Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klin_kr_feld_3k_kz_koll-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
423.68 Кб
Скачать

Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.

Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.

Инсулинді қолдану ерекшелігі.

Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тіндерініңканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.

Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.

Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.

Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.

Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.

Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.

Инсулинді енгізу.

Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.

Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.

Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 (70%)

Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды машықтану

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:

а) 20 ӘБ

б) 40 ӘБ

в) 60 ӘБ

г) 200 ӘБ

2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?

а) 5% глюкоза ерітіндісі

б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі

в) 10% натрий хлор ерітіндісі

г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?

а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді

б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді

в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді

г) 10 мл дистилденген су

4.Майлы ерітіндіні енгізеді:

а) тері ішіне

б) күре тамырға

в) тері астына

г) артерия ішіне

5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:

а) 180○C-та 60-мин

б) 200○C-та 45-мин

в) 2 атм (132○C)20-мин

г) 1,1 атм (120○C)45-мин

6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?

а) 0,1 мл

б) 1 мл

в) 2 мл

г) 0,02 мл

7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы

а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

б) қолданудың қарапайымдылығы

в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі

8. Тері астына инъекцияны жасайды:

а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

в) білектің ішкі беткейіне

г) алдыңғы сан бұлшықетіне

9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:

а) білектің ішкі беткейіне

б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты

Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?

а) туберкулин

б) инсулин

в) майлы ерітінді

г) бензилпенициллин

Ситуациялық есептер:

1.Егу бөлмесінде бензилпенициллиннің 500 000ӘБ бар. Науқасқа 300 000ӘБ тағайындалды. Медбикенің іс әрекеті қандай?

2.Дәрігер науқасқа инсулиннің 32 ӘБ енгізуді тағайындады. Бөлімшеде инсулинді шприц таусылып қалды. Бұл кезде медбике инсулинді енгізу үшін нені қолданады және дәрігер тағайындаған 1мл инсулинде 80 ӘБ құрайды, инсулиннің қанша мл алады?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

4 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Венаға дәрі енгізу алгоритмі, венадан қан алу, венаға тамшылатып дәрі құю және венаға жасалынатын пункциялар, дәрі енгізу кезінде туындайтын асқынулар.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]