Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klin_kr_feld_3k_kz_koll-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
423.68 Кб
Скачать

Процедураны орындау.

1.Науқас сол бүйір жанымен жатады, процедураны дәрігер орындайды.

2.Колоноскоп енгізер бұрын тік ішек айналасын анестезия жасау(3% дикаин мазьі).

3.Тік ішекке колоноскопты енгізу.

4.Тексеріп болған соң колоноскопты шығарып алады.

5.Қолданылған инструменттерді, перчаткаларды және колоноскопты дезинфекциялау.

6.Науқасты палатаға апарып тыныштық орнату.

Бронхоскопия-науқас тынысалу жолдарына енгізген эндоскоп көмегімен ірі және орта калибрлі бронхты, трахеяны визуальді тексеру әдісі болып табылады. Иілгіш және қатты бронхоскоптар қолданылады. Бұлардың көмегімен ірі бронхтарды ғана емес майда диаметрлі бронхтарының кілегей қабатын көруге мүмкіндік туғызады. Бронхоскопия көмегімен бронхтарының қабыну процессінің белгілерін, өкпедегі ісікті, қан түкіруінің және ұзақ жөтелдің себебін және лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады. Бронхоскопия кезінде көруден басқа, қосымша тағыда мынадай манипуляцияларды жасауға болады: бронхтың секретін сорып алу, бронхтың кілегей қабатының кішкене бөлігін биопсияға алу; және де бронхтарды тесіп өкпе тканінен, лимфа түйінінен биопсия алу. Емдік процедураларды жасауға болады: бронхтарды жуу, дәрілік заттарды енгізу, бронхтан қанды және іріңді сорып алу.

Дайындау:тексеруді жүргізу алдында науқасқа тексеру мақсатын, тексеру кезеңін айтып түсіндіру және үйрету. Тексеруге бірнеше күн қалғанда дәрігер тағайындауы бойынша тыныштандыратын дәрілік заттарды науқасқа беру. Тексеру күні азанда су, тамақ, дәрілік зат ішуге және темекі тартпауға сұрану. Тексеру алдында қуықты және ішекті босату. Дәрігер тағайындауы бойынша процедура алдында 15мин бұрын бронхоскопты бос енгізу үшін премедикация жасайды. Эндоскопиялық бөлмеге науқасты жеткізу. Орындыққа науқасты отырғызу. Жоғарғы тыныс жолдарын 10% новокаин ерітіндісімен немесе 2% лидокаин ерітіндісімен анестезия жасайды.

Ауыз немесе мұрвн арқылы бронхоскопты дәрігер енгізеді, ал медбике көмектеседі.

Процедураны аяқтаған соң асфексияның алдын алу шараларын жүргізу қажет. Арнайы нұсқау бойынша қолғап, инструменттерді, бронхоскопты стерилизация және дезинфекцияны жүргізу.

Артроскопия-буын зерттеу. Буынның синовиальді қабатын, буын шеміршегінің зақымдалуының әр түрлі түрлерін, буын байламын, менискінің дегенеративті немесе травмалық өзгеруін анықтауға болады. Синовиальді қабаттан биопсия алуға және буын аралық синовиальді сұйықтықты сорып алуға мүмкіндік бар.

Буынның дегенеративті немесе қабыну ауруларын шақырған қоздырғышты анықтай алады. Кәзіргі кезде артроскопия көмегімен буынға операциялық араласулар жүргізіледі, якни буын қуысын ашпай-ақ менискті алып тастауға болады.

Асқынулары: кейде буынның қабынуы мүмкін.

Лапароскопия-құрсақ қуысын зерттеу. Құрсақ қусындағы мүшелердің, бауырының ісік ауруларын және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндердің ұлғаюын анықтайды.

Ауруды анықтау қиын болған да және басқа тексеру әдістері нақты дәлел бермеген жағдайда лапароскопияны ең жиі қолданады. Бауыр ұлғаюының себебін анықтау үшін, бауыр және өт қабатының, кіші жамбастағы аналық без және жатырдың ісігіне күдіктену кезінде ең жиі лапароскопиялық тексеру жүргізілуі қажет. Сарғаюдың кейбір түрлерінде лапароскопия оның себебін анықтауға көмектесуі мүмкін. Өкпе және жүрек ауруларының ауыр ағымында, құрсақ қуысының қабынуында, қанның ұйығыштығы бұзылған кезінде лапароскопияны жүргізбейді. Лапароскопия ауруды емдеу үшін үлкен мүмкіншіліктерді туғызады, бұл мүмкіншіліктер кең таралуда. Кәзіргі кезде хирургия аймағында жаңа мақсат алға қойылды-ол лапароскопиялық хирургия, лапароскопқа миниатюрлі бейне камера орнатылған, құрсақ қуысының мүшелерін теледидар экранынан көруге мүмкіндік туғызады. Кәзіргі кезде хирургиялық инструменттерді лапароскоппен бірге құрсақ қуысына қосымша кішкентай кесіндісі арқылы енгізіледі және операциялар жасалады. Мысалы:өт қабынан өт тастарын алып тастау. Осындай операциялардың саны күннен күнге өсуде.

