- •Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі Алматы технологиялық университеті
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығына арналған
- •Алматы 2014
- •Өпма кафедрасының отырысында талқыланып ұсынылған
- •Кафедра меңгерушісі т.Ғ.К. Е.Д.Шамбулов
- •Дәріс кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығы үшін
- •Алматы 2014
- •Автоматты реттеу жүйелерінің функционалдық схемасы
- •- Шығыстық шаманың кескіні,
- •3.3 Сурет. Лажс мен лфжс тұрғызу
- •Пропорционалдық-интегралдық (пи), пропорционалдық-дифференциалдық (пд), пропорционалдық-интегралдық -дифференциалдық (пид) реттеуіштер
- •5.2 Сурет. А) –тізбектей, б) – параллель, в) –қарсы параллель жалғанулар
- •1. Өлшеу аппаратураларының жіктелуі
- •9.1 Сурет. Өлшеу аппаратураларының классификациясы
- •2. Сандық өлшеу аспаптары (сөа)
- •3. Өздігінен жазатын аспаптар
- •10.1 Сур. Өзекті дилатометр
- •10.2 Сур. Биметалды термометр
- •11.2 Сурет. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының блок-схемасы.
- •11.3 Сурет. Ақаулық жартылай автоматының құрылымдық схемасы
- •Сурет 12.4.
- •12.5 Сурет. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі
- •12 Дәріс бойынша тест сұрақтары
- •Кептіру процессінің объектілерін автоматтандыру
- •13.2 Сурет Кептіпу процессінің автоматтандырылған схемасы.
- •1. Жіп иіру өндірісінің дайындау бөлімдері
- •14.1 Түту машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
- •14.2 Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық схемасы
- •15.1 Сурет. Базисті (а) және базисті-қабатты реттеудегі ұршықтың айналу жылдамдығының өзгерісі
- •15.2 Сурет. Реттеу тереңдігіне байланысты үзілу өзгерісінің графигі
- •15.3 Сурет. Дөңгелек иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
14.2 Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық схемасы
Сөйтіп, таспалы машиналарды басқару сұлбалары жалпы жағдайда келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
машинаның реттегішсіз (түрткіден) іске қосылуы;
ЛП реттегіші бар машинаның бір сарынды іске қосылуы;
машинаның тежегіші қосылып түймемен тоқтауы;
машинаның таспа оның кіре немесе шыға берісінде үзілген кезде, таспа созатын цилиндрлерге немесе өлшеу роликтеріне оралған жағдайда автоматты түрде тоқтауы;
ТТ таспаны автоматты түрде реттеу;
берілген ұзындықтағы таспа атқарылған немесе таспа жинағыштың жүктемесі артылған жағдайда машинаның автоматты түрде тоқтауы;
қоршаулар ашылған және ТТ-тің рұқсат етілген мәннен асып кеткен жағдайда машинаның автоматты түрде тоқтауы;
машинаның жұмыс режимі және тоқтауының себептері туралы сигналдың берілуі.
Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық сұлбасында М1 негізгі асинхронды электр қозғалтқышпен қатар, машинаға тағы да төрт М2-М5 аснхронды электр қозғалтқыш, шаңсорғыш желдеткіштері, бүріккіш, майлағыш турбинасы және майлағыш беру сорғысы орнатылғанын байқаймыз. Барлық қозғалтқыштар бір басқару түймесімен іске қосылады. Машинаның М1 электр қозғалтқышынан бір сарынды іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатымен оның фазаларының бірінде іске қосу уақытына уақыт релесі электр қозғалтқыш екпін алғаннан кейін шунтирленетін баллласт кедергісі белгіленген. Осы уақыт релесінің көмегімен М1 электр қозғалтқышы екпін алғаннан кейін таспаның ЛП реттегіші жұмысқа қосылады. М1 негізгі электр қозғалтқышы таспалы машинаның барлық жұмысшы органдарын, сондай-ақ созу аспабының созу цилиндрлерін олардың жылдамдығын өзгертуге мүмкіндік беретін созу құрылғысы арқылы қозғалысқа келтіреді. Мұндай құрылғы ретінде вариаторлар, дифференциалдар және сырғу жалғастырғыштары қолданылуы мүмкін. Созу аспабының кіре берісінде ТП тетігі орнатылған. Оның сигналы таспаның ТП реттегішіне келіп жетеді. Реттеу жүйесінің қаттылығы жоғары және ТП реттегіші уақытының тұрақты шамасы төмен болу үшін тахометриялық теріс кері байланыс қолданылады. ТП таспалның реттегішінің шыға берісі атқару механизміне – сырғу жалғастырғышын қоздыру орамына қосылған. Бұл сырғу жалғастырғышының шығу білігінің жылдамдығының кіру сигналының мәнімен үйлесуін қамтамасыз етеді.
