Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.

Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үрдісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл екі үрдістен тұрады: ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру.

Қазіргі қоғам құзырлы, кәсіби дайындығы жоғары мамандарды қажет еткендіктен болашақ мамандарды кредиттік-модульдік оқыту жағдайында даярлау бүгінгі білім берудің жаңашылдықтарының бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында жариялаған «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»,- деп атап көрсетті /1, 5 б/.

Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енуін қамтамасыз ету үшін және 1999 жылдың 19 маусымында қабылданған Болон декларациясының қағидаларын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтары анықталды. Осы мақсатта жоғары мектепте оқу үрдісін ұйымдастырудың түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім беруінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жасалынды.

Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үрдісі 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуінен басталды. Осы үрдістің алдындағы Қазақстанның "Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Балон декларациясына қосылуы, Қазақстан Республикасы «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы кредиттік оқыту технологиясының ендірілуіне жол ашты. Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру ұйымдарында білім алушылардың және профессор-оқытушылар құрамының икемділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мамандарды үш деңгейде даярлау: «бакалавр» – «магистр»- «доктор» біртұтас кредиттік оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі.

Болон процесіне қосылу еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға әкелді. Бұл заң арқылы қазақстандық білім берудің жаңа мүмкіндіктері ашылды:

- Тұлғаларға өздері қалаған жерде білім алу мүмкіндігін беру;

- Кез-келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкес келуі;

- Жоғары білім берудің формалары мен бағдарламаларының барлық түрлерінде қолдануы (күндізгі, қашықтан оқыту, сыртқы);

- Халықаралық сынақ ауысымын жасау мүмкіндігі;

- Дипломдардың жалпыеуропалық дипломдарға сәйкес келуі.

Болон декларациясы сәйкестендіру үшін түрлі елдердің білім беру деңгейлерінің құрылымын бірыңғай етуді талап етті, сондықтан да мазмұны төмендегідей мақсаттардан тұрды:

 Жаппай қабылданатын және салыстыруға келетін ғылыми дәрежелер жүйесін бекіту;

 Айқын, ашық, салыстыруға келетін дипломдарға қосымшалар (бітірушілердің еңбекке орналасуын қамтамасыз ету және жоғары білім беру жүйесінің бәсекелестігін арттыру үшін) берілетін дәрежелердің жүйесін қолдану;

 Жоғары білім беру жүйесінің екі сатылы: базалық және дипломнан кейінгі жүйесін ендіру; бірінші сатыны аяқтаған соң алатын дәреже еуропаның еңбек нарығында біліктіліктің жеткілікті деңгейі болып саналады;

 Студенттердің икемділігін арттыру құралы ретінде ECTS-тің аналогы болып табылатын кредиттер жүйесін қабылдау. Қабылдайтын оқу орны таныған жағдайда кредиттер жоғары білімнің барлық сатысында (үздіксіз білімді қоса) әрекет етеді;

 Икемділікті ынталандыру және студенттер мен оқытушылардың, зерттеушілер мен білім беру менеджерлерінің еркін ауысуына жағдай жасау;

 Салыстыруға келетін өлшемдер мен әдіснамаларды жасау мақсатында сапаны қамтамасыз ету (бақылау) саласында еуропалық ынтымақтастықты дамыту;

 Жоғары оқу орнын басқаруда студенттердің рөлін арттыру, оқыту сапасын бақылауға студенттерді қатыстыру;

 Жоғары білімді, әсіресе, білім беру бағдарламаларын жобалау, ғылыми зерттеулер және басқа да салаларда еуропалық өлшеуді күшейту;

 Әлеуметтік ынтымақтастықты арттыру және жоғары оқу орнының оны күшейтуге жауаптылығы;

 Ғылым мен білім берудің ықпалдасуын күшейту;

 Еуропаның әлемге ашықтығы, өмір бойы оқу мәселесіне көңіл бөлудің артуы /2, 11 б/.

Кредиттік-модульдік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредиттік-модульдік оқыту жағдайы сабақты жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық-психологиялық бағыттағы әдебиеттерде кәсіптік білім алу үдерісінде тұлға қалыптасуын зерттейтін басты төрт келісті ерекше атап өтуге болады:

1. Кәсіптік бағдар беру келісі. Білім алушылардың кәсіптік мотивациялары, оның қалыптасу және даму жағдайы қарастырылады.

2. Іс-әрекеттік келіс. Кәсіптік қабілеттердің қалыптасуының іс-әрекеттік жағдайын, жалпы қабілеттер мен кәсіптік маңызды сапаларды, кәсіптік іс-әрекет барысында тұлғаның өзгерісін зерттейді.

3. Акмеологиялық келіс. Жоғары кәсіби нәтижелерге жету жағдайы, кәсіптік дағдылардың даму деңгейі, біліктілікті жоғарылату мәселелері қарастырылады.

4. Кешенді келіс. Оқу және кәсіптік іс-әрекет барысында қалыптасатын және кәсіптік іс- әрекетіндегі жетістіктерге әсер ететін тұлғаның кешенді білім алуы қарастырылады /3, 9 б/.

