- •Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі Алматы технологиялық университеті
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығына арналған
- •Алматы 2014
- •Өпма кафедрасының отырысында талқыланып ұсынылған
- •Кафедра меңгерушісі т.Ғ.К. Е.Д.Шамбулов
- •Дәріс кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығы үшін
- •Алматы 2014
- •Автоматты реттеу жүйелерінің функционалдық схемасы
- •- Шығыстық шаманың кескіні,
- •3.3 Сурет. Лажс мен лфжс тұрғызу
- •Пропорционалдық-интегралдық (пи), пропорционалдық-дифференциалдық (пд), пропорционалдық-интегралдық -дифференциалдық (пид) реттеуіштер
- •5.2 Сурет. А) –тізбектей, б) – параллель, в) –қарсы параллель жалғанулар
- •1. Өлшеу аппаратураларының жіктелуі
- •9.1 Сурет. Өлшеу аппаратураларының классификациясы
- •2. Сандық өлшеу аспаптары (сөа)
- •3. Өздігінен жазатын аспаптар
- •10.1 Сур. Өзекті дилатометр
- •10.2 Сур. Биметалды термометр
- •11.2 Сурет. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының блок-схемасы.
- •11.3 Сурет. Ақаулық жартылай автоматының құрылымдық схемасы
- •Сурет 12.4.
- •12.5 Сурет. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі
- •12 Дәріс бойынша тест сұрақтары
- •Кептіру процессінің объектілерін автоматтандыру
- •13.2 Сурет Кептіпу процессінің автоматтандырылған схемасы.
- •1. Жіп иіру өндірісінің дайындау бөлімдері
- •14.1 Түту машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
- •14.2 Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық схемасы
- •15.1 Сурет. Базисті (а) және базисті-қабатты реттеудегі ұршықтың айналу жылдамдығының өзгерісі
- •15.2 Сурет. Реттеу тереңдігіне байланысты үзілу өзгерісінің графигі
- •15.3 Сурет. Дөңгелек иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
Автоматты реттеу жүйелерінің функционалдық схемасы
АРЖ-бірнеше функционалдық блоктардан тұрады
f(t)-қозу әсері
у(t)-реттелетін шама
х(t)-реттелетін шаманың берілген мәні
=
х(t)-у1(t)-ауытқу
(қателік сигналы)
U(t)-реттеуші әсер.
ӨЖ- реттелетін шаманың мәнін өлшеу керек кездерде түрлендіру (сезімтал элемент пен түрлендіргіштен)
Беруші- реттелетін шаманың бір мәнде ұстап тұратын немесе белгілі бір заңдылықпен өзгертетін құрылғы.
СЭ- реттелетін шаманың нақты мәні у(t) мен алдын ала берілген мәнін х(t) салыстырып, ауытқу болған жағдайда қателік сигналын тудырады.
ОМ-Қателік сигналының шамасына пропоционал, реттеуші органды қозғайтын ықпал тудырады.
Реттеуші орган – реттелетін объектіге келетін заттардың мөлшерін немесе энергия мөлшерін өзгертіп отыратын құрылғы.
2-дәріс бойынша тест сұрақтары
1. Технологиялық процесстердің басқарылатын шамаларын өлшейтін, оларды бір физикалық түрден екінші бір физикалық шамаға түрлендіретін элементті ата
(!) қабылдаушы элемент
(?) атқарушы элемент
(?) жоспарлаушы элемент
(?) түзетуші элемент
(?) салыстырушы элемент
2. Қандай элемент бойынша жүйеге реттелетін шаманың қажет мәні беріледі де оның нақты мәні осы берілген мәнге сәйкес келуі тиіс
(?) қабылдаушы элемент
(?) атқарушы элемент
(!) жоспарлаушы элемент*
(?) түзетуші элемент
(?) салыстырушы элемент
3. Қандай элемент бойынша реттелетін шаманың берілген мәнін нақты мәнімен салыстырады. Бұл элементтің шығысында алынатын айырымдық сигнал атқарушы элементке тікелей немесе күшейткіш арқылы беріледі.
(?) қабылдаушы элемент
(?) атқарушы элемент
(?) жоспарлаушы элемент
(?) түзетуші элемент
(!) салыстырушы элемент*
4. Қандай элемент бойынша сигналдың пайдалануға ыңғайлы түрге түрлендіруін және оның қуатын магниттік, электрондық және т.б. күшейткіштер арқылы үдетуін жүзеге асырады.
(!) түрлендіруші элемент
(?) атқарушы элемент
(?) жоспарлаушы элемент
(?) түзетуші элемент
(?) салыстырушы элемент
5. Қандай элементте басқару объектісіне берілетін басқару әсерін тудырады. Олар басқару объектісіне берілетін не одан алынатын энергия немесе заттар санын өзгерту арқылы басқарылатын шаманы берілген мәніне сәйкес етіп ұстап отырады.