Таспалы машинаның кірісіндегі немесе шығысындағы таспаның үзілуі, таспаның созу цилиндрлеріне немесе өлшеу роликтеріне (ТП тетік) оралуы, берілген ұзындықтағы таспаның атқарылуы және таспа жинағыш жүктемесінің артық болуы (бөліп өлшеудің рұқсат етілген шектерден ауытқуы) қоршауларды блоктаудың соңғы сөндіргіштері сияқты, машинаны басқару сұлбасының аралық релелерінің тізбектеріне қосылған соңғы сөндіргіштер (немесе микроауыстырғаштар) бақылайды. Барлық жағдайларда да машина тиісті сигналдан кейін тоқтайды немесе қосылады.
Машина түрткіден іске қосылған кезде таспаның уақыт релесі мен ЛП реттегіші іске қосылмайды.
Өзге өндірістерде қолданылатын таспалы машиналардың құрылымдық басқару сұлбасы өзгеше: майлау жүйесінің қозғалтқыштары жоқ, таспаның сызықтық тығыздығының реттегіші және созу цилиндрлерінің жылдамдықтарын өзгерту құрылғылары жоқ.
14-дәріс бойынша тест сұрақтары
1. Мақта талшығын өңдейтін агрегатты басқару сұлбасы мынаны қарастырады:
(?) агрегаттың толықтай бір түймемен іске қосылуын; агрегаттың жұмыс істейтін және қуаттандыратын органдарын бөлек және соққымен іске қосуды;
(?) басқару стансаларына кернеу берген кезде сигнал беруді; автоматты сөндіргіштер іске қосылып кеткен жағдайда апаттық сигнал беруді;
(?) бөлімдер арасында сигналдың орнатылуын; агрегатты қоршаулар ашық болған жағдайда іске қосудың мүмкін еместігі;
(?) қысқа тұйықталудан қорғауды, электр қозғалтқыштарды артық жүктемеден жылулық қорғауды, әрбір электр қозғалтқыштың нөлдік қорғалуын; машиналардың немесе қуаттандыратын органдардың бірі тоқтап қалған немесе талшыққа толып кеткен жағдайда технологиялық процестердің барысы бойынша өткен машиналар мен органдардың тоқтатылуын.
(!) барлық нұсқа дұрыс
2. Кенептің сызықтық тығыздығын тұрақтандыру мақсатымен түту машиналарына талшықтың берілуі оның аралық бункердегі қорымен бункер талшыққа толып кеткен жағдайда бункерге талшық беретін қуаттандыру органдарын сөндіру арқылы іске қосылатын қандай элементпен реттеледі.
(!) түйісу сөндіргіштерінің көмегімен
(?) қосқыштың көмегімен
(?) түрлендіргіштің көмегімен
(?) өлшеуіштің көмегімен
(?) ажыратқыштың көмегімен
3. Барлық жағдайларда да тарау машиналарын электрлі жолмен қозғалысқа келтіру үшін қандай электр қозғалтқыштар қолданылады ?
(?) реверсивті
(?) айнымалы тоқ
(?) тұрақты тоқ
(?) синхронды
(!) роторы қысқа тұйықталатын асинхронды
4. Өзге өндірістерде қолданылатын таспалы машиналардың құрылымдық басқару сұлбасының өзгешелігі:
(!) майлау жүйесінің қозғалтқыштары жоқ, таспаның сызықтық тығыздығының реттегіші және созу цилиндрлерінің жылдамдықтарын өзгерту құрылғылары жоқ
(?) релесі және майлау жүйесінің қозғалтқыштары жоқ
(?) таспаның сызықтық тығыздығының реттегіші және өлшеу аспаптары жоқ
(?) созу цилиндрлерінің жылдамдықтарын өзгерту құрылғылары және тарату құрылғылары жоқ
(?) майлау жүйесінің қозғалтқыштары және бақылау аспаптарының жоқтығы
5. Таспалы машинаның кірісіндегі немесе шығысындағы таспаның үзілуі нені бақылайды?
