудың дидактикалық тірегі – пәлсапа
- •1.3 А. Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің) мағынасы жайындағы пайымдамасы - дидактиканың негізі
- •Потенциалды интеллект
- •Актуальды интеллект
- •Әрекетшіл интеллект
- •1.3 Ә. Қожа Ахмет Иасауи шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3.Б. Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни еңбегіндегі дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Халқымыздың ырысы болған ілім
- •1.3 В. Бұхар шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі Бұхар жырау шығармашылығының парадигмалық сипаты
- •Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру:
- •Жыраулық дәстүрге ғылыми тұжырым:
- •1.3 Г. Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 Д. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 Е. Мәшһү-Жүсіп шығармоларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын жаңа амалмен (технологиямен) оқыту
- •1.3 Ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипаты
- •1.3 З. Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 И. М. Әуезов шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Іі тарау
- •2.1 Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері
- •Гештальт қисыны
- •Суггестив қисыны
- •2.2 Педагогикалық технологиялар жайлы тұжырым-түйіндер
- •2.3 Оқытудың ыңғайлану жүйесі
- •2.4 Електі жоспар және өздігінен есептің графигі
- •2.5 Оқытудың әдістері
- •2.6. Педагогикалық технологияның негізгі тірек көзі, қисыны (әдебиетті оқыту үрдісінде)
- •2.7 Проза туралы түсінік
- •2.8 Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары
- •Технология субстанциясы – проблемальі зерттеу әдісі
- •2.9 Прозаны оқытудың тиімді жолдары
- •Шығарманың құрылым-жүйесі
- •Оқытудың қисыны
- •Ііі тарау прагматикалық жұмыстың көрінісі
- •3.1 Педагогикалық технология – санатты оқудың кепілі
- •3.2 Әдіснамалық сапасы
- •3.3 Студенттер өткенді білсін десек...
- •3.4 Маржан жырдың мәнін ұқтырған
- •3.5. «Сорос – Қазақстан» қорының «Жазу және оқу үрдісінде сыни ойлауды дамыту» атты бағдарламасымен өтілген лекция сабағының нұсқасы
- •3.6 Зертханалық жұмыстың үлгісі
- •3.7 Оқу уақытының дидактикалық маңызы
- •3.8 Дидактикалық материалды ұстаздың қызметте пайдалануының алгоритмі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Іі тарау
2.1 Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері
Даму бағытына орай педагогикалық технологияны Г.Селевко төмендегідей жіктейді:
Биогендік технология. Адамның тегіне тарту. Бұл түсініктің біз Ж.Аймауытовтың «атавизм» деген ұғымымен өзектестігіне көз жеткіземіз. Олай болса, педагогикалық технология біз үшін XX ғасырдың 20-жылдарында өмірге келген. Сол тұжырымды «шегелеу» үшін Г.Селевконың зерттеу еңбегіне тоқталуды жөн көрдік.
Әлеуметтік тек, әлеуметтік ортаға икемделген Адамның Тұлғалық дәрежеде қисындық білімін тәжірибеде қолдану шеберлігі. Бұл тұжырым да бізге таныс.
Психогендік адамның дербестік қалпында алға жылжу үрдісін аңғаруы;
Мұраттылық сипаты, Тұлғаның ұстанымына орай, алға қойған үлкен мақсатына жетудің жолдары. Ассоциативті - толғаныс тұжырымы Адамның миындағы қозу және тежелу сияқты қасиеттеріне бағынады:
білім меңгеру икем, қабілет, іскерлігі. Ассоциотивті қарадүрсін мен күрделі құбылыстардың косындысы. Аталған қисын мынандай кезеңдерден тұрады:
а) материалды қабылдау;
ә) пайымдау, қайшылықты түйсіну;
б) есте сақтау, оны тұрақтандыру
в) тәжірибеде қолдану;
Қол жеткен табыстардың өзі келесі жағдайларда жүзеге асады:
оқитын, меңгерген субъекті жағынан белсенділікті сезіну;
ойлау әрекетін жаттығулар арқылы дамыту, бекіту;
өмірде оны қолдану.
Жоғарыда берілген тізбенің генезисін ашқан ғалымдар (Ресейде) И.М.Сеченов, И.П.Павлов, С.Л.Рубенштейн, Н.А.Менчинская, Д.Н.Богоявленский, Ю.А.Самарин, т.б.
Ойлау, пайымдау жүйесі жиылған ақпараттық нысандарды корытындылап, түйіндеп қабылдау, оған қатысты жаңа ұғымдарды меңгеру, оны өзінің лексикалық қорына бернелеу.
Г.Селевко басқа ғалымдарда кездеспейтін, бірақ оның анықтамасы негізі, қисыны құрылған (Э.Ториндайк, Д. Уотсон, Б. Скиннер және басқалары) жалпы ереже былай сипатталады: «ынталандыру – бекіту мен ғылымды тұрақтандырудың мұрындығы». Материалдық және моральдық әрекеттің дұрыстығы жайлы белгі.
Гештальт қисыны
Қабылдау әдісіндегі құбылысты тұтастықта түйсіну амалы. Мұның негізін қалаған ғалымдар: М. Ветргеймер, Г. Мюллер, В. Келлер, К. Кофка.
Пайымдау әрекетін қалыптастыру кезеңдерінің қисыны.
- Ақыл-ой, бағам-пайым әрекеттері кезеңдерінің қисыны. Мұның қисындық табиғатын ашқан ғалымдар - П.Я. Галытерин, Н.Ф. Талызина. Негізгі заңы – адамның ішкі-сыртқы әрекетінің өзгерісі. Мұның өзі интерриоризация, яғни адамның өз-өзін ішкі бақылауы арқылы өсу, даму карқынын межелеуі. Бұл қисынды біздер ұлы данышпан бабаларымыздың еңбектерінен кездестірдік. Ішкі бақылау бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Оның ішкі ойлау әрекетінің жоспары құрылып отырады. Іштей қабылдаған мағлұматтарын қорытындылайды, әңгімелейді, қысқартады, ішкі даяр жауаптың ең шыңына жеткен мүмкіндікке айналады, ол белгілі түрмен сыртқы ортаға белгілі болады.
Сыртқы ортаның құбылысымен танысады. Ә.Н.Б. бірнеше типке бөлінеді: толық, толық емес, басқа нұсқада.
Сыртқы сөйлесім кезеңі. Ішкі бақылаудың барлық кезеңдері ширатылған сәтте сөйлеу әрекеті автоматты дәрежеге жетеді.
Ішкі сөйлесім кезеңі. Іштей сөйлейтін сөзін алдын-ала әзірлейді.