(?) түрлендіруші элемент
(!) атқарушы элемент
(?) жоспарлаушы элемент
(?) түзетуші элемент
(?) салыстырушы элемент
6. Қандай элементтер басқару процесінің сапасын жақсарту үшін қажет
(?) түрлендіруші элемент
(?) атқарушы элемент
(?) жоспарлаушы элемент
(!) түзетуші элемент
(?) салыстырушы элемент
7. Автоматтандыру дәрежесіне байланысты жүйелерді жікте:
(!) қол жүйесі, автоматтандырылған жүйе, автоматты жүйе.
(?) тікелей әсер ету жүйесі, жанама әсер ету жүйесі.
(?) үздіксіз жүйе, дискретті жүйе.
(?) сызықты жүйелер, бейсызықты жүйелер.
(?) статикалық реттеу, астатикалық реттеу.
8. Реттеуші органға әсер ету принципінің ықпалдары бойынша жүйелерді жікте:
(?) қол жүйесі, автоматтандырылған жүйе, автоматты жүйе.
(!) тікелей әсер ету жүйесі, жанама әсер ету жүйесі.
(?) үздіксіз жүйе, дискретті жүйе.
(?) сызықты жүйелер, бейсызықты жүйелер.
(?) статикалық реттеу, астатикалық реттеу.
9. Реттеу процесінің уақытқа байланысы бойынша жүйелерді жікте:
(?) қол жүйесі, автоматтандырылған жүйе, автоматты жүйе.
(?) тікелей әсер ету жүйесі, жанама әсер ету жүйесі.
(!) үздіксіз жүйе, дискретті жүйе.*
(?) сызықты жүйелер, бейсызықты жүйелер.
(?) статикалық реттеу, астатикалық реттеу.
10. Жүйелердің жұмысын сипаттайтын теңдеулердің түріне байланысты жүйелерді жікте:
(?) қол жүйесі, автоматтандырылған жүйе, автоматты жүйе.
(?)тікелей әсер ету жүйесі, жанама әсер ету жүйесі.
(?) үздіксіз жүйе, дискретті жүйе.
(!) сызықты жүйелер, бейсызықты жүйелер.
(?) статикалық реттеу, астатикалық реттеу.
11. Реттеу түрлері бойынша жүйелерді жікте:
(?) қол жүйесі, автоматтандырылған жүйе, автоматты жүйе.
(?) тікелей әсер ету жүйесі, жанама әсер ету жүйесі.
(?) үздіксіз жүйе, дискретті жүйе.
(?) сызықты жүйелер, бейсызықты жүйелер.
(!) статикалық реттеу, астатикалық реттеу.
12. Реттелетін параметрлерді өзгерту заңдылығы бойынша жүйелерді жікте:
(!) тұрақтандырушы АРЖ, программалық АРЖ, қадағалаушы АРЖ.
(?) тікелей әсер ету жүйесі, жанама әсер ету жүйесі.
(?) үздіксіз жүйе, дискретті жүйе.
(?) сызықты жүйелер, бейсызықты жүйелер.
(?) статикалық реттеу, астатикалық реттеу.
3 ДӘРІС
АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СТАТИКАЛЫҚЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Автоматты басқару жүйелерінің, олардың жеке буындарының және қосылыстарының қасиеттері олардың сипаттамаларымен айқындалады.
СТАТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР буынның не жүйенің орныққан күйдегі шығыстық және кірістік шамаларының арасындағы тәуелділікті анықтайды.
Статикалық сипаттамалары бар жүйе буындары немесе қосылыс түріндегі автоматтық реттеу объектілерін статикалық деп атайды. Бұларды өздігінен түзелетін объектілер деп те атайды, өйткені олардың кірісіне келетін тұрақты әсерден реттелетін (шығыстық) шама белгілі бір тұрақты мәнге дейін ғана өсіп, одан әрі жаңа деңгейде тұрақтанады, мұны реттеуші болмаған жағдайда объектінің өзі жүргізе алады.
ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМА.
Әрбір динамикалық жүйе немесе олардың элементтері келесі динамикалық жүйелермен сипатталады:
Динамикалық теңдеу,
Беріліс функциясы,
Өтпелі функция,
Импульсті өтпелі функция,
Жиіліктік сипаттамалар.
Бұл сипаттамалар бойынша жүйелердің динамикалық қасиеттерін анықтауға болады (жұмыс режимі, орнықтылығы т.с.с.).
Динамикалық теңдеу – жүйенің тұрақталмаған режим кезіндегі, шығыстық және кірістік шамалардың арасындағы функционалдық байланысты айтады, дифференциалдық теңдеу түрінде беріледі.
Беріліс функциясы – жүйенің кез келген режим кезіндегі шығыстық және кірістік шамалар арасындағы функционалдық байланысты айтады.
Беріліс функциясы деп – бастапқы нөлдік шарттағы Лаплас түрінде өрнектелген кірістік шама кескініне қатынасын айтады:
-беріліс
функциясы,