Кәсіптік бағдар беру келісі В.Н.Дружинин, В.А.Крутецкий, Н.В.Самоукина, М.Ф.Смирнова, Д.И.Фельдштейн және тағы да басқа ғалымдардың еңберінде қарастырылған. Н.В.Самоукина еңберінде оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы таңдауы мен болашақ кәсібін анықтауы оның сол мамандық туралы көзқарасына тәуелді болады деп атап көрсетілген. Тұлғаның болашақ кәсібін таңдау процесі ішкі, субъективті түрдегі ұзаққа созылатын үдеріс. Н.В.Самоукинаның пікірінше, кейбір кездері мамандық таңдау ата-ананың, достар мен тұрмыс жағдайының ықпалынан формальды түрде таңдалынуы да мүмкін.

Іс-әрекеттік келіс. Іс-әрекетті талдауға арналған негізгі еңбектер Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубиштейн, Б.М.Теплов т.б еңбектеріне тиесілі. Іс-әрекеттік келіс тұлғаны оның мақсаткерлігі мен іс-әрекет мотивациясы негізінде жүйелі қарайтын өте кең мағынадағы түсінік. Тұлғаның санасы мен іс-әрекеті біртұтас: сана іс-әрекет барысында пайда болады, дамиды және көрініс табады, ал іс-әрекеттің белсенді көрінісі сана арқылы анықталады. Аталған принцип С.Л.Рубинштейн еңбектерінде алғаш ұсынылып, ары қарай Б.Г.Ананьев, А.П.Леонтьев, Б.М.Теплов және тағы да басқа зерттеушілердің еңберінде дамытылған. Іс-әрекет бірнеше түрге бөлінеді: ойын, оқу және еңбек. Осы іс-әрекет түрлерінің әрқайсысы да баланың жас ерекшелік кезеңдерінде орын алады.

Теориялық бағыттағы жұмыстарды талдай отырып В.Д.Шадриков іс-әрекетте келесі фукционалды блоктарды бөліп көрсетеді:

1. Іс-әрекет мотиві

2. Іс-әрекет мақсаты

3. Іс-әрекет бағдарламасы

4. Іс-әрекеттің ақпараттық негізі

5. Шешім қабылдау

6. Маңызды сапалар іс-әрекетінің жүйе асты.

Акмеологиялық келіс. Тұлғаның даму кезеңінде оның жоғары кәсіптік жетістіктерінзерттейтін келіс ретінде қарастырылады. Н.В.Кузьмина өзінің еңбектерінде оқытушының жоғары кәсіптік жетістіктерінің мәселелерін қарастырады.

Е.А.Климов мамандардың қалыптасуының келесідей кезеңдерін бөліп көрсетеді:

1. Оптация фазасы (мамандық таңдау және оны ауыстыру кезеңі)

2. Адепта фазасы (мамандық туралы ақпаратқа ие болу кезеңі)

3. Бейімделу фазасы (мамандықты меңгеріп шығу кезеңі)

4. Интернал фазасы (кәсіби деңгейге жету кезеңі)

4.1 Шеберлік фазасы (кәсіптік тәжірибенің арту кезеңі)

4.2 Мәртебелі фаза (жастар мен әріптестер үлгі алуға тырысатын әйгілі маман атану кезеңі)

4.3 Шәкірт тәрбиелеу фазасы (оның идеяларын жалғастырушылар, шәкірттер, ізінен ерушілер пайда болу кезеңі).

Кешенді келіс жоғарыда аталған келістерді біріктіреді. Еңбек іс-әрекеті көп жағдайда тұлғаның нақты жетістіктеріне тәуелді болады. Тұлғаның сәтті әлеуметтенуіне оқу мен кәсіптік іс- әрекет шешуші ықпал етеді. Мұндай бағытты Б.И.Адаскин және К.К.Платоновтың еңбектерінен таба аламыз. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін сапаларды төмендегідей қарастырады: бағыттылық пен моральдық сапалар (мамандыққа бағдарлану), темпераменттік ерекшелік, дайындық деңгейі (тәжірибе), когнитивті процестер, тұлғаның жалпы сапалары (мінез және қабілеттер).

К.К.Платонов тұлғаның динамикалық құрылымын жасады:

1. тұлғаның бағыттылығы

2. тәжірибе

3. психикалық процесстердің ерекшеліктері

4. биопсихикалық қасиеттер.

Биопсихикалық ерекшеліктер тұлғаның когнитивті және эмоциональды ерекшеліктерімен байланыстырылады. Демек, кәсіби маңызды сапалар тұлғаның білім, іскерлік, дағдыны, құзыреттілікті меңгеру барысында қалыптасатын кәсіптік біліктілігі. Жоғарыда көрсетілген 4 келіске сүйене отырып, кредиттік-модульдік оқыту жағдайында болашақ мамандарда қалыптасатын төмендегідей кәсіби маңызды сапаларды бөліп көрсетуге болады.

1. Кәсіптік бағыттылық:

- кәсіпті таңдау мотивациясы;

- кәсіпті меңгеруне бағдарлану;

- мамандықты меңгерудегі топтық немесе даралық бағыттылық;

-мамандықты меңгеру барысында өзін-өзі бағалау деңгейінің өзгеру тенденциясы.

2. Кәсіптік тәжірибе:

- Кәсіптік мекемеге ену алдында кәсіп туралы көзқарасқа ие болу;

- Қалыптасқан кәсіптік маңызды сапаларға деген көзқарасы.

3. Психикалық процесстердің ерекшеліктері:

- Когнитивтік процесстер;

- Эмоциональды процесстер.

4.Кәсіпке жарамдылығын білдіретін биопсихикалық қасиеттер.

Кредиттік-модульдік оқыту жүйесі қоғам сұранысына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау және осы арқылы болашақ мамандардың кәсіби деңгейінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]