- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
1. МӨОЖ-ның формалары.
1.1. Аудиторияда оқытушының бақылауымен және жетекшілігімен өткізілетін МӨӨЖ-ры: дәрісте; тәжірибелік сабақтарда; лабораториялық сабақтарда, семинар сабақтарында; консультацияларда; т.б. түрлері.
1.2. Аудиториядан тыс оқытушының жетекшілігімен және бақылауымен өткізілетін МӨОЖ-ры: қосымша сабақтарда; пәндер бойынша ағымдық консультацияларда; курстық және басқа да жұмыстар бойынша консультациялар; квалификациялық дипломдық жұмыстар бойынша консультациялар; оқу-ізденушілік жұмыстар; т.б. түрлері.
1.3 Аудиториядан тыс оқытушының жетекшілігінсіз және бақылауынсыз жүргізілетін МӨОЖ-ры: аудиториялық сабақтарға дайындық; теориялық материалдарды оқу; бақылау және курстық жұмыстарды орындау; ЭЕМ, компьютермен жұмыс істеу; баяндамаға дайындалу; реферат, эссе жазу; олимпиадаларға дайындалу; конкурстарға дайындалу; өз әріптестерінің ғылыми жұмыстарына (баяндамаларына, курстық жұмыстарына, рефераттарына) пікір жазу. т.б. түрлері.
30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында адам капиталы сапасын арттыруды қамтамасыз етуге баса назар аударды. Білім беру жүйесінің алдына нақты тапсырмалар қойылды. Атап айтқанда, бұл оқыту үдерісінің тәрбиелік мәнін күшейту, білім беру саласының барлық мекемелерінде жастар бойына мемлекеттік құндылықтарды сіңіруді қамтамасыз ету міндетінен көрініс тапты.
Білім бере отырып тәрбиеле, тәрбиелей отырып білім бер.
Әлемнің «екінші ұстазы» атанған әл-Фараби «Адамға ең алдымен тәрбие берілуі тиіс: тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген екен. Расында, кәсіби білім, іскерлік қабілет пен тәжірибе маманның адамгершілік қасиетіне орай бір мезетте қоғам мен адамзатқа пайдасын да, сондай-ақ зиянын да тигізетін құралға айналуы мүмкін. Білім беру жүйесі жастардың бойына өз халқына, оның мәдениетіне деген сүйіспеншілік, отаншылдық пен толеранттылық және бейбітшілік дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік ұстанымдарын барынша сіңіруге ықпал етуі тиіс. Осыған орай бүгінгі таңда оқу үдерісінің гуманитарлық және гуманитаризациялық ресурстарына өте терең мән беру қажеттілігі туындап отыр.
ЖОО-да бұл міндетті шешу университеттік білім беруді ізгілендіру (гуманитаризациялау) стратегиясын жүзеге асыру нәтижесінде орындалу қажет. Бұл стратегия студент-жастарға адамгершілік және азаматтық қасиеттерді өз бойларына сіңіруге мүмкіндік беретін гуманитарлық ортаны құруға бағытталған. Білім берудің модульді жүйесі негізінде құзыреттік тұрғыны енгізу бұл үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Осылайша, бүгінде ҚазҰУ-дағы білім беру үдерісі болашақ мамандардың кәсіби және әлеуметтік-азаматтық құзыреттері арқылы көрініс беретін нақты нәтижеге бағытталған. Жас азаматтардың дүниетанымдарын, оның мәдени-ағартушылық, саяси, әлеуметтік, этикалық және т.б. қырларын қалыптастырудың қазіргі таңдағы мәселелерін қамтитын гуманитарлық пәндерді дайындау мен енгізуге де басым бағыт беріліп отыр. Оқытудың тәрбиелік мазмұны ҚазҰУ-да дамып келе жатқан білім беру технологиялары негізінде де жүзеге асуда. Олар оқытудың формалары арқылы да, мәселен, рөлдік, жағдайлық және іскерлік ойындар, әлеуметтік және коммуникативті тренингтер, өндірістік жағдайларды шешу, диалогтық-дискуссиялық әдістер, жобалар дайындау, «кейстер» әдісі және т.б. көрініс табуда. Тағы да маңызды фактілердің бірі - студенттердің зияткерлік жеке-даралыққа және бір топ шеңберінде техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық білім өкілдері бас қосып, пәнаралық жобаларды қалыптастыруға ұмтылуын қолдау болып табылады.
