Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АТП лекцияТПТМ каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

15.3 Сурет. Дөңгелек иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы

Бд-200 пневматикалық жіп иіру машинасының 200 иіретін орны бар, бірақ олардың 100-і машинаның әрбір қабырғасында орналасқан. Жұмыс органдары ортақ белгіленген қуаттылығы 20,9 кВт-тық бес асинхрондық электр қозғалтқыштарынан қозғалысқа келеді. Жіпті пневмомеханикалық әдіспен иірген жағдайда жылдамдық бойынша реттелетін электр жетегі қолданылмайды. Алайда сақиналы жіп иіру машиналарымен салыстырғанда электр жетегінің күш беретін бөлігі көбірек энергияның қолданылуын талап етеді.

БД типті пневматикалық жіп иіру машинасын құрылымдық басқару сұлбасы 15.4 суретте келтірілген. Орамнан 2 құнарландыратын роликтердің көмегімен келіп жеткен 1 лентаны 3 тарайтын білікше жеке-жеке талшықтарға қопсытады. Сосын 1 лента айналып жатқан 4 жіп иіру камерасына жеткеннен кейін орталықтан сыртқа тебуші күштің әсерімен талшықтары мычка түрінде камераның ішкі бетіне ретімен орналастырылады да, мычка камераның айналысына біліктес саңылау арқылы созылған кезде иіру процесі жүзеге асырылады. 4 камерадан 5 түтікпен шығатын жіп б сезгіш элементтен өтеді де, содан кейін 7 созатын және 8 қозғалысқа келтіретін роликтер арқылы 9 белдекке оралады.

15.4 сурет. БД типті иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы

БД-200 машинасын басқару сұлбасына қойылатын негізгі талаптар:

машинаны түймелердің көмегімен іске қосу және тоқтату;

жіпті жеткізу, созу және орау механизмдері жетектерінің, сондай-ақ тарайтын білікшелердің электр қозғалтқыштарын жіп иіру камералары жетектерінің электр қозғалтқыштары екпінделгеннен кейін іске қосу;

жіп иіру камерасына өту және жаппай автоматты ширатып жалғау үшін созатын және қозғалысқа келтіретін роликтерді машина іске қосылғаннан кейін автоматты түрде реверстеу;

созу және қозғалысқа келтіру роликтерін жаппай ширатып жалғағаннан кейін автоматты түрде реверстеу;

иіру камерасының шыға берісінде жіп үзілген жағдайда әрбір иіру орнының құнарландыратын роликтерінің жетектерін автоматты түрде істен шығару;

жіп үзілген жағдайда созу және қозғалысқа келтіру роликтерінің тежегіш құрылғыларын автоматты түрде іске қосу;

машинаны іске қосқан кезде жіптің үзіктерінің сезгіш элементтерін автоматты түрде істен шығару;

әрбір жіп иіру орнында машинаның жұмыс режимі және жіптің үзілгені туралы сигнал беру.

Машинаның екі қабырғасындағы жіп иіру камералары М3 және М5 екі асинхронды электр қозғалтқыштарынан қозғалысқа келеді. М1 және М2 электр қозғалтқыштарын машинаның әр қабырғасындағы тарайтын білікшелер қозғалысқа келтіреді. Барлық қуат беретін созу және қозғалысқа келтіру роликтері М4 бір асинхронды электр қозғалтқыштан қозғау алады.

Машинаны басқару стансасы іске қосылғаннан кейін жіпті созу және орау механизмдерінің тежегіш құрылғылары қозғалып, ЭМ электр магниттерінің көмегімен әрбір иіру орнындағы 6 сезгіш элементтер тетіктері бұралады. Сосын іске қосу түймесін басу арқылы машинаның бір қабырғасының жіп иіру камерасы жетегінің М5 электр қозғалтқышы жұмысын бастайды. М5 электр қозғалтқышының екпін алуына қажетті белгілі-бір уақыттан кейін жіпті жеткізу, созу және орау механизмдері жетегінің М4 екінші қабырғасының жіп иіру камералары жетегінің М3 электр қозғалтқыштары автоматты түрде іске қосылады. М3 электр қозғалтқышы екпінделген соң машинаның әрі қарай іске қосылуына рұқсат беретін сигнал жағылады. Тарайтын білікшелер жетегінің М1 және М2 электр қозғалтқыштары түймені басу арқылы жұмысын бастайды және жіпті созу және орау механизмдерінің тежегіш құрылғылары босатылады. Сонымен бірге созу және қозғалысқа келтіру роликтерінің реверстелуін және автоматты түрде ширатып жалғауға арналған жіп иіру камераларына жіптің түсуін қамтамасыз ететін ЭРМ электр магнитті реверсивті жалғастырғыш іске қосылады. Белгілі-бір уақыттан кейін ЭРМ реверсивті жалғастырғышы тікелей жүріске көшеді де, 2 құнарландырғыш роликтерді қозғалысқа келтіру, ЭМ электр магниттерін сөндіру және 6 сезгіш элементтер тетіктерін жіппен жанастыру кезінде қолданылатын ЭМС электр магнитті ілінісу жалғастырғышы іске қосылады. Осымен жаппай иіру аяқталып, машина қалыпты режимде жұмыс істей бастайды.