Тексеруге дайындау: эзофагоскопия, гастродуаденоскопия және бронхоскопия науқасты дайындау кезінде тексеру алдында 12сағатқа дейін тамақтануға тосқауыл қойылады. Колоноскопияға науқасты дайындау: бұдан да күрделі, өйткені оның мақсаты тоқ ішектегі газды тазалау. Тексеруге 2-3 күн қалғанда науқасқа шлаксыз диета тағайындалады.Тексеруге 1күн қалғанда екінші таңертеңгілік (завтрак) асынан кейін 30-40 мл кастор майы беріледі, ал кешке тазалау клизмасы жасалынады. Кешке тамақ ішпейді. Тексеру күні тексеруге 2-2,5сағ қалғанда тазалау клизмасы жасалады. Кейбір жағдайларда ішекті тазалауға арнайы препараттар тағайындалады.

Цистоскопия-қуық қуысын эндоскопиялық тексеру. Емдік және диагностикалық мақсатпен урологиялық креслада, бұл әдіс жатқызылып жүргізіледі (тасты талқандау, қуықтағы полиптерді және қатерсіз ісіктерді алып тастау).

Дайындау:азанда тексеру алдында қуықты босату және тазалау клизмасын жасау қажет. Эндоскопия бөлмесіне аш қарынға, азанда келу. Тексеру гинекологиялық креслада жүргізіледі. Ерлерге цистоскопты енгізер алдында зәр шығару каналын жансыздандырады. Цистоскоп үстіне зарасызданған глицеринді құяды және зәр шығару каналына енгізеді. Процедураны дәрігер орындайды, ал медбике көмекші болады. Тексеруден кейін науқас бірнеше сағатқа төсекьтік режимді қатаң сақтау қажет. Процедурадан соң 3% хлорамин ерітіндісіне 60 мин-қа перчатканы, инструменттерді дезинфекциялайды, сосын кезекті стерилизация жүргізіледі.

Бір ретті қолдануға арналған құралдарды қолданған кезде дезинфекция ғана жасалынады да сосын утилизация.

Хромоцистоскопия-цистоскопия 0,4% 5мл метил көк ерітіндісін күре тамырға енгізу. Зәр ағардан бояудың бөлініп шығу интенсивтілігі және уақыты жоғарғы несеп жолдарының және бүйрек функциясының көрсеткіштері болып табылады.

Ультра дыбысты зерттеу- фотопленкада тіркеледі, бейнемонитор экранда ультра дыбысты толқындарының тіркеуімен негізделген, ультра дыбысты тексеру болып табылады.

Осы әдістің артықшылығы:адам ағзасына ешқандай-да бір зат енгізілмейді, қатерсіз және қауіпсіз, науқастың қандай-да бір жағдайында жасауға ыңғайлы және қолайлы, нәтижені бір мезетте тез алу.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Аудиториялық жұмыс: Науқасты рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерге дайындауды үйрену.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Рентген сәулелерінің тіндер арқылы өту кабілеггілігі байланысты болады а иүшелердін тығыздыгына

б тіндердін тығыздығына

в олардын қалындыктарына

г химиялык кұрамынан

д барлығы дүрыс

2. Жасанды контрастау қандай мүшелерді тексеру үшін кажетті а жүрек

б өкпк

в сүйек

г бүрек

3. Жасанды контрасттау қолдануға болмайды: а бүйрек

б бауыр

в тамырлар

г жүрек

4. Арнай контрасты заттарды анықтаныз а барнй сульфаты

б магний сульфаты

в йодтын органикалык косылыстары

г сутегі байланыстары

д барлығы дұрыс емес

5. Ректороманоскопия деген: а асқазанды көру

б буындарды көру

в қантамырларды көру

г тік ішектк көру

д қуықты көру

6. Эндоскопия – ішін көру:

А) паренхиматозды мүшелер

Б) қуысты мүшелердің

В) клетка ішін

Г) барлығы дұрыс

3 «Қатты» эндоскоп көмегімен тексерілмейді.

А) тік ішек

Б) несеп қуығы

В) асқазан

Г) құрсақ қуысы

7. Эндоскоптың артықшылығы:

А) ісікті анықтау

Б) биопсия жасауға мүмкіндік

В) операциялық араласуларды жүргізу

Г) барлығы дұрыс

8. Жасанды саңлау арқылы қандай эндоскопиялық тексеру түрлері кезінде жүргізіледі.

А) лапароскопия, холецистоскопия

Б) бронхоскопия, цистоскопия

В) лапароскопия, артроскопия

Г) артроскопия, ректороманоскопия

9. Лапароскопияға қарсы көрсеткіш.

А) қанның сұйылғыштығы

Б) іш перденің қабынуы

В) жүректің ауыр аурулары

Г) барлығы дұрыс

10 Жасанды саңлау арқылы қандай эндоскопиялық тексеру түрлері кезінде жүргізіледі.

А) лапароскопия, холецистоскопия

Б) бронхоскопия, цистоскопия

В) лапароскопия, артроскопия

Г) артроскопия, ректороманоскопия

Ситуациялық есептер:

1 Дәрігер науқасқа эзофагогастродуоденоскопияны тағайындады. Науқасты тексеруге қалай дайындайсыз айтып түсіндіріңіз

2 Эзофагогастродуаденоскопиядан кейін науқас жұтыну кезінде тамағының ауыруына шағымданды. Осы науқасқа қандай көмек көрсетесіз, тактикаңыз қандай 

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

12 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Терминальды жағдай.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]