Білім беру жүйесін ізгілендіру стратегиясы шеңберінде корпоративті мәдениет феноменіне де ерекше көңіл бөлінуде. Университет қабырғасында студенттің бойына қандай құндылықтар мен адамгершілік нормалары сіңірілетіндігі көбінесе корпоративті мәдениеттің дамуы мен қалыптасуының жағдайына байланысты болып келеді. Себебі бүгінгі студент - ертеңгі маман «ұяда» көрген тәрбиесін ұшқанда өзімен бірге болашақ ортасына ала барады. Осылайша, университет жалпы қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың сапасына да өзіндік үлесін қосушы орта болып отыр. Жалпы алғанда көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды болып табылатын дәл осы нәтиже ҚазҰУ-да корпоративті мәдениетті қалыптастырудың маңызды құжаттары болып табылатын - оқытушының корпоративті мәдениет кодексі, студенттің ар-намыс кодексі, оқытушы мен студент туралы ережелерді дайындауда ескерілді. Университетте этика бойынша факультеттік комиссиялар белсенді жұмыс атқарады. Корпоративті құндылықтарды қолдау бойынша басталған қозғалыс студенттер арасына да кеңінен таралып кетті. Бұған студенттердің өз бастамаларымен кең көлемде жүргізіп отырған академиялық алаяқтыққа және этикалық келеңсіздіктерге қарсы бағытталған акциялары мен басқа да түрлі іс-шаралар дәлел бола алады.
Білім беру жүйесін ізгілендіру стратегиясы суденттермен жүргізілетін жұмыстарды міндетті түрде ғылыми-әдістемелік, әдістік және сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді талап етеді. Тәрбие жұмысына жүйелі түрде мониторинг жүргізу мен диагностика жасауды социологиялық зерттеулер жүргізу және әлеуметтік инжиниринг орталығы қамтамасыз етілу қажет. Орталықтың қызметі студенттердің әлеуметтік бейімделу үдерістерін, оқытушылардың қызметі туралы ой-пікірлерін, еңбек, оқу, тұрмыс, бос уақытын ұйымдастырудың ұжымдық шарттары қаншалықты қанағаттандыратындығының деңгейін зерттеуге бағытталған. Зерттеу қорытындылары бойынша «әлсіз тұстар» анықталып, оқу-тәрбие үдерісін сәйкестендіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданады. Әлеуметтік-гуманитарлық технологиялар, патриоттық тәрбие беру, дінтанулық зерттеулер, еріктілер қозғалысын дамыту, тұлғаны психологиялық-педагогикалық сараптау және т.б. көптеген орталықтар да маңызды жұмыстарды жүзеге асырып отыр. Аталған орталықтардың өз жұмыстарына студенттерді де тартып отырғандығын атап өту қажет. Нәтижесінде орталықтардың жұмысы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың қосымша формасына айналуда.
Әрбір студенттің тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін олардың білім алу мүмкіндіктерінің болуы ғана емес, сондай-ақ әр студенттің қолайлы жатақханада тұруы, жақсы жабдықталған спорттық және тренажер залдарында жаттығуы, өз университеті қабырғасында-ақ дәмді әрі біршама арзан бағада тамақтана алу мүмкіндігінің болуы шарт. Бұл мәселелердің барлығын шешу университеттің дамып отыратын гуманитарлық ортаны құру қызметінің де маңызды бөлігіне айналған.
ЖОО - студенттерді тәрбиелеудің әлеуметтік институты
Студент тұлғасына әсер ететін тиімді тәрбие шараларын іздестіру мен жүзеге асыру ЖОО педагогикалық ұжымының жалғыз ғана міндеті емес. Негізгі жұмысты өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттің педагогикалық әсерді қабылдап қана қоймай, өз бетінше әрекет жасап, тәрбие жұмысына белсенді қатысуға мүмкіндігі болатын ортаны құруға бағыттау да аса маңызды. Мұндай ұстанымды тәрбие жұмысын тең құқылы және тең дәрежелі әріптестердің өзара бірлескен әрекетінің үдерісіне айналдыра алатын әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қағида негізінде ҚазҰУ-да студенттік өмірдің бірқатар маңызды мәселелерін шешуде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына шешім қабылдауға қатысу бойынша өкілеттіліктер беру тәжірибесі енгізілген. Атап айтсақ, білім беру үдерісінің сапасын бағалау, студенттерді жатақханаларға орналастыру мен одан шығару, тәртіпті қадағалау, академиялық келеңсіздіктермен күресу, мәдени-көпшілік шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру, тамақтандыру мен әлеуметтік-тұрмыс шарттарының сапасын қадағалу - студенттердің құзырында. Әлеуметтік әріптестіктің шынайы нәтижесі ҚазҰУ студенттерінің аса маңызды әлеуметтік-қолданбалы мәні бар бастамаларының көбеюінен де көрініс беруде. Осындай бастамалардың қатарында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың жол картасы, академиялық алмасулар бойынша студенттік орталық құру, басқа аймақтардан келген студенттерге қаладан тұратын үй табуға көмектесетін әлеуметтік желі құру, студенттердің қоғамдық рейтингісін енгізу, көпфункционалды студенттік интернет-портал жасау және т.б. көптеген жобаларды атап көрсетуге болады.