Жұмыс орындарының бірінде жіп үзілген жағдайда 6 сезгіш элемент машинаны басқару сұлбасына сигнал береді. Содан кейін ЭМС жалғастырғышы ілінісіп, 2 құнарландырғыш ролик тоқтаған кезде, тиісті жіп иіру орнында жіптің үзілгені туралы сигнал беріледі.

Машинаны тоқтатуға арналған түймелерді басу арқылы тарайтын білікшелер жетегінің М1 және М2 электр қозғалтқыштары мен ЭМС ілінісу жалғастырғышы істен шығарылып, кейіннен ЭРМ тікелей жүретін жалғастырғыш сөндіріледі және тежегіш құрылғылар іске қосылады, ал машинаның барлық электр қозғалтқыштары тоқтатылады.

ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНДЕГІ БАСҚАРУ СХЕМАЛАРЫ

Тегістеу машиналары. Қазіргі тегістеу машиналарда арқау өткізу жылдамдығы 300-600 м/мин, ал жылдамдығы жоғары машиналарда 800 м/мин құрайды. Бұл жылдамдықтар аралығында тегістеу машиналардағы жіптердің керілгенін эмпириялық формула бойынша анықтауға болады

(15.2)

мұндағы Т – жіптің керілуі; v – арқау өткізудің сызықтық жылдамдығы, м/мин; b – тұрақты коэффициент (b =8-14).

(15.1) теңдеуден керілу мен арқау өткізу жылдамдығының арасында сызықтық байланыс бар екендігін байқаймыз.

Арқау өткізу кезіндегі жіптердің керілуінің кейінгі технологиялық операциялар үшін маңызы зор: шамадан тыс керілуі жіптердің тым қатты созылуына және жиі үзілуіне алып келеді; біркелкі керілмегендігі дайын матаның сапасына әсер етеді.

Жіптің үздіксіз керіліп тұруын қамтамасыз ету үшін арқау өткізудің тұрақты сызықтық жылдамдығы қамтамасыз етілу керек. Оған арқау өткізу білікшесінің D диаметрі көбейген сайын оның n айналу жиілігі n=v/πd=C/D| болғандықтан азая бастаған жағдайда қол жеткізуге болады.

Бұл теңдеу жіптің сызықтық жылдамдығын тұрақты ұстап тұру үшін арқау өткізгіш білікшенің айналу жиілігі гипербола заңы бойынша өзгеру керектігін көрсетіп отыр. Сонда орау механизмінің білікшесіндегі сәт М=DТ/2 тең, яғни оның мәні арқау өткізгіш білікшенің диаметріне пропорционалды болады.

Қазіргі заманғы арқау өткізу машинасының автоматтандырылған электр жетегіне қойылатын талаптар:

арқау өткізу білігіне жіпті сызықтық өткізу жылдамдығы мен жіпті орау тығыздығының тұрақты болуы;

жіптердің үзілуіне жол бермеу үшін машинаны бір сарынмен іске қосу;

машинаны тез тоқтату (0,5 с жоғары емес);

белгіленген жылдамдықты 1:3 шегінде, ал басқару жылдамдығы ескерілген жағдайда – 1:25 бастап 1:30 дейін бір сарынды өзгерту мүмкіндігі;

жіптердің біреуі үзілген жағдайда немесе арқау өткізу білікшесіне белгіленген ұзындықтағы жіптерді атқару кезінде машинаны автоматты түрде тоқтату;

жіптің үзілген жері және машинаның жұмыс істеу режимі туралы сигнал беру.

Тегістеу машинасын басқарудың құрылымдық сұлбасы 15.1 суретте көрсетілген.

15.6 сурет. Арқаушыбық өткізетін машинаны басқарудың құрылымдық сұлбасы

1 арқау өткізу білікшесі жылдамдығын жылдамдық реттегіш арқылы өзгертуге болатын М1 электр қозғалтқышынан қозғалысқа келтіріледі. Мұндай электр қозғалтқыш ретінде тиристорлық жылдамдық реттегіші бар немесе магнитті күшейткіштердің көмегімен жұмыс істейтін тогі тұрақты электр қозғалтқыш қолданылған. Сонымен қатар, шарық салғыштың белдек ұстағыштарын бұру және арқау өткізгіш білікшені пинольдармен қысу үшін тәуелсіз басқарылатын М2, М3 және М4 үш көмекші асинхронды электр қозғалтқыш орнатылған.

Арқау өткізудің сызықтық жылдамдығын тұрақтандыру үшін 3 негіз жіптерінің әсерінен айналатын 2 өлшегіш білікшелерінің жүйесі қолданылған. 2 өлшегіш білікшесі 7 техногенератормен және б метраж санағышпен кинематикалық жолмен жалғанған. 7 техногенератордың шыға берісі жылдамдық реттегіштің басқарушы кіре берісіне қосылған. Сөйтіп, арқау өткізу білікшесі жұмыс жасаған сайын оның диаметрі ғана емес, жіптердің сызықтық жылдамдығы да өседі, және бұл 7 тахогенераторының шыға берісіндегі ЭДС-ң өсімін анықтайды. Жылдамдық реттегішке енгізілетін жылдамдықтың бойындағы кері теріс байланыстың арқасында М1 электр қозғалтқышының айналу жиілігі азайып, арқау өткізудің сызықтық жылдамдығы тұрақты болып қалады.

Жіптің үзілуін бақылау үшін машинаға жіптің үзілген жері туралы сигнал беру сұлбасына қосылған иінтірек тәрізді 4 жіптің керілуін бақылауға арналған құрылғы орнатылған. Жіптердің біреуі үзілген жағдайда керілгенін бақылау құрылғысынан машинаны басқару сұлбасына сигнал беріледі де, машина тоқтайды. Машинаны тез тоқтату үшін 8 ленталы тежегіш іске қосылады және тогі тұрақты электр қозғалтқыш якорьлік тізбекті қуат көзінен ажырату және оны тежегіш кедергіге қысқарту арқылы динамикалық әдіспен тежеледі. Сөйтіп, механикалық және динамикалық тежегіштер бірлесіп жұмыс істеген жағдайда машина дұрыс тоқтайты.

Машина тоқтаған кезде арқаудың барлық жіптері салбырап тұратындықтан, 4 керілуін бақылау құрылғысы барлық жіптер керіліп болып, машина жүргізілгеннен кейін іске қосылады.

Сонымен қатар, басқару сұлбасында 6 метраж санағыштан берілген арқау метражының жұмыс атқарғаны туралы сигнал келіп түскен немесе қоршаулар есіктері ашылған кезде машинаның тоқтатылуы қарастырылған.

Шлихталағыш машиналар. Шлихталағыш машина - технологиялық операциялары бір-бірінен айрықша құрал-жабдықтың агрегатталған секциялары болып табылады.

Шлихталау жылдамдығы шлихталау машинасының кептіргіш бөлігінің өнімділігіне, арқау жіптерінің санына, шлихталанатын жіптің түріне және оның сығылу дәрежесіне байланысты.

Шлихталаудың сызықтық жылдамдығы мына теңдеумен көрсетілуі мүмкін:

(15.2)

мұндағы Qв – машинаның кептіргіш бөлігінде буға айналатын ылғалдың мөлшері, сағ/кг; а – ылғал салмағының сығылған жіптің салмағына қатынасы; m – ақаудағы жіптердің саны; Тп- жіптің сызықтық тығыздығы, текс.

Қазіргі заманғы шлихталау машиналарында ақаудың қозғалу жылдамдығы 20-160 м/мин, ал басқару кезінде – 2-4 м/мин дейін жетеді.

Арқау өткізу білікшелерінен негізгі жіпті орап алу кезінде оның керілу сәтін мына формуламен анықтауға болады:

Мұндағы Мн – Тr – арқаудың керілу сәті, (Т – арқау өткізу білікшелері-машинаның кіру білікшесі аймағындағы арқаудың керілуі, Н; r – оралу радиусы, м); Мс =10 мгц – білікшенің шетмойындарындағы үйкелістерге тәуелді болатын статикалық қарсыласу сәті, Н* (м – арқау өткізу білікшесінің салмағы, кг; м – үйкелу коэффициенті, шамамен 0,002; гц – білікшенің шетмойынының радиусы, м, Мд=jdw/dt – арқау өткізу білікшесінің қарсыласуының динамикалық сәті, Н*м (j – арқау өткізу білікшесінің инерциялану сәті).

(15.2) теңдеуге сәттердің мәндерін қойып, оны арқаудың керілуіне қатысты шешсек мынаған қол жеткіземіз:

яғни арқаудың керілуі арқау өткізу білікшесінің салмағына, үйкелу коэффициентіне, оралу радиусына және арқау өткізу білікшесінің қарсыласуының динамикалық сәтіне байланысты. Тарқатудың сызықтық жылдамдығы тұрақты болған жағдайда жеке жіптің керілуі 0,01-0,03 1-1, ал машина екпін алған жағдайда екпінделу уақытына қарай 0,05-0,35 1-1 құрайды.

Тоқыма навойға арқау оралған кезде оралудың сызықтық жылдамдығы

(15.3)

мұндағы г – навойдағы жіптің оралу радиусы, м; п – навойдың айналу жиілігі,

Осыдан п=м/2пгн

Шығару білікшесі-навой аймағындағы арқау жіптерінің керілуі тұрақты болып қалу үшін ораудың сызықтық жылдамдығын бір қалыпты ұстап тұру крек, яғни тоқыма навойының орам радиусы көбейген сайын тоқыма навойының жылдамдығын гипербола заңы бойынша азайту керек.

Шлихталау машинасының жылдамдық режимдерін қарастыра отырып, шлихталау барысында ылғалды-температуралық өңдеудің әсерінен арқау жіптері белгілі-бір деңгейге дейін керілген жағдайда өз кезегінде жіптердің берілген керілісін өзгертетін созылу (немесе апшу) процестері орын алатынын ескеру қажет.

Сөйтіп, аталған негізгі факторларды ескерсек, шлихталау машиналарындағы жылдамдықтарды жалпы реттеу диапазоны 60 1 – 200 1 болу керек. Осыған байланысты, қазіргі шлихталау машиналарында мыналарды қолданады: тогі ауыспалы асинхронды электр қозғалтқыштарының жетегі (машинаның жекелеген органдарының жылдамдығы құрылысы әртүрлі механикалық вариаторлардың көмегімен реттеледі: вариаторлардың біреуі бүкіл машинаның жылдамдығын, ал екіншісі – тек навойдың ғана жылдамдығын оның диаметрінің өсуіне қарай реттейді); генератор-қозғалтқыш сұлбасы бойынша немесе тиристорлық өңдегіштерден жұмыс істейтін тогі тұрақты электр қозғалтқыштарының жетегі. Көмекші механизмдер (желдеткіштер, арқау өткізу білікшесі мен тоқыма навойдың пинольдары, тиеу ролигі және т.б.) асинхронды электр қозғалтқыштардың көмегімен тәуелсізқозғалысқа келтіріледі.

Шлихталау машинасында сондай-ақ келесі технологиялық параметрлердің бақылануы мен автоматты реттелуі қарастырылған: шлихта температурасы мен деңгейі, арқаудың сығылу дәрежесі, кептіргіштен шыға берістегі арқаудың ылғалдығы, созылуы, статикалық электрдің бейтараптығы.

Арқау ылғалдығын реттегіштен басқа (ылғалдылықты машинаның жылдамдығын өзгерту арқылы реттеуден басқа) қалған реттегіштер мен бақылау-өлшеу құралдары машина жетегін басқару сұлбасынан тәуелсіз жұмыс істейді.

Сөйтіп, шлихталау машинасының басқару сұлбасы мыналарды қамтамасыз ету керек:

машинаның басқару және жұмыс режимінде бір сарынды жұмыс істеуі (екпін алудың қажетті уақыты 4-5 с);

жұмыс жылдамдықтарын 60:1200:1 диапазонында реттеу (басқару жылдамдығын ескере отырып);

машинаның қоршау түсірілген, пинольдар ашылған, пневматика жүйесінде қысым болмаған, технологиялық параметрлер рұқсат етілетін шектерден ауытқыған жағдайда іске қосылуына жол берілмеуі немесе тоқтатылмауы;

машинаның жұмыс режимі туралы сигналдың берілуі (іске қосылуға дайындық, іске қосылуы, басқарылуы, жұмыс істеуі).

Шлихталау машинасын басқарудың құрылымдық сұлбасы 26.2 суретте келтірілген. Шлихталау машинасы негізгі қозғалысты тогі тұрақты екі электр қозғалтқыштан; М2 – тоқыма навойдан, ал сорып алатын желдеткіш пен үрлеу желдеткіші, тиеу ролигі, арқау өткізу білікшесі мен тоқыма навойдың пинольдары – М3-М7 асинхронды электр қозғалтқыштардан алады.

15.7 сурет. Шлихталау машинасын басқарудың құрылымдық сұлбасы

М1 электр қозғалтқышының жылдамдығы 1:38 диапазонында М1 жылдамдық реттегішпен реттеледі.

М1 жылдамдық реттегішті басқару кірістері мажорлық білікпен 9 ылғал реттегішке, 8 ылғалдық тетігімен (арқау ылғалдығы жылдамдық бойынша реттелген жағдайда) және машинаны басқару сұлбасымен байланысты ТГ тахогенераторына қосылған.

Сөйтіп, сигналдардың М1 жылдамдық реттегіштің магнитті күшейткішінде қосылуы М1 электр қозғалтқышының жылдамдығы бойынша кері байланыстың болуын, ылғалдық өзгерген жағдайда жылдамдықтың реттелуін, сондай-ақ машинаны басқару сұлбасынан командалардың жылдамдық режимдерін (екпін алу, басқару, жұмыс істеу) қамтамасыз етеді.

Арқауды 1 арқау өткізу білікшесінен тарқатып алу кезінде арқаудың керілісін тұрақтандыру мақсатымен арқау өткізу білікшесінің артында шыға берісі 2 тежегіш құрылғысының атқару механизмімен жалғанған 3 керілісті реттегіштің шыға берісіне қосылған 4 арқаудың керілу тетігі орнатылған. 1 арқау өткізу білікшесінің диаметрі азайған сайын ИМ шлихталау машинасы жұмыс істеп тұрған жағдайда 2 тежегіш құрылғысы машинаға келіп түсетін арқаудың керілуінің тұрақты болуын қамтамасыз ете отырып, арқау өткізу білікшесін тежегіштен босатады.

Электр қозғалтқышының жылдамдығын М2 жылдамдық реттегіш 190:1 диапазонында реттейді. М2 жылдамдық реттегішін басқару кіре берістері 7 тоқыма навой диаметрінің тетігіне және машинаны басқару сұлбасына қосылған.

Сыртқа шығаратын білік-тоқыма навой аймағындағы арқаудың керілісі былай тұрақтандырылады. М2 электр қозғалтқышының білігіндегі сәтті былай көрсетуге болады

мұндағы Т – арқаудың керілуі, Н; d – навойдың диаметрі, м; і – ауыстыратын сан; – берілістің ПӘК.

Электр қозғалтқыштың айналатын сәті

мұндағы См- тұрақты коэффициент; 1 – А якорінің тогі; Ф – магнитті ток, Вб.

Орнатылған режимде Тd/ 2in= СмiФ, немесе Т/2iСмФ= I/ d. 2sinСФ=const болғандықтан, 1/d = соnst қатынасы ұстап тұру кезінде арқау тұрақты түрде керіліп тұрады. Бұл 7 навой диаметрінің тетігінен және 412 электр қозғалтқышының якорьлық тізбек тогінің тетігінен алынатын сигналдардың 412 жылдамдық реттегіштің магнитті күшейткішінде магнитті қосылуы арқылы жүзеге асырылады.

Тоқыма станоктар. Әртүрлі тоқыма станоктардың негізгі айырмашылығы көлденең жібін жүргізу әдісінде.

Шөлмекті тоқыма станоктарында көлденең жіп соғу механизмінен толық үдетілетін көлденең шарығы бар шөлмектің көмегімен өткізіледі. СТБ типті қайықсыз тоқыма станоктарда үйрек жіпті жылжымайтын орамнан шағын габаритті көлденең төсегіш іліп алады. Содан кейін көлденең төсегіщ қабылдау қорабына келіп жетеді де, көлденең жіпті босатып, матаның астындағы конвейерге тасталады.

АТПР типті пневморапиралық тоқыма станоктарында көлденең жіп ауызға екі рапираның көмегімен енгізіледі. Олардың біреуі көлденең жіпті қысылған ауаның әсерімен, ал екіншісі – эжекцияның арқасында алып өтеді.

Пневматикалық және гидравликалық тоқыма станоктарында көлденең жіп қысылған ауаның импульстық ағысымен немесе жылжымайтын орамның суымен лақтырылады. Көлденең жіпті өткізу әдісі жіптің түріне және өрілу түріне (раппортқа) байланысты. Бұл станоктың өнімділігіне едәуір әсер етеді (көлденеңнің бір минут ішіндегі лақтырыстарының саны).

Тоқыма станоктарының автоматтандырылған электр жетегінің мәселелерін қарастыра отырып, шөлмекті тоқыма станоктарының жетекті электр қозғалтқыштарының жұмыс режимінің ерекшелігі туралы айта кету керек.

Шөлмекті тоқыма станок станоктың жүктеме диаграммасының ерекше сипатына жағдай жасайтын қос иінді механизммен жабдықталған. Қос иінді механизмнің әрбір айналымында батан қайта-үдемелі қозғалыс алады, онымен байланысты массалар екі есе үдейді және екі есе баяулайды. Бұл массалардың кинетикалық энергиясы өзгеріп тұрады, демек динамикалық сәт те өзгеріске ұшырайды. Оны үш негізгі құрамдауышқа бөлуге болады: үйкеліс күштерін еңсеруге қажетті статикалық қарсыласу сәті; батанды жылдамдатуға қажетті динамикалық сәт; қайықты жылдамдатуға қажетті динамикалық қарсыласу сәті. Нәтижелейтін сәт осы үш құрамдас сәттердің қосындысы болып табылады.

Статикалық қарсыласу сәті қос иінді механизмнің тұрған орнына байланысты емес және негізінен тұрақты болып табылады. Қос иінді механизмнің бұрыштық ығысуларындағы динамикалық жүктеме мәні мен таңбасы бойынша үздіксіз өзгеріп тұрады, себебі батан механизмінің салмағы жоғары болып табылады. Динамикалық сәттің ең жоғарғы мәні статикалық қарсыласу сәтіннен 6-8 есе, ал соғу механизмі құрайтын динамикалық қарсыласу сәті статикалық сәттен 10-15 есе асып түседі.

Сөйтіп, тоқыма станоктарының механизмдерін қозғалысқа келтіретін электр қозғалтқыштар қос иінді механизмнің бір айналымының ішінде екі рет қозғалтқыш және екі рет генераторлық режимде жұмыс істейді. Динамикалық таңбасы ауыспалы жүктеме орта квадраттық қуаттылықтың, демек электр қозғалтқыш тұтынатын токтың жоғарылауына, және жылдамдықтың өзгеруіне және электр қозғалтқыштың қызуына алып келеді. Сол себептен, станоктың жүктемелік диаграммасын жақсарту үшін электр қозғалтқышқа қозғалтқыш генераторлық жұмыс режимі кезінде жасалатын жүктеменің шектерін азайту қажет.

Электр қозғалтқыштың жұмыс режимін жақсарту әдістерінің бірі электр қозғалтқыштың жылдамдығын арттыру және азайту кезінде энергияны беруге және аккумуляциялауға қабілетті маховиктердің қолданылуы болып табылады. Тоқыма станогінің жүктемелік диаграммасын жақсартудың тағы бір әдісі - техникалық сипаттамасы оңай электр қозғалтқыштың қолданылуы. Ол үшін магнитті индукция төмендетіледі немесе сырғуы арттырылады. Соның нәтижесінде соғу кезінде жүктемелік диаграмма таралып кетеді де, ал жүктеме шегіне жеткенде - төмендейді. Механикалық сипаттамалары жеңілдетілген сілтеу массалары үлкейтілген асинхронды қысқа тұйықталған электр қозғалтқыштарды қолдану өте тиімді. Пневматикалық гидравликалық тоқыма станоктарының жүктемелік диаграммалары едәуір дұрысырақ: электр қозғалтқыш генераторлық режимнен өтпейді және жүктеме тек үйрек соғылғанда ғана өседі. Ол үшін жеңілдетілген батан қолданылады, соғу механизмі қатыстырылмайды және иілгіштік қасиеті бар сына –белдіктікті беріліс пайдаланылады. Бұл станоктарда үйрек төсемінің пневматикалық немесе гидравликалық механизмдері асинхронды қысқа тұйықталған жетекті электр қозғалтқыштары бар жеке немесе топтық құрылғылардан қуат алады.

Шөлмекті тоқыма станогін басқарудың құрылымдық сұлбасы (26.3 сурет) мыналарды қамтамасыз етеді:

қайықты соғу механизмінің бірінші соғуы кезінде лақтыру мақсатымен станок механизмдерін лезде іске қосу;

қайық арқаудың ішінде тіреліп қалмау үшін станок механизмдерін жылдам тоқтату;

арқаудың жіптері үзілген немесе көлденең жіп шығып кеткен, қажетті метраж атқарылған, арқау шығып кеткен жағдайда станокты тоқтату;

көлденең жіп іске қосылып кеткен жағдайда шарықтарды автоматты түрде ауыстыру;

арқау жібін тоқыма навойдан орап алу және матаны тауар білікшеге орау кезінде арқау жібінің керілуін тұрақтандыру.

15.8 сурет. Шөлмекті тоқу станогын басқарудың құрылымдық схемасы

Станок іске қосу тұтқасы арқылы жүргізіледі. Бұл М асинхронды қысқа тұйықталған электр қозғалтқыштың іске қосылуына алып келеді. Іске қосу тұтқасын әрі қарай бұраған жағдайда МС ілінісу жалғастырғышы іске қосылып, станоктың барлық механизмдері жүргізіледі:

Ауызқұрағыш механизм 11, бағдарламалық құрылғы, көлденең жіп пен соқпаны өткізу механизмі, сондай-ақ тауар білікшесінің домалатпа құрылғысының механизмі.

Сөйтіп, станок негізгі біліктің жарты айналымының ішінде екпін алған соң, соғу механизмінің жұмысы дұрыс қалыпқа келеді.

3 тоқыма навойдан тарқатып алу кезінде 2 арқау жібінің керілуін тұрақтандыру үшін станокты басқару сұлбасымен байланысы жоқ механикалық ТҚ тежегіш құрылғысы орнатылған. ТҚ тежегіш құрылғысы 3 тоқыма навойдың диаметріне байланысты қажетті тежегіш сәтті қамтамасыз етеді.

2 арқау жібінің керілуін ламельді немесе ламельсіз арқау бақылағыштар қадағалар тұрады. Олар беретін электр сигнал станокты басқару сұлбасының командалық және релелік аппаратурасының блогіна жіберілген кезде ол тоқтап қалады.

Шарықтағы үйрек жіптің ұзындығының қысқалығы қайықтағы шарықты жиі ауыстырып отыруды талап етеді. Шарықтарды ауыстыруға арналған автоматты құрылғылардың үйрек қуыс құлақ пен шарықтарды ауыстыру автоматы бар. Үйрек қуыс құлақтар қайықта жіп жоқ болған жағдайда шарықтарды ауыстыру механизмдерін іске қосады. Сонымен қатар, бір уақытта үйрек қуыс құлақтан станокты басқару сұлбасына да сигнал берілуі мүмкін. Түрлі-түсті үйрек жіптермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көп қайықты тоқыма станоктарында шарықтарды ауыстыру автоматы ауызқұрағыш механизмнің бағдарламалық құрылғысымен электрлік жолмен байланысқан. Бұл ауызқұрағыш механизмнің қажетті түстегі үйрек жібі бар шарықты ауыстыруға дайындығын қамтамасыз етеді.

Арқау бақылағыштардан немесе кейбір жағдайларда үйрек қуыс құлақтан сигнал берілген, сондай-ақ «тоқта» түймесі басылған кезде ТЭ тежегіш электр магниті іске қосылып, Л4С ілінісу жалғастырғышы ажырайды және М жетекті электр қозғалтқыш сөндіріледі. Қайығы жоқ пневматикалық және гидравликалық тоқыма станоктарында үйрек қуыс құлақтың орнына жетпей түсулер санын есептегіштермен және атқарылған матаның метражын есептегіштермен электрлі жолмен жалғанған үйрек жіптің жетпей түсулерінің тетігін орнатады. Белгілі-бір атқарылған мата ұзындығына қажетті жетпей түсулер санының тиісті мөлшерінен артылып кеткен жағдайда, станокты басқару сұлбасына сигнал беріледі де, станок тоқтап қалады.

15-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Тегістегіш машинаның басқару сұлбасы келесілерді қарастырады:

(?) машинаның бір сарынды және түрткіден қозғалуын;

(?) машинаның түймемен тоқтатылуын;

(?) қоршаулар ашық және алып-салынуы атқарылған жағдайда машинаны тоқтатуды;

(?) жұмыс режимі мен тоқтау себебі туралы белгі беруді;

(!) барлық нұсқа дұрыс

2. Жіп иіру машиналарындағы ұршықтардың айналу жиілігін және созылуын көрсет

(?) жиілігі 1-15 мың/мин. созылуы 500

(?) жиілігі 0,1-1,5 мың/мин. созылуы 6000

(?) жиілігі 100-150 мың/мин. созылуы 100

(?) жиілігі 0-10 мың/мин. созылуы 200

(!) жиілігі 10-15 мың/мин. созылуы 600

3. Сақиналы жұқа тақтайшаның шарық биіктігінің бойымен орналасуына қарай (соты ұяшығының, денесінің және ұшының атқарымы) қалай реттеледі?

(!) базистік реттеу арқылы

(?) қабатты реттеу арқылы

(?) статикалық реттеу арқылы

(?) астатикалық реттеу арқылы

(?) интегралды реттеу арқылы

4. Початканың әр қабатының атқарымында қандай реттеу жүреді?

(?) базистік реттеу арқылы

(!) қабатты реттеу арқылы

(?) статикалық реттеу арқылы

(?) астатикалық реттеу арқылы

(?) интегралды реттеу арқылы

5. Ұршықтар жетегінің негізгі электр қозғалтқышы олардың айналу жиілігінің 2,5-1 диапазонында бір сарынды өзгеруін қамтамасыз ету үшін қандай электрқозғалтқыштар қолданылады?

(!) тұрақты тоқ, коллекторлық үш фазалы электр қозғалтқыштары қолданады

(?) айнымалы тоқ, бір фазалы электр қозғалтқыштары қолданады

(?) асинхронды электр қозғалтқыштары қолданады

(?) синхронды электр қозғалтқыштары қолданады

(?) реверсивті электр қозғалтқыштары қолданады

6. Тегістеу машиналарында электр қозғалтқыш ретінде қандай қозғалтқыштар қолданылады?

(?) айнымалы тоқ немесе магнитті тұрақты тоқ электр қозғалтқышы

(!) тиристорлық жылдамдық реттегіші бар немесе магнитті күшейткіштердің көмегімен жұмыс істейтін тұрақты тоқ электр қозғалтқышы

(?) айнымалы тоқ, бір фазалы электр қозғалтқыштары

(?) асинхронды электр қозғалтқыштары

(?) синхронды электр қозғалтқыштары

7. Шлихталау жылдамдығы шлихталау машинасының ... байланысты.

(?) кептіргіш бөлігінің өнімділігіне,

(?) арқау жіптерінің санына,

(?) шлихталанатын жіптің түріне

(?) сығылу дәрежесіне байланысты

(!) барлық нұсқа дұрыс

8. Шлихталау машинасының басқару сұлбасы келесілерді қамтамасыз ету керек:

(?) машинаның басқару және жұмыс режимінде бір сарынды жұмыс істеуі (екпін алудың қажетті уақыты 4-5 с);

(?) жұмыс жылдамдықтарын 60:1200:1 диапазонында реттеу (басқару жылдамдығын ескере отырып);

(?) машинаның қоршау түсірілген, пинольдар ашылған, пневматика жүйесінде қысым болмаған, технологиялық параметрлер рұқсат етілетін шектерден ауытқыған жағдайда іске қосылуына жол берілмеуі немесе тоқтатылмауын;

(?) машинаның жұмыс режимі туралы сигналдың берілуі (іске қосылуға дайындық, іске қосылуы, басқарылуы, жұмыс істеуі);

(!) барлық нұсқа дұрыс.

9. Тоқыма станоктарының механизмдерін қозғалысқа келтіретін электр қозғалтқыштар қос иінді механизмнің бір айналымының ішінде қандай режимде жұмыс істейді

(!) екі рет қозғалтқышты және екі рет генераторлық

(?) екі рет қозғалтқышты

(?) бір рет генераторлық

(?) екі рет релелі және екі рет генераторлық

(?) екі рет қозғалтқышты және бес рет генераторлық

10. Тоқыма станогінің жүктемелік диаграммасын жақсартудың тағы бір әдісі - техникалық сипаттамасы оңай электр қозғалтқыштың қолданылуы, ол үшін не істеледі?

(?) магнит индукциясы арттырылады

(!) магнит индукциясы төмендетіледі немесе сырғуы арттырылады

(?) сырғуы төмендетіледі немесе арттырылады

(?) магнит ағымы төмендетіледі немесе кернеу арттырылады

(?) магнит ағымы арттырылады немесе кернеу төмендетіледі