Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать
  1. Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).

Болондық үрдіс негізінен 1998 жылы Сорбон университетінің 800 жылдық мерейтойына жиналған Франция, Германия, Италия және Англия Білім министрлерінің «Сорбон декларациясына» қол қоюы арқылы бастатылды. Осыдан бір жылдан кейін 1999 жылы Италияның Болон қаласында 29 еуропалық елдің білім министрлері бас қосып, «Болон декларациясын» қабылдады. Болондық үрдістің жариялануының мақсаты Еуропа жоғарғы білім жүйесінің бәсекелестік күші мен тартымдылығын нығайту, бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру болып табылады. Болондық үрдістің міндеттерін былайша да атап көрсетуге болады: жұмысқа тұру мүмкіндігімен азаматтардың ұтқырлығын дамыту бағытының негізгі кілті ретінде жоғары білімнің еуропалық кеңістігін құру; Еуропаның интеллектуалды, мәдениетті, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру мен нығайту; дүние жүзінде жоғары мектептің беделін көтеру; басқа білім жүйелерімен еуропалық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; жоғары білімнің ұлттық жүйелерінің үлкен үйлесімділігі мен салыстырмалылығына қол жеткізу; білім сапасын арттыру. Осындай міндеттері белгіленген Болондық үрдіске ТМД мемлекеттерінен Ресей 2003 жылы, Украина 2005 жылы енді. Орталық Азия мемлекеттері ішінде бұл үрдіске бірінші болып 2010 жылы Қазақстан қырық жетінші ел ретінде мүше болды.

Елбасы Н.Ә. Назарбавтың «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29-қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: ―Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз‖ деп атап көрсетілді. Жолдауда атап көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан дайындалған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек» деп белгіленді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының білімді мемлекет болып, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күшіне ие болуында жоғарғы оқу орындарының қосар үлесі зор болып табылады. Жоғары оқу орнының саясаты халықаралық білім стандарттарына сәйкес, ғылым мен өндірісті біріктіретін, жоғары оқу орнының тәжірибе-нысаналық және интеллектуалдық әлеуетін күшейтумен, республика экономикасының барлық салалары үшін бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды дайындаудың кәсіби шарттарымен міндетті түрде қамтамасыз етумен анықталады.

Қазақстанның жоғары оқу орындары дүние жүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру кеңістігіне енуге ұмтылуы керек. Алға қойылған осындай мақсаттарға жету үшін Болондық үрдістің өлшемдерін орындау қажеттілігі туындайды. Бұл өлшемдер үш деңгейлі жүйеден тұрады: білім берудің кредиттік технологиясы (ЕСТS), оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы және жоғары білім сапасын бақылау. Қазақстан жоғары білім жүйесінің Болондық үрдіске сәйкестендірілуі үшін білім сапасын көтеру, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, еуропалық жоғары білім кеңістігіне интеграциялану, студенттердің академиялық ұтқырлануы, шетелдік еңбек нарығында жоғары оқу орындары дипломдарының мойындалуы, студенттердің білім алу деңгейін өсіру мен үздіксіз білім алуды қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы кеңейтілген Алқа мәжілісі аясында ректорлар басқосуында талқыланып мақұлданған ЖОО - да білім алатындардың академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасында академиялық ұтқырлыққа төмендегідей анықтама берілген: «Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан ӛту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.» Аталмыш тұжырымдамада академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып бөлінеді. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі болып табылады.

Ал Болондық үрдіске және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияның бірден бір тетігі болып табылатын бакалавриат бағдарламасындағы студенттердің академиялық ұтқырлық көрсеткішін дамыту үшін ЖОО-да қандай іс-шаралар атқарылуы керек?

Университетте осы бағытта жүргізіліп отырған саясатты толық қолдай отыра төмендегідей ұсыныстар жасалады:

1. Білім алушы студенттердің академиялық ұтқырлық аясында шетелдегі ЖОО-да білім алуы үшін шет тілін қажетті деңдейде меңгертілуі қажет немесе білім алушының шет тілін жетік меңгеруі үшін ынталандырылуы қажет;

2. Білім алушыға ПОҚ және пән таңдау мүмкіндігін беру керек, осылайша ЖОО- ның профессор-оқытушыларға білім беру бағытындағы сенімі арта түспек және оқытушылардың академиялық рейтінгілері белгіленбек;

3. Жоғарыдағы ұсынысқа байланысты университеттегі ПОҚ-ты шетелдегі ЖОО- ға академиялық ұтқырлық аясында жіберу, осы шеңберде тек қана шетелдік профессор мамандарды шақырып қоймай, өз оқытушыларымыздың Болондық үрдістің құрамдасы болуына жол ашылмақ;

4. Кафедрада оқу үрдісі жоспарланғанда (таңдау компоненттері бекітілгенде) академиялық ұтқырлық бағытында жіберілетін шетелдегі ЖОО-ның оқу үрдісі жоспарлары ескерілуі керек;

5. Академиялық ұтқырлық шеңберінде өз университетімізге шетелдік ЖОО-ның студенттерін тарту керек;

6. Университетте академиялық ұтқырлықпен білім алушы үшін өзі білім алып жатқан ЖОО-ға шетелдегі сәйкес бағдарламаларды анықтау және сәйкестендіру тұрғысынан қажет болып табылатын жұмыстармен айналысатын арнайы топ құру керек. Осылайша аталмыш топ академиялық ұтқырлық жүйесі талап ететін барлық нормативтік-құқықтық базаны реттеу ісін өз қолына алар еді.

ЖОО-дағы білім сапасын көтерудің ең басты құралы және Болондық үрдістің ең басты құрамдасының академиялық ұтқырлық болып табылатынын ескеру керек. Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық талаптарға сай сапаға жетілдіру үшін осы бағытта атқарылатын жұмыстарға зор міндеттер жүктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]