- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
Практикалық сабақ - пәннің теориялық мазмұнын толықтыратын оқу процесінің белсенді түрі. Практикалық сабақ студенттерге теориялық мәлімет бойынша нақты әрекеттер арқылы машықтанып, сол амалдар негізінде мәліметті игеру, меңгеру, тереңдету, дамыту мүмкіншілігін береді. Студенттер практикалық сабақта өз әрекеттерін жалқыдан (нақты мәліметтер) - жалпыға (теориялық тұжырымдар) бағыттайды.
Практикалық сабақта әдетте студенттер талдау және іздену жұмыстарымен (семинар сабақтарындағыдай) айналыспайды. Практикалық сабақтың мақсаты - студенттерді лекцияда келтірілген теориялық мәліметтерді өздерінің белсенді әрекеттерімен «тануға», «дәлелдеуге», өз қолымен «жасауға» жұмылдыру.
Практикалық сабаққа дайындалу барысында оқытушы арнайы оқу материалдарын дайындайды. Сол материалдар бойынша (идея, проблема, тұжырым, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кестс, жоспар. параметрлер, ақпарат, статистпкалық мәліметтер, көрсеткіштер, т.б.) студенттер өздерінің теориялық білімдерін қолданып, нақты әрекеттерді атқару дағдыларын игереді, өзіндік тұжырым жасайды. Сол себепті де мұндай оқу материалдарының нақты әрі ықшам болғаны дұрыс.
Студенттер лекцияда берілген теориялық мәліметті практикалық кеңістікке келесі әрекеттер арқылы аударады:
1. Теориялық мәліметті практикалық тұрғыдан жүзеге асыру немесе орындау(мәселен, статистикалық мәліметтерді санау, көрсеткіштерді есептеу, есептер шығару, мәселелерді шешу, ережелерді қолдану, кестелерді толтыру, т.б.).
2. Теориялық мәліметті дәлелдеу (практикалық қолданысын көрсету немесе беделді нұсқаларға сілтеме жасау),
3. Теориялық мәліметке өзіндік тұрғыдан баға беру(практикалық маңызын, тиімділігін, келтіретін пайдасын, артықшылықтарын немесе керісінше/айқындау, дәлелдеу; қолдау немесе қарсы шығу).
4. Теориялық мәліметті дамытатын, тереңдететін ұсыныстар жасау (идеялар ұсыну, оларды дәлелдеу және практикалық маңызын келтіру).
Практикалық сабақ құрылымының үлгісі
I. Мотивация (немесе Қызығушылықты ояту) кезеңі
Сабақ басында оқытушы студенттерге теориялық тұжырымды (идея, проблема, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кесте, жоспар, параметрлер, ақпарат, статистикалық мәліметтер, көрсеткіштер, т.б.) еске түсіруді ұсынады, сол мәселе бойынша өз ойлары мен пікірлерін анықтау мақсатында оларға төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:
- Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы мәселені қалайша түсінемін? Ол бойынша ұстанымдарым қандай?» дегсн сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-2 минут) жекелей ойланады.
- Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер өз ойларымен бөліседі, оларды талқылайды, өз ойларын толықтырады (4-6 минут).
- Жариялау және қорытындылау. Әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады, Олардың жауаптары тақтаға(плакатқа) жазылады.
Білімді құрастыру немесе Мағынаны ажырату кезеңі
Оқытушы студенттерге теориялық мәселенің практикалық маңызын көрсететін (немесе дәлелдейтін) нақты бір жазбаша әрекет орындауды тапсырады.
Олардың қатарына, мәселен, теориялық мәліметке баға беру, оның практикалық маңызын жазбаша сипаттау, статистикалық мәліметтерді санау және олардың көрсеткіштерін талдау және тұжырымдау көрсеткіштерді есептеу, мәселелер мен есептерді шығару, ережелерді қолдану, кестелерді толтыру, схемалар мен жоспар жасау, ақпар беру, тұлғалық немесе техникалық мінездеме жасау.т.б. кіреді. Бұл тапсырмалардың әр студентке жекелей берілгені дұрыс. Студенттер тобының қарастырып жатқан теориялық мәселесі бәріне ортақ болатұра, олардың әрқайсысы бөлек жұмыс түрімен айналысады. Мысалы, бір студент ақпаратқа жазбаша талдау жасаса, екіншісі теориялық мәліметті практикалық тұрғыдан жүзеге асыру жоспарын құрады.
Бұл жұмыс келесідей тәртіппен орындалады.
- Топтық жұмыс. Студенттер шағын топ ішінде (4-7 минут) Өздеріне жеке-жеке берілген тапсырмаларды қалайша орындайтындығы туралы өз ойларымен бөліседі. бір-бірінен кеңес сұрап, жұмыс жасау жоспарларын талқылайды.
- Жеке жұмыс. Әрбір студент өзіне берілген тапсырманы жекелей орындауға кіріседі. Бұл ретте оқытушы тарапынан олардың бір-бірімен ақылдаса алатын мүмкіншіліктері болатындығын және сол себепті де бір-біріне бөгет болмауы туралы ескертілгені орынды.
- Кеңесу. Жеке жұмыстар 2-3 минутқа доғарылып, студенттергс бір-бірімен және оқытушымен жұмыс барысы туралы кеңесуге мұрсат беріп тұрған орынды. Мұнда студенттер бір-бірімен ақылдасып, атқарылып жатқан жұмыс жайында бір-біріне жәрдем көрсетуі ықтимал,
Түсінікті дамыту немесе Ой-толғаныс кезеңі
Студенттер өздеріне тапсырылған жұмысты қалайша орындағандығы, теориялық мәліметті қалайша меңгергені және дамытқандығы туралы бір-біріне айтып беріп, атқарылған жұмыс жөнінде өз пікірлерін келтіреді.
- Жариялау және топтық талқылау.Студенттер шағын топ ішінде өз жұмысы жайлы әңгімелеп немесе жұмыстарын бір-біріне оқып беріп, білгені мен үйренгенін ортаға салады, өзара пікір алмасады (6-10 минут).
- Бағалау.Студенттердің орындаған жұмыстарын оқытушы жинап алып, келесі сабақта оларды рецензиялап, баға қойып келетіндігін ескертеді. Бағалау жұмысын (баға қою емес, бір-бірінің жұмыстарын рецензиялау мен пікір жазуды) студенттердің өздеріне де тапсырған орынды.
Оқытушы бұл жұмыстардың келешекте студенттердің порт-фолиосында болуы керектігі туралы ескертеді.
- Үй жұмысы. Оқытушы студенттерге қосымша дерек көздерімен (әдебиет, БАҚ, Интернет, ТВ, басқа мамандар) жұмыс жасап, сабақта атқарылған жұмысты дамытып, тереңдететін жазба жұмысын (мәселен, 3-5 беттік эссе немесе кесте, схема, график, жоспар. т.б. түрінде) келесі сабақта өткізуді тапсырады.
- Кері байланыс. Оқытушы бірнеше студенттен сабақтың қалайша өткендігін («Ұнады - ұнамады, Пайдасы бар - пайдасы шамалы.Үйрендім - үйренбедім» тұрғысында) туралы пікірлерін сұрайды
36.-37-38 Студенттердің ғылыми жұмыстары. ЖОО-ға дипломдық және курстық жұмыстар, оның құрылымы, оны орындауға қойылатын талаптар.
Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары. Студенттердің дербес танымдық іс-әрекеті және оларды ұйымдастырудың формалары.
Студент тұлғасының қалыптасу және даму ерекшелiктерi. Студенттік өмірге үйрену қиыншылықтары мен мәселелері.
1-. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.
2.2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;
студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;
студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;
студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру;
ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;
студентті ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау;
болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу қабілетін, алған білімін қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;
конструкторлық- жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.
қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;
қаржыландыруды жоғары оқу орнының инновациялық жұмыстарына байланысты басқа арналардан іздеу және жүзеге асыру;
елімізде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту.