Студенттік ортада тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолы студенттік еріктілер қозғалысын дамыту болып табылады. Еріктілер жобаларын дайындау мен жүзеге асыру жастарды азаматтық қоғам құру ісіне тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олар білім беру, мәдениет, қоғамдық өмірдің салаларына қатысты түрлі мәселелерді шешу жолдарына қатысты тың идеяларды ұсынуға мүмкіндік алады. Студенттерді еріктілер қозғалысына тартуды белсенді жастар студенттік сайт, кәсіподақ, университеттік газет пен радионың көмегі арқылы жүзеге асырып отыр. Еріктілер жұмысын одан әрі жетілдіру, тәжірибе жинақтау және пікір алмасу үшін, топта жұмыс істеу, көшбасшылық, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру бойынша тренингтер ұйымдастырылып, қайырымдылық қорлары мен еріктілер қозғалысының өкілдерімен мастер-кластар өткізіледі. Үздік жобалар файндразинг бойынша кеңестік қолдау табады және нәтижесінде студенттік ұйымдар өз жұмыстарына қоғамдық қорлар мен басқа да сыртқы ұйымдар арқылы қаржы тартуға қол жеткізіп отыр.
Студенттердің шығармашылық қуатын тиімді салаға бағыттауға студенттермен жұмыс жүргізудің клубтық формасы да ықпал етуге болады. Мұндай тәжірибе бүгінде әлемнің барлық университеттерінің жүйесінде кеңінен қолданысқа енген. Қазақстанның ЖОО-дарында да бұл тәжірибе кең етек жайған. Олардың жұмыстарына университет студенттерінің жартысына жуығы толық тартылған. Олар патриоттық, кәсіби және ғылыми бағыттағы клубтар, көркемөнерпаздар үйірмелері, спорттық секциялар, көшбасшылар мектептері, әлеуметтік және ағартушылық клубтар. Қызығушылықтары бойынша клубтар мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарын дамыта отырып, біз студенттер қауымын жағымды шығармашылық негізінде біріктіреміз, оларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен қанықтырамыз, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу қажеттілігін тәрбиелейміз. Аталған механизмдер жастар ұйымдарының студенттік ортадағы үдерістерге тигізетін оң ықпалын анағұрлым арттыра түседі. Сондай-ақ жастардың кез келген теріс ықпалды ағымдар мен ұйымдардың жетегінде кетпеуіне шынайы түрде балама бола алатын орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық тәлімгерліктің дәстүрлері мен жаңашылдықтары
Әлеуметтік серіктестіктің басымдықтары педагогтардың тәрбие жұмысындағы рөлін төмендетпейді, тіпті олардың тәрбие үдерісінен бас тартуларын да қарастырмайды. Керісінше, оқытушының негізгі миссиясының мәні білімді беруші ғана емес, студентті тәрбиелеудің белсенді агенті екендігімен де анықталады. Университеттегі кредиттік білім беру жүйесі жағдайында студент пен оқытушының өзара қарым-қатынасы жаңа бастаулар негізінде құрылып отыр. Мәселен, бір жағынан бастама, таңдау еркіндігі, жекедаралық және студенттің жеке жауапкершілігі, екінші жағынан оқытушының көмегі, ықпал жасауы мен қолдауы бірін-бірі толықтыруда. Педагогикалық тәлімгерлік студенттердің барлығы білім алу мен тәрбие үдерісінде негізгі жауапкершілік өздеріне жүктелетіндігін толық түсінбеу жағдайы мүмкін болатындығын да ескере отырып жүргізіледі. Осыған орай ЖОО-дарында кураторлар институты жандандырылып, студенттік топтардың куратор-эдвайзерлері аса маңызды екі бағытты - тәрбие және академиялық кеңес беру қызметін қатар атқарып отыр. Мұндай ұстаным оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынастарының тиімді жүйесін құруға, жастармен өмір тәжірибелерімен, өз білімдерін бөлісуге мүмкіндік береді. Куратор-эдвайзерлер әр студент немен әуестенетінін, қандай ортада өмір сүретіндігін, қандай әлеуметтік қиындықтары бар екендігін, оқудан тыс уақытын қалай өткізетіндігін білуге міндетті. Студенттермен жеке-дара жүргізілетін педагогикалық жұмыс жастар арасындағы тәуекелдігі басым топтарды анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай студенттер бірден күшейтілген бақылау мен үздіксіз жүргізілетін алдын алу жұмыстарына тартылады. Бұл топтағы жастарға өмір сүру жағдайы қандай да болмасын бір теріс пиғылды жолға түсуге бейім студенттерді жатқызамыз. Әрине, олар ең алдымен әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан әлжуаз отбасынан шыққандар, кез келген мәселені күш қолдану арқылы шешуге бейім жастар. Басқа аймақтардан келген, бірақ жатақханалардан орын ала алмаған жастарға ерекше назар аударылады. Олардың көпшілігі қаланың шет әрі тынышсыз аудандарынан арзан пәтерлер жалдап тұруға мәжбүр. Мұндай жерлерде жастардың жағымсыз әрекеттердің ықпалына түсу мүмкіндігі өте жоғары. Мұндай проблемаларды дер кезінде анықтау және оларды шешуге оң ықпалын тигізу кураторлар институтының маңызды міндеттерінің бірі. «Куратор-эдвайзер - маңызды мәселелерді шешуде дос, тәлімгер және көмекші» формуласы негізінде жұмыс атқара отырып, университеттің оқытушылары мақсатты түрде студенттердің тұлғалық даму траекториясын қалыптастыруға жәрдемдесу қажет. Куратор-эдвайзердің міндеттері оқытушының кәсіби деңгейінің де жоғары болуын талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келсек, қазіргі ЖОО-дарындағы білім беру үдерісінің көпқырлылығы тәрбие жұмысында метатехнологиялардан бастап жеке-дара әсер етудің микротехнологияларына дейінгі инновациялық технологияларды қолдануға кең мүмкіндіктер ашып отырғандығын көреміз. ЖОО-дары алдында ел Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша үлкен міндеттер қойылған.
Оқытушының кәсіби шеберлігін дамыту процессінде пайдаланылып жүрген әдістің бірі «Портфолио» деп аталады. Бұл әдістің үлгісі алыс шет елдерде, әсіресе Америкада кеңінен таралған. Соңғы жылдары Ресей мектептерінде бейіндік оқытуға көшуге байланысты эксперимент ретінде кеңінен еңгізілуде.
Кредиттік оқу жағдайындағы студенттердің «Портфолиосына» жинақталатын өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері
-
МӨОЖ-ның
«Портфолиосы»
Білім
алушылардың
өздігінен орындайтын жұмыстарының
түрлері
Практикалық сабақтағы
МӨОЖ
Лабораториялық
сабаќтағы МӨОЖ
Ғылыми
мақала, эссе жазу
Ғылыми
баяндама жазу, пікір жазу
Дипломдық
жұмыс орындау
Оқу
үрдісінен тыс студенттердің өздігінен
орындайтын шығармашылық жұмыстарының
түрлері
Аудиториялық
оқу үрдісіндегі МӨЖ-ның репродуктитік
және шығармашылық түрлері
Курстық
жұмыс жазу және ғылыми проект
жасау
Реферат,
аннотация, тезис, конспект жазу
Оқулықпен
және әдебиеттермен жұмыс
жасау
Конференция
сабаќтары МӨОЖ
Семинар-пікірталас,
МӨЖ
Арнайы
секцияларға қатысу
Ақпараттық
технологиялар мен жұмыс жасау
Ақпараттық
технологиялық кабинеттердегі МӨЖ
Комьпютерлік
кабинеттердегі МӨОЖ,
МӨЖ
Әдістемелік
кабинеттердегі МӨЖ
Ғылыми
үйірмеге арнайы курстар мен семинарларға
қатысу
Педагогикалық
және өндірістік практикаға қатысу
«Партфолио», оқытушының кәсіби шеберлігін жетілдіруде және адамның өз еңбек жолында жинақтаған тәжірибесін жүйелеуге, даму бағытын айкын анықтауға, өзінің кәсіби шеберлігінің деңгейін әділ бағалауда аса тиімді және өте қажет. Өйткені, «Партфолио» төмендегідей нәтижелерден тұрады:
- оқытушының кәсіби дамуын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар марапатталуы туралы құжаттар, анықтамалар және аттетациялау коммисиясының қорытындысы, мінездемесі және т.б.)
- әдістемелік іс-тәжірибесінде қолданылатын әдіс-тәсілдерінің нәтижесі оның тиімділігін талдау құжаттары, неғұрлым сәтті шыққан әдістемелік жасалымдары, окушыларының шығармашылық жұмыстарының үлгілері және т.б.
- тәлімгермен немесе бірлестік жетекшісімен жасаған жұмыстарының сипаттамасы мен нәтижелері (бағдарламалар, жоспарлар, тәлімгердің бақылауының мәліметтері мен оған берілген қорытынды бағасы);
Біздің пікірімізще «Портфолионың» осы жоғарыда аталған нәтижелерін қазіргі кездегі жоғары оқу орындарына енгізілген кредиттік технология жүйесінде тиімді пайдалануға болады.