(?) таспаның созу цилиндрлеріне немесе өлшеу роликтеріне (ТП тетік) оралуы
(?) берілген ұзындықтағы таспаның атқарылуы
(?) машинаны басқару сұлбасының аралық релелерінің тізбектеріне қосылған соңғы сөндіргіштер (немесе микроауыстырғаштар)
(?) таспа жинағыш жүктемесінің артық болуы (бөліп өлшеудің рұқсат етілген шектерден ауытқуы) қоршауларды блоктаудың соңғы сөндіргіштері
(!) барлық нұсқа дұрыс
15 ДӘРІС
ЖІП ИІРУ ӨНДІРІСІНДЕГІ БАСҚАРУ СХЕМАЛАРЫ
Тегістегіш машиналар. Тегістегіш машиналардың басқару сұлбасына қойылатын негізгі талаптар келіп түсетін өте осал таспамен және шарғылардан шығатын ровницамен анықталады. Реттеу тегістелуінің қалыптасуы барысында жұмыс органдарының жылдамдығын реттеу қажет болмағандықтан, машинаның жетегі үшін асинхронды электр қоғзалтқыш қолданылған. Тегістегіш машинаны іске қосу кезіндегі үзіктерді азайту мақсатымен электр қозғалтқышты оның қуаттандыру фазаларының біріне қосымша жүктеме беріп, содан кейін белгілі-бір уақыттан соң шунтирлеу арқылы бір сарынмен іске қосу қарастырылған. Машинаға жұмыс режимі бұзылған жағдайда оның тоқтауын қамтамасыз ететін ақырғы сөндіргіштер мен технологиялық түйісулер орнатылған.
Сөйтіп, тегістегіш машинаның басқару сұлбасы мыналарды қарастырған:
Машинаның бір сарынды және түрткіден қозғалуы;
Машинаның түймемен тоқтатылуы;
Қоршаулар ашық және алып-салынуы атқарылған жағдайда машинаны тоқтату; жұмыс режимі мен тоқтау себебі туралы белгі беру.
Сақиналы жіп иіру машиналары. Жіп иіру машиналарында жіп технологиялық процеске сәйкес тартылады, ширатылады және оралады. Қазіргі заманғы сақиналы жіп иіру машиналарында шарғылардан тарқатып алынатын шөкім алдымен созатын құралға келіп қандырылады, содан кейін жіңішке мычка түрінде бағыттағыштар мен сақинаның бойымен еркін қозғалатын тетік арқылы өтеді де, жылам айналып тұрған ұршыққа кигізілген шарыққа оралады. Сақиналар ұршық білігінің бойымен әрбір орам қабатында жоғарыға қарай бір шамаға қосымша ығысатын қайталама-үдемелі қозғалыс (жоғары және төмен) жасайтын сақиналы жұқа тақтайшаға бекітілген. Жіп иіру машиналарындағы ұршықтардың айналу жиілігі 10-15 мың/мин., ал созылуы - 600 құрайды. Үздіксіз жұмыс істейтін жіп иіру машиналарының жұмысының ерекшелігі олардың жіп иіру барысында жіптің орау диаметрі өзгерген сайын жіптің созылуының үздіксіз өзгеріп тұруында. Жіптің созылу шамасын мына формуламен анықтауға болады:
Т=An2/(d/Dk)y (15.1)
мұндағы
А
– аталған жіп иіру процесінің жағдайын
анықтайтын тұрақты шама; d
– орамның ағымдағы диаметрі; Dк
– сақинаның диаметрі; n
– ұршықтың айналу жиілігі;
– тұрақты коэффициенті (
=0,6-0,8).
15.1 сурет. Базистік (а) және базистік-қабаттық (б) реттеу кезіндегі ұршықтың айналу жиілігінің өзгеруі.
(15.1) формуладан жіптің үздіксіз созылып тұруы үшін ұршықтың айналу жиілігін өзгерту қажет екендігін байқаймыз:
орам диаметрі азайған жағдайда айналу жиілігі төмендеу, ал диаметр көбейген жағдайда – жоғарылау керек.
Ұршықтардың айналу жиілігі сотының атқарым кезеңдеріне қарай бірнеше жолмен реттеледі:
Сақиналы жұқа тақтайшаның шарық биіктігінің бойымен орналасуына қарай (соты ұяшығының, денесінің және ұшының атқарымы) – базистік реттеу (15.1,а сурет);
Початканың әр қабатының атқарымында – қабатты реттеу.
Демек, соты жұмысын атқарған кезде ұршықтардың айналу жиілігін базистік-қабатты реттеу қажет (15.1,б сурет).
Иіру жылдамдығын реттеу проблемасының шешілуі едәуір мөлшерде өңделіп жатқан шикізаттың түрі мен құнына байланысты. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, мақта және зығыр талшықтарын иіруде қабатты реттеудің қолданылуы жіа жеткілікті дәрежеде төзімді болғандықтан едәуір экономикалық нәтиже бермейді.
