Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу

30. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу жалпы білім беру ұйымдары үшін сияқты, және сондай тәртіппен және көлемде, дәл сол бағыттар бойынша жүргізіледі. 31. Мамандықтар бойынша даярлаудың негізгі көрсеткіштері ЖОО-ы үшін ұсыныстарға қосымшалардың Ж-1, Ж-2 кестелерінде немесе колледждер үшін ұсыныстарға қосымшалардың К-1, К-2 кестелерінде көрсетіледі. 32. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялау жөніндегі материалдар білім беру ұйымын өзін-өзі аттестациялау жөніндегі қорытынды құжатқа енгізіледі.

5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару

33. Комиссия әр мамандық пен әр бөлімшенің өзін-өзі аттестациялау материалдарын қарайды, жалпы білім беру ұйымының қызметін бағалау үшін, олардың нәтижелерін талдайды және жинақтайды. Бөлімшелер мен мамандықтарды өзін-өзі аттестациялау материалдары бойынша комиссия Есеп дайындайды, онда білім беру ұйымының 3 жылдық қызметі жөнінде талдау келтірілуі керек. Қорытындыда әр кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғару оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтары бойынша мамандар даярлаудың деңгейі, маңызы және сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкестігі жөнінде нақты ұсыныстар мен тұжырымдар болуы керек. 34. Өзін-өзі аттестациялаудың қорытындысы білім беру ұйымының Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестерінің кеңейтілген мәжілісінде қаралады және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының назарына жеткізіледі. Өзін-өзі аттестациялаудың қорытындысы туралы есеп білім беру ұйымының web-сайтына орналастырады. Кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде нақты мерзімі мен жауапты орындаушылары көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленеді. 35. Анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін Комиссия өз таңдауы бойынша қайталап тексеру өткізуді жүзеге асырады, және оның нәтижесін Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестің қарауына шығарады, ол әр мамандықтың және жалпы білім беру ұйымының мемлекеттік аттестация өткізуге даярлығы жөнінде шешім қабылдайды және Есепті бекітеді. 36. Есепте ЖОО-бағдарламасы немесе колледждер бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша толық мәлімет, олардың кесте түріндегі қосымшалары, сондай-ақ құрылтайшылар құжаттарының және жарғының көшірмелері болуы керек. Мамандықтар және білім беру ұйымының филиалдарын өзін-өзі аттестациялау жөніндегі материалдар бөлек ұсынылады. 37. Білім беру ұйымдарын өзін-өзі аттестациялаудың материалдары кестеде белгіленген мемлекеттік аттестация өткізу мерзіміне дейінгі бір айдан бұрын кешіктірілмей Министрлікке беріледі. Оларға: 1) өзін-өзі аттестациялау өткізу туралы Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестері мәжілістері хаттамасының көшірмелері; 2) өзін-өзі аттестациялау өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы білім беру ұйымының басшысының бекіткен бұйрығы; 3) өзін-өзі аттестациялау өткізу жөніндегі комиссияның есебін бекіткен ғылыми немесе педагогикалық кеңес мәжілісінің хаттамасы; 4) білім сапасын бақылау үшін қолданылған мәліметтер банкісі; 5) өзін-өзі аттестациялау қорытындысы бойынша есеп кіреді. 38. Білім беру ұйымының өзін-өзі аттестациялау материалдарының негізінде, ол қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда Министрлікте аттестациялау комиссиясының құрамы және мемлекеттік аттестация өткізілетін нақты мерзім туралы шешім қабылданады. 39. Министрлікке ұсынылған өзін-өзі аттестациялау материалдарының растығына және оның объективтілігіне білім беру ұйымының басшысы жауап береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]