Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АТП лекцияТПТМ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.47 Mб
Скачать

Сурет 12.4.

Аппараттардағы және жинақтардағы деңгейді реттеу тамақ өнеркәсібінің көптеген технологиялық процесстерінде стандартты мәселе болып табылады. Деңгей реттелетін жинақтағыш реттеу объектісі ретінде статикалық және астатикалық буын болып табылады. Ол ағысқа байланысты анықталады. Еркін ағыс жағдайында бірінші ретті статикалық буын болып табылады. Шығыстағы насос өнімділігімен анықталатын, белгіленетін (фиксированного) ағыс жағдайында объект бірінші ретті астатикалық буын болып табылады. Жалпы жағдайда

12.5 Сурет. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі

12 Дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Технологиялық схема қалай тармақталады?

(!) солдан оңға қарай

(?) жоғарыдан төмен қарай

(?) төменнен жоғары қарай

(?) оңнан солға қарай

(?) Х-тен У-ке қарай

2. Технологиялық жабдықтардың, коммуникациялардың, технолгиялық жабдықтар және автоматика элементтерінің арасындағы байланысты, автоматика құрылғылары мен аспаптарының шартты белгілері арқылы берілетін схемалық түрдегі сызба нені көрсетеді?

(!) автоматтандырылған схеманың дайын түрін*

(?) технологиялық схеманы

(?) координата жүйесін

(?) басқару схемасын

(?) электрлік схемасын

3. Технологиялық процесстердің автоматты жүйесінің сипаттамасын және құрылымын анықтайтын, олардың автоматика құрылғыларымен және аспаптарымен, оның ішінде есептеу техникасының құрылғыларымен жабдықталуын анықтайтын негізгі техникалық құжатты

(!) автоматтандырылған схема деп атаймыз.*

(?) технологиялық схеманы айтамыз.

(?) координата жүйесін айтамыз.

(?) басқару схемасын айтамыз.

(?) электрлік схемасын айтамыз.

4. Автоматика құрылғылары мен аспаптарының позициялық белгіленуі

(!) араб цифры және жолдық әріптен тұрады.*

(?) ағылшын әріпінен және араб цифрынан тұрады.

(?) сандардан тұрады.

(?) төрт таңбалы санардан тұрады.

(?) бас әріптерден тұрады.

5. Автоматтандыру схемасында көрсетілетін электр аппаратттар (электрөлшеу құрылғылары, сигнал лампалары, табло, дыбыс, қоңырау, басқару кілті, кнопка., магнитті қосқыш т.б) қандай схемада қабылданған әріптік-цифрлық белгіленулер арқылы көрсетіледі?

(!) принципиальді электр схемасында*

(?) технологиялық схемада

(?) автоматтандырылған схемада

(?) кинематикалық схемада

(?) құрылымдық схемада

6. НС-қандай аспапқа жатады?

(!) басқару панелі *

(?) көрсеткіш аспап

(?) тіркеуші аспап

(?) реттеуші құрылғы

(?) сигнал беру құрылғысы

7. І-қандай аспаптың белгіленуі?

(?) басқару панелі

(!) көрсеткіш аспаптың *

(?) тіркеуші аспаптың

(?) реттеуші құрылғының

(?) сигнал беру құрылғысының

8. R- қандай аспаптың белгіленуі?

(?) басқару панелі

(?) көрсеткіш аспаптың

(!) тіркеуші аспаптың *

(?) реттеуші құрылғының

(?) сигнал беру құрылғысының

9. С- қандай аспаптың белгіленуі?

(?) басқару панелі

(?) көрсеткіш аспаптың

(?) тіркеуші аспаптың

(!) реттеуші құрылғының *

(?) сигнал беру құрылғысының

10. А- қандай аспаптың белгіленуі?

(?) басқару панелі

(?) көрсеткіш аспаптың

(?) тіркеуші аспаптың

(?) реттеуші құрылғының

(!) сигнал беру құрылғысының *

13 ДӘРІС

АРАЛАСТЫРУ ПРОЦЕСІНІҢ ОБЪЕТІЛЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Тоқыма өнеркәсібінде аралық өнімдерді дайындау үшін екі немесе одан да көп заттардың қоспасын алу үшін араластыру процессін іске асыру қажет. Араластыру процесіне сұйық және қатты сусымалы компоненттер де қатыса алады. Араластырғыштар қоспаның біркелкілігін және араласу процесінің тездетілуін жүзеге асыратын қалақпен жабдықталады. Технологиялық процестің ұйымына қарай араластырғыштар периодты және үздіксіз әсерлі болып бөлінеді.

Араластырғышты автоматтандыру объектісі ретінде таза кешігуі бар апериодты буын ретінде қарастырамыз. Ол компоненттердің физикалық қасиетіне және араласу тиімділігіне байланысты болады. Осы себептерге байланысты араласу процесінің инерциалығының өзгеру диапазоны кең деңгейде өзгеруі мүмкін.

Араластыру процесінің аутқуын туғызатын қозу әсері араласатын компоненттердің қасиеті және шығынның өзгерісі кезінде туындайды.

Араластыру процесін автоматтандыру алынатын қоспаның сапасына байланысты түсетін компоненттердің шығынын реттеуге әкеледі. Қоспаның сапасы жайлы талдау аспабынан мысалы хроматографқа, спектрометрге, масспектрометрге, түсетін ақпарат белгілі болса, реттеу схемасы 23.1,а суретінде көрсетілгендей тұрғызылады.

Сурет 13.1. Араластыру процесінің автоматтандырылған схемасы, а-қоспа сапасы жайлы ақпаратты қолдану арқылы, б-шығынды автономды реттеу арқылы.

Берілген қоспаны құрайтын К1 және К2 компоненттерінің шығыны сәйкес 1а және 2а шығынөлшеуіштер арқылы өлшенеді. Өлшеу нәтижесі екіншілік көрсеткіш және өздігінен жазатын аспаптарға 1б және 2б түседі, содан кейін шығын қатынасының ретеуішіне 1в беріледі, ол қашықтықтан басқару панелі арқылы 1г бірінші компоненттің шығынына байланысты екінші компоненттің К2 шығынын реттеу клапанына 1д әсер етеді. К1 компонентінің шығыны араластырғыштағы деңгейге байланысты реттеледі, ол қашықтықтан басқару панелі 4в арқылы реттеуші клапанға 4г әсер ететін қалытқылы датчик 4а арқылы өлшеніп, 4б реттеуішпен реттеледі.

Қоспа сапасы 3а датчигі арқылы өлшенеді, ол сигналды екіншілік көрсеткіш және өздігінен жазатын 3б аспаптар арқылы қатынас реттеуішіне 1в беріледі. Сигнал сапасына қарай К1 және К2 компоненттердің шығын қатынастарының шамасын корректрлеу қоспаның қажетті сапасын жүзеге асыратындай жүргізіледі.

Қарастырылған автоматты реттеу схемасының іске асырылуы қыйын, өйткені қоспаның сапасын өлшеу күрделі мәселе. Сондықтан түсетін компоненттердің шығынын қатаң реттеу арқылы қоспа сапасы жүзеге асырылады. 13.1,б суретте қоспа компоненттерінің шығынын автономды, яғни тәуелсіз реттеудің автоматтандырылған схемасы көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